Жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсетудің тәртібі мен құнын айқындайтын қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 мамырда № 38837 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 37) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсетудің тәртібі мен құнын айқындайтын қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      5. Қағидалардың 23-тармағының 2) тармақшасы 2028 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2) сертификатты көрсете отырып, бөлімнің (бөлімдердің) атауы, мемлекеттік сараптама ұйымы немесе сараптама ұйымы қызметкерінің (қызметкерлерінің) – сарапшының (-лардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);".

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 264 Бұйрыққа
1-қосымша

Жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсетудің тәртібі мен құнын айқындайтын қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсету тәртібі мен құнын айқындайтын Қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 24-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді және құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсету (бұдан әрі - Консультациялық қызметтер) тәртібі мен құнын айқындайды және олардың сапасын арттыруға, сондай-ақ жобалау процестерін оңтайландыруға арналған.

      2. Осы қағидалар жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсетуді регламенттейді:

      1) мемлекеттік сараптама ұйымы үшін - Кодекстің 104-бабында көзделген мемлекеттік монополияға жататын құрылыс жобалары бойынша;

      2) сараптама ұйымы үшін - Кодекстің 109-бабының 1-тармағында көзделген құрылыс жобалары бойынша.

      3. Консультациялық қызметтерді құрылыс жобасын ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынғанға дейін құрылыс жобасына тапсырыс берушінің немесе құрылыс жобасын әзірлеген жобалау ұйымының шешімі бойынша мемлекеттік сараптама ұйымы немесе сараптама ұйымы көрсетеді.

      4. Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) консультациялық қызметтер - мемлекеттік сараптама ұйымы немесе сараптама ұйымы көрсететін құрылыс объектісін жобалау кезінде ұсынымдар беру жөніндегі қызметтер;

      2) консультациялық қызметтерді орындаушы (бұдан әрі - орындаушы) - құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымы немесе сараптама ұйымы;

      3) консультациялық қызметтерге тапсырыс беруші - құрылыс жобасының немесе бөлімнің (бөлімдердің) тапсырыс берушісі (тапсырыс беруші-инвестор, тапсырыс беруші-меншік иесі) немесе жобалау ұйымы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға.

2-тарау. Жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсетудің тәртібі мен құны

1-параграф. Консультациялық қызметтер көрсетуге өтінімдерді ұсыну және қабылдау

      5. Мемлекеттік сараптама ұйымының консультациялық қызметтер көрсетуі "бір терезе" қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу мен сараптауды ұйымдастыру үшін портал (бұдан әрі - портал) арқылы немесе қағаз нұсқасында іске асырылады.

      Сараптама ұйымының консультациялық қызметтер көрсетуі порталмен интеграцияланған мемлекеттік емес цифрлық жүйе арқылы немесе қағаз нұсқасында іске асырылады.

      Қағаз нұсқасындағы құрылыс жобасын немесе құрылыс жобасының бөлімін (бөлімдерін) консультациялық қызметтерге тапсырыс беруші мынадай тәртіппен ұсынады:

      өтінім беру – қағаз нұсқасында;

      құрылыс жобасын немесе құрылыс жобасының бөлімін (бөлімдерін) бастапқы материалдармен және құжаттамалармен бірге - электрондық нұсқасында ұсыну.

      6. Консультациялық қызметтер көрсету үшін консультациялық қызметтерге тапсырыс беруші портал арқылы немесе қағаз нұсқасында орындаушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын консультациялық қызметтер көрсетуге арналған тапсырманың жобасымен бірге өтінім жібереді.

      7. Өтінімді тіркегеннен кейін орындаушы өтінім түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде консультациялық қызметтер көрсетуге арналған тапсырманы қарауды жүзеге асырады.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін орындаушы консультациялық қызметтерге тапсырыс берушіге келісу үшін консультациялық қызметтер көрсетуге арналған түзетілген тапсырманы жібереді.

      8. Консультациялық қызметтерге тапсырыс беруші консультациялық қызметтерді жүзеге асыру үшін консультациялық қызметтерді көрсетуге арналған келісілген тапсырмада көзделген бастапқы материалдар мен құжаттамалар жиынтығын ұсынады.

      9. Ұсынылған бастапқы материалдар мен құжаттамада құрылыс жобасының консультациялық бөлімі (бөлімдері) бойынша жобалық шешімдер мен есептеулер қамтылады.

      Консультациялық қызметтерге тапсырыс беруші консультациялық қызметтер көрсету үшін анық бастапқы материалдар мен құжаттамаларды ұсынуды қамтамасыз етеді.

      10. Орындаушы бастапқы материалдар мен құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді. Олар толық болған жағдайда, консультациялық қызметтерге тапсырыс берушіге құрылыс жобасын әзірлеуге ұсынылған бастапқы материалдар мен құжаттамаларының жиынтықтылығын растайды.

      Консультациялық қызметтер көрсетуге арналған келісілген тапсырмада көзделген бастапқы материалдар мен құжаттамаларының толық емес пакеті ұсынылған кезде, құжаттар жетіспейтін материалдарды және (қажет болған жағдайда) жобалық шешімдер көрсетіле отырып, қараусыз қайтарылады.

      Құжаттарды қараусыз қайтару анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін тапсырыс берушінің консультациялық қызметтер көрсетуге қайта жүгінуіне кедергі келтірмейді.

      11. Консультациялық қызметтердің ұзақтығы қаралатын жобалық шешімдердің, есептердің күрделілігі мен көлеміне, сондай-ақ ұсынымдарды талап ететін мәселелерге байланысты болады.

      Консультациялық қызметтер көрсетудің жалпы ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды.

      12. Мемлекеттік сараптама ұйымы көрсететін консультациялық қызметтердің құны осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген формулаға сәйкес есептеледі.

      Сараптама ұйымдары көрсететін консультациялық қызметтердің құны осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген формулаға және (немесе) консультациялық қызметтер көрсетуге арналған шартқа сәйкес есептеледі.

      13. Консультациялық қызметтерге арналған шығындар құрылыс құнының жиынтық сметалық есебінің құрамына енгізілмейді.

      14. Орындаушы мен консультациялық қызметтерге тапсырыс берушімен келісілген консультациялық қызметтер көрсетуге арналған тапсырма, ұсынылған бастапқы материалдар мен құжаттаманың жиынтығын растау консультациялық қызметтер көрсетуге шарт жасасу үшін негіз болып табылады.

2-параграф. Консультациялық қызметтер көрсетуге шарттар жасасу

      15. Консультациялық қызметтер шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын консультациялық қызметтер көрсетуге арналған тапсырмаға сәйкес орындаушы мен консультациялық қызметтерге тапсырыс беруші арасында жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.

      16. Консультациялық қызметтер көрсетуге арналған шарт мыналарды қамтиды:

      1) жасалатын шарттың мәні;

      2) консультациялық қызметтер көрсету мерзімдері;

      3) шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы талаптар;

      4) шартта көзделген мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тараптардың жауапкершiлiгi.

      Шарт жобасына оған қол қойылғанға дейiн екi жақты келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де шарттар енгiзiлуi мүмкiн.

      17. Консультациялық қызметтерге тапсырыс беруші орындаушы ресімдеген шарт жобасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оған қол қояды.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін консультациялық қызметтерге тапсырыс берушіден қол қойған шартты алмаған кезде, орындаушы шарттың жобасын кері қайтарып алады.

      18. Консультациялық қызметтер көрсетудің басталу күні оған тараптардың қол қойған күні болып табылады.

3-параграф. Консультациялық қызметтер көрсету кезіндегі рәсімдер

      19. Құрылыс жобасының бөлімін (бөлімдерін) қарау кезінде консультациялық қызметтерді тікелей орындау үшін мемлекеттік сараптама ұйымының немесе сараптама ұйымының штаттық қызметкері (қызметкерлері) тағайындалады.

      20. Бірегей құрылыс объектілері, сондай-ақ өзге де объектілер үшін жобалық шешімдер және/немесе есептеулер бойынша консультациялық қызметтер көрсетілген жағдайда, ерекше, бір бағытта мамандандырылған білім мен тәжірибенің болуын талап ететін инновациялық материалдарды, бұйымдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану бөлігінде, сараптама ұйымы немесе мемлекеттік сараптама ұйымы мамандарды және (немесе) мамандандырылған ұйымдарды шарттық негізде тартады.

      21. Консультациялық қызметтер көрсету барысында мынадай рәсімдер орындалады:

      консультациялық қызметтер көрсетуге арналған тапсырмаға сәйкес ұсынылған бастапқы материалдар мен құжаттама зерделенеді, құрылыс объектісін жобалау кезінде ұсынымдар беріледі;

      консультациялық қызметтер көрсетуге арналған тапсырмада белгіленген кеңестер өткізіледі, олардың барысында консультациялық қызметтерге тапсырыс берушіге әзірленетін жобалық шешімдер және (немесе) есептеулер бойынша ұсынымдар беріледі;

      кеңестердің қорытындылары бойынша кеңестердің қорытынды нәтижелерін қамтитын хаттамалар жасалады.

4-параграф. Консультациялық қызметтер көрсету туралы есеп

      22. Консультациялық қызметтер көрсету нәтижелері бойынша орындаушы консультациялық қызметтерге тапсырыс берушіге осы Параграфқа сәйкес консультациялық қызметтер көрсету нәтижелерімен есеп береді.

      23. Консультациялық қызметтер көрсету туралы есептің (бұдан әрі - Есеп) мазмұны мыналарды көздейді:

      1) негізгі деректерді көрсетуді (консультациялық қызметтерге тапсырыс берушінің атауы, бастапқы материалдар мен құжаттаманың тізбесі);

      2) сертификатты (аттестатты) көрсете отырып, бөлімнің (бөлімдердің) атауы, мемлекеттік сараптама ұйымы немесе сараптама ұйымы қызметкерінің (қызметкерлерінің) – сарапшының (-лардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      3) консультациялық қызметтерді жүргізу барысы туралы ақпаратты;

      4) консультациялық қызметтер көрсетуге арналған тапсырмада көрсетілген қойылған мәселелер бойынша қорытынды түсініктемелер, жауаптар-ұсынымдар.

      24. Консультациялық қызметтер көрсету туралы есепке қосымшада консультациялық қызметтерге тапсырыс беруші мен орындаушы кеңестерінің ресімделген хаттамалары, сондай-ақ өзге де қажетті материалдар (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ережелері немесе сілтемелері, қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерінің талаптары) орналастырылады.

      25. Мемлекеттік сараптама ұйымының немесе сараптама ұйымының консультациялық қызметтер көрсету туралы есептері электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште беріледі және қолтаңбалармен куәландырылады:

      1) басшының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның;

      2) консультациялық қызметтер көрсетілетін құрылыс жобасының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша сарапшы (-лар) және (немесе) маман (-дар).

      26. Мемлекеттік сараптама ұйымы және сараптама ұйымдары консультациялық қызметтерге тапсырыс берушілерге берілген консультациялық қызметтер көрсету туралы есептердің есебін жүргізеді.

      27. Консультациялық қызметтер көрсету туралы есеп құрылыс жобасы бөлімінің (бөлімдерінің) немесе құрылыс жобасының нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындыны алмастырмайды және оның салдары құрылыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді талап етеді.

      28. Консультациялық қызметтер көрсету туралы есеп ұсынымдық сипатта болады және міндетті заңдық күші болмайды.

      29. Консультациялық қызметтер көрсету туралы есеппен келіспеген кезде консультациялық қызметтерге тапсырыс беруші консультациялық қызметтер көрсеткен мемлекеттік сараптама ұйымы немесе сараптама ұйымы басшысының атына шағым береді.

      Шағым түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік сараптама ұйымы немесе сараптама ұйымы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) бұрын берілген есепке өзгерістер енгізу туралы;

      2) шағымды қанағаттандырудан дәлелді бас тартуды жіберу туралы.

      Шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, консультациялық қызметтер көрсету туралы есеп сот тәртібімен шағымдануға жатады.

  Жобалау саласында
консультациялық қызметтер
көрсетудің тәртібі мен құнын
айқындайтын қағидаларға
1-қосымша
(тапсырма нысаны)

Консультациялық қызметтер көрсетуге арналған № _______ тапсырма

____________ қаласы



202 ___ жылғы "____" ______________

      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын _________________________, бір жағынан _________________________ негізінде әрекет ететін _________________________ және бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын _________________________, екінші жағынан _________________________ негізінде әрекет ететін _________________________ тұлғасында бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын осы Тапсырманы консультациялық қызметтер көрсетуге арналған шартқа 202 ___ жылғы "____" ______________ № _______ мынадай шарттарда келісті:

      1. Құрылыс объектісінің атауы;

      2. Консультациялық қызметтер көрсету үшін қажетті бастапқы материалдар мен құжаттамалардың тізбесі;

      3. Консультациялық қызметтер алу қажет құрылыс жобасы бөлімдерінің (бөліктерінің) саны;

      4. Консультациялық қызметтердің мазмұны, оның ішінде тапсырыс берушіден консультациялық қызметтер алу қажет мәселелер;

      5. Орындаушы мен тапсырыс беруші кеңестерінің санын ескере отырып, консультациялық қызметтер көрсетудің ұзақтығы;

      6. Осы № _____ тапсырма Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде (әрбір дана) 2 данада жасалды және қол қойылды.


Орындаушы:
______ "_________________"
Мекен-жайы: ______________
БСН _____________________
ЖСК _____________________
БСК ______________________
Банк: _____________________
Тел. ______________________
Лауазымы ________________
_____________
М.О.


Тапсырыс беруші:
______ "_________________"
Мекен-жайы: ______________
БСН _____________________
ЖСК _____________________
БСК ______________________
Банк: _____________________
Тел. ______________________
Лауазымы ________________
_____________
М.О.

  Жобалау саласында
консультациялық қызметтер
көрсетудің тәртібі мен құнын
айқындайтын қағидаларға
2-қосымша

Жобалау саласындағы консультациялық қызметтердің құнын есептеу

      Мемлекеттік сараптама ұйымы көрсететін консультациялық қызметтердің құны мынадай формула бойынша белгіленеді:

      Қкқ = Ну × Қак

      мұндағы:

      Қкқ – консультациялық қызметтердің құны, ҚҚС-сыз теңге;

      Ну – мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес бекітілген жобалау-іздестіру жұмыстарының (ЖІЖ) құнына байланысты жобалау құжаттамасының бөлімін талдау және бағалауды қоса алғанда, құрылыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша уақыт нормасы.

      Ну консультациялық қызмет көрсетілетін жобалау құжаттамасы бөлімінің нормативтік құнына байланысты айқындалады;

      Қак – айлық есептік көрсеткіштің өзгеру индексі арқылы ағымдағы жылға индекстей отырып, құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы бойынша монополиялық қызмет түрі негізінде Орындаушының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша айқындалатын есепті жылдағы Орындаушы персоналының бір адам-күн жұмысының құны.

      Есепті жыл – шығындар нормативтерін айқындау күнінің алдындағы соңғы толық күнтізбелік жыл.

Об утверждении Правил, определяющих порядок и стоимость оказания консультационных услуг в области проектирования

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 29 мая 2026 года № 264. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 мая 2026 года № 38837

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.07.2026

      В соответствии с подпунктом 37) статьи 24 Строительного Кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые правила, определяющие порядок и стоимость оказания консультационных услуг в области проектирования (далее - Правила).

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      5. Установить, что подпункт 2) пункта 23 Правил с 1 июля 2028 года действует в следующей редакции:

      "2) наименование раздела (разделов), фамилия, имя, отчество (при его наличии) сотрудника (сотрудников) государственной экспертной организации или экспертной организации – эксперта (-ов), с указанием сертификата;".

      Министр промышленности
и строительства
Республики Казахстан
Е. Нагаспаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министра промышленности
и строительства
Республики Казахстан
от 29 мая 2026 года № 264

Правила, определяющие порядок и стоимость оказания консультационных услуг в области проектирования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила, определяющие порядок и стоимость оказания консультационных услуг в области проектирования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 37) статьи 24 Строительного Кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок и стоимость оказания консультационных услуг в области проектирования (далее – Консультационные услуги) при разработке проектов строительства и предназначены для повышения их качества, а также оптимизации процессов проектирования.

      2. Настоящие Правила регламентируют оказание консультационных услуг в области проектирования:

      1) для государственной экспертной организации – по проектам строительства, относящимся к государственной монополии, предусмотренной статьей 104 Кодекса;

      2) для экспертной организации – по проектам строительства, предусмотренных пунктом 1 статьи 109 Кодекса.

      3. Консультационные услуги оказываются государственной экспертной организацией или экспертной организацией по решению заказчика проекта строительства или проектной организации, разработавшей проект строительства, до предоставления проекта строительства на комплексную вневедомственную экспертизу.

      4. В Правилах используются следующие термины и понятия:

      1) консультационные услуги – услуги по предоставлению рекомендаций при проектировании строительного объекта, оказываемые государственной экспертной организацией или экспертной организацией;

      2) исполнитель консультационных услуг (далее – исполнитель) – государственная экспертная организация или экспертная организация, осуществляющие комплексную вневедомственную экспертизу проектов строительства;

      3) заказчик консультационных услуг – физическое или юридическое лицо, являющееся заказчиком проекта строительства или раздела (разделов) (заказчик-инвестор, заказчик-собственник) или проектной организацией.

Глава 2. Порядок и стоимость оказания консультационных услуг в области проектирования

Параграф 1. Представление и прием заявок на оказание консультационных услуг

      5. Оказание консультационных услуг государственной экспертной организацией реализуются посредством портала для организации разработки и экспертизы проектов по принципу "одного окна" (далее – портал) либо на бумажном носителе.

      Оказание консультационных услуг экспертной организацией реализуются посредством негосударственной цифровой системы, интегрированной с порталом либо на бумажном носителе.

      Проект строительства или раздел (разделы) проекта строительства на бумажном носителе, предоставляется заказчиком консультационных услуг в следующем порядке:

      предоставление заявки – на бумажном носителе;

      предоставление проекта строительства или раздела (разделов) проекта строительства вместе с исходными материалами и документацией – на электронном носителе.

      6. Для оказания консультационных услуг, заказчик консультационных услуг посредством портала либо на бумажном носителе направляет исполнителю заявку с проектом задания на оказание консультационных услуг, составляемое по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      7. После регистрации заявки, исполнитель в течение 5 (пяти) рабочих дней со следующего рабочего дня после поступления заявки осуществляет рассмотрение задания на оказание консультационных услуг.

      По истечении срока, указанного в настоящем пункте исполнитель направляет откорректированное задание на оказание консультационных услуг для согласования заказчику консультационных услуг.

      8. Заказчик консультационных услуг, для осуществления консультационных услуг, представляет комплект исходных материалов и документации, предусмотренный согласованным заданием на оказание консультационных услуг.

      9. Представленные исходные материалы и документация содержат проектные решения и расчеты по консультируемому разделу (разделам) проекта строительства.

      Заказчик консультационных услуг обеспечивает предоставление достоверных исходных материалов и документации для оказания консультационных услуг.

      10. Исполнитель в течении 2 (двух) рабочих дней со дня поступления исходных материалов и документации проверяет их на полноту. В случае их полноты подтверждает заказчику консультационных услуг комплектность представленных исходных материалов и документации на разработку проекта строительства.

      В случае предоставления неполного пакета исходных материалов и документации, предусмотренных согласованным заданием на оказание консультационных услуг, документы возвращаются без рассмотрения с указанием недостающих материалов и (при необходимости) проектных решений.

      Возврат документов без рассмотрения не препятствует повторному обращению заказчика за оказанием консультационных услуг после устранения выявленных недостатков.

      11. Продолжительность консультационных услуг зависит от сложности и объема рассматриваемых проектных решений, расчетов, а также вопросов, требующих рекомендаций.

      Общая продолжительность оказания консультационных услуг не превышает 30 (тридцать) рабочих дней.

      12. Стоимость консультационных услуг, оказываемых государственной экспертной организацией, рассчитывается в соответствии с формулой, приведенной в приложении 2 к настоящим Правилам.

      Стоимость консультационных услуг, оказываемых экспертными организациями, рассчитывается в соответствии с формулой, приведенной в приложении 2 к настоящим Правилам и (или) договором на оказание консультационных услуг.

      13. Затраты на консультационные услуги не включаются в состав сводного сметного расчета стоимости строительства.

      14. Согласованное исполнителем и заказчиком консультационных услуг задание на оказание консультационных услуг, подтверждение комплектности представленных исходных материалов и документации, являются основанием для заключения договора на оказание консультационных услуг.

Параграф 2. Заключение договоров на оказание консультационных услуг

      15. Консультационные услуги осуществляются на основании договора, заключаемого между исполнителем и заказчиком консультационных услуг, в соответствии с заданием на оказание консультационных услуг, являющегося неотъемлемой частью договора.

      16. Договор на оказание консультационных услуг содержит:

      1) предмет заключаемого договора;

      2) сроки оказания консультационных услуг;

      3) условия о досрочном расторжении договора;

      4) ответственность сторон за неисполнение или ненадлежащее исполнение обязательств, предусмотренных договором.

      В проект договора до его подписания по обоюдному согласию могут быть внесены и иные условия, не противоречащие законодательству Республики Казахстан.

      17. Заказчик консультационных услуг, в течение 5 (пяти) рабочих дней с даты получения оформленного исполнителем проекта договора, подписывает его.

      При неполучении от заказчика консультационных услуг по истечении указанного срока, подписанного им договора, исполнитель отзывает проект договора.

      18. Датой начала оказания консультационных услуг, является дата подписания его сторонами.

Параграф 3. Процедуры при оказании консультационных услуг

      19. Для непосредственного исполнения консультационных услуг при рассмотрении раздела (разделов) проекта строительства назначается штатный сотрудник (сотрудники) государственной экспертной организации или экспертной организации.

      20. В случае оказания консультационных услуг по проектным решениям и (или) расчетам для уникальных строительных объектов, а также иных объектов в части применения инновационных материалов, изделий, оборудования и технологий, требующих наличия особых, узкоспециализированных знаний и опыта, экспертная организация или государственная экспертная организация привлекают специалистов и (или) специализированные организации на договорной основе.

      21. В ходе оказания консультационных услуг выполняются следующие процедуры:

      в соответствии с заданием на оказание консультационных услуг изучаются представленные исходные материалы и документация, предоставляются рекомендации при проектировании строительного объекта;

      проводятся совещания, установленные в задании на оказание консультационных услуг, в ходе которых заказчику консультационных услуг предоставляются рекомендации по разрабатываемым проектным решениям и (или) расчетам;

      по итогам совещаний составляются протоколы, содержащие итоговые результаты совещаний.

Параграф 4. Отчет об оказании консультационных услуг

      22. По результатам оказания консультационных услуг, исполнитель выдает заказчику консультационных услуг отчет с результатами оказания консультационных услуг в соответствии с настоящим Параграфом.

      23. Содержание отчета об оказании консультационных услуг (далее – Отчет) предусматривает:

      1) указание основных данных (наименование заказчика консультационных услуг, перечень исходных материалов и документации);

      2) наименование раздела (разделов), фамилия, имя, отчество (при его наличии) сотрудника (сотрудников) государственной экспертной организации или экспертной организации – эксперта (-ов), с указанием сертификата (аттестата);

      3) информацию о ходе проведения консультационных услуг;

      4) итоговые пояснения, ответы-рекомендации по поставленным вопросам, указанных в задании на оказании консультационных услуг.

      24. В приложении к отчету об оказании консультационных услуг размещаются оформленные протоколы совещаний заказчика консультационных услуг и исполнителя, а также иные необходимые материалы (положения или ссылки на нормативные правовые акты Республики Казахстан, требования градостроительных и технических регламентов, норм и положений государственных межгосударственных нормативных документов).

      25. Отчеты об оказании консультационных услуг государственной экспертной организацией или экспертной организацией выдаются в электронной форме либо на бумажном носителе и удостоверяются подписями:

      1) руководителя или уполномоченным им лицом;

      2) эксперта (-ов) и (или) специалиста (-ов) по соответствующим разделам (частям) проекта строительства, по которым оказываются консультационные услуги.

      26. Государственная экспертная организация и экспертные организации ведут учет выданных заказчикам консультационных услуг отчетов об оказании консультационных услуг.

      27. Отчет об оказании консультационных услуг не заменяет собой экспертное заключение о соответствии проекта строительства или раздела (разделов) проекта строительства нормативным требованиям, и впоследствии требуется проведение комплексной вневедомственной экспертизы проекта строительства.

      28. Отчет об оказании консультационных услуг носит рекомендательный характер и не имеет обязательной юридической силы.

      29. В случае несогласия с отчетом об оказании консультационных услуг заказчиком консультационных услуг подается жалоба на имя руководителя государственной экспертной организации либо экспертной организации, оказавшей консультационные услуги.

      Жалоба рассматривается в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее поступления.

      По результатам рассмотрения жалобы государственная экспертная организация либо экспертная организация принимает одно из следующих решений:

      1) о внесении изменений в ранее выданный отчет;

      2) о направлении мотивированного отказа в удовлетворении жалобы.

      В случае несогласия с результатами рассмотрения жалобы отчет об оказании консультационных услуг подлежит обжалованию в судебном порядке.

  Приложение 1
к Правилам, определяющие
порядок и стоимость оказания
консультационных услуг
в области проектирования
(форма Задания)

Задание №_______ на оказание консультационных услуг

Город ____________



"____" ______________ 202___ г.

      ______________________________________________________________________,
именуемое в дальнейшем "Заказчик",
в лице ________________________________________________________________,
действующего на основании _____________________________________________,
с одной стороны, и _____________________________________________________,
именуемое в дальнейшем "Исполнитель",
в лице ________________________________________________________________,
действующего на основании _____________________________________________
с другой стороны, далее совместно именуемые "Стороны", согласовали настоящее
Задание № _____ к договору на оказание консультационных услуг № _______
от "____" ______________ 202___г. на следующих условиях:

      1. Наименование строительного объекта;

      2. Перечень исходных материалов и документации, необходимых для оказания консультационных услуг;

      3. Количество разделов (частей) проекта строительства, по которым необходимо получить консультационные услуги;

      4. Содержание консультационных услуг, в том числе вопросы от заказчика, по которым необходимо получить консультационные услуги;

      5. Продолжительность оказания консультационных услуг, с учетом количества совещаний исполнителя и заказчика;

      6. Настоящее Задание № _____ составлено и подписано в 2-х экземплярах на государственном и русском языках (каждый экземпляр), имеющих одинаковую юридическую силу, по одному для каждой из Сторон.


Исполнитель:
______ "_________________"
Адрес: ___________________
БИН _____________________
ИИК _____________________
БИК _____________________
Банк: ____________________
Тел. _____________________
Должность _______________
_________________________
М.П.


Заказчик:
______ "_________________"
Адрес: ___________________
БИН _____________________
ИИК _____________________
БИК _____________________
Банк: ____________________
Тел. _____________________
Должность _______________
_________________________
М.П.

  Приложение 2
к Правилам, определяющие
порядок и стоимость оказания
консультационных услуг
в области проектирования

Расчет стоимости консультационных услуг в области проектирования

      Стоимость консультационных услуг, оказываемых государственной экспертной организацией, устанавливается по формуле:

      Ску = Нв × Счд

      где:

      Ску – стоимость консультационных услуг, тенге без НДС;

      Нв – норма времени на проведение комплексной вневедомственной экспертизы проекта строительства, включая анализ и оценку разделов проектной документации, в зависимости от стоимости проектно-изыскательских работ (ПИР), утвержденной в соответствии с государственными нормативными документами.

      Нв определяется в зависимости от нормативной стоимости раздела проектной документации по которой оказывается консультационная услуга;

      Счд – стоимость одного человека-дня работы персонала Исполнителя за отчҰтный год, определяемая по данным бухгалтерского учҰта Исполнителя на основании монопольного вида деятельности по комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства, с индексацией на текущий год через индекс изменения месячного расчҰтного показателя.

      Отчетный год – последний полный календарный год, предшествующий дате определения нормативов затрат.