ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20224 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 29 қазандағы № 863 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35303 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық компанияларға күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 25 мамырдағы № 373 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына |
|
| 1-қосымша |
"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтің мынадай кіші түрлері бар:
1) күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету;
2) террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді қоспағанда, күзет қызметтерінің барлық түрі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті жолдайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде көрсетілген.
5. Құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама бейнеленеді.
6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күні тіркеуді жүзеге асырайды. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.
7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.
8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Заңның 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны "Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі мәніне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасына жеке тұлғаға қойылатын талаптарды және ішкі істер органдарына сұрау салулар жолдау жолымен тексереді.
Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті тексеріс жүргізілгеннен және қажетті құжаттарды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ" ЦЖ) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтінішті тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда не Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарағаннан және тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" МДБ" ЦЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
12. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін өтінішті тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда не Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарағаннан және тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" МДБ" ЦЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйенің ақаулығы жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық почтасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизация сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.
14. Көрсетілетін қызметті беруші цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтасыз етеді.
Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысындағы деректер автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.
Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіпте шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
1) күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету; |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
Өтініштерді қабылдау және барлық кіші түрлері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезінде – 10 (он) жұмыс күні. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Барлық кіші түрлері бойынша: электрондық (ішінара цифрландырылған). |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті алушыларға Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес күзет қызметімен айналысу құқығына берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады); |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) "Күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішнде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету" қызметтің кіші түрі бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін: |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады. |
| "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына |
|
| 2-қосымша |
Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия
алуға/лицензияны қайта ресімдеуге/лицензияның
және (немесе) лицензияға
қосымшаны алуға арналған өтініші
_____________________________________________________________________
(ішкі істер органдарының толық атауы
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беруді/лицензияны қайта
ресімдеуді/лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны
беруді сұраймын ______________________________________________________
____________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрі(лері)нің толық атауы көрсетілсін)
Заңды тұлғаның мекенжайы (лары) ______________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
_____________________________________________________________________
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ____________________________________________________
Телефондар __________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік шот __________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ____________________________
(пошталық индексі, облысы,
_____________________________________________________________________
қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және
оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту
мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады.
Заңды тұлға басшысының ЭЦҚ ________________
Толтыру күні 20 ___ жылғы "___" __________
| "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына |
|
| 3-қосымша |
Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру/лицензияны
және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу бойынша
мәліметтер нысаны
1. Жалпы ақпарат
1) ___________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
2) ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
2. Күзет ұйымы басшысының, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері
басшыларының біліктілік талаптары туралы мәліметтер
1) ___________________________________________________________________
(мамандығы және біліктілігі)
2) ___________________________________________________________________
(лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғарғы білім туралы
дипломның нөмірі және берілген күні)
3) ___________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
4) ___________________________________________________________________
(жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек шартының нөмірі және күні)
5) ___________________________________________________________________
(арнайы бағдарлама бойынша курстан өткені туралы куәліктің
нөмірі және берілген күні)
6) ___________________________________________________________________
(даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу
орталығының атауы және заңды мекенжайы)
7) ___________________________________________________________________
(теріс себептер бойынша босатылғаны туралы мәліметтер)
8) ___________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 15), 16)
және 17) тармақшалары бойынша еңбек шартын бұзу туралы мәліметтер)
3. Террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету үшін жеке күзет ұйымына, сондай-ақ
оның филиалдары мен өкілдіктеріне қойылатын біліктілік талаптары туралы мәліметтер
("Күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішнде террористік тұрғыдан осал объектілерді
күзету" қызметтің кіші түрін алған кезде толтырылады)
1) ___________________________________________________________________
(меншік құқығында кеңсе үй-жайдың болуы (ия/жоқ))
2) ___________________________________________________________________
(кеңсе үй-жайға құжаттың кадастрлық нөмірі (меншік құқығында болған
жағдайда толтырылады)
3) ___________________________________________________________________
(радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың болуы (ия/жоқ))
4) ___________________________________________________________________
(радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың нөмірі және күні (болған
жағдайда толтырылады))
5) ___________________________________________________________________
(мобильді топтардың (жедел ден қою топтарының) саны)
6) ___________________________________________________________________
(мобильді топтарға (жедел ден қою топтарына)
арналған көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу туралы куәліктердің нөмірі мен күні)
7) ___________________________________________________________________
(қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге
рұқсаттың нөмірі мен күні)
4. Лицензиялық алымды төлеу
1) ___________________________________________________________________
(сомасы және төлеу туралы түбіртектің нөмірі және күні)
5. Әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту
1) ___________________________________________________________________
(Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 464-бабының 2-бөлігі бойынша
лицензия алған кезде көрінеу анық емес (жалған) ақпарат бергені үшін)
| "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Лицензия
20___ жылғы "___" ____________ ________________
_______________________________________________________________ берілді
(заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________________ айналысуға
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
Ерекше шарттары _____________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)
Ескерту: _____________________________________________________________
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар ____________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкілетті адам) _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Алғашқы берілген күні: "____" ____________ _______ ж.
Лицензияның қолданылу мерзімі: "____" ____________ _______ ж.
Берілген орны ____________________________
| "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымша |
|
| Нысан |
Лицензияға қосымша
Лицензияның нөмірі ____________
Лицензияның берілген күні 20___ жылғы _________________
Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері) ____________________________
_____________________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)
Лицензиат ____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Өндірістік база және/немесе объект _______________________________________
(орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары ___________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар
_____________________________________________________________________
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)
Лицензиар ____________________________________________________________
(лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)
Басшы (уәкілетті адам) _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қосымшаның нөмірі _________________
Қолданылу мерзімі "____" _______________ _____ ж.
Қосымшаның берілген күні _______________ 20 ____ ж.
Берілген орны _______________________
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 25 мамырдағы № 373 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына 2-қосымша |
"Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті жолдайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде көрсетілген.
5. Құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама бейнеленеді.
6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күні тіркеуді жүзеге асырайды. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.
7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.
8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Заңның 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне тексереді.
Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде "Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бұйрығының жобасын әзірлейді (бұдан әрі – Бұйрық), оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мүдделі қызметтеріне құқықтық және редакциялық сараптамаларға жолдайды.
11. Көрсетілетін қызметті беруші сарапшылардың қорытындыларын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде Бұйрықты келіседі және қол қояды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (Бұйрық) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйенің ақаулығы жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық почтасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизация сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.
13. Көрсетілетін қызметті беруші цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтасыз етеді.
Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысындағы деректер автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.
Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіпте шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | - |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 12 (он екі) жұмыс күні. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған). |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
"Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады); |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші
лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін
арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындауға
арналған өтініші
_____________________________________________________________________
(ішкі істер органдарының толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау
және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындауды
сұраймын ____________________________________
(қызмет түрінің толық атауы көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді
_____________________________________________________________________
мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ____________________________________________________
Телефондар __________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік шот __________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы _______________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
_____________________________________________________________________
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және
оларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру немесе беруден бас тарту мәселелері
бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген қызмет түрімен айналысуға сот тыйым
салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні
расталады.
Заңды тұлға басшысының ЭЦҚ ____________
Толтыру күні 20 ___ жылғы "___" __________
Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші
лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін
арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын
айқындау бойынша мәліметтер нысаны
1. Жалпы ақпарат
1) ___________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
2) ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
3) ___________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
4) ___________________________________________________________________
(құрылтайшының (директордың) Т.А.Ә., ЖСН, азаматтығы)
2. Меншік құқығындағы атыс тирі
1) ___________________________________________________________________
(иә/жоқ)
2) ___________________________________________________________________
(атыс тирі меншік құқығында болған жағдайда кадастрлық нөмірі,
мекенжайы, ауқымы)
3. Рұқсаттардың болуы
1) ___________________________________________________________________
("Атыс тирін (атыс орны) және стендтерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне
рұқсат беру" қызметі бойынша рұқсаттың көрсетілетін қызметті алушыда болуын
тексеру (атыс тирі меншік құқығында болған жағдайда))
2) ___________________________________________________________________
("Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және
тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлама" хабарламаның
көрсетілетін қызметті алушыда болуын тексеру)
4. Қоса берілетін құжаттар
1) ___________________________________________________________________
(тексеру актісі, мамандардың бар-жоғын растайтын құжаттар, оқу бағдарламалары
мен оқу жоспарлары, атыс тирін жалдау шарты (жалдап пайдалану жағдайында))
5. Әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту
1) ___________________________________________________________________
(Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 464-бабының 2-бөлігі бойынша
лицензия алған кезде көрінеу анық емес (жалған) ақпарат бергені үшін)
Ұлттық компанияларға күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары
1. Осы Ұлттық компанияларға күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Күзет ұйымын "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысымен бекітілген ұлттық компаниялар тізбесіне енгізілген жағдайда Ұлттық компания құрады.
3. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымын құру келесі шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) күзет ұйымы күзет қызметінен өзге де қызметті жүзеге асыратын ұлттық компанияның еншілес ұйымы бола алады;
2) күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) ұлттық компанияның құрылтайшылары не лауазымды адамдары болып табылады, оларға қатысты құрылатын ұйым күзет қызметтерін көрсететін болады;
3) құрылатын ұйым өзіне қатысты күзет қызметтерін көрсететін ұлттық компания және онымен үлестес заңды тұлғалар күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылады.
4. Күзет ұйымын құру үшін ұлттық компания "Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20224 болып тіркелген) бекітілген "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес күзет қызметімен айналысу құқығына тиісті лицензия алуға тиіс.