ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31809 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) цифрлық автоматтандырылған деректер базасы (бұдан әрі - цифрлық жүйе) – құқық қорғау қызметіне түсу мәселелері бойынша персоналды жоспарлауға, іріктеуге (қабылдауға) және басқаруға байланысты қызметті автоматтандыруға арналған ақпаратты жинауды, сақтауды, беруді және өңдеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Магистратураға және докторантураға түсетіндердің құжаттарын қабылдау цифрлық жүйе арқылы мынадай мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 1 сәуірі - 25 шілдесі аралығында;
2) күнтізбелік жылдың 25 қазаны - 20 қарашасы аралығында (ваканттық қабылдау орындары болған кезде) жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, 5-3 және 5-4-тармақтармен толықтырылсын:
"5-1. Магистратура мен докторантураға құжаттарды беру және түсу емтихандарын тапсыру үшін үміткер цифрлық жүйеде жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) көмегімен тіркеуден өтеді.
Үміткерді тіркеу рәсімінен кейін жеке кабинет цифрлық жүйеде автоматты түрде құрылады.
Тіркелген үміткерлердің жеке кабинетке кіруі электрондық цифрлық қолтаңба және авторландырудың өзге де тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
5-2. Цифрлық жүйеде тіркелу кезінде үміткер құпиялылық саясатымен, пайдаланушы келісімімен танысады, дербес деректерді жинауға және өңдеуге өзінің келісімін растайды және мынадай:
1) интернет желісіне кемінде 10 мб/сек жылдамдықпен қосылған дербес компьютерге, сондай-ақ дұрыс жұмыс істейтін веб-камера мен микрофонға қолжетімділіктің болуы туралы, көрсетілген компьютерлік техника болмаған жағдайда үміткер аумақтық құқық қорғау органдарының арнайы жабдықталған үй-жайларында іріктеу кезеңдерінен өтуге келісім береді;
2) үміткер осы Қағидалардың талаптарын сақтамаған, дәйексіз ақпарат пен құжаттар ұсынылған жағдайларда құжаттарды қабылдаудың және түсу емтиханын тапсырудың кез келген кезеңінде алып тастауға келісім туралы міндеттемелерді қабылдайды.
5-3. Тіркелгеннен кейін үміткерге кездейсоқ тәртіпте жеке нөмір беріледі, ол қабылдаудың барлық кезеңдерінде үміткердің деректерін иесіздендіру үшін қолданылады.
5-4. Тіркелген үміткерлердің жеке кабинетке кіруі екі факторлы аутентификацияны пайдалану арқылы жүзеге асырылады.";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Академияның магистратурасына оқуға түсу үшін үміткерлер қабылдау комиссиясына цифрлық жүйе арқылы мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған Академия ректорының атына баянат;
2) жоғары білім туралы құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (құжаттың қосымшасымен бірге), ал шетелдік білім беру мекемелерімен берілген дипломдар үшін нострификация процедурасын өткенін растау немесе "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес деп тану құжаттарын;
3) осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесін (ол бар болған жағдайда);
4) құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі туралы анықтама;
5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімін (олар бар болған жағдайда);
6) ғылыми стипендиялар мен гранттар беру туралы сертификаттарды (олар бар болған жағдайда);
7) ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны дипломдар көшірмесін (олар бар болған жағдайда);
8) Академияның ғылыми-білім беру қызметіне қатысқанын растайтын анықтаманы (олар бар болған жағдайда);
9) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР-ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075-У нысанындағы электрондық форматтағы медициналық анықтаманың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) көшірмесін;
10) 10 мбайттан аспайтын 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосурет;
11) шетел азаматтарын қоспағанда, шет тілі бойынша тестілеуге қатысу үшін төлем туралы түбіртектің көшірмесі ұсынады.
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды үміткер өз қолымен жүктейді.
16. Академияның докторантурасына оқуға түсу үшін үміткерлер цифрлық жүйе арқылы қабылдау комиссиясына:
1) осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;
2) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (құжаттың қосымшасымен бірге), шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін нострификация процедурасын өткенін растау немесе "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес деп танылғанын растайтын құжаттарды;
3) негізгі дипломға педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларды игергені туралы куәліктің көшірмесін (бейінді бағыттағы магистратураны бітірген үміткерлер үшін) ұсынады.
Қағидалардың 15-тармағында және осы тармағында көрсетілген құжаттарды үміткер өз қолымен жүктейді.";
16-1 және 17-тармақтар алынып тасталсын;
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қабылдау комиссияның хатшысы цифрлық жүйе арқылы үміткерлердің құжаттарын тексереді және осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарына сәйкес болған кезде баянат келіп құжаттардың қабылданғанын растайды, сондай-ақ түсу емтихандарын тапсыруға рұқсат береді.
19. Үміткер осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған кезде қабылдау комиссиясының хатшысы цифрлық жүйе арқылы тиісті негіздемемен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Оқуға үміткер құжаттарды осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімде қайта жібере алады.";
21 және 22-тармақтар алынып тасталсын;
23 және 24 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Академияның магистратурасына, докторантурасына түсетін үміткерлер:
1) шет тілі бойынша (таңдауы бойынша ағылшын, неміс, француз);
2) мамандық бойынша түсу емтихандарын тапсырады.
Мамандығы бойынша емтиханға шет тілі бойынша кемінде 25 балл жинаған үміткерлер жіберіледі.
Осы Қағидалардың 3-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар Академияның қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу қорытындылары бойынша оқуға қабылданады.
24. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың біреуіне ие үміткерлер шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады:
1) магистратураға:
ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic), шекті балл – кемінде 6;
TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – кемінде 60;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/ деңгейі B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/ деңгейі B2);
француз тілі: TFI (Test de Franзais International™), DELF (Diplome d’Etudes en Langue franзaise), DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise), TCF (Test de connaissance du franзais) – кемінде деңгейі B2.
2) докторантураға:
ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 5,0;
TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 35;
TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm), шекті балл – кемінде 417;
TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл – кемінде 550;
Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест), шекті балл – кемінде 80;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NіveauВ1/В1 деңгейінен төмен емес), TestDaF-Prufung (Nіveau В1/В1 деңгейінен төмен емес);
француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – В1 деңгейінен төмен емес, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – В1 деңгейінен төмен емес, TCF (Test de connaіssance du franзaіs) – В1 деңгейінен төмен емес.".
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Магистратураға, докторантураға түсушілер үшін түсу емтиханы білім берудің алдыңғы деңгейлеріндегі білім беру бағдарламалары көлемінде өткізіледі.
Түсу емтиханын өткізу регламенті Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі және Академияның интернет-ресурсында және цифрлық жүйеде орналастырылады.
Мамандық бойынша түсу емтихандары кешенді тестілеу (КТ) және кейістік тапсырмаларды шешу түрінде цифрлық жүйе арқылы өткізіледі.
Мамандық бойынша түсу емтиханы осы Қағидаларға 2-1-қосымшада көрсетілген пәндер бойынша өткізіледі.
Академияның магистратурасына, докторантурасына мамандығы бойынша түсу емтиханын өткізу (түсу емтиханын өткізу күні, уақыты және орны) туралы ақпарат түсу емтиханы басталғанға дейін Академияның интернет-ресурсында және цифрлық жүйеде орналастырылады.
Магистратураға, докторантураға түсу емтиханының бағдарламасын, тестілік сұрақтарын және кейістік тапсырмаларын Академия өздігінше қалыптастырады.
Мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі және Академияның интернет-ресурсында және цифрлық жүйеде орналастырылады.
27. Түсу емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні Академияның цифрлық жүйесінде және интернет-ресурсында жарияланады.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Мамандық бойынша магистратура мен докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында төрағадан және кем дегенде комиссияның екі мүшесінен тұратын апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссияның құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссия магистратураға немесе докторантураға түсетін үміткерлерден емтихан материалдарының мазмұнымен, оның ішінде техникалық себептерге байланысты мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспейтін өтініштерді қабылдайды және қарайды.";
30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Магистратураға немесе докторантураға оқуға түсетін үміткер цифрлық жүйе арқылы апелляциялық комиссия төрағасының атына түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күнгі сағат 13:00-ге дейін апелляцияға өтiнiш береді және апелляциялық комиссия өтiнiшті берген күннен бастап бір жұмыс күні iшiнде қарайды.
31. Апелляциялық комиссия әрбір үміткермен жеке тәртіпте онлайн-форматта жұмыс істейді. Үміткер апелляциялық комиссияның отырысына қосылмаған жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.";
33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Апелляция комиссияларының хаттамалары отырыс өткізілген кезден бір жұмыс күні ішінде Академияның қабылдау комиссиясына беріледі.
34. Тиісті білім беру бағдарламалары бойынша магистратураға, докторантураға оқуға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 100 балдық бағалау жүйесі шкаласына сәйкес мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижесінде мүмкін болатын 100 балдан магистратураға шекті балл кемінде 75 балл, докторантураға кемінде 80 балл жинаған үміткерлер конкурстық негізде қабылданады.";
мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
"34-1. Қабылдау комиссиясы тиісті білім беру бағдарламалары бойынша магистранттар мен докторанттар қатарына қабылдау туралы хаттама жасайды.
Білім беру бағдарламалары бойынша бос қабылдау орындары болған жағдайда қабылдау комиссиясы магистратураға арналған мамандық бойынша кіру емтихандарының қорытындысы бойынша кемінде 75 балл, докторантураға кемінде 80 балл жинаған және Академияның интернет-ресурсында және цифрлық жүйесінде конкурстан өтпеген үміткерлер арасында конкурс жариялайды.
Бос қабылдау орындарын иеленуге арналған конкурсқа қатысушылардың тізімі үміткерлердің баянаттары негізінде цифрлық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.
Қабылдау комиссиясының шешімімен үміткерлер осы Қағидалардың 35-тармағының талаптарына сәйкес бір білім беру бағдарламасынан магистратура немесе докторантураның басқа білім беру бағдарламасына қайта бөлінеді.";
35 және 36 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Конкурстық баллдар тең болған жағдайда құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі көбірек (күнтізбелік күндері), одан кейін дипломның орташа баллдары жоғары үміткерлер басымдыққа ие болады.
Әрі қарай ғылыми-педагогикалық жетістіктері ескеріледі:
1) ғылыми, оның ішінде рейтингісі жоғары ғылыми басылымдардағы жарияланымдары;
2) ғылыми әзірлемелері туралы куәліктер;
3) ғылыми стипендиялар мен гранттар берілгендігі туралы сертификаттар;
4) ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар немесе дипломдар;
5) Академияның ғылыми-білім беру қызметіне қатысқанын растайтын анықтамалар".
36. Қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде Академия ректоры үміткерлерді магистратура және докторантура білім алушыларының санына қабылдау туралы бұйрық шығарады, ол Академияның интернет-ресурсында және цифрлық жүйеде орналастырылады.
Магистратураға мен докторантураға қабылданған үміткерлер Академияға:
1) кадрларды тіркеу бойынша жеке парақты;
2) соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестаттау парағының көшірмесін;
3) кадр қызметі берген құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы анықтаманы;
4) соңғы арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру туралы бұйрықтардан үзіндіні;
5) болжанатын зерттеу тақырыбы шеңберінде құқық қорғау органынан жоспар-тапсырманы;
6) диссертациялық зерттеуді (жобаны) орындау кезінде үміткерге тәлімгерлікті жүзеге асыратын құқық қорғау органының қызметкері туралы мәліметтерді ұсынады.".
осы Қағидаларға 2-қосымша алып тасталсын;
осы Қағидаларға 2-1, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармақтың бесінші, жетінші, он бірінші, он екінші, он төртінші, жиырмасыншы, отыз үшінші, қырқыншы, қырық бірінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс тоғызыншы, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс сегізінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, тоқсан алтыншы абзацтарын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші, жетінші, он бірінші, он екінші, он төртінші, жиырмасыншы, отыз үшінші, қырқыншы, қырық бірінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс тоғызыншы, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс сегізінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, тоқсан алтыншы абзацтары 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"1) ақпараттық автоматтандырылған деректер базасы (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – құқық қорғау қызметіне түсу мәселелері персоналды жоспарлауға, іріктеуге (қабылдауға) және басқаруға байланысты қызметті автоматтандыруға арналған ақпаратты жинауды, сақтауды, беруді және өңдеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен.";
"5. Магистратураға және докторантураға түсетіндердің құжаттарын қабылдау ақпараттық жүйе арқылы мынадай мерзімдерде:";
"5-1. Магистратура мен докторантураға құжаттарды беру және түсу емтихандарын тапсыру үшін үміткер ақпараттық жүйеде жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) көмегімен тіркеуден өтеді.
Үміткерді тіркеу рәсімінен кейін жеке кабинет ақпараттық жүйеде автоматты түрде құрылады.";
"5-2. Ақпараттық жүйеде тіркелу кезінде үміткер құпиялылық саясатымен, пайдаланушы келісімімен танысуға, дербес деректерді жинауға және өңдеуге өзінің келісімін растауға және мынадай міндеттемелерді қабылдауға міндетті:";
"15. Академияның магистратурасына оқуға түсу үшін үміткерлер қабылдау комиссиясына ақпараттық жүйе арқылы мынадай құжаттарды:";
"16. Академияның докторантурасына оқуға түсу үшін үміткерлер цифрлық жүйе арқылы қабылдау комиссиясына:";
"18. Қабылдау комиссияның хатшысы ақпараттық жүйе арқылы үміткерлердің құжаттарын тексереді және осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарына сәйкес болған кезде баянат келіп түскен күні құжаттардың қабылданғанын растайды, сондай-ақ түсу емтихандарын тапсыруға рұқсат береді.
19. Үміткер осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған кезде қабылдау комиссиясының хатшысы ақпараттық жүйе арқылы тиісті негіздемемен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";
"Түсу емтиханын өткізу регламенті Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі және Академияның интернет-ресурсында және ақпараттық жүйеде орналастырылады.";
"Мамандық бойынша түсу емтихандары кешенді тестілеу (КТ) және кейістік тапсырмаларды шешу түрінде ақпараттық жүйе арқылы өткізіледі.";
"Академияның магистратурасына, докторантурасына мамандығы бойынша түсу емтиханын өткізу (түсу емтиханын өткізу күні, уақыты және орны) туралы ақпарат түсу емтиханы басталғанға дейін Академияның интернет-ресурсында және ақпараттық жүйеде орналастырылады.";
"Мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы Академия Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі және Академияның интернет-ресурсында, сондай-ақ ақпараттық жүйеде орналастырылады.";
"27. Түсу емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні Академияның ақпараттық жүйесінде және интернет-ресурсында жарияланады.";
"30. Магистратураға немесе докторантураға оқуға түсетін үміткер ақпараттық жүйе арқылы апелляциялық комиссия төрағасының атына түсу емтиханының нәтижелерi жарияланғаннан кейiнгі келесi күнгi сағат 13:00-ге дейiн апелляцияға өтiнiш береді және апелляциялық комиссия өтiнiшті берген күннен бастап бiр жұмыс күні iшiнде қарайды.";
"Білім беру бағдарламалары бойынша бос қабылдау орындары болған жағдайда қабылдау комиссиясы магистратураға арналған мамандық бойынша кіру емтихандарының қорытындысы бойынша кемінде 75 балл, докторантураға кемінде 80 балл жинаған және Академияның интернет-ресурсында және ақпараттық жүйесінде конкурстан өтпеген үміткерлер арасында конкурс жариялайды.";
"Бос қабылдау орындарын иеленуге арналған конкурсқа қатысушылардың тізімі үміткерлердің баянаттары негізінде цифрлық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.";
"36. Қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде Академия ректоры үміткерлерді магистратура және докторантура білім алушыларының санына қабылдау туралы бұйрық шығарады, ол Академияның интернет-ресурсында және ақпараттық жүйеде орналастырылады.".
|
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсу емтиханын тапсыруға арналған пәндер тізбесі
100-балдық бағалау жүйесінің шкаласы
Емтихан бөлімдері | Баллдар |
Кешенді тестілеу | 90 |
Кейістік тапсырма | 10 |
Барлығы | 100 |
Ескерту: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсу үшін 100-балдық бағалау жүйесінің шкаласы