БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 184 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30538 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне, 54-1-бабының 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 175-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне, 54-1-бабының 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 175-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі – АҚО) жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тәрбие жұмысын барлық деңгейдегі АҚО бөлімшелерінің басшылары, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық органдары басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, ал олар болмаған жағдайда – тиісті қызметтер жүктелген лауазымды адамдар, кадр және тәрбие жұмысы бөлімшелері, психологтар жүргізеді және жеке құрамның жоғары кәсіби, азаматтық және моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастыруға, жалпы мәдениет деңгейін арттыруға, оларды жедел-қызметтік міндеттерді тиімді орындауға жұмылдыруға бағытталған.";
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік Гимнді, Қазақстан Республикасының нышандарын, Төтенше жағдайлар министрлігінің Туын және ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттауды пайдалана отырып, мемлекеттік және өзге де мерекелерге орайластырылған салтанатты іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ тақырыптық бейнероликтерді көрсету;";
13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1. Әлеуметтік-құқықтық жұмысты АҚО басшылары, олардың бірінші орынбасарлары, кадр және тәрбие жұмысты ұйымдастыруға жауапты бөлімшелердің қызметкерлері қамтамасыз етеді.";
13-8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің саясатын, этносаралық және конфессияаралық келісім негіздерін, деструктивті және радикалды идеологияның мәнін түсіндіру мақсатында қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін діни ағарту;";
13-34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13-34. Басшылар ЖТЖ-ны жартыжылдықта бір рет ЖТЖ журналдарының арнайы бөлімдерінде нәтижелерін көрсете отырып жоспарлайды.";
13-46-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"13-46. Бастықтың бірінші орынбасары құрылымның төрағасы болып табылады.";
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Азаматтық қорғау органдарында жеке құраммен психологиялық жұмысты ұйымдастыру
1-параграф. Азаматтық қорғау органдарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру негіздері
14. Психологиялық жұмысты психологтар АҚО жеке құрамын сүйемелдеу мен психологиялық ағартуды ұйымдастыру шеңберінде жүргізеді.
15. Психологтың қызметі заңдылық, гуманизм, адам құқықтарын сақтау, оның жеке басын құрметтеу, кәсібилік және өз жұмысының нәтижелері үшін Заңның 19-бабымен қарастырылған жауапкершілік, сондай-ақ психологтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдауда кәсіби тәуелсіздік пен ақылға қонымды тәуелсіздік қағидаттарына негізделген.
16. Жеке құраммен психологиялық жұмыс:
1) жеке құрамның жеке-психологиялық ерекшеліктерін зерделеу және психологиялық көмекті ұйымдастыру;
2) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін зерттеу ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсарту бойынша барлық деңгейдегі АҚО бөлімшелерінің басшыларына ұсынымдар қалыптастыру;
3) психологиялық тұрақтылықты және жеке құрамның төтенше жағдайларда міндеттерді орындауға дайындығын қалыптастыру.
17. Психологиялық жұмыс үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:
1) психодиагностикалық жұмыс (психологиялық мониторинг және аттестаттау бойынша іс-шараларына қатысу);
2) психологиялық ағарту (жеке құрам үшін дәріс сабақтарын, семинарлар, дөңгелек үстелдер, практикалық сабақтар өткізу);
3) психокоррекциялық жұмыс (психологиялық түзету, кеңес беру, тренингтік сабақтар).
18. АҚО психологиялық жұмыстың негізгі міндеттері:
1) қызметкерлердің жеке ерекшеліктерін зерделеу;
2) қызмет бабында ауыстыру және аттестаттау кезінде қызметкерлердің моральдық-іскерлік және жеке қасиеттерін зерделеу;
3) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне зерттеу жүргізу және оны жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
4) жеке құрам арасында жанжалды жағдайлардың психологиялық профилактикасын жүзеге асыру;
5) жеке құрамды психологиялық ағарту;
6) жеке құрамды қызметтік міндеттерді орындауға психологиялық даярлау;
7) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгеннен және ТЖ жойылғаннан кейін қажет болған жағдайда жеке құрамға психологиялық көмек көрсету;
8) девиантты мінез-құлықтың әртүрлі нысандарына бейім, жүйке-психикалық тұрақсыздығы төмен белгілері бар адамдарды кейіннен оларды "байқау тобына" енгізе отырып, осы санатпен психологиялық жұмысты одан әрі ұйымдастыра отырып анықтау;
9) суицидтік әрекеттерінің психологиялық профилактикасы;
10) жеке құрамға психологиялық көмек көрсету және консультация беру.
2-параграф. Жеке құрамның жеке ерекшеліктерінің (жеке қасиеттерінің) психикалық диагностикасы
19. Психологиялық диагностиканы жеке (бір қызметкермен) және топтық (екі және одан да көп қызметкермен) психологиялық іс-шаралар нысанында жүргізеді.
20. Тәулік бойы немесе түнгі кезекшіліктен шыққан қызметкерлермен психологиялық диагностика өткізілмейді.
21. Жеке құрамның жеке ерекшеліктерін зерттеу кезінде келесі әдістер қолданылады: құжаттар мен өмірбаяндық деректерді талдау, жеке әңгіме, сауалнама, психологиялық тестілеу, бақылау және сауалнама қолданылады.
22. Психологиялық диагностиканың іс-шаралары:
1) аумақтық органдар, мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымының жеке құрамымен – жылына бір рет;
2) азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерімен – жылына екі рет;
3) аттестаттау кезінде;
4) "бақылау тобындағы" жеке құраммен әрбір 6 ай сайын жүргізіледі.
23. Психологиялық диагностика (тексеру) үш кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезең – психологиялық әдістемелерді пайдалана отырып, тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы формальды (стандартталған) деректер алу мақсатында психологиялық зерттеп-тексеру. Тест бланкілерін өңдеумен және әрбір зерттеліп-тексерілетін адам бойынша бастапқы материалдар пакетін қалыптастырумен аяқталады;
2) екінші кезең – психологиялық тесттерде төменгі шекті мән алған қызметкерлерге қатысты өткізіледі. Бұл жағдайда психолог нақтыланған және өрістетілген психологиялық сипаттамаларды алу мақсатында жеке психологиялық зерттеп-тексеру мен әңгімелесу жүргізеді;
3) үшінші кезең – қосымша әдістемелер қолданыла отырып, бейімделудің бұзылу белгілері кезде жүргізіледі.
24. Тестілеу нәтижелері жалған болған жағдайда, қайта тестілеу бірінші өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
25. Тест бланкілері, тестілеу нәтижесін бейнелейтін профильдік графиктер, диаграммалар және зерттеліп-тексерілетін адамның бастапқы материалдары үш жыл сақталады.
26. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес психологиялық қорытындыны психолог психологиялық диагностика жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде шығарады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкердің жеке карточкасына тігіледі.
27. Психологиялық қорытындыда:
1) анықталған жеке психологиялық ерекшеліктер (психологиялық портрет);
2) қызметкерлерге арналған жеке ұсыныстар;
3) жеке психологиялық ерекшеліктер бойынша ұсыныстар (іс-шаралар) туралы ақпараттар бар.
28. "Бақылау тобына" енгізілген немесе оған жататын қызметкерлердің жеке психологиялық ерекшеліктері бойынша ұсыныстар бөлімшенің тікелей басшысына жеке тәрбие жұмысын жүргізу және оны қызметтік жұмыс барысында сүйемелдеу бойынша беріледі.
29. Психологиялық диагностиканың нәтижелері бойынша терең психологиялық зерттеуге жататын адамдар анықталады. Суицид қауіп-қатерінің жоғары деңгейі бар, жүйке-психикалық тұрақсыздық, бейімделудің бұзылуы және депрессия белгілері бар, жағымсыз өмірлік уақиғаларды, отбасылық тұрмыстық және қаржылық қиындықтарды, психофизиологиялық, жеке және басқа да проблемаларды бастан кешіретін қызметкерлерді психолог "бақылау тобына" есепке алып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау тобы журналына енгізеді.
30. Қызметкер бөлімшенің бірінші басшысының атына психологтың қызметтік жазбасының негізінде "байқау тобына" енгізіледі (алып тасталады), ол "ҚБПҮ" литерімен ресімделеді және психологтың сейфінде сақталады. "Бақылау тобына" алынған қызметкерлердің есепке алуы жасырын болып табылады және жария етілмейді.
31. Қызметкерді басқа бөлімшеге ауыстырған кезде жеке карточка фельдъегерлік қызмет орын ауыстырған жерге жіберіледі және психологтың қолына жеке белгісі бар "ҚБПҮ" литерімен ресімделеді.
32. Психолог жүргізген диагностикалық және профилактикалық әңгімелесулер осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жеке жұмыс нысандары (консультациялар) журналында есепке алынады.
3-параграф. Азаматтық қорғау органдары бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу
33. Бөлімшелердегі топтық процестерді зерделеуді психологтар бөлімше басшыларымен және олардың орынбасарларымен бірлесіп күнделікті қызмет процесінде ұйымдастырады және жүргізеді.
34. АҚО бөлімшелерінде моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтік мониторинг жүргізу "Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтік мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
4-параграф. Кез-келген қысылтаяң жағдайда мақсаты бойынша міндеттерді орындауға жеке құрамға психологиялық көмек көрсету
35. Психологиялық көмек мыналарды қамтиды:
1) психологиялық кеңес беру – бұл психологтың психикалық сау адамдарға өмірлік қиындықтарды, стресстерді және тұлғааралық қақтығыстарды жеңуге кәсіби көмегі. Әңгімелесу арқылы психолог қызметкерге проблемаларды түсінуге, ішкі ресурстарды табуға және жүріс-тұрыс үлгілерін өзгертуге көмектеседі;
2) психокоррекциялық жұмыс – бұл арнайы психологиялық әдістерді қолдана отырып, сау адамдардағы психикалық дамудың, жүріс-тұрыстың немесе эмоционалды жағдайдың ерекшеліктерін түзету немесе өтеу бойынша мақсатты жұмыс. Ол бейімсізденудің себептерін жоюға, жеке тұлғаны дамытуға және өзекті мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталған;
3) тренингтік жұмыс – экстремалды ортаның әртүрлі жағдайларында тұлғаның үйлесімді және тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған қызмет;
4) психологиялық дебрифинг – топтық психикалық жарақатпен жұмыс істеу әдісі. Бұл апатты немесе қайғылы оқиғаны қатар басынан өткерген адамдармен топтарда ерекше ұйымдастырылған және нақты құрылымдалған жұмыс.
36. Психологтар психокоррекциялық және тренингтік жұмыс бойынша бағдарлама жасайды. Сабақтар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстардың (тренингтер) топтық нысандарының журналына енгізіледі.
37. Психологиялық дебрифинг қызметкерлермен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілгеннен және ТЖ жойылғаннан кейін жүргізіледі.
38. Психологиялық көмекті психологтардың жеке құрамды қабылдау кезінде көрсетеді. Қабылдау психологиялық жеңілдеу бөлмесінің жұмыс графигіне сәйкес жүзеге асырылады, оны басшы бекітеді және бөлімшенің жеке құрамына жеткізеді.
5-параграф. Жеке құраммен профилактикалық жұмыс
39. Жалпы бағыттағы профилактикалық іс-шараларына:
1) психодиагностикалық іс-шаралар барысында жеке құрам қатарынан суицидтік жүріс-тұрыс қауіп-қатері бар адамдарды анықтау;
2) жас қызметкерлерді бейімдеу процесін оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
3) жеке құрамның қызметтік жұмысында стресстік жағдайларға және жарақаттан кейінгі бұзылуларға психологиялық орнықтылықты қалыптастыруға бағытталған сабақтарды (тренингтерді) ұйымдастыру;
4) ұжымда жанжалды қарым-қатынасы бар, қызметтік-әскери тәртіпті бұзуға бейім қызметкерлермен профилактикалық жұмыс жүргізу;
5) моральдық-психологиялық ахуалды оңтайландыру, қызметтік ұжымдарда достық, серіктестік, өзара көмек, әрбір қызметкердің жеке қадір-қасиетін құрметтеу атмосферасын қолдау;
6) бөлімшелер ұжымдарындағы қақтығыстарды уақтылы алдын алу және оларды шешу;
7) суицидтік оқиғалардың профилактикасы мүддесінде дәстүрлі діни конфессиялардың, қоғамдық бірлестіктердің рухани-адамгершілік әлеуетін пайдалану кіреді.
6-параграф. Суицидтік оқиғалардың профилактикасы бойынша психологиялық жұмыс
40. Суицидтік оқиғалардың профилактикасы АҚО жеке құрамы арасындағы суицидтік оқиғаларды болдырмау, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында психологтардың кадр бөлімшелерімен және өзіндік қауіпсіздік мамандармен бірлесіп жүргізетін ұйымдастырушылық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік іс-шаралар кешенін білдіреді. Психологтар жүргізген жұмыс шеңберінде:
1) психологиялық диагностиканың нәтижелері бойынша суицидтік жүріс-тұрыс қауіп-қатері бар қызметкерлерді анықтау және олармен одан әрі психологиялық жұмыс жүргізу;
2) бөлімше басшыларын әлеуметтік-психологиялық бейімсіздену белгілерін тану тәсілдеріне оқыту;
3) қызметтік міндеттерді орындау кезінде және күнделікті тыныс-тіршілікте қызметкерлердің психологиялық жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады;
4) дағдарыс жағдайы, суицидтік жүріс-тұрыс белгілері анықталған қызметкерлерге психологиялық қолдау және көмек көрсету функциялары орындалады.
41. Психологтар бөлімшенің бірінші басшысын, кадр бөлімшелерінің бастықтарына, сондай-ақ өзіндік қауіпсіздік мамандарына "бақылау тобына" енгізе отырып, суицидтік тәуекел белгілері бар қызметкерлер туралы хабар береді.
42. Суицидтік әрекеттерін жасаған (аяқталмаған факт) қызметкерлер кадр бөлімшелерімен одан әрі қызметке жарамдылығын анықтау үшін "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) сәйкес әскери-дәрігерлік комиссияға жіберіледі.
7-параграф. Жеке құрамды психологиялық ағарту
43. Психологиялық ағартуды психологиялық қызмет мамандары кәсіби қызметтік даярлық шеңберінде ұйымдастырады.
44. Психологиялық ақпарат ауызша (дәрістер, баяндамалар, оқиғаларға қатысушылар мен куәгерлердің сөйлеген сөздері), баспа түрінде (жаднамалар, парақшалар), кинофильмдерді қарау және талқылау арқылы жеткізіледі.
45. Психологиялық ағартудың негізгі міндеттері:
1) АҚО-да психологиялық жұмыстың мәні мен мазмұнын түсіндіру;
2) жеке құрамды адамның, топтың, ұжымның психикалық даму заңдылықтарымен таныстыру;
3) адамның психикалық денсаулығы идеяларын, оның мүмкіндіктері мен шектеулерін танымал ету;
4) жеке құрамның психикалық денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар туралы хабар беру;
5) психологиялық білімге деген қызығушылықты және оларды кәсіби қызметте және жеке өмірде конструктивті пайдалануға ұмтылысты дарыту болып табылады.";
47-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) АҚО-да жеке құраммен тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттік саясатты, қорғаныс қабілетін нығайту, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша ел басшылығы қабылдап жатқан шараларды түсіндіру;";
көрсетілген Қағидаларға 4, 5 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Турсынбаев |
Психологиялық қорытынды
1. Тегі:
2. Аты:
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда):
4. Тестілеу кезіндегі жасы:
5. Тестілеу өткізген күні:
6. Жүргізу үшін негіз:
7. Психодиагностикалық зерттеп-тексеру мына әдістерді қолдана отырып жүргізілді:
8. Нәтижелер (портрет):
9. Ұсыныстар:
Психолог Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
20 ____ жылғы "____" _____________
Бұл ақпарат құпия болып табылады, жария етуге жатпайды. Тек қызметтік мақсатта пайдалану.
Қызметкердің №– |
|
Тегі _________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________________________________
Туған күні ____________________________________________________________
Қосымша ақпарат (психологиялық сипаттама)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау тобының журналы
№ р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), бөлімше | Есепке алу күні | Есептен шығару күні | Есепке алу себебі | Психикалық әдістермен түзету жұмыс түрі | Ескертпе |

