ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін тізбенің 3-тармағының он бесінші, он алтыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2026 жылғы 26 маусымдағы № 244 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24401 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларында:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. ТЖМ арнаулы оқу орнына күндізгі оқу нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - азаматтар) қабылданады.";
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. ТЖМ арнаулы оқу орнына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тіркелген тұрғылықты жері бойынша астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі – ТЖД) кадр қызметтеріне еркін нысанда өтініш береді.";
32-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы азаматтарының және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың артықшылықты құқығы бар.".
2. "Азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, орнын ауыстыру, қызметке ұсыну, демалыс беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34759 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, орнын ауыстыру, қызметке ұсыну, демалыс беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықта:
бұйрықпен 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) уәкілетті басшы – ТЖМ астаналық (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық органының, білім беру ұйымының басшысы;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының екінші бөлігіне сәйкес АҚО-ға қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру, жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу Заң нормаларына сәйкес реттеледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. АҚО-да қызметке қабылданатын Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - азаматтар) қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландыру ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларда (бұдан әрі - ӘДК) және АҚО тиісті бөлімшесінде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
Полиграфологиялық зерттеу "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысымен жүргізіледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. АҚО лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары "Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Министрдің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 550 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – біліктілік талаптары).";
16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) теріс себептер бойынша өз өкілеттіктерін тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, судьялар.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21646 тіркелген) (бұдан әрі – талап) сәйкес басшы құрамдағы адамдарды атқаратын лауазымымен салыстырғанда денсаулық жағдайына неғұрлым жоғары талаптарды көздейтін лауазымдарға ауыстыру ӘДК қорытындысы ескеріле отырып жүргізіледі.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларына 1-қосымшаның 2-тармағында көрсетілген климаттық жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерден басқа аудандар мен жергілікті жерлерге ауысқан және ақылы кезекті еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, оның ішінде өткен және ағымдағы жылдарға қосылған демалыс жаңа қызмет орны бойынша: ауыр және қолайсыз климаттық жағдайлары бар елді мекендерден ауысқанға дейінгі қызмет кезеңі үшін - осы аудандар мен елді мекендерде қызмет еткен уақытқа пропорционалды (қосымша демалыстарды ескере отырып), ауысқаннан кейін - жалпы негіздерде беріледі.".
3. "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30570 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне, 7-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінде:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-баптың екінші бөлігіне, 7-баптың 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібін және оны өткеру шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін айқындайды.";
3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу (бұдан әрі - іріктеу) – кандидаттарды Заңның 6 және 10-баптарында көзделген шарттар мен талаптарына, сондай-ақ Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген лауазымдардың санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сәйкестігі тұрғысынан зерделеуге бағытталған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі – аумақтық органдар), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің (бұдан әрі – мемлекеттік мекемелер) қабылдау комиссиялары оларды одан әрі алғашқы кәсіптік даярлықтан өту үшін жіберу мақсатында жүзеге асыратын іс-шаралар кешені;";
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі білім беру ұйымдарының оқу орталықтары (бұдан әрі - оқу орталықтары) – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының (бұдан әрі - Академия) астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан және алғашқы кәсіптік даярлық шеңберінде оқытуды және тыңдаушыларды тағылымдамадан өту үшін аумақтық органдар, мемлекеттік мекемелерге жіберуді жүзеге асыратын бөлімшелері;";
8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) уәкілетті басшы – құқық қорғау органының астаналық (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің басшысы, құқық қорғау органы мекемесінің, ведомствосының басшысы.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"4-3. Кандидат мынадай құжаттарды кадр қызметтеріне қолма-қол ұсынады немесе Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді цифрлық жүйелер арқылы тапсырады:";
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) білім туралы құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) немесе "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттарды;";
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Кандидатта әскери билет немесе тіркеу куәлігі болмаған кезде кадр қызметтері Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді цифрлық жүйелер арқылы кандидаттың Заңның 10-бабына сәйкестігі туралы мәселені шешу үшін әскери қызметке қатынасын тексереді.
Кадр қызметіне кандидаттардың кандидаттың әскери қызметке қатынасын растайтын, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді цифрлық жүйелер арқылы алынған ақпаратты (құжаттарды) ұсынуына жол беріледі.";
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"ӘДК "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелді) сәйкес жүзеге асырылады.";
17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары және жергілікті өкілді органдардың депутаттары, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаның реттік нөмірі екінші мынадай редакцияда жазылсын:
"
10. Қандай шет тілдерін және Қазақстан Республикасы халықтарының тілдерін білесіз, түсіндіре аласыз (еркін білесіз) |
".
4. "Азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23829 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне, 33-бабының 1-1-тармағына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 167) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – ТЖМ ТЖД) Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының екінші бөлігіне, 33-бабының 1-1-тармағына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 167) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарында (бұдан әрі – АҚО) жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен тәртібін айқындайды.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Осы Қағидаларда көзделген барлық материалдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес АҚО кадр қызметінде сақталады.".
5. "Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 432 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24301 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-баптың екінші бөлігіне, 7-баптың 2-тармағына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 175-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерінде:
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген лауазымдарға кандидаттың кәсіби құзыреттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері және "Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) айқындалатын жеке қасиеттерін бағалау негізінде айқындалады.";
13-тармақтың 1) тармақшасында мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "ВС" әскери қызметіне қатынасы:
мерзімді әскери қызметке шақырудан босату немесе кейінге қалдырудың болуы (көрсеткіш мәні "0");
әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлықтан өту (көрсеткіш мәні "2");
запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша мерзімді әскери қызметтен немесе Қазақстан Республикасы азаматтары (бұдан әрі - азаматтар) әскери даярлаудан өту (көрсеткіш мәні "3");
запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша азаматтарды әскери даярлау (көрсеткіш мәні "5");".