ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 358 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 381 бiрлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14272 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Бақылау субъектілері (объектілері) цифрлық жүйені қолдана отырып, биоотын өндірісі саласында жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалған болса.
16. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ цифрлық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі биоотын өндірісі саласында осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
_________А. Амрин |
|
Исполняющий обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан |
__________А. Султанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті