ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Мыналарды:
1) 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының сегізінші және жиырма алтыншы абзацтарын, 2-тармағының он алтыншы және он жетінші абзацтарын;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының үшінші, төртінші, оныншы, он бірінші, он төртінші, он бесінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын, 2-тармағының үшінші, төртінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы |
Г. Кобенова |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Жоғары сот кеңесі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
| Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 23 маусымдағы № 303 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру құқығына ие диссертациялық кеңес – "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына және 5-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін және философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беретін ЖЖОКБҰ-ның жанындағы алқалы органдар;";
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, мәтінді пайдалануды анықтаудың, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша лицензиялық жүйесінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен байланысты тақырыбы бойынша зерттеулер жасап жатқан докторанттар болған кезде ЖЖОКБҰ және ӘАОО-лар Плагиатқа тексеру жөніндегі комиссияны құру туралы мәліметтерді жолдайды;";
12-тармақтың 1) және 3) тармақшасына мынадай редакцияда жазылсын:
"1) диссертациялық кеңестің отырыстарын және диссертацияларды ашық түрде қорғауды өткізу үшін қажетті жағдайлармен, оның ішінде цифрлық технологияларды, бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалану арқылы;
2) диссертациялардың мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінде (халықаралық деректер базаларын қоса алғанда), оның ішінде оларға сілтеме жасамай жасанды интеллект технологияларын пайдалану тұрғысынан тексерілуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді немесе "Қызметтік бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын диссертацияларды тексеру үшін ЖЖОКБҰ және ӘАОО-лар Плагиатқа тексеру жөніндегі комиссияның болуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын диссертацияларды Плагиатқа тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген мемлекеттік құпияларға тиісті рұқсаттары болады. Плагиатқа тексеру жөніндегі комиссияның мүшелеріне қойылатын талаптарды, құрамын және жұмыс тәртібін ЖЖОКБҰ және ӘАОО-лар дербес бекітеді;";
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Комитеттің докторантқа дәреже беруден бас тартуға немесе қайта қорғауға жіберуге негіз болған осы кеңесте қорғалған диссертациялар бойынша 3 (үш) және одан да көп шешімі (философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру құқығына ие диссертациялық кеңестерді қоспағанда). Диссертациялық кеңесті жабу үшін осы кеңесте қорғаған 1 (бір) диссертациялық жұмыста плагиат фактілерін анықтау да жеткілікті;";
26-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді немесе "Қызметтік бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын диссертацияларда докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдалануы ҰМҒТСО-да немесе тиісті ЖЖОКБҰ-да Плагиатқа тексеру жөніндегі комиссияда немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарында және (немесе) ғылыми ұйымдарында тексеріледі.";
28-тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру (философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор дәрежені беру құқығына ие диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда) немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке өтініш жасау (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда);";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. ҰМҒТСО-ның анықтамасында, ресми рецензенттердің пікірлерінде және ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсындағы бейресми пікірлерде көрсетілген плагиат фактілері немесе жасанды интеллект технологияларын пайдаланып оларға сілтеме бермегені анықталған кезде диссертациялық кеңес анықталған фактілерді тексереді. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды диссертациялық кеңеске диссертация қорғауға дейін 8 (сегіз) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.";
33-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру (философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор дәрежені беру құқығына ие диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда) немесе Комитет алдында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасау (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда). Дәреже докторант оқыған білім беру бағдарламасы бойынша беріледі;";
35-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайта қорғауға дейін 1 (бір) ай бұрын диссертация ҰМҒТСО-ға плагиатқа тексеру үшін жіберіледі. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді немесе "Қызметтік бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын диссертация Плагиатқа тексеру жөніндегі комиссияға жіберіледі.";
37-тармақтың үшінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ҰМҒТСО-ның және ЖЖОКБҰ-ның диссертацияны плагиатқа және жасанды интеллект технологияларын сілтеме бермей пайдалануға тексергені туралы анықтамасы. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді немесе "Қызметтік бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын диссертация бойынша ЖЖОКБҰ-да немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарындағы және (немесе) ғылыми ұйымдардағы Плагиатқа тексеру жөніндегі комиссиясыңда диссертацияны плагиатқа тексергені туралы анықтамасы ұсынылады;";
37-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын аттестациялық іс Комитет дәреже беру/дәреже беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 1 (бір) жыл ішінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманың талаптары сақтала отырып, қорғау орны бойынша диссертациялық кеңеске сақтау үшін қайтарылады.";
1-қосымша осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларында:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына және 5-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру құқығына ие ЖЖОКБҰ-лар жанындағы диссертациялық кеңестер (бұдан әрі - философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру құқығына ие диссертациялық кеңестер) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін осы Қағидалардың 6-тарауында белгіленген тәртіппен өздері береді.";
6-тармақтың он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Басылымдар тізбесіндегі журналдардағы мақалалардың саны 1, 2, 3-тізімдегі журналдағы жарияланымға байланысты ескеріледі. Диссертацияның мазмұнына сәйкес ғылыми саланың біреуінен Басылымдар тізбесіне енгізілген журналдарда мақала жариялауға жол беріледі.";
6-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-2. Индустриалды PhD бағдарламасының докторанттары үшін осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес жарияланымдары болмаған кезде диссертациялық зерттеу технологияларының әзірлік деңгейі (бұдан әрі – TRL (ТРЛ)) кем дегенде 6 (алтыға) қол жеткізілген кезде докторлық зерттеудің нәтижелілігін растауға жол беріледі.
Кем дегенде 6 TRL (ТРЛ) деңгейге қол жеткізілгенін растау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Технологиялардың әзірлігі мен ұйымдардың технологиялық әзірлігі деңгейлерін айқындау әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35634 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Кем дегенде 6 TRL (ТРЛ) деңгейге қол жеткізу үшін докторанттың диссертация тақырыбы бойынша патентінің (патенттерінің) немесе енгізу актілерінің болуы негіз болып табылады (көрсетілген нұсқалардың бірі есепке алынады):
1) Derwent Innovations Index (Дервент Инновэйшн Индекс) (Web of Science, Clarivate Analytics (Веб оф Сайнс, Кларивэйт Аналитикс)) деректер базасына енгізілген немесе Америка құрама штаттары, Еуропалық одақ не Жапония елдерінің 1 (бір) немесе одан көп шетелдік немесе халықаралық патент;
2) өнертабысқа 1 (бір) не одан көп патент;
3) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 509 бұйрығымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану) актісін келісу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37341 болып тіркелген) алынған әріптес кәсіпорынның ұйымына кем дегенде 2 (екі) енгізу актісі.";
мынадай мазмұндағы 6-3-тармақпен толықтырылсын:
"6-3. Ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ларға жарияланымдарға қосымша талаптар белгілеуге рұқсат етіледі.";
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сараптау кеңесі мүшелерінің (кемінде 1/3 (үштен бірінде)) дәйексөз алу индексі – Web of Science (Вэб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) халықаралық дәйексөз алу жүйелерінде 2 (екі) және одан көп Хирш индексі; және (немесе) Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Aртс энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасында индекстелетін және JCR (ЖСР) деректеріне сәйкес импакт-фактор бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші) квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) цифрлық деректер базасында Citescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдары; және (немесе) халықаралық патенттері; және (немесе) Басылымдар тізбесіндегі басылымдарда кемінде 10 (он) жарияланымы; және (немесе) 10 (он) ғылыми және (немесе) шығармашылық еңбектері (өнер бағыты бойынша) болады.";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру құқығына ие диссертациялық кеңестерде диссертациясын қорғаған тұлғаларға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру";
33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"33. ЖЖОКБҰ философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру құқығына ие диссертациялық кеңестің шешімі негізінде философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру (беруден бас тарту) туралы тиісті бұйрықты шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шығарады.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы ақпарат философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру құқығына ие диссертациялық кеңестің шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсында орналастырылады.
34. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру құқығына ие диссертациялық кеңесте қорғау нәтижесі негізінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері берілген тұлғаларға "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес мемлекеттік не жеке үлгідегі білім беру туралы құжат бұйрық шығарылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.
35. ЖЖОКБҰ философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі жөніндегі білім беру туралы құжатты беру тәртібін дербес анықтайды.";
36-тармақ алып тасталсын.
3. "Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа 1-тармақ сәйкес Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидалары";
бүкіл мәтін бойынша "ережесі", "Ереже", "Ережеге", "Ережені", "Ереженің", "Ережемен", "ережесіне" деген сөздер "қағидалары", "Қағидалар", "Қағидаларға", "Қағидаларын", "Қағидаларының", "Қағидаларымен", "қағидаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Ғылыми атақтар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен бекітілген Ғылыми бағыттар сыныптауышының (бұдан әрі – Сыныптауыш) екінші деңгейінде көрсетілген мамандықтар бойынша беріледі. Сыныптауыштың екінші деңгейінде "10600 Басқа да жаратылыстану ғылымдары", "21200 Басқа техникалық ғылымдар", "40500 Басқа да ауылшаруашылығы ғылымдары", "50900 Басқа да әлеуметтік ғылымдар" және "60500 Басқа да гуманитарлық ғылымдар" ғылыми бағыты көрсетілген кезде ғылыми атақ Сыныптауыштың үшінші деңгейінде көрсетілген мамандық бойынша беріледі.";
4-тармақтың 2) тармақшасының жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарында талап етілетін санынан асатын ғылыми мақалалар болған кезде мұндай журналдағы 1 (бір) мақала (үміткердің мамандығына сәйкес келетін ғылыми сала бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші) квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын журналдар) уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде саналады.";
5-тармақтың 2) тармақшасының жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілетін санынан асатын ғылыми мақалалар болған кезде мұндай журналдағы 1 (бір) мақала (үміткердің мамандығына сәйкес келетін ғылыми сала бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 (бірінші) және 2 (екінші) квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын журналдар) уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде саналады.";
мынадай мазмұндағы 5-7-тармақпен толықтырылсын:
"5-7. Ғылыми атақтарға үміткерлердің монографиялары, оқулықтары және оқу құралдары сұратылған ғылыми бағыт бойынша есептеледі.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. ЖЖОКБҰ-ның немесе ғылыми ұйымның Ғылыми кеңесі ғылыми атақ беру туралы қолдаухатты Комитетке ұсынады.
Ғылыми кеңес қолдаухат жіберу туралы шешім қабылдаудан 1 (бір) ай бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтаманың электрондық (DOC (док) немесе DOCX (докикс) форматында) және сканерленген нұсқаларын, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жарияланымдарының тізімін, оның ішінде халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдар тізімін ЖЖОКБҰ-ның немесе ғылыми ұйымның интернет-ресурсында орналастырады (Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнайы оқу орындарын қоспағанда, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді немесе "Қызметтік бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері бар материалдарды орналастыру кезінде).
Қолдаухатқа аттестаттау ісі қоса беріледі, оған мынадай құжаттар кіреді:
1) ілеспе хат – ұйымның бланкісінде материалдарды жіберу күні көрсетілген Ғылыми кеңестің төрағасы қол қойған ұсыным;
2) жарияланымдар тізімі. Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы жарияланымдар тізімі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;
3) жарияланымдар тізімінде көрсетілген жарияланымдар көшірмелері;
4) ізденушінің ғылыми және педагогикалық қызметі көрсетілген ұйымның Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда);
6) үміткердің ғылыми-педагогикалық және (немесе) сұратылған ғылыми бағыты бойынша ғылыми-педагогикалық немесе ғылыми өтілін растайтын (оның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жобаларға және бағдарламаларға қатысуға қатысты) жұмыс орны бойынша куәландырылған еңбек кітапшасының (бар болғанда) көшірмелері және жұмыс берушінің актілерінен үзінділер;
7) шәкірттер – ғылыми дәрежесі бар тұлғалар дайындағанын растайтын ресми құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
8) монографияның немесе оқулықтың (оқу (оқу-әдістемелік) құрал) қағаз және электронды нұсқалардағы түпнұсқасы;
9) жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі.
3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Комитетке pdf (пдф) файлы форматында (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді немесе "Қызметтік бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері бар аттестаттау істерінен басқа) сканерленген түрде ұсынылады.";
мынадай мазмұндағы 7-3-тармақпен толықтырылсын:
"7-3. Комитет аттестаттау ісі тіркелген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қайтару себебін көрсете отырып, аттестаттау ісін мынадай жағдайларда қараусыз қайтарады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшаға көрсетілген қандай да бір құжаттардың болмауы немесе сәйкес келмеуі;
2) ұсынылған материалдардың ЖЖОКБҰ-ның немесе ғылыми ұйымның интернет-ресурсында орналастырылған үміткер туралы ақпаратқа сәйкес келмеуі;
3) үміткер туралы материалдардың сұрау салынатын ғылыми бағытқа сәйкес келмеуі.
Аттестаттау ісін ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым қайтарылған күннен бастап кемінде 1 (бір) ай мерзімде қайта жібереді.";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын алуға ізденушілердің аттестаттау істерінің осы Қағидаларға сәйкестігі Комитеттің консультативтік-кеңес беру органы болып табылатын Сараптамалық кеңесте (бұдан әрі – Сараптамалық кеңес) анықталады.
Аттестаттау ісін қарау нәтижелері бойынша Сараптамалық кеңес осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қорытынды қабылдайды.
Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде Комитет ғылыми атақ беру/беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және қорытындыға қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті бұйрық шығарады.
Ғылыми этиканы бұзу жағдайларын қоспағанда үміткердің өтініші немесе ЖЖОКБҰ-ның немесе ғылыми ұйымның қолдаухаты негізінде Комитеттің шешімі қабылданғанға дейін аттестаттау ісін қараудан алуға жол беріледі.
Ғылыми атақ беру туралы шешім Комитеттің интернет-ресурсында шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады.
Ғылыми атақты беруден бас тарту туралы шешім ЖЖОКБҰ-ға немесе ғылыми ұйымға шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарланады.
Комитеттің ғылыми этиканың бұзылуына байланысты қабылданған ғылыми атақты беруден бас тарту туралы шешімі болған кезде осы тұлға бойынша қайтадан қолдаухат шешім қабылданғаннан күннен бастап 5 (бес) жылдан кейін қайта беріледі. Бұл ретте осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі соңғы 5 (бес) жыл ішінде ескеріледі.
Ғылыми этиканың негізгі нормалары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 529 бұйрығымен бекітілген Ғылыми әдептің үлгілік қағидаларына сәйкес айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35392 болып тіркелген).
11. Ғылыми этиканың бұзушылықтарын қоспағанда Комитет осы атақты беруден бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда ғылыми атақ беру туралы жаңа ұсынымды Ғылыми кеңес көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін береді.
Егер, бір ғылыми бағыт шеңберінде бір ЖЖОКБҰ-дан не ғылыми ұйымның 3 (үш) үміткері ғылыми этиканы бұзғанына байланысты ғылыми атақты беруден бас тартылған болса, онда осы ЖЖОКБҰ-дан не ғылыми ұйымнан тиісті ғылыми бағыт бойынша қолдаухаттар 1 (бір) жылдың ішінде қаралмайды.".
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымша Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге 1-қосымша Нысан |
Диссертациялық кеңес мүшелеріне үміткерлер туралы ақпарат
№ | Т.А.Ә. (болған жағдайда) (мемлекеттік немесе орыс және ағылшын тілдерінде) | Дәрежесі, ғылыми атағы | Негізгі жұмыс орны | Азаматтығы | Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша бірінші үш квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) цифрлық деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдар | Басылымдар тізбесіндегі журналдардағы жарияланымдар |