ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі:
1-тармақтың 5 - жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | № ҚР ДСМ-76-бұйрығына сәйкес бекітілген санитариялық қағидаларға және "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 55 бұйрық) бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына, сондай-ақ жалпы білім беру мекемелеріне арналған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне сәйкес келетін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. Спорт залының және/ немесе спорт объектісінің білім беру ұйымы ғимаратынан 1000 метрден астам қашықтықта, сондай-ақ объектіге автомагистральдардың, теміржол жолдарының қиылысында және жүріс бөлігінің қиылысын қамтитын қашықтықта болмағанда, спорт залын және/немесе спорт объектісін жалға алуға рұқсат етіледі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болуы тиіс. |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Меншік немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері, оның ішінде объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі. |
";
1-тармақтың 6 және 7 - жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. |
"Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 70 бұйрық) бекітілген нормаларына сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы; | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5, 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. |
Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
7. | "Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 570 бұйрық) бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар "Ұлттық білім беру деректер қоры" (бұдан әрі – ҰБДҚ) және әкімшілік деректері ҰБДҚ-мен сәйкес келетін білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің болуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. |
";
2-тармақтың 12- жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
12. | № ҚР ДСМ-76-бұйрығына сәйкес бекітілген санитариялық қағидаларға сондай-ақ жалпы білім беру мекемелеріне арналған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне және № 55 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына, сондай-ақ жалпы білім беру мекемелеріне арналған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне сәйкес келетін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. Спорт залының және/ немесе спорт объектісінің білім беру ұйымы ғимаратынан 1000 метрден астам қашықтықта, сондай-ақ объектіге автомагистральдардың, теміржол жолдарының қиылысында және жүріс бөлігінің қиылысын қамтитын қашықтықта болмағанда, спорт залын және/немесе спорт объектісін жалға алуға рұқсат етіледі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болуы тиіс. |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Меншік немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері, оның ішінде объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі. |
";
2-тармақтың 13 және 14 - жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
13. |
№ 70 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы; | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5, 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. |
Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
14. | № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар ҰБДҚ және әкімшілік деректері ҰБДҚ-мен сәйкес келетін білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің болуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
";
3-тармақтың 19 - жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
19. | № ҚР ДСМ-76-бұйрығына сәйкес бекітілген санитариялық қағидаларға сондай-ақ жалпы білім беру мекемелеріне арналған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне және № 55 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына, сондай-ақ жалпы білім беру мекемелеріне арналған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне сәйкес келетін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. Спорт залының және/ немесе спорт объектісінің білім беру ұйымы ғимаратынан 1000 метрден астам қашықтықта, сондай-ақ объектіге автомагистральдардың, теміржол жолдарының қиылысында және жүріс бөлігінің қиылысын қамтитын қашықтықта болмағанда, спорт залын және/немесе спорт объектісін жалға алуға рұқсат етіледі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болуы тиіс. |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Меншік немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері, оның ішінде объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі. |
";
3-тармақтың 20 және 21 - жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
20. |
№ 70 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы; | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5, 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. |
Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
21. | № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар ҰБДҚ және әкімшілік деректері ҰБДҚ-мен сәйкес келетін білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің болуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
";
4-тармақтың 24 - жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
24. | Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, колледждер даярланатын мамандық бойынша білім алушыларды қабылдауды 3 жылда кемінде 1 рет жүзеге асыруы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. | Біліктілік талаптары әскери арнаулы оқу орындарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанынан орналастырылған білім беру ұйымдарына және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде қолданылмайды. |
";
4-тармақтың 35 - жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
35. |
№ 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті деректер қоры бар білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің болуы және нақты деректердің ҰБДҚ-мен сәйкестігі. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
";
5-тармақтың 49 - жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
49. |
Даярланатын мамандықтар бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ № 97 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін ЖЖОКББҰ-мен бұйрықтар мен меморандумдар көшірмелерінің болуы. | Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен жарақталуы туралы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
";
6-тармақтың 51 - жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
51. |
№ 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті деректер қоры бар білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің болуы және нақты деректердің ҰБДҚ-мен сәйкестігі. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
";
6-тармақтың 60 - жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
60. | Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақталуы. Edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. |
";
7-тармақтың 62 және 63 - жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
62. | Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 68-1) тармақшасында көзделген тәртіпке сәйкестігі. | Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларының көшірмелері. | |
63. |
Маусымдық сипаттағы білім беру-сауықтыру ұйымдарын қоспағанда, тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтумен кәсіптік білімі бар оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы. | Педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша. | Қабылданған балалардың санына қарай білім беру-сауықтыру орталығының (бұдан әрі – БСО) басшысы лауазымы мен оқу-тәрбие кешенінің (орталық жанындағы мектеп) директорының лауазымы біріктірілуі мүмкін. |
";
7-тармақтың 64 және 65 жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
664. |
Маусымдық сипаттағы білім беру-сауықтыру ұйымдарын қоспағанда, №44 бұйрықпен бекітілген нормаларға оқулықтар тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болуы. |
Оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына | Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдары жеке кітапхана қоры болмаған жағдайда шарт/акт бойынша өзге білім беру ұйымы пайдалануға берген оқу және көркем әдебиетті пайдаланады. |
65. |
Ғимараттардың (оқу корпустарының) жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі № 37 бұйрығына, "Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығы), "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21502 болып тіркелген), "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24094 болып тіркелген), "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР- ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген), "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген), "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29092 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 78 бұйрығы), "Сауықтыру және ұйымдастырылған демалыс кезеңінде балаларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-292/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21842 болып тіркелген), "Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) сәйкес балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензияның, емханамен жасалға келісімшарттың болуы. | Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. | Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір медициналық пункттің болуына жол беріледі. |
";
7-тармақтың 67, 68 және 69 - жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
67. | № ҚР ДСМ-76 бұйрығына, № ҚР ДСМ-78 бұйрығына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне және № 55 бұйрықтың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 5 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. Меншік немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері, оның ішінде объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі. | |
68. |
Маусымдық сипаттағы білім беру-сауықтыру ұйымдарын қоспағанда, бекітілген № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес жабдықтар мен жиһаздың болуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 5, 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. |
Физика, химия және биология кабинеттерінің біріктірілген оқу зертханалары рұқсат етіледі. |
69 |
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағына және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету 3 жылда кемінде 1 рет және 36 сағаттан кем болмауы тиіс. Білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін | Педагогтер мен басшы кадрлардың пәннің бейініне, білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. |
Біліктілік талаптары жыл бойы жұмыс істейтін білім беру-сауықтыру ұйымдары үшін белгіленген және |
";
7-тармақтың 70 - жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
70. | № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар ҰБДҚ және әкімшілік деректері ҰБДҚ-мен сәйкес келетін білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің болуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. |
";
ескертпенің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "e-license.kz" – лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырылған түрде қалыптастыратын лицензиаттардың берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданысын тоқтатқан лицензиялары туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе;
2) "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" МҚ ЦЖ – жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе.";
білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 3, 5 және 6-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 268 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37500 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың төртінші абзацында:
79 - жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
79. |
№ 70 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру; | Осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. | Жаңадан ашылған білім беру ұйымдарында балалар киіміне арналған жабдықталған шкафтардың, бір кісілік/екі қабатты кереуеттердің саны болжамды жиын бойынша, жұмыс істеп тұрған білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер контингент бойынша айқындалады. |
";
81 - жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
81. | № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар ҰБДҚ цифрлық жүйесінде және ҰБДҚ-ның әкімшілік деректеріне сәйкес келетін білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінде мәліметтердің болуы. | Осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер. |
".
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
5. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші, төртінші, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
М. Мелдебекова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер
_________________________________________________________________
(білім беру/денсаулық сақтау ұйымының атауы)
(________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 |
Лицензияның мәртебесі "e-license.kz" МҚ ЦЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.
| Бұйрығына 2 қосымша Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 5-қосымша |
|
| Нысан |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер
________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
(______________ жағдай бойынша)
Құрылыстың типі (типтік жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Материалдық-қаржылық активтердің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі), материалдық активтерді жалға алу туралы мәлімет | Меншік үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәрісхана аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған үй-жайлар, нақты мамандықтар, кәсіптер бойынша зертханалар мен шеберханалар, мәжіліс және спорт залдары), әлеуметтік-тұрмыстық (өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы (унитаздар, қол жуғыштар), білім беру ұйымының үй-жайларында және іргелес жатқан аумақтарында бейнебақылаудың болуы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін жағдайлардың болуы | Жалпы алаңы (м2) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ескертпе: *жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" МҚ ЦЖ-дан деректерді алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.
| Бұйрығына 3 қосымша "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне" 6-қосымша |
|
| Нысан |
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрлылдқ жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер
Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (м2) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы | Жарақтандырылуы туралы мәлеметтер | |||||||
Атауы мен ауданы көрсетіл ген аудиториялар, пән кабинет тері* | Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары* | Атауы көрсетілген оқу зертханалары* (м2) | Түрі көрсетілген оқу және оқу-зертхана жабдықтарының, техникалық оқу құралдарының тізбесі | Мәжіліс залы, спорт залы (м2), кітапхана | Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, жабдықтар, жиһаз, жеке қолдануға арналған шкафтар, бейнекамералар | Онлайн-оқыту бойынша жабдықтардың болуы туралы мәліметтер | Контингент туралы өзекті деректер базасымен білім беруді басқарудың цифрлық жүйесі, аймақтағы үшінші деңгейлі домендік атау edu.kz туралы мәліметтер. Интернеттің болуы туралы ақпарат | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ескертпе: * техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін сұратылып отырған мамандық бойынша ақпарат ұсынылады.
Компьютерлік сыныптардың болуы туралы біліктілік талаптары шағын жинақталған мектептерге қолданылмайды.