"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 277 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 215 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 мамырда № 38825 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32965 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтың 3) тармақшасының бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ақшалай өтемақы алу құқығын растайтын құжат (Заңның 22-бабында көрсетілген орындарда болған кезеңі көрсетіліп ақталғаны туралы прокуратура органдарынан анықтама немесе сот актісі).

      Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша туу туралы куәлік не тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан үзінді көшірме ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғарғы Соты

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 277 "Об утверждении Правил выплаты денежных компенсаций жертвам массовых политических репрессий"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 мая 2026 года № 215. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 мая 2026 года № 38825

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 277 "Об утверждении Правил выплаты денежных компенсаций жертвам массовых политических репрессий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32965) следующие изменения:

      часть первую и вторую подпункта 3) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "3) документ, подтверждающий право на получение денежной компенсации (справка о реабилитации из органов прокуратуры или судебный акт, с указанием периода пребывания в местах, указанных в статье 22 Закона).

      Дети жертв массовых политических репрессий дополнительно к документам, указанным в настоящем пункте Правил, представляют свидетельство о рождении либо выписку из актовой записи о государственной регистрации рождения.".

      2. Департаменту социальной помощи Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) после исполнения подпунктов 1) и 2) пункта 2 настоящего приказа в течение трех рабочих дней представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об их исполнении.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
А. Ертаев

      "СОГЛАСОВАН"
Генеральная прокуратура
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Верховный Суд
Республики Казахстан