ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19025 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі астық нарығын реттеу саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.";
Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1 және 3-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
бірлескен бұйрыққа 3-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оның "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" цифрлық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
_______С. Жумангарин__________А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
Астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
Астық нарығын реттеу саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
Р/с № | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі | Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 балға дейін болуы тиіс), wi | Шарттар/мәндер, xi | |
1-шарты /мәні | 2-шарты/мәні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (астық қабылдау кәсіпорындарына) қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі | |||||
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау үшін | |||||
1. | Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелуі туралы ақпараттың ұсынылмауы | Бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 10 | ақпаратты уақтылы ұсыну | ақпаратты ұсынбау |
0 % | 100 % | ||||
2. | Сатып алынған, жазылған, өтелген, бүлінген және таза астық қолхаттары бланкілері туралы ақпараттың ұсынылмауы | Бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 10 | ақпаратты уақтылы ұсыну | ақпаратты ұсынбау |
0 % | 100 % | ||||
3. | Астық қабылдау кәсіпорнына жаңа түсімнен сақтауға келіп түскен астықтың саны мен сапасы туралы ақпараттың ұсынылмауы | Бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 10 | ақпаратты уақтылы ұсыну | ақпаратты ұсынбау |
0 | 100 % | ||||
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-баптарына сәйкес астық қабылдау кәсіпорындарына қатысты астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
_____________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________
__________________________________________________________ (№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру коды ____________
____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________
Лауазымды адам (дар) ________________________________________________
________________ _____________________ ______________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________________________
________________ _____________________ ______________________________
лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі