"Бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 337 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 маусымда № 39156 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 465 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21224 болып тіркелген);

      2) "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 762 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесі 3-тармағының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31542 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрі
2026 жылғы 29 маусымдағы
№ 337 бұйрығына
қосымша

"Бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрлыс кодексінің 24-бабының 51) тармақшасына сәйкес әзірленді және "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал (бұдан әрі – Портал) – құрылыс қызметі процесінде туындайтын ақпаратты жинауды, сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ететін орталықтандырылған цифрлық жүйе;

      2) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйе (бұдан әрі – ЦЖ) – порталмен интеграцияланған цифрлық жүйе құрылыс құжаттамасын жүргізуге және салынып жатқан объектілерді электрондық нысанда бақылауға байланысты операцияларды автоматтандыруға арналған;

      3) жеке кабинет – "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған порталдың және (немесе) цифрлық жүйенің құрамдас бөлігі, ол "бір терезе" және (немесе) цифрлық жүйе қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған порталды пайдаланушыға ақпаратты жүктеуге, құрылыстың жай-күйі мен статистикалық ақпараты туралы деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді;

      4) Портал операторы – порталды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) Порталды пайдаланушы (бұдан әрі – Пайдаланушы) – Порталда тіркелген, оның ресурстары мен компоненттерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      6) цифрлық жүйе операторы (бұдан әрі – ЦЖ операторы) – "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыру үшін порталмен интеграцияланған "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыру үшін цифрлық жүйені жүргізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      7) цифрлық құжат – сұрау салу немесе ұсыну кезінде ұлттық тіркелімдерде қамтылған деректер негізінде цифрлық ортада қалыптастырылатын анық мәліметтерді материалдық емес цифрлық ұсыну;

      8) электрондық құжат – оған қол қоюға өкілеттігі бар тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

2-тарау. "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналғанпорталды жүргізу тәртібі

      3. Құрылыспен байланысты рәсімдер мен операцияларды автоматтандыру мақсатында Портал:

      1) Пайдаланушыларды тіркеуді;

      2) электрондық және цифрлық құжаттарды жүктеуді және сақтауды;

      3) жаңа объектілерді салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған объектілерді (кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін) реконструкциялау және жөндеу кезінде құрылыс өндірісін ұйымдастыруға Пайдаланушыларға мәліметтерді, электрондық және цифрлық құжаттарды беруді;

      4) Пайдаланушыға құрылыс процестері туралы ақпарат беруді, сондай-ақ оларды одан әрі сақтауды;

      5) интеграцияланған интернет-ресурстармен және ЦЖ ақпарат алмасу.

      4. Порталда тіркелу үшін Пайдаланушы ішкі электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосына Порталда есептік жазбалар жасау қажеттілігі және қызметкердің функционалдық міндеттеріне сәйкес тиісті рөлдерді тағайындау туралы сұрау салу жібереді.

      Сұрау салуда Пайдаланушы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, сондай-ақ Порталда талап етілетін рөлі көрсетіле отырып, Порталға кіруге рұқсат беру қажет қызметкерлердің тізбесін көрсетеді.Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Пайдаланушыға Порталда тіркеуді растайды не бас тартады.5. Порталда тіркеуден бас тарту үшін осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі, сондай-ақ Порталдың бұрын тіркелген пайдаланушыларының тізімінде өтініш берген Пайдаланушының болуы негіз болып табылады.

      6. Порталда тіркелуді растау Пайдаланушыларға есептік жазба жасау және қызметкердің функционалдық міндеттеріне сәйкес тиісті рөлді тағайындау болып табылады..

      7. Қолжетімділікті белсендіру үшін қызметкер электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, Порталға кіруді өз бетінше жүзеге асырады.

      8. ЭЦҚ арқылы сәтті сәйкестендірілгеннен кейін пайдаланушыға автоматты түрде бұрын тағайындалған рөл беріледі және осы рөлдің өкілеттіктеріне сәйкес жүйенің функционалына қолжетімділік беріледі. .

      9. Пайдаланушы Порталда тіркелген күннен бастап және объектіні пайдалануға бергенге дейін жеке кабинет арқылы жаңа құрылыс, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған объектілерді (кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін) реконструкциялау және жөндеу туралы цифрлық құжаттарды қалыптастырады және (немесе) электрондық құжаттарды жүктейді.

      10. Порталға жүктелген электрондық құжаттар және (немесе) қалыптастырылған цифрлық құжаттар осы құжатты куәландыруға өкілеттігі бар тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылуға жатады.

      11. Құрылыс процесінің барысы туралы мәліметтерді, сондай-ақ ЭЦҚ-ны пайдалану арқылы Портал Пайдаланушысы қол қойған электрондық және цифрлық құжаттарды Порталдың бір пайдаланушысы Порталдың басқа пайдаланушысының жеке кабинетіне жібереді.

      12. Порталда орналастырылған және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық және цифрлық құжаттар Порталда сақтау мерзімі ішінде жойылуға, өзгертуге немесе ауыстыруға жатпайды.

      13. Құрылысты жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі ақпарат, оның ішінде Порталға немесе оның Пайдаланушылары ЦЖ ұсынған тиісті электрондық және цифрлық құжаттар объектіні пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде сақталады.

3-тарау. "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібі

      14. Әзірленген ЦЖ Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің ережелеріне, сондай-ақ Порталдың техникалық параметрлеріне сәйкес келеді .

      Цифрлық жүйелерді Порталмен интеграциялау үшін Портал операторымен келісім жасасу қажет.

      ЦЖ операторы Порталды пайдалану тәртібі туралы келісімдердің талаптарына сәйкес Порталмен интеграциялауға техникалық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтер үшін Портал операторына ақы төлейді.

      15. Бір және одан да көп цифрлық жүйелер:

      1) электрондық және цифрлық құжаттарды жүктеуді және сақтауды;

      2) Порталға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, Порталды пайдаланушы қол қойған құрылыс барысы туралы мәліметтерді, атқарушылық-техникалық құжаттарды беруді;

      3) интеграцияланған интернет-ресурстармен және басқа да ЦЖ ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

      16. "Бір терезе" қағидатын толық іске асыру және функциялардың қайталануын болдырмау мақсатында ЦЖ мен Портал арасындағы технологиялық өзара іс-қимыл мынадай өтпелі процестер негізінде құрылады:

      1) құрылыс құжаттамасын жүргізу процесінде пайдаланылатын мемлекеттік және ведомстволық анықтамалықтарды, жіктеуіштерді және тізілімдерді автоматты түрде өтпелі синхрондау;

      2) тіркеу кезінде Порталға берілген объектінің бірыңғай бірегей код (нөмірі) бойынша құрылыс объектілерін өтпелі сәйкестендіру;

      3) жеткізу уақытын белгілей отырып, нақты уақыт режимінде атқарушылық-техникалық құжаттаманы беру мәртебесін үздіксіз мониторингілеуді және логиялауды қамтамасыз ету.

      17. Цифрлық жүйелердің операторлары мынадай іс-шараларды орындайды:

      1) ЦЖ-ның аппараттық кешеніне техникалық қызмет көрсетуді, жүйелі сүйемелдеуді және жоспарлы дамытуды жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына және осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес ЦЖ-ның үздіксіз жұмыс істеуін және тиісті ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      3) ЦЖ пайдаланушыларына олармен жасалған шарттардың/келісімдердің шарттарына сәйкес жедел техникалық қолдау көрсетеді;

      4) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ЦЖ пайдаланушыларының іс-қимылдарына мониторингті жүзеге асыру мақсатында ЦЖ-ге қолжетімділікті ұсынады.

      18. ЦЖ-да деректерді сақтау, қорғау және тұтастығын қамтамасыз ету:

      1) Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген электрондық және цифрлық құжаттар, есепке алу журналдарының деректері және құрылыс барысы туралы мәліметтер олардың жоғалуын, бұрмалануын немесе рұқсатсыз өзгертілуін болдырмау үшін деректердің күнделікті резервтік көшірмесін жасауды қамтамасыз ете отырып, ЦЖ-да тұрақты сақталуға тиіс.

      2) Деректерді ЦЖ-дан Порталдың мемлекеттік платформаларына тасымалдау кезінде ақпаратқа нұқсан келтіру немесе үшінші тұлғалардың рұқсатсыз қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайтын қорғалған байланыс арналары (криптографиялық хаттамалар) пайдаланылады.

Об утверждении правил, определяющие порядок ведения портала и цифровых систем для организации проведения строительства по принципу "одного окна"

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 29 июня 2026 года № 337. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июня 2026 года № 39156

      Примечание ИЗПИ
      Вводится в действие с 01.07.2006 г.

      В соответствии с подпунктом 51) статьи 24 Строительного Кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила, определяющие порядок ведения портала и цифровых систем для организации проведения строительства по принципу "одного окна" согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 11 сентября 2020 года № 465 "Об утверждении правил, определяющих порядок ведения портала и информационных систем для организации проведения строительства по принципу "одного окна" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21224);

      2) пункт 3 Перечня некоторых приказов, в которые вносятся изменения и дополнения утвержденного приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 декабря 2022 года № 762 "О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 31542).

      3. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр промышленности и строительства
Республики Казахстан
Е. Нагаспаев

      "СОГЛАСОВАНО"
      Министерство искусственного
      интеллекта и цифрового развития

  приложение к приказу
Министр промышленности и строительства
Республики Казахстан
от 29 июня 2026 года № 337

Правила, определяющие порядок ведения портала и цифровых систем для организации проведения строительства по принципу "одного окна"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила, определяющие порядок ведения портала и цифровых систем для организации проведения строительства по принципу "одного окна" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 51) статьи 24 Строительного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок ведения портала и цифровых систем для организации проведения строительства по принципу "одного окна".

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) портал для организации проведения строительства по принципу "одного окна" (далее – Портал) – централизованная цифровая система, обеспечивающая сбор, хранение и обработку информации, возникающей в процессе строительной деятельности;

      2) цифровая система для организации проведения строительства по принципу "одного окна" (далее – ЦС) – интегрированная с Порталом цифровая система, предназначена для автоматизации операций, связанных с ведением строительной документации и контроля строящихся объектов в электронной форме;

      3) личный кабинет – компонент портала для организации проведения строительства по принципу "одного окна" и (или) цифровой системы, который позволяет пользователю портала для организации проведения строительства по принципу "одного окна" и (или) цифровой системы загружать информацию, получать доступ к данным о состоянии и статистической информации строительства;

      4) оператор Портала – юридическое лицо, осуществляющее ведение Портала;

      5) пользователь Портала (далее – Пользователь) – физическое или юридическое лицо, зарегистрированное на Портале, использующее его ресурсы и компоненты;

      6) оператор цифровой системы (далее – оператор ЦС) – физическое или юридическое лицо, осуществляющее ведение цифровой системы для организации проведения строительства по принципу "одного окна", интегрированной с порталом для организации проведения строительства по принципу "одного окна";

      7) цифровой документ – нематериальное цифровое представление достоверных сведений, формируемое в цифровой среде на основании данных, содержащихся в национальных регистрах, в момент запроса или предъявления;

      8) электронный документ – электронный документ, удостоверенный посредством электронной цифровой подписи лица, имеющего полномочия на его подписание.

      Иные понятия и термины, пользуемые в настоящих Правилах, определяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок ведения портала для организации проведения строительства по принципу "одного окна"

      3. В целях автоматизации процедур и операций, связанных со строительством, Портал обеспечивает:

      1) регистрацию Пользователей;

      2) загрузку и хранение электронных и цифровых документов;

      3) предоставление доступа Пользователям сведений, электронных и цифровых документов в организации строительного производства при строительстве новых, а также реконструкции и ремонте действующих объектов (предприятий, зданий, сооружений и их комплексов) всех отраслей экономики;

      4) передачу Пользователю информации о процессах строительства, а также их дальнейшее хранение;

      5) обмен информацией с интегрированными интернет-ресурсами и ЦС.

      4. Для регистрации на Портале Пользователь посредством системы внутреннего электронного документооборота направляет в ведомство уполномоченного органа по делам архитектуры, градостроительства и строительства запрос о необходимости создания учетных записей на Портале и назначений соответствующих ролей согласно функциональным обязанностям сотрудника.

      В запросе Пользователь указывает перечень сотрудников, которым необходимо предоставить доступ к Порталу, с указанием: фамилии, имени, отчества (при его наличии), индивидуального идентификационного номера, должности, а также требуемой роли в Портале.

      Ведомство уполномоченного органа по делам архитектуры, градостроительства и строительства с момента поступления запроса, в течении 5 (пяти) рабочих дней, подтверждает либо отказывает Пользователю в регистрации на Портале.

      5. Основанием для отказа в регистрации на Портале является недостоверные сведения, указанные в пункте 4 настоящих Правил, а также наличие обратившегося Пользователя в списке ранее зарегистрированных Пользователей Портала.

      6. Подтверждением в регистрации на Портале является создание учетной записи Пользователям и назначение соответствующей роли согласно функциональным обязанностям сотрудника.

      7. Для активации доступа сотрудник самостоятельно осуществляет вход на Портал с использованием электронной цифровой подписи (ЭЦП).

      8. После успешной аутентификации посредством ЭЦП пользователю автоматически присваивается ранее назначенная роль и предоставляется доступ к функционалу системы в соответствии с полномочиями данной роли.

      9. Пользователь, со дня регистрации на Портале и до ввода объекта в эксплуатацию, посредством личного кабинета формирует цифровые документы о новом строительстве, а также реконструкции и ремонте действующих объектов (предприятий, зданий, сооружений и их комплексов) и (или) загружает электронные документы.

      10. Загруженные электронные документы и (или) сформированные цифровые документы на Портале подлежат удостоверению ЭЦП лица, обладающего полномочиями на удостоверение данного документа.

      11. Сведения о ходе строительного процесса, а также электронные и (или) цифровые документы, подписанные Пользователем Портала с использованием ЭЦП, пересылаются одним пользователем Портала в личный кабинет другого пользователя Портала.

      12. Электронные и цифровые документы размещенные на Портале и удостоверенные ЭЦП, не подлежат удалению, изменению или замене, в течение срока их хранения на Портале.

      13. Информация по организации проведения строительства, в том числе соответствующие электронные и цифровые документы, предоставленные на Портал или в ЦС его Пользователями, хранятся в течение всего срока эксплуатации объекта.

Глава 3. Порядок ведения цифровых систем для организации проведения строительства по принципу "одного окна"

      14. Разработанные ЦС соответствует положениям Цифрового кодекса Республики Казахстан, а также техническим параметрам Портала.

      Для интеграции цифровых систем с Порталом, необходимо заключение соглашения с оператором Портала.

      Оператор ЦС производит оплату оператору Портала за оказываемые ему услуги по технической поддержке.

      15. Одна и более цифровых систем осуществляют:

      1) загрузку и хранение электронных и цифровых документов;

      2) передачу на Портал сведений о ходе строительства, исполнительно-технических документов, подписанных пользователем Портала с использованием ЭЦП;

      3) обмен информацией с интегрированными интернет-ресурсами и другими ЦС.

      16. В целях полной реализации принципа "одного окна" и исключения дублирования функций, технологическое взаимодействие между ЦС и Порталом строится на основе следующих сквозных процессов:

      1) автоматическая сквозная синхронизация государственных и ведомственных справочников, классификаторов и реестров, используемых в процессе ведения строительной документации;

      2) сквозная идентификация объектов строительства по единому уникальному коду (номеру) объекта, присвоенному Порталом при регистрации;

      3) обеспечение непрерывного мониторинга и логирования статуса передачи исполнительно-технической документации в режиме реального времени с фиксацией времени доставки.

      17. Операторы цифровых систем выполняют следующие мероприятия:

      1) осуществляют техническое обслуживание, системное сопровождение и плановое развитие аппаратного комплекса ЦС;

      2) обеспечивают бесперебойное функционирование и надлежащую информационную безопасность ЦС в соответствии с законодательством Республики Казахстан об информатизации и положениями настоящих Правил;

      3) оказывают пользователям ЦС оперативную техническую поддержку в соответствии с условиями заключенных с ними договоров/соглашений;

      4) предоставляют государственным органам, осуществляющие функции контроля и надзора доступ к ЦС в целях осуществления мониторинга действий пользователей ЦС.

      18. Хранение, защита и обеспечение целостности данных в ЦС:

      1) электронные и цифровые документы, данные журналов учета и сведения о ходе строительства, указанные в пункте 15 настоящих Правил, подлежат постоянному хранению в ЦС с обеспечением ежедневного резервного копирования данных для предотвращения их утери, искажения или несанкционированного изменения;

      2) при транзите данных из ЦС на государственные платформы Портала используются защищенные каналы связи (криптографические протоколы), исключающие возможность компрометации информации или несанкционированного доступа третьих лиц.