"Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 23 маусымдағы № 8-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 маусымда № 39037 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      "1-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) осы нормативтік қаулыға 13-қосымшаға сәйкес 904. Республикалық бюджеттің жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты.";

      осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес 13-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Талдау және бюджетті бағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 23 маусымдағы
№ 8-НҚ Нормативтік қаулыға
қосымша
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
13-қосымша

904. Республикалық бюджеттің жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық бюджеттің жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Рәсімдік стандарт) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) Қазақстан Республикасының Құрылтайына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілетін республикалық бюджет туралы заң жобасына жыл сайынғы қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) қалыптастыруына қағидаттар мен тәсілдерді айқындайды.

      2. Рәсімдік стандарт Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Алдын ала бағалау жүргізу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      3. Осы Рәсімдік стандарт Жоғары аудиторлық палата аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, мүшелеріне және тартылатын сарапшыларға қолданылады.

      4. Осы Рәсімдік стандарттың негізгі қағидаттарына мыналар жатады:

      1) сенімділік – Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсынатын Қорытындысындағы ақпараттың анықтығы және негізділігі;

      2) толықтық және ашықтық – Қорытындыда мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары материалдарының көрсетілуі және оларды баяндаудың айқындығы;

      3) уақтылық – анық ақпаратты жедел жинау, Қорытындыны белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну;

      4) салыстырмалылық – түрлі кезеңдегі есептік ақпаратты салыстыру мүмкіндігі.

2-тарау. Қорытындыны дайындау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Құрылтайына ұсыну

1-параграф. Қорытындыны қалыптастыру және оны ұсыну тәртібі

      5. Қорытындыны қалыптастыру үшін:

      1) тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы;

      2) Алдын ала бағалау жүргізу қағидаларының 7-тармағына сәйкес материалдар мен ақпарат;

      3) Жоғары аудиторлық палатаның, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен басқа да мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің цифрлық жүйелерінің деректері;

      4) Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуы бойынша ұсынылған ақпарат негіз болып табылады.

      6. Талдау және бюджетті бағалауға жауапты құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімше) қажет болған жағдайда Алдын ала бағалау жүргізу қағидаларының 4-тармағында көрсетілген бюджет жобасын бағалау объектілеріне Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіруге жауапты мүшесінің қолы қойылған, осы Рәсімдік стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратты, мәліметтерді, құжаттаманы және материалдарды (дәлелдемелерді) ұсыну туралы талап жібереді.

      Бюджет жобасын бағалау объектілері талапты орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Құрылымдық бөлімшенің лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) 803-бабына сәйкес ӘҚтК-де белгіленген мерзімдер шегінде ӘҚтК-нің 462-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.

      7. Қорытындыны дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіру Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы бекітетін Жоғары аудиторлық палата мүшелерінің арасында міндеттердің бөлінуіне сәйкес Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне жүктеледі.

      8. Қорытындыны әзірлеуді және қалыптастыруды Құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.

      9. Бюджет жобасына бағалау жүргізу үшін республикалық бюджет жобасы шығыстарының бағыттарын іріктеу Алдын ала бағалау жүргізу қағидаларының 5 және 6-тармақтарының талаптары ескеріле отырып жүргізіледі.

      10. Республикалық бюджет шығыстарының бағыттары және Қорытындының бөлімдерін (кіші бөлімдерін) жетекшілік ететін бағыттар бойынша Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері мен аппараттың құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу Жоғары аудиторлық палата Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      11. Қорытындының мемлекеттік тілде уақытылы әрі сапалы дайындалуын мемлекеттік тілді дамытуға жауапты құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.

      12. Құрылымдық бөлімше Қорытындыны қалыптастыруға қатысқан Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерімен және құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп республикалық бюджет жобасы Жоғары аудиторлық палатаға енгізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей Қорытынды жобасын қалыптастырып, оны Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қарауға жібереді.

      13. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі Құрылымдық бөлімшемен бірлесіп республикалық бюджет жобасы Жоғары аудиторлық палатаға енгізілген күннен бастап күнтізбелік он жеті күннен кешіктірмей Қорытындының және оны бекіту туралы Жоғары аудиторлық палата қаулысының жобаларын Жоғары аудиторлық палатаның отырысына енгізеді.

      14. Жоғары аудиторлық палатаның қаулысымен Қорытынды бекітілгеннен кейін Құрылымдық бөлімше Қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Құрылтайына жіберу үшін ілеспе хатты дайындап, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қол қоюға ұсынуды қамтамасыз етеді.

      15. Жоғары аудиторлық палата Қорытынды бекітілгенге дейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірге Қорытынды жобасын талқылайды. Талқылау Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесінің төрағалығымен өтеді.

      16. Қорытынды Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Құрылтайына Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет жобасын Жоғары аудиторлық палатаға енгізген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жолданады.

      17. Қорытындыда қамтылатын таратылуы шектелген ақпаратты жауапты орындаушылар қалыптастырады және Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға жауапты Жоғары аудиторлық палата аппаратының құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жібереді.

2-параграф. Қорытындының құрылымы мен мазмұны

      18. Қорытындының үлгілік құрылымы:

      КІРІСПЕ

      I БӨЛІМ. Республикалық бюджет параметрлерін әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен өзара байланыстыра отырып бағалау

      II БӨЛІМ. Республикалық бюджет шығыстарының негізгі бағыттарын бағалау

      III БӨЛІМ. Бюджет жобасы шығыстарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында айқындалған басымдықтарға сәйкестігін бағалау

      IV БӨЛІМ. Тұжырымдар мен ұсынымдар

      ҚОСЫМШАЛАР-ды қамтиды.

      19. "Кіріспе" бөлімінде ақпаратты ұсынудың негізі мен мақсаты, қызметтің негізгі бағыттарының қысқаша мазмұны көрсетіледі.

      20. "Республикалық бюджет параметрлерін әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен өзара байланыстыра отырып бағалау" бөлімінде бюджет шығыстарының таңдалған бағыттарын бағалау үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жекелеген көрсеткіштеріне шолу қамтылады.

      21. "Республикалық бюджет шығыстарының негізгі бағыттарын бағалау" бөлімінде Жоғары аудиторлық палата Төрағасының тиісті бұйрығымен бекітілетін шығыстардың негізгі бағыттары бойынша бағалау қамтылады.

      Жоғары аудиторлық палата жыл сайын бюджет жобасына бағалау жүргізу үшін бюджеттік бағдарламаларды іріктеуді Жоғары аудиторлық палатаның өткен қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалау және бюджет қаражатының басқарылу тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша қорытындыларда қамтылған ақпаратты ескере отырып жүзеге асырады.

      22. "Бюджет жобасы шығыстарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында айқындалған басымдықтарға сәйкестігін бағалау" бөлімінде Мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен бюджет жобасы шығыстарының жалпыұлттық басымдықтарға және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін бағалау қамтылады.

      23. "Тұжырымдар мен ұсынымдар" бөлімінде республикалық бюджетті жоспарлау кезінде анықталған проблемалар сипатталған әрі жүйеленген тұжырымдар және бағаланған бағыттар бойынша ұсынымдар қамтылады.

      24. Қорытындының құрылымы, мазмұны мен көлемі есепті кезеңде өзекті және маңызды мәселелердің болуына, есепті жылы жүргізілген мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне, сондай-ақ қалыптастырылатын ақпараттың ерекшелігіне қарай нақтылануы немесе ұлғайтылуы мүмкін.

3-параграф. Қорытындының ұсынылу нысаны

      25. Қорытынды:

      1) титулдық парақтан;

      2) мазмұнынан;

      3) негізгі мәтіннен;

      4) қосымшалардан тұрады.

      26. Титулдық парақта Қорытындының атауы, сондай-ақ оны дайындауға және ұсынуға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      27. Қорытынды мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.

      28. Қорытындының мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

      қаріп – Times New Roman;

      қаріп өлшемі – 14, кестедегі материалдарда – 8 – 12.

      29. Қорытындыда сомалар миллиард, миллион және мың теңгемен көрсетіледі.

4-параграф. Қорытындыны Қазақстан Республикасының Құрылтайында талқылау тәртібі

      30. Құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының Құрылтайында Қорытындыны таныстыру және негіздеу жұмысын үйлестіруді және ол үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді.

      31. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі Қорытындыны Қазақстан Республикасының Құрылтайында таныстырады.

      32. Қазақстан Республикасы Құрылтайының жұмыс топтары отырыстарының графигіне сәйкес бейінді комитеттерде Қорытындыны қарау кезінде олардың жұмысына Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі не осы Рәсімдік стандарттың 9-тармағына сәйкес бекітілген бөлу негізінде Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қатысады.

3-тарау. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыда берілген ұсынымдарының орындалуы

      33. Алдын ала бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Қорытындыда қамтылған ұсынымдардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді.

      34. Ұсынымдарды бақылаудан алу Алдын ала бағалау жүргізу қағидаларының 25-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

  904. Республикалық бюджеттің
жобасын оның шығыстарының
негізгі бағыттары бойынша
алдын ала бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің
және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
қосымша

Ақпаратты, мәліметтерді, құжаттаманы және материалдарды (дәлелдемелерді) ұсыну туралы талап

      1. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 21-бабына, 37-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы, лауазымды және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына бюджет жобасын алдын ала бағалауды жүзеге асыру үшін қажет сұратылған құжаттар мен ақпаратты:

      _____________________________________________________________________

      (бірінші басшы қол қоятын қажетті құжаттар мен ақпараттың тізбесін көрсету қажет)

      _____________ жылғы ____ дейінгі мерзімде беруге міндетті: (күнін көрсету);

      2. Мемлекеттік аудит туралы заңның 21-бабы негізінде Жоғары аудиторлық палатаның заңды талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау ӘҚтК-нің 803-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау арқылы ӘҚтК-нің 462-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

      Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі ____________________

      аты-жөні, тегі

О внесении дополнений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ "Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля"

Нормативное постановление Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан от 23 июня 2026 года № 8-НҚ. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 июня 2026 года № 39037

      Высшая аудиторская палата Республики Казахстан (далее – Высшая аудиторская палата) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ "Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13647) следующие дополнения:

      "пункт 1:

      дополнить подпунктом 13) следующего содержания:

      "13) 904. Процедурный стандарт внешнего государственного аудита и финансового контроля по осуществлению предварительной оценки проекта республиканского бюджета по основным направлениям его расходов согласно приложению 13 к настоящему нормативному постановлению.";

      дополнить приложением 13 согласно приложению к настоящему нормативному постановлению".

      2. Департаменту анализа и оценки бюджета аппарата Высшей аудиторской палаты в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего нормативного постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего нормативного постановления на интернет-ресурсе Высшей аудиторской палаты после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего нормативного постановления возложить на руководителя аппарата Высшей аудиторской палаты.

      4. Настоящее нормативное постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
Высшей аудиторской палаты
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к нормативному постановлению
Высшей аудиторской палаты
Республики Казахстан
от 23 июня 2026 года № 8-НҚ
  Приложение 13
к нормативному постановлению
Счетного комитета
по контролю за исполнением
республиканского бюджета
от 31 марта 2016 года № 5-НҚ

904. Процедурный стандарт внешнего государственного аудита
и финансового контроля по осуществлению предварительной оценки проекта
республиканского бюджета по основным направлениям его расходов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Процедурный стандарт внешнего государственного аудита и финансового контроля по осуществлению предварительной оценки проекта республиканского бюджета по основным направлениям его расходов (далее – Процедурный стандарт) определяет принципы и подходы к формированию Высшей аудиторской палатой Республики Казахстан (далее – Высшая аудиторская палата) ежегодного заключения к проекту закона о республиканском бюджете, направляемого в Курултай Республики Казахстан и Правительство Республики Казахстан (далее – Заключение).

      2. Процедурный стандарт разработан в соответствии с нормативными правовыми актами Республики Казахстан, регулирующими вопросы внешнего государственного аудита и финансового контроля, а также Правилами проведения предварительной оценки проекта республиканского бюджета по основным направлениям его расходов, утвержденными Указом Президента Республики Казахстан от 9 декабря 2016 года № 388 (далее – Правила проведения предварительной оценки).

      3. Действие настоящего Процедурного стандарта распространяется на структурные подразделения аппарата, членов Высшей аудиторской палаты и привлекаемых экспертов.

      4. К основным принципам настоящего Процедурного стандарта относятся:

      1) надежность – достоверность и обоснованность информации в Заключении, представляемом Высшей аудиторской палаты в Курултай Республики Казахстан;

      2) полнота и прозрачность – отражение в Заключении материалов государственного аудита и экспертно-аналитических мероприятий и ясность их изложения;

      3) своевременность – оперативный сбор достоверной информации, подготовка и предоставление Заключения в установленные сроки;

      4) сопоставимость – возможность сравнения отчетной информации за разные периоды.

Глава 2. Подготовка и представление Заключения в Правительство и Курултай Республики Казахстан

Параграф 1. Порядок формирования и представления Заключения

      5. Основой для формирования Заключения являются:

      1) проект закона о республиканском бюджете на соответствующий плановый период;

      2) материалы и информация в соответствии с пунктом 7 Правил проведения предварительной оценки;

      3) данные цифровых систем Высшей аудиторской палаты, центральных уполномоченных органов по государственному и бюджетному планированию, администраторов республиканских бюджетных программ, субъектов квазигосударственного сектора и других объектов государственного аудита и финансового контроля;

      4) информация, представленная по запросу Высшей аудиторской палаты.

      6. Структурное подразделение, ответственное за анализ и оценку бюджета (далее – Структурное подразделение) в случае необходимости, направляет требование объектам оценки проекта бюджета, указанным в пункте 4 Правил проведения предварительной оценки, за подписью члена Высшей аудиторской палаты, ответственного за координацию работы по подготовке Заключения, о предоставлении информации, сведений, документации и материалов (доказательств) по форме согласно приложению к настоящему Процедурному стандарту.

      В случае невыполнения или ненадлежащего выполнения объектами оценки проекта бюджета требования, должностными лицами Структурного подразделения в пределах компетенции, в соответствии со статьей 803 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" (далее – КоАП) составляется протокол об административном правонарушении, предусмотренном частью третьей статьи 462 КоАП, в пределах сроков, установленных КоАП.

      7. Координация работы по подготовке Заключения возлагается на члена Высшей аудиторской палаты в соответствии с распределением обязанностей между членами Высшей аудиторской палаты, утверждаемым Председателем Высшей аудиторской палаты.

      8. Разработку и формирование Заключения осуществляет Структурное подразделение.

      9. Отбор направлений расходов проекта республиканского бюджета для проведения оценки проекта бюджета проводится с учетом требований пунктов 5 и 6 Правил проведения предварительной оценки.

      10. Направления расходов республиканского бюджета и распределение разделов (подразделов) Заключения по курируемым направлениям между членами и структурными подразделениями аппарата Высшей аудиторской палаты утверждаются приказом Председателя Высшей аудиторской палаты.

      11. Своевременность и качество подготовки Заключения на государственном языке обеспечивает структурное подразделение, ответственное за развитие государственного языка.

      12. Структурное подразделение совместно с членами Высшей аудиторской палаты и структурными подразделениями, участвовавшими в формировании Заключения, не позднее пятнадцати календарных дней со дня внесения в Высшую аудиторскую палату проекта республиканского бюджета, формирует проект Заключения и направляет его на рассмотрение Председателю Высшей аудиторской палаты.

      13. Член Высшей аудиторской палаты, ответственный за подготовку и представление Заключения, совместно со Структурным подразделением не позднее семнадцати календарных дней со дня внесения в Высшую аудиторскую палату проекта республиканского бюджета, вносит проекты Заключения и постановления Высшей аудиторской палаты о его утверждении на заседание Высшей аудиторской палаты.

      14. Структурное подразделение после утверждения Заключения постановлением Высшей аудиторской палаты обеспечивает подготовку и представление на подпись Председателю Высшей аудиторской палаты сопроводительное письмо для направления Заключения в Правительство Республики Казахстан и Курултай Республики Казахстан.

      15. До утверждения Заключения Высшей аудиторской палатой проводится обсуждение проекта Заключения с администраторами бюджетных программ. Обсуждение проводится под председательством члена Высшей аудиторской палаты, ответственного за подготовку и предоставление Заключения.

      16. Заключение направляется в Правительство Республики Казахстан и Курултай Республики Казахстан в течение двадцати календарных дней со дня внесения проекта республиканского бюджета Правительством Республики Казахстан в Высшую аудиторскую палату.

      17. Информация ограниченного распространения, содержащаяся в Заключении, формируется ответственными исполнителями и направляется структурным подразделением аппарата Высшей аудиторской палаты, ответственным за организацию работы Высшей аудиторской палаты по защите государственных секретов, с соблюдением требований законодательства Республики Казахстан о государственных секретах.

Параграф 2. Структура и содержание Заключения

      18. Типовая структура Заключения содержит:

      ВВЕДЕНИЕ

      РАЗДЕЛ I. Оценка параметров республиканского бюджета во взаимосвязи с прогнозом социально-экономического развития

      РАЗДЕЛ II. Оценка основных направлений расходов республиканского бюджета

      РАЗДЕЛ III. Оценка соответствия расходов проекта бюджета приоритетам, определенным документами Системы государственного планирования

      РАЗДЕЛ IV. Выводы и рекомендации

      ПРИЛОЖЕНИЯ

      19. В разделе "Введение" указываются основание и цель представления информации, краткое содержание по основным направлениям деятельности.

      20. Раздел "Оценка параметров республиканского бюджета во взаимосвязи с прогнозом социально-экономического развития" содержит обзор отдельных показателей прогноза социально-экономического развития, необходимых для оценки выбранных направлений расходов бюджета.

      21. Раздел "Оценка основных направлений расходов республиканского бюджета" содержит оценку по основным направлениям расходов, закрепляемых соответствующим приказом Председателем Высшей аудиторской палаты.

      Отбор бюджетных программ для проведения оценки проекта бюджета осуществляется ежегодно Высшей аудиторской палатой с учетом информации, содержащейся в отчете Высшей аудиторской палаты об исполнении республиканского бюджета за предыдущие финансовые годы, заключениях по результатам оценки реализации документов Системы государственного планирования и оценки эффективности управления бюджетными средствами.

      22. В разделе "Оценка соответствия расходов проекта бюджета приоритетам, определенным документами Системы государственного планирования" отражается оценка соответствия Планов развития государственных органов и расходов проекта бюджета общенациональным приоритетам и документам Системы государственного планирования.

      23. Раздел "Выводы и рекомендации" содержит выводы с описанием и систематизацией выявленных проблем при планировании республиканского бюджета и рекомендации по оцененным направлениям.

      24. Структура, содержание и объем Заключения могут быть детализированы или расширены в зависимости от наличия актуальных и значимых в отчетном периоде вопросов, результатов государственного аудита и экспертно-аналитических мероприятий за отчетный год, а также специфики формируемой информации.

Параграф 3. Форма представления Заключения

      25. Заключение состоит из:

      1) титульного листа;

      2) содержания;

      3) основного текста;

      4) приложений.

      26. На титульном листе указывается наименование Заключения, а также наименование государственного органа, ответственного за его подготовку и представление.

      27. Заключение формируется на государственном и на русском языках.

      28. Текстовый формат Заключения оформляется в соответствии со следующими требованиями:

      шрифт – Times New Roman;

      размер шрифта – 14, в табличных материалах – 8-12.

      29. В Заключении суммы указываются в миллиардах, миллионах и тысячах тенге.

      Параграф 4. Порядок обсуждения Заключения в Курултае Республики Казахстан

      30. Структурное подразделение обеспечивает координацию и подготовку материалов для презентации и обоснования Заключения в Курултае Республики Казахстан.

      31. Презентация Заключения в Курултае Республики Казахстан осуществляется членом Высшей аудиторской палаты, ответственным за подготовку и предоставление Заключения.

      32. При рассмотрении Заключения в профильных комитетах в соответствии с графиком заседаний рабочих групп Курултая Республики Казахстан в их работе принимают участие член Высшей аудиторской палаты, ответственный за подготовку и предоставление Заключения, либо члены Высшей аудиторской палаты на основе закрепленного распределения в соответствии с пунктом 9 настоящего Процедурного стандарта.

Глава 3. Исполнение рекомендаций Высшей аудиторской палаты, данных в Заключении

      33. Структурное подразделение, ответственное за проведение предварительной оценки, проводит мониторинг хода реализации рекомендаций, содержащихся в Заключении.

      34. Снятие рекомендаций с контроля осуществляется на основании информации, предоставленной центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию в соответствии с пунктом 25 Правил проведения предварительной оценки.

  Приложение
к 904. Процедурному стандарту
внешнего государственного
аудита и финансового контроля
по осуществлению предварительной
оценки проекта
республиканского бюджета
по основным направлениям
его расходов

Требование о предоставлении информации, сведений, документации и материалов (доказательств)

      1. В соответствии со статьей 21, подпунктом 2) пункта 2 статьи 37 Закона
Республики Казахстан "О государственном аудите и финансовом контроле"
(далее – Закон о государственном аудите) руководитель объекта государственного
аудита, должностные и юридические лица обязаны предоставить в Высшую
аудиторскую палату в срок до _____________ года запрашиваемые документы
и информацию, необходимые для осуществления предварительной оценки проекта
бюджета: (указать дату)
_______________________________________________________________________
(указать перечень необходимых документов и информации за подписью первого
руководителя);

      2. На основании статьи 21 Закона о государственном аудите невыполнение или
ненадлежащее выполнение законных требований Высшей аудиторской палаты
влечет административную ответственность в соответствии со статьей 462 КоАП,
с составлением протокола об административном правонарушении согласно
статье 803 КоАП.
Член Высшей аудиторской палаты _______________ Фамилия, инициалы