ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласында балаларды тамақтандыруға, тұруына, білім беруіне, тәрбиелеуіне, сауықтыруына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес, бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне қатысты тексеру парағы;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласында балаларды тамақтандыруға, тұруына, білім беруіне, тәрбиелеуіне, сауықтыруына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қатысты тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласында балаларды тамақтандыруға, тұруына, білім беруіне, тәрбиелеуіне, сауықтыруына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы орта білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласында балаларды тамақтандыруға, тұруына, білім беруіне, тәрбиелеуіне, сауықтыруына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласында балаларды тамақтандыруға, тұруына, білім беруіне, тәрбиелеуіне, сауықтыруына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласында балаларды тамақтандыруға, тұруына, білім беруіне, тәрбиелеуіне, сауықтыруына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қатысты тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды;
4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаның 1-бөлімнің 25-реттік нөмірлі жолы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"25 | Білім беру саласындағы цифрлық объектілеріне қойылатын минималды талаптарға сәйкес, тегін тамақ алған оқушыларды тіркеуді тіркеу және есеп беру функциясы бар аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүргізу |
".
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
__________ С. Жумангарин |
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
__________ Ш. Акпарова |
Балалардың құқықтарын қорғау саласында балаларды тамақтандыруға, тұруына, білім беруіне, тәрбиелеуіне, сауықтыруына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес, бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне қатысты тексеру парағы
___________________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _____________________
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________
(№, күні)
Бақылау субъектінің (объектінің) атауы __________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________
Орналасқан мекенжайы _________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шешімдерінің немесе қорғаншылық не қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдар жолдамаларының, сот актілерінің, қылмыстық процесті жүргізетін орган қаулыларының және балаларды беру туралы шарттың болуы) | ||
2 | Балаларды оқу орындарына, демалыс орындарына, туристік-экскурсиялық іс-шараларға, спорттық, мәдени-ағартушылық және өзге де іс-шараларға жеткізу үшін бөлінетін автобустармен ересектерсіз сегіз және одан да көп баладан тұратын топтарды арнайы тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру | ||
3 | Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін анықтау бойынша жұмыс жүргізу және оларды туыстарының отбасына қайтару мақсатында тәрбиеленушілердің жақын туыстарын анықтауда қорғаншылық органдарына жәрдем көрсету | ||
4 | Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өздеріне тиесілі алименттерді, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді алу құқығының сақталуын растайтын құжаттардың болуы | ||
5 | Тәрбиеленушілердің банктік шоттарында алименттерден, жәрдемақылардан және басқа да әлеуметтік төлемдерден түскен ақшалай қаражаттың бар екенін растайтын құжаттардың болуы | ||
6 | Жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй алу құқығының сақталуын растайтын құжаттардың болуы | ||
7 | Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі тұрғын үй анықталған жағдайларда, тіркелген тұлғаларды, сондай-ақ тексеріліп отырған тұрғын үйде нақты тұрып жатқан адамдарды көрсете отырып, тұрғын үйдің техникалық және санитариялық жай-күйі туралы актінің болуы | ||
8 | Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үйді жалға (жалға алуға) беру туралы үлгілік шарттың болуы | ||
9 | Қамқорлықтағы тұлғаның тұрғын үйін басқару бойынша (кемінде алты айда бір рет еркін нысанда) тұрғын үйдің жай-күйі және осы тұрғын үйге қатысты жүзеге асырылатын іс-әрекеттер туралы мәліметтерді қамтитын есептердің болуы | ||
10 | Білім беру ұйымында тиісті бейін бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдарды жұмысқа жіберу | ||
11 | "Бару кестесін" қалыптастырудың бір күндік мерзімін сақтау, Республикалық деректер банкінде асырап алуға кандидаттардың танысу фактісін не оның болмауын растау, сондай-ақ екі апталық қарым-қатынасты қамтамасыз ету | ||
12 | Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тамақтану, киім-кешек, аяқ киім және жұмсақ жабдық нормаларын сақтауын растайтын құжаттардың болуы | ||
13 | Балаларды қолдау орталығында әлеуметтік қызмет көрсететін құрылымдық бөлімшелердің болуы | ||
14 | Кәмелетке толмағандарды Бейімдеу орталығына орналастыруға арналған құжаттар мен негіздердің болуы | ||
15 | Кәмелетке толмағанды Бейімдеу орталығына қабылдау кезінде оның бастапқы медициналық тексеру құжаттарының, сондай-ақ жеке заттары мен бағалы мүліктерін тіркеу құжаттарының болуы | ||
16 | Балаларды Бейімдеу орталығында болу уақыты мен олардың оқу дайындық деңгейін ескере отырып, білім беру процесінің болуы | ||
17 | Педагогикалық қадағалаусыздық дәрежесін, жасы мен отбасылық-тұрмыстық жағдайын, орналастыру негіздерін ескере отырып, кәмелетке толмағандармен профилактикалық және бейімдеу жұмыстарын жүргізетін ұйымның болуы | ||
18 | Балалар үйіне қабылдау кезінде құжаттардың болуы | ||
19 | Мемлекеттік медициналық ұйымдарда жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және арнаулы әлеуметтік қызметтер алушыларды үш жасқа толғанға дейін ұстаудың белгіленген тәртібін сақтау | ||
20 | Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру және медициналық-әлеуметтік ұйымдарға ауыстырған кезде құжаттардың болуы | ||
21 | Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету (хабарландыру жүйесі, бейнебақылау, дабыл беру үшін мобильді және (немесе) стационарлық құралдар (дабыл батырмасы), қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (турникеттер), нысандарды қоршау, көлік құралдарының жылдамдығын төмендету құралы (соғу қаупінің алдын алу мақсатында) |
лауазымы қолы
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы _______________ _______________
лауазымы қолы
__________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Балалардың құқықтарын қорғау саласында балаларды тамақтандыруға, тұруына, білім беруіне, тәрбиелеуіне, сауықтыруына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қатысты тексеру парағы
_____________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _______________
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
_____________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ______________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Мектепке дейінгі ұйым мен ата-ананың бірінің (баланың заңды өкілінің) арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың болуы | ||
2 | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке бағдарлама бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілердің жас топтарында саны үштен аспауы | ||
3 | Тәрбиеленушіні қабылдау және (немесе) шығару тәртібін сақтау | ||
4 | Төрт апталық перспективалық маусымдық мәзірдің болуы | ||
5 | Күндік мәзірдің төрт апталық маусымдық мәзірге сәйкес болуы | ||
6 | Мектепке дейінгі ұйымдардың жиһазбен және жабдықпен, сондай-ақ қажетті үй-жайлармен қамтамасыз етілуі | ||
7 | Объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау жүйелеріне, хабарландыру жүйелеріне, дабыл түймесіне (мобильді және (немесе) стационарлық), қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне (домофон жүйесі) және объектілерді қоршауға қызмет көрсету шарттарының болуы | ||
8 | Терроризм тұрғысынан осал объект ретінде танылған объект үшін, объект орналасқан жер бойынша аумақтық ішкі істер органының басшысымен келісілген терроризмге қарсы қорғалу паспортының болуы | ||
9 | Дамуында, дамуының бұзылуын түзетуде және әлеуметтік бейімделуінде мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін арнайы жағдайлар жасау (бар болса) |
лауазымы қолы
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы __________________ ____________
лауазымы қолы
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Балалардың құқықтарын қорғау саласында балаларды тамақтандыруға, тұруына, білім беруіне, тәрбиелеуіне, сауықтыруына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы орта білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты тексеру парағы
_____________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _______________
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
_____________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ______________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________
№ | ТТалаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1-бөлім. Интернат ұйымдары, девиантты мінез-құлыққа ие балаларға арналған білім беру ұйымдары және ерекше тәртіптегі ұйымдарды қоспағанда орта білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты | |||
1 | Балаларды білім беру ұйымынан тегін жалпы орта білім алу құқығын алғанға дейін шығару тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттардың болуы | ||
2 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуына кепілдік беретін құжаттардың болуы | ||
3 | Мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінген қаражатты есепке алу бойынша жауапты тұлғаны бекіту туралы бірінші басшының шешімінің болуы; қаржылық және материалдық көмек алуға өтініштерді тіркеу журналының болуы; қаражаттың мақсатты пайдалануын растайтын құжаттардың болуы (сатып алынған тауарлардың атауы көрсетілген шығыстарды растайтын құжат); мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету жөніндегі отырыс хаттамасының болуы; оқушылар мен тәрбиеленушілердің отбасылық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісіне негізделген білім беру ұйымының коллегиялық органы қорытындысының болуы | ||
4 | Тұрғылықты немесе келген жері бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан мекендейтін немесе бiлiм беру ұйымы қызмет көрсететін аумаққа келетін 0 жастан 18 жасқа (олар орта білім алғанға дейін) дейінгі балаларды есепке алудың жүргізілетінін растайтын құжаттардың болуы | ||
5 | Кәмелетке толмағандардың орта білім беру ұйымдарына дәлелсіз себептермен бармайтынын растайтын құжаттардың болуы, сондай-ақ олармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жеке профилактикалық шараларды жүргізу | ||
6 | Орта білім беру ұйымынан шыққан оқушының оқуын жалғастырғанын растайтын құжаттардың болуы | ||
7 | Міндетті құжаттарды жүргізу талаптарын орындау: оқушылардың жеке істері (қағаз немесе электрондық форматта, word немесе pdf); оқушылардың қозғалысы туралы бұйрықтарды тіркеу кітабы; оқушыларды алфавиттік тіркеу кітабы; оқудан шыққан оқушыларды есепке алу кітабы; оқуға келген оқушыларды есепке алу кітабы | ||
8 | Республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерге ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес материалдық көмектің белгіленген мөлшерін сақтау | ||
9 | Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте бір рет тамақтандыру нормаларын ескере отырып, бекітілген күнделікті мәзірдің болуы | ||
10 | Интернет-ресурста "Мектептік тамақтандыру" айдарының болуы, білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі орналастыру (перспективалық, тағам суреті қосымшасымен күн сайынғы ас мәзірі, жұмыс жоспары, тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссиялардың, ведомствоаралық сараптамалық топтардың актілері) | ||
11 | Тамақтану сапасының мониторингі бойынша комиссия құрылғанын растайтын құжаттардың болуы | ||
12 |
Тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссияның қызметін растайтын құжаттардың болуы | ||
13 | Білім беру ұйымында тамақтанудың сапасын бақылау комиссиясының жұмысының қорытындылары педагогикалық кеңесте қаралғанын және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылғанын растайтын құжаттардың болуы | ||
14 | Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысын растайтын құжаттардың болуы (педагог-психологтің жұмыс жоспары, психологиялық қызметтің топтық және жеке жұмысын есепке алу журналы) | ||
15 | Оқушыларға, олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне нақты психологиялық мәселелерді шешуге көмек көрсетілгенін растайтын құжаттардың болуы (кеңес беру журналын есепке алу) | ||
16 | Білім алушыларды тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі, сондай-ақ қорқытудың (буллингтің), суицидтің, құқық бұзушылықтың және қатыгездіктің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүргізу жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыратын әлеуметтік педагогтердің, педагог-психологтердің қызметін бақылау, тәрбие процесін ұйымдастырылуын растайтын құжаттардың болуы | ||
17 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау, оның ішінде білім беру және түзету міндеттерін іске асыруға арналған үй-жайлардың, жиһазбен жабдықтаудың және (немесе) арнайы жабдықтың болуы | ||
18 | Орта білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін жұмысты реттейтін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің құжаттарының болуы | ||
19 | Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын ескере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасының болуы | ||
20 | Жеке дамыту және түзету-дамыту сабақтарының бекітілген кестесі мен жоспарларының болуы | ||
21 | Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдарды білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберу (басшының тәрбие жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, арнайы педагог (мұғалім-дефектолог, дефектолог, мұғалім-логопед,логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), педагог-ассистент, әлеуметтік педагог, интернат ұйымдарының тәрбиешісі) | ||
22 | Педагогтердің (педагог-психологтердің, арнайы педагогтердің -дефектолог-мұғалімдердің, логопедтердің, олигофренопедагогтардың, сурдопедагогтардың, тифлопедагогтардың, педагог-ассистенттердің, әлеуметтік педагогтердің, сондай-ақ интернат ұйымдарының тәрбиешілерінің) біліктілік санатын көтеру (растау) мерзімін сақтауы (кемінде бес жылда бір рет) | ||
23 | Педагогтердің (үш жылда кемінде бір рет) біліктілігін арттыру талаптарын сақтауы (тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар, педагог-психолог, арнайы педагог, дефектолог мұғалім, дефектолог, логопед мұғалім, логопед, олигофренопедагог,сурдопедагог, тифлопедагог, педагог-ассистент, әлеуметтік педагог, интернат ұйымдарының тәрбиешісі) | ||
24 | Штаттық бірліктермен қамтамасыз ету: директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасардың, педагог-психолог, педагог-ассистент (ПМПК ұсынысы болған жағдайда) және тәрбиеші | ||
25 | Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын минималды талаптарға сәйкес, тегін тамақ алған оқушыларды есепке алуды тіркеу және есеп беру функциясы бар аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүргізу | ||
26 | Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету (хабарландыру жүйесі, бейнебақылау, дабыл беру үшін мобильді және (немесе) стационарлық құралдар (дабыл батырмасы), қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (турникеттер), нысандарды қоршау, көлік құралдарының жылдамдығын төмендету құралдары (соғу қаупінің алдын алу мақсатында) | ||
2. бөлім. Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған және ерекше ұстау режимі бар арнайы білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты | |||
1 | Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған және ерекше ұстау режимі бар арнайы білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарды ұстаудың арнайы жағдайларын сақтау | ||
2 | Кәмелетке толмағандардың жасына және жынысына қарай жатын корпустарын міндетті түрде оқшаулау шартымен бөлек топтарда орналастыру нормаларының сақталуы | ||
3 | Кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болу мерзімінің сақталуы | ||
4 | Тамақтану нормаларының, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормаларының сақталуын растайтын құжаттардың болуы | ||
5 | Кәмелетке толмағанның мінездемесі мен жеке профилактика шараларын жүргізу қажеттілігі туралы ұсынымдарды қоса бере отырып, оны шығару туралы тұрғылықты жері бойынша Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларды хабарлау мерзімінің сақталуы | ||
6 | Арнайы білім беру ұйымдарында және кәмелетке толмағандарды ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарында олардың ұстауына және оқытуына кедергі келтіретін аурулары жоқ кәмелетке толмағандарды ұстау және оқыту | ||
7 | Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған және ерекше ұстау режимі бар арнайы білім беру ұйымдарынан кәмелетке толмағандарды шығару негіздерінің сақталуын растайтын құжаттардың болуы | ||
8 | Педагогтердің біліктілігін арттыру мерзімінің сақталуы (кемінде үш жылда бір рет) | ||
9 | Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіби білімі бар тұлғалардың білім беру ұйымына жұмысқа жіберілуі | ||
10 | Педагогтердің біліктілік санаты деңгейін арттыру (растау) мерзімінің сақталуы (кемінде бес жылда бір рет) | ||
11 | Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің тұрмыстық өмір тіршілігін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жасау (тұратын орындары; оңалту, емдік, білім беру және мәдени іс-шараларды өткізуге арналған жиһазбен және (немесе) жабдықтармен қамтамасыз етілген үй-жайлар; өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары мен тұрмыстық бағдар негіздеріне үйрету; киім, аяқ киім және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету, көлік қызметтерін көрсету; тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; кәсіби өзін-өзі айқындау және шығармашылық еңбек үшін қажетті жабдықтармен, отбасыға барынша жақындатылған қолайлы жағдайлар жасау, тәрбиеленушілердің зияткерлік, эмоциялық, рухани және дене дамуына ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету) | ||
12 | Медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру мен өткізуді, денсаулық жағдайын ескере отырып күтім жасауды қамтамасыз етуді, консультациялық көмек көрсетуді, сондай-ақ әлеуметтік-медициналық сипаттағы профилактикалық және оңалту іс-шараларын жүргізуді растайтын құжаттардың болуы | ||
13 | Кәмелетке толмағанның деректерін республикалық деректер банкіне уақтылы енгізу (кәмелетке толмағандарды қабылдаған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей) | ||
14 | Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимдегі арнайы білім беру ұйымдарынан және ерекше ұстау режимі бар ұйымдардан шығару туралы хабарламаның, кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілуі, сондай-ақ кәмелетке толмағанға берілген мінездеменің және онымен одан әрі жеке профилактикалық шараларды жүргізу қажеттілігі, оның еңбекке және тұрмыстық орналасуына жәрдем көрсету жөніндегі ұсынымдардың болуы | ||
15 | Ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына олардың өз бетінше кетіп қалу (өз бетінше кету) фактілері туралы хабарлау жүргізілгенін растайтын құжаттардың болуы | ||
16 | Ерекше ұстау режимі бар арнайы білім беру ұйымына кәмелетке толмағанды жіберу кезінде оның толық құжаттар топтамасының болуы (кәмелетке толмағанды жіберу туралы сот шешімі; туу туралы куәлік немесе жеке куәлік; білім алушының жеке ісі; медициналық құжаттама; отбасының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі; оқу орнынан мінездеме; шақыру жасындағы тұлғалар үшін әскери есепке алу құжаты) | ||
17 | Педагогтердің педагогикалық әдеп нормаларын сақтауы (педагог атағына кір келтіруге әкеп соғатын әрекеттерге жол бермеуі; өз қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындауы; еңбек тәртібін сақтауы; қызметтік ақпаратты жеке басының немесе өзге де мүдделер үшін пайдаланбауы; педагог мәртебесін жеке басының немесе өзге де мүдделер үшін пайдаланбауы) (өтініштер болған жағдайда тексеріледі) | ||
18 | Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету (хабарландыру жүйесі, бейнебақылау, дабыл беру үшін мобильді және (немесе) стационарлық құралдар (дабыл батырмасы), қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (турникеттер), нысандарды қоршау, көлік құралдарының жылдамдығын төмендету құралдары (соғу қаупінің алдын алу мақсатында) | ||
19 | Білім беру ұйымы бекіткен жұмыс жоспарларының және олардың қызметін растайтын алқалы органдар (педагогикалық, қамқоршылық кеңестер) отырыстар хаттамаларының болуы | ||
3-бөлім. Интернат ұйымдарының қызметіне қатысты | |||
1 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуына арнайы жағдайлар жасау (білім беру және түзету міндеттерін іске асыруға арналған жиһазбен және (немесе) арнайы жабдықпен жабдықталған үй-жайлардың болуы) | ||
2 | Интернаттық білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұруы мен өмір сүру жағдайларын белгіленген нормативтерден төмен емес деңгейде жасау (тұру орындарының болуы; оңалту, емдік, білім беру және мәдени іс-шараларды өткізуге арналған жиһазбен және (немесе) арнайы жабдықпен жабдықталған үй-жайлардың болуы; өзін-өзі күту дағдыларына және тұрмыстық бағдар негіздеріне оқыту; киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен, көлік қызметтерімен қамтамасыз ету; тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; кәсіби өзін-өзі айқындау және шығармашылық еңбек үшін қажетті жабдықпен қамтамасыз ету, сондай-ақ тәрбиеленушілердің зияткерлік, эмоциялық, рухани және физикалық дамуына ықпал ететін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету) | ||
3 | Білім беру ұйымында тиісті бейін бойынша педагогтік немесе кәсіби білімі бар тұлғалардың жұмысқа жіберілуі (басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, арнайы педагог (дефектолог-мұғалім, дефектолог, логопед-мұғалім, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), педагог-ассистент, әлеуметтік педагог, интернат ұйымдарының тәрбиешісі) | ||
4 | Педагогтердің біліктілік санатын арттыру мерзімінің сақталуы (кемінде бес жылда бір рет) (педагог-психологтер, арнайы педагогтер – дефектолог-мұғалімдер, дефектологтер, логопед-мұғалімдер, логопедтер, олигофренопедагогтер, сурдопедагогтер, тифлопедагогтер, педагог-ассистенттер, әлеуметтік педагогтер, сондай-ақ интернат ұйымдарының тәрбиешілері) | ||
5 | Педагогтердің (педагог-психологтердің, арнайы педагогтердің - дефектолог-мұғалімдердің, дефектологтардың, логопед-мұғалімдердің, логопедтердің, олигофренопедагогтердің, сурдопедагогтердің, тифлопедагогтердің, педагог-ассистенттердің, әлеуметтік педагогтердің, сондай-ақ интернат ұйымдарының тәрбиешілерінің) біліктілік санаты деңгейін арттыру (растау) мерзімін сақтау (кемінде бес жылда бір рет) | ||
6 | Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету (хабарландыру жүйесі, бейнебақылау, дабыл беру үшін мобильді және (немесе) стационарлық құралдар (дабыл батырмасы), қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (турникеттер), нысандарды қоршау, көлік құралдарының жылдамдығын төмендету құралдары (соғу қаупінің алдын алу мақсатында) | ||
7 | Арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерінің тұрмыстағы тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жасау (тұру орындарының болуы; оңалту, емдік, білім беру және мәдени іс-шараларды өткізуге, өзін-өзі күту дағдыларына және тұрмыстық бағдар негіздеріне оқытуға арналған жиһазбен және (немесе) арнайы жабдықпен жабдықталған үй-жайлардың болуы; киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен, көлік қызметтерімен қамтамасыз ету; тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; кәсіби өзін-өзі айқындау және шығармашылық еңбек үшін қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген, сондай-ақ тәрбиеленушілердің зияткерлік, эмоциялық, рухани және физикалық дамуына ықпал ететін, отбасылық жағдайларға жақындатылған қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету) | ||
8 | Қосымша білім беру тәрбиешілері мен педагогтерінің қызметін регламенттейтін құжаттардың болуы (іс-шаралар жоспары, бағдарламалар, үйірме, бос уақыт кестесі) | ||
9 | Ұйымдағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін қамтамасыз ететін мамандардың, соның ішінде логопед мұғалім, дефектолог мұғалім, педагог-психолог және басқалардың қызметін реттейтін құжаттардың болуы (іс-шаралар жоспарлары, бағдарламалар, кестелер) | ||
10 | Оқу процесін қамтамасыз ететін құжаттардың болуы (оқу жұмыс жоспарлары, оқу жұмыс бағдарламалары, оқу сабақтарының кестесі, оның ішінде оқу жоспарының түзету компонентінің сабақтары) | ||
11 |
Міндетті құжаттарды жүргізу бойынша талаптарды сақтау: | ||
12 | Тамақтану сапасын мониторингтеуге арналған комиссияның құрылуын, тамақтану жағдайының жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілуін, оған қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, орта білім ұйымының әкімшілігі, білім беру ұйымының медициналық пунктінің медицина қызметкері және басқа да тұлғалардың қатысуын растайтын құжаттардың болуы | ||
13 | Тәрбиеші мен оқушылардың тамақтану нормаларының сақталуын және жұмсақ жабдықтармен қамтамасыз етілуін растайтын құжаттардың болуы | ||
14 | Тамақтану сапасын мониторингтеу жөніндегі комиссияның қызметін растайтын құжаттардың болуы: келіп түсетін азық-түлік өнімдерінің сапасына мониторинг жүргізу; отандық өндірушілердің азық-түлік өнімдеріне сертификаттардың болуы; дайындалған тағамдардың сапасын бақылау; өнімдерді сақтау және жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуы және дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалау; балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті және перспективалық мәзірге сәйкестігі; асхананың санитарлық жағдайының сақталуы | ||
15 | Интернет-ресурста "Мектептік тамақтандыру" айдарының болуы (білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі орналастыру (перспективалық мәзір, жұмыс жоспары, фото және тағамдардың бағасы, тамақтану сапасын мониторингілеу жөніндегі комиссиялардың, ведомствоаралық сараптамалық топтардың актілері) | ||
16 | "Арнаулы білім" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты бар адамдарды білім беру ұйымдарында жұмысқа жіберілуі | ||
17 | Әлеуметтік көмек көлемін, көздерін және түрлерін ұсыну талаптарының сақталуы | ||
лауазымы қолы
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы __________________ ____________
лауазымы қолы
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Балалардың құқықтарын қорғау саласында балаларды тамақтандыруға, тұруына, білім беруіне, тәрбиелеуіне, сауықтыруына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты тексеру парағы
_____________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _______________
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
_____________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ______________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, соның ішінде: білім беру ұйымының интернатында тұру орнын беру; жұмсақ жабдықтар, құрал-жабдықтар және киім-кешек беру; тамақтану және медициналық көмек көрсету | ||
2 | Оқу-тәрбие процесін растайтын құжаттарының болуы (девиантты мінез-құлқы бар білім алушыларды есепке алу журналы, әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспары, жатақхана тәрбиешісінің оқу жылына арналған жұмыс жоспары, оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары) | ||
3 | Білім алу үшін арнайы жағдайларды жасау, соның ішінде: арнайы, жеке дамытушы және түзетуші-дамытушы оқу бағдарламалары мен әдістері;техникалық, оқу құралдар; өмір сүру ортасы; психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу; ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар (балалар), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар білім беру бағдарламаларын меңгеруіне көмектесетін медициналық, әлеуметтік қызметтер | ||
4 |
Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету (дабыл беру жүйесі, бейнебақылау жүйесі, мобильді және (немесе) стационарлық дабыл беру құралы (дабыл түймесі), қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі – домофондық жүйе, объектілерді қоршау, | ||
5 | Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдарды (педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, педагог-ассистент, әлеуметтік педагог, жатақхана тәрбиешісі) білім беру ұйымдарында жұмысқа жіберілуі | ||
6 | Педагогтердің (педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, педагог-ассистент, әлеуметтік педагог, жатақхана тәрбиешісі) біліктілік санаты деңгейін арттыру (растау) мерзімдерін сақтау (бес жылда кемінде бір рет) | ||
7 | Педагогтердің (педагог-психолог, педагог-ассистент, арнайы педагог, педагог-ұйымдастырушы, әлеуметтік педагог, жатақхана тәрбиешісі) біліктілігін арттыру мерзімін сақтау (үш жылда кемінде бір рет) | ||
8 | Штаттық бірліктерімен қамтамасыз ету: педагог-психолог, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, жатақхана тәрбиешісі | ||
9 | Баланы қорлау (буллинг) жағдайларын алдын алу және болдырмау бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету, соның ішінде қорлаудың (буллингтің) алдын алу бойынша бекітілген жоспарының болуы |
лауазымы қолы
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы __________________ ____________
лауазымы қолы
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Балалардың құқықтарын қорғау саласында балаларды тамақтандыруға, тұруына, білім беруіне, тәрбиелеуіне, сауықтыруына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты тексеру парағы
_____________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _______________
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
_____________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ______________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1-бөлім. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қызметіне қатысты (бұдан әрі - ПМПК) | |||
1 | Мүмкіндігі шектеулі балаларға ПМПК жұмыс тәртібін сақтау және балаларды тексеру мен психолого-медико-педагогикалық консультациялық көмек көрсету мерзімдерін сақтау фактісін растайтын құжаттардың болуы, соның ішінде: балаларды алдын ала консультацияға жазу журналы; ПМПК-де балаларды тексеру журналы; баланың даму картасы | ||
2 | Мүмкіндігі шектеулі балаларға психолого-медико-педагогикалық кеңес беру қызметін көрсету және тексеру үшін қажетті құжаттар тізбесінің болуы, соның ішінде: туу туралы куәлік; мүгедектік туралы қорытынды; дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы | ||
3 | Тексеру және кеңес беру қызметін жүзеге асыратын қызметкерлердің болуы, соның ішінде: невропатолог дәрігер; психиатр дәрігер; педагог-психолог; логопед мұғалім (логопед); арнайы педагог (дефектолог, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог); әлеуметтік педагог; ПМПК меңгерушісі | ||
4 | Білім беру қызметін жүзеге асыру кезінде арнайы білімі бар қызметкерлердің болуы | ||
5 | Педагогтердің біліктілік санаты деңгейін арттыру (растау) мерзімдерін сақтау (бес жылда кемінде бір рет) | ||
6 | Педагогтердің біліктілігін арттыру мерзімін сақтау (үш жылда кемінде бір рет) | ||
7 | Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету (дабыл беру жүйесі, бейнебақылау жүйесі, мобильді және (немесе) стационарлық дабыл беру құралы (дабыл түймесі), қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (турникеттер), объектілерді қоршау, соқтығысу қаупінің алдын алу мақсатында көлік құралдарының жылдамдығын төмендетуге арналған құрал) | ||
2-бөлім. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметіне қатысты | |||
1 | Мүгедектігі бар балаларға арналған арнайы жағдайлардың болуы, соның ішінде бөлме, жиһаз және (немесе) арнайы жабдықтар; коррекциялық-дамыту және реабилитациялық міндеттерді жүзеге асыруға арналған әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдар | ||
2 | Психологиялық-педагогикалық түзетуші көмек көрсетілгенін растайтын құжаттардың болуы, соның ішінде: тексерулер; түзетуші-дамытушы сабақтар; қалпына келтіру және әлеуметтік-құқықтық іс-шаралар | ||
3 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдерін сақтау фактісін растайтын құжаттардың болуы (ата-ананың (заңды өкілдің) өтініші, ПМПК қорытындысы, қызмет көрсетілгенін растайтын анықтама) | ||
4 | Жеке дамытушы бағдарламалардың, түзетуші-дамытушы бағдарламалардың, баланың болу уақытын есепке алудың, баланың қысқаша даму тарихының және психофизикалық дамуын бағалау хаттамасының болуы | ||
5 | Мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық дамуын бағалауды жүзеге асыратын мамандардың болуы (арнайы педагог (дефектолог, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед мұғалім), педагог-психолог, ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог) | ||
6 | Тиісті педагогикалық немесе кәсіби білімі бар тұлғалардың жұмысқа қабылдануы | ||
7 | Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде қызмет алу үшін ПМПК қорытындыларының болуы | ||
8 | Жеке немесе кіші топтық және топтық сабақтарды өткізуді растайтын құжаттардың болуы | ||
9 | Педагогтердің біліктілігін арттыру мерзімін сақтау (үш жылда кемінде бір рет) | ||
10 | Педагогтердің біліктілік санаты деңгейін арттыру (растау) мерзімдерін сақтау (бес жылда кемінде бір рет) | ||
11 |
Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету (дабыл беру жүйесі, бейнебақылау жүйесі, мобильді және (немесе) стационарлық дабыл беру құралы (дабыл түймесі), қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (турникеттер), объектілерді қоршау, | ||
3-бөлім. Оңалту орталықтарының қызметіне қатысты | |||
1 | Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы жағдайлардың болуы, оның ішінде: үй-жай, жиһаз және (немесе) арнайы жабдық, түзету-дамыту және оңалту міндеттерін іске асыруға арналған әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдар | ||
2 | Балалардың психофизикалық жағдайын кешенді тексерудің өткізілгенін растайтын құжаттардың болуы | ||
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталғанын растайтын құжаттардың болуы (ата-ананың (заңды өкілдің) өтініші, ПМПК қорытындысы, қызмет көрсетілгенін растайтын анықтама) | ||
4 | Түзету-дамыту бағдарламаларының, баланың болу есебінің, баланың қысқаша даму тарихының, психофизикалық дамуын бағалау хаттамаларының болуы | ||
5 | Мамандардың болуы: арнайы педагог (дефектолог, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед (логопед-мұғалім), педагог-психолог, ЛФК нұсқаушысы және (немесе) дене шынықтыру мұғалімі, дәрігер-реабилитолог, әлеуметтік педагог – дамуында шектеулері бар баланың психофизикалық дамуын бағалауды жүзеге асыратын мамандар | ||
6 | Тиісті бейін бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіби білімі бар тұлғалардың білім беру ұйымында жұмысқа қабылдануы | ||
7 | Күндізгі және (немесе) қысқа мерзімді топтардың жеке, топтық және кіші топтық сабақтары нысанында жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларының іске асырылуын растайтын құжаттардың болуы | ||
8 | Оңалту орталықтарында қызмет алу үшін ПМПК қорытындысының болуы | ||
9 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психофизикалық және сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленген және баланың дамуының негізгі салаларын: сөйлеу, танымдық, эмоционалдық, моторикалық және өзіне-өзі қызмет көрсетуді қамтитын бекітілген жеке-дамыту бағдарламаларының болуы | ||
10 | Педагогтердің біліктілігін арттыру мерзімін сақтау (үш жылда кемінде бір рет) | ||
11 | Педагогтердің біліктілік санаты деңгейін арттыру (растау) мерзімдерін сақтау (бес жылда кемінде бір рет) | ||
12 |
Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету (дабыл беру жүйесі, бейнебақылау жүйесі, мобильді және (немесе) стационарлық дабыл беру құралы (дабыл түймесі), қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (турникеттер), объектілерді қоршау, | ||
лауазымы қолы
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы __________________ ____________
лауазымы қолы
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Балалардың құқықтарын қорғау саласында балаларды тамақтандыруға, тұруына, білім беруіне, тәрбиелеуіне, сауықтыруына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қатысты тексеру парағы
_____________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _______________
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
_____________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ______________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1-бөлім. Кәмелетке толмағандарға білім беру және сауықтыру қызметтерін көрсететін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты | |||
1 | Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларының болуы және олардың орындалуын растайтын құжаттардың болуы | ||
2 | Білім беру модулінде кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламалары аясында патриотизмді, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыруға, балалардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған тәрбиелік іс-шаралар мен жобалардың болуы | ||
3 | Педагогтердің тиісті бейіндер бойынша педагогикалық немесе кәсіби білімінің болуы | ||
4 | Педагогтердің біліктілік санаты деңгейін арттыру (растау) мерзімінің сақталуы (кемінде бес жылда бір рет) | ||
5 | Жыл бойы жұмыс істейтін, кәмелетке толмағандарға білім беру және сауықтыру қызметтерін көрсететін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру талаптарының сақталуы (кемінде үш жылда бір рет) | ||
6 | Балаларды қорлау (буллинг) профилактикасы бойынша іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету | ||
7 | Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету (хабарландыру жүйесі, бейнебақылау, дабыл беру үшін мобильді және (немесе) стационарлық құралдар (дабыл батырмасы), қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (турникеттер), нысандарды қоршау, көлік құралдарының жылдамдығын төмендету құралдары (соғу қаупінің алдын алу мақсатында) | ||
2-бөлім. Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, мектепке дейінгі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты | |||
1 | Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының болуы және олардың орындалуын растайтын құжаттардың болуы | ||
2 | Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларында патриотизмді, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыруға, балалардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған тәрбиелік іс-шаралар мен жобалардың болуы | ||
3 | Педагогтердің тиісті бейіндер бойынша педагогикалық немесе кәсіби білімінің болуы | ||
4 | Педагогтердің біліктілік санаты деңгейін арттыру немесе растау мерзімінің сақталуы (кемінде бес жылда бір рет) | ||
5 | Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету (хабарландыру жүйесі, бейнебақылау, дабыл беру үшін мобильді және (немесе) стационарлық құралдар (дабыл батырмасы), қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (турникеттер), нысандарды қоршау, көлік құралдарының жылдамдығын төмендету құралдары (соғу қаупінің алдын алу мақсатында) | ||
лауазымы қолы
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы __________________ ____________
лауазымы қолы
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)