ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он төртінші, он бесінші, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз үшінші абзацтарын, 2-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 3-тармағының алтыншы, жетінші, он бірінші және он екінші абзацтарын, 4-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
Тізбенің 1-тармағының жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"28. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";
Тізбеге 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ж. Сулейменова |
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 113-НҚ бұйрығына 1-қосымша |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару тәртібін айқындайды.";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) оқулықтар мен ОӘК сапасына мониторинг жүргізу – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесіне (бұдан әрі –Тізбе) енгізілген оқулықтар құрылымының, мазмұнының сапасын қадағалау, талдау, бағалау, оның нәтижелері бойынша өңдеу, қайта басып шығару немесе Тізбеден алып тастау жөнінде шешім қабылданады;";
23), 24), 25) және 26) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"23) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ, электронды нысанда қызметтерді алу және көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалармен іс-қимыл жасауда электронды құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының нысаны;
24) электрондық оқулық (бұдан әрі – ЭО) – МЖМБС, білім берудің белгілі бір деңгейінің үлгілік оқу бағдарламасына және Талаптарға сәйкес әзірленген қағаз оқулықты алмастыратын және мультимедиалық, интерактивті контент пен функциялары бар, нақты оқу пәнінің мазмұнын жүйелі және дәйекті түрде баяндайтын цифрлық объектідегі бағдарламалық өнім;
25) электрондық оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ЭОӘК) – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, білім берудің белгілі бір деңгейінің үлгілік оқу бағдарламасына және Талаптарға сәйкес әзірленген МБ ОӘК және (немесе) ОӘК-ні алмастыратын және мультимедиалық, интерактивті контент пен функциялары бар, ұйымдастырылған қызмет пен оқу пәнінің мазмұнын жүйелі және дәйекті түрде баяндайтын цифрлық объектідегі бағдарламалық өнім;
26) электрондық оқу құралы (бұдан әрі – ЭОҚ) – цифрлық объектіде орналастырылған, МЖМБС талаптарына, тиісті білім беру деңгейінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін интерактивті мультимедиалық оқыту бағдарламалары, бейнефильмдер, тренажерлер, виртуалды зертханалық жұмыстар, бақылау және бағалау материалдары нысанындағы цифрлық білім беру ресурстарының түрі.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін әзірлеуші және (немесе) баспа көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бекітілген "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу басылымдарына авторлар мен авторлық ұжымға сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 4-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – Тізбе) жолдайды:";
бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жеке басын куәландыратын құжаттар не цифрлық құжаттар сервисіндегі цифрлық құжаттар туралы мәліметтерді (жеке басын сәйкестендіру үшін) Мемлекеттік корпорация қызметкері "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды 4-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін, оның ішінде келіп түскен атаулардың, олардың баспа беті және минуттағы көлемінің баспа басшысының хатында көрсетілген деректерге сәйкестігін тексереді. Сараптамасы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін МБ ОӘК, оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысанда Тақырыптық жоспарға сәйкестігі бойынша тексеріледі.";
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, "цифрлық үкіметтің" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";
39-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ЭО, ЭОӘК мен ЭОҚ-ға функционалдық-технологиялық сараптама жүргізу үшін – көрсетілетін қызметті берушінің цифрлық технологиялар саласындағы маманы;";
61-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
1-қосымшаның 2.8-тармағына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
3-қосымша өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4 және 5-қосымшалар өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13288 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) білім беру ұйымдарының оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілу мониторингі – Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тiзбесiне (бұдан әрі – Тізбе) енген оқу басылымдарымен қамтамасыз ету (оқу әдебиеттерін мемлекеттік сатып алу қорытындылары, жеткізу жөніндегі шарт жасасуы, баспалардың жөнелтуі, тасымалдаушы ұйымдардың жеткізуі, баламалы оқулықтар арасынан мектептердің оқулықтар мен ОӘК-ді таңдау процесі, мектеп кітапханаларындағы кітап қорының жай-күйі туралы ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тарату);";
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) электрондық оқулық (бұдан әрі – ЭО) – МЖМБС, білім берудің белгілі бір деңгейінің үлгілік оқу бағдарламасына және Талаптарға сәйкес әзірленген қағаз оқулықты алмастыратын және мультимедиалық, интерактивті контент пен функциялары бар, нақты оқу пәнінің мазмұнын жүйелі және дәйекті түрде баяндайтын цифрлық объектідегі бағдарламалық өнім;
7) электрондық оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ЭОӘК) – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, білім берудің белгілі бір деңгейінің үлгілік оқу бағдарламасына және Талаптарға сәйкес әзірленген МБ ОӘК және (немесе) ОӘК-ні алмастыратын және мультимедиалық, интерактивті контент пен функциялары бар, ұйымдастырылған қызмет пен оқу пәнінің мазмұнын жүйелі және дәйекті түрде баяндайтын цифрлық объектідегі бағдарламалық өнім.";
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"15. ЭО мен ЭОӘК-ді бір кешен түрінде сатып алу электрондық оқу басылымына немесе цифрлық платформаға 1 оқу жылына жазылу арқылы жүзеге асырылады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. "Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – РҒП БМСО) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерімен бірлесе отырып, 1 маусым және 10 қыркүйек аралығында он күн сайынғы мониторингті жүргізеді, оның барысында жергілікті атқарушы органдар жеткізу және цифрлық платформаларға жазылу туралы, баспа – жөнелту туралы мәліметтерді ұсынып отырады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. РҒП БМСО мектеп кітапханаларының жай-күйіне және олардың оқулықтармен, ОӘК-мен, оның ішінде электрондық оқулықтармен, көркем, ғылыми-танымал және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен толықтырылу процесіне, цифрлық платформаларға жазылуына тұрақты түрде мониторингті жүзеге асырады және оның нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар жолдайды.".
3. "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27415 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарда:
12-тармақтың 11) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"11) оқу міндеттерін шешу үшін цифрлық технологияларды пайдалану;
12) кестелермен, карталармен, схемалармен, фотосуреттермен, графиктермен, диаграммалармен және цифрлық ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. Орта білім беру ұйымдары үшін оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнына қойылатын талаптар";
19-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"7) оқу тапсырмаларын орындауда цифрлық технологияларды пайдалану;
8) кестелермен, карталармен, схемалармен, графиктермен, диаграммалармен және цифрлық ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-параграф. Электрондық нысандағы орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарға және мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерге қойылатын талаптар";
21-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" және "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес онлайн-режимде электрондық оқулықтарды пайдаланатын педагогтердің, білім алушылардың және (немесе) ата-аналардың дербес деректерін қауіпсіз сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етуі;".
4. "Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 491 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31060 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларда:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен ОӘК таңдауы үшін баспалар жыл сайын "Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – РҒП БМСО) электрондық нысандағы оқулықтардың және ОӘК-нің таныстырылымды (көрсетуге) нұсқаларын ұсынады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидалары осы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Психологиялық қолдау орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37482 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Психологиялық қолдау орталықтары қызметінің қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Барлық сұраулар есепке алу журналдарында және (немесе) Орталықтардың цифрлық жүйелерінде тіркеледі.".
Өтініш (жеке және (немесе) заңды тұлғалар үшін)
___________ баспасы (оқу басылымының авторы (авторлық ұжым), әзірлеуші)
әзірлеген _____________ аталымдағы "______" оқу әдебиетіне сараптама жүргізуді
және қағаз оқулығының (орта білім беру деңгейінің жаңадан әзірленген оқулықтарын)
PDF форматындағы электрондық нұсқасының жалпы жұртшылыққа қолжетімді
болуын қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің ("Республикалық
ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны) интернет-ресурсына "Жоба"
белгісімен орналастыруды сұраймын.
Білім беру деңгейі _________________________________________________.
№ | Атауы | Санаты (оқулық, ОӘК) | Әзірлеу формасы (қағаз, электрондық) | Жаңадан әзірленген немесе қайта басылған | Оқу басылымының авторлары | Жас тобы (сынып немесе топ) | Әзірлеу тілі |
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін. __________________
(өтініш берушінің қолы)
20__ жылғы "___" "_________".
Көрсетілетін қызметті алушының қолы, мөр (заңды тұлға үшін) (болған жағдайда)
__________ Өтінішті беру күні 20__ жылғы "___" "__________".
Қабылдады: __________________________________________
(ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы)
"Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | жоқ |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Күнтізбелік 50 (елу) күн. |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдарына авторлар мен авторлық ұжымға сараптамалық қорытынды беру немесе дәлелді себептерді көрсетіп мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет ақылы (тегін) көрсетіледі. |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін; |
9. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Әзірлеуші және (немесе) баспа (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үшін) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды жібереді: |
10. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы анықталғанда; |
11. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет құжаттарын қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________;
2) ___________________________________.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данасы жасалды.
___________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес
акционерлік қоғамы қызметкерінің ТАӘ (ол болған жағдайда) ______________
(қолы)
Орындаушы: ________________________________________________
(ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы)
Телефоны: ____________________
Алдым: ___________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы)
20__ жылғы "___" " _________"
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 4-қосымша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 491 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:
1) цифрлық жүйе (бұдан әрі – ЦЖ) – педагогтердің баламалы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді (бұдан әрі – ОӘК), оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды таңдауы туралы ақпаратты сақтауға, іздеуге және өңдеуге арналған мемлекеттік цифрлық ресурс;
2) электрондық нысандағы оқулықтың және ОӘК-нің таныстырылымды (көрсетуге) нұсқасы – оқулықтың мұқабасы, шығару деректері, мазмұны және кемінде 30% оқу материалдары бар цифрлық көшірмесі.
2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен ОӘК таңдау тәртібі
3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен ОӘК таңдауы үшін баспалар жыл сайын "Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – РҒП БМСО) электрондық нысандағы оқулықтардың және ОӘК-нің таныстырылымды (көрсетуге) нұсқаларын ұсынады.
4. РҒП БМСО тізбе бекітілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде педагогтердің зерделеуі үшін өзінің веб-ресурсында оқулықтардың таныстырылымға (көрсетуге) арналған электрондық нысандағы нұсқаларын орналастырады, сондай-ақ бекітілген оқулықтар мен ОӘК туралы мәліметтерді ЦЖ-ға енгізеді.
5. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары ағымдағы жылы наурыз және сәуір айлары аралығында баспалармен бірлесе отырып, педагогтерге, әдістемелік бірлестіктердің басшылары мен мектептердің қамқоршылық кеңес мүшелеріне, ата-аналар мен оқушыларға арналған "Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулықтары" көрмесін (бұдан әрі – Көрме) ұйымдастырып, өткізеді. Көрмені өткізу кестесін РҒП БМСО жергілікті атқарушы органдармен және баспалармен келісе отырып әзірлейді.
6. Көрменің мақсаты педагогтер мен қоғамға жаңа оқу мектеп әдебиеттерімен, олардың ерекшеліктерімен және авторлық ұжымдармен танысуға мүмкіндік беру, білім беру ұйымдарының педагогтеріне оқулықтарды таңдауда алдын ала әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету болып табылады.
7. Оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды таңдау, оларды Тізбеге енгізгеннен кейін бір рет жүзеге асырылады.
8. 10 сәуірге дейінгі кезеңде білім беру ұйымдарының әдістемелік кеңестері әдістемелік бірлестіктер ұсынған оқулықтар мен ОӘК-ті талқылап, таңдалған оқулықтар мен ОӘК-пен қоса хаттама (еркін формада) құрастырады.
9. Белгілі бір пән бойынша оқулық болмаған жағдайды қоспағанда, ОӘК бөлек таңдалмайды. Білім беру ұйымының параллель сыныптарында бір пән бойынша бірдей оқулық пен ОӘК қолданылады.
10. 15 сәуірге дейін әдістемелік бірлестіктердің басшылары, сондай-ақ әдістемелік бірлестіктері жоқ ұйымдардың педагогтері ЦЖ-да оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды таңдау туралы белгі қояды және таңдалған оқулықтар мен ОӘК көрсетілген білім беру ұйымының әдістемелік кеңесінің хаттамасын (еркін формада) тіркейді.
11. Таңдалған оқулықтардың тізімі кейінгі жылдары сатып алуға негіз болып табылады.
12. Педагогтер таңдау жасағаннан кейін мемлекеттік білім беру ұйымының кітапханашысы 25 сәуірге дейін ЦЖ-да білім беру ұйымының білім алушылар санына сәйкес қажетті оқулықтар мен ОӘК санын көрсетеді.
13. 1 мамырға дейін аудандық (қалалық) білім бөлімінің жауапты маманы алдағы оқу жылына оқулықтар мен ОӘК қажеттілігінің толықтығын тексереді және білім беру ұйымдарының бөлінісінде өтінімді келісіп, ЦЖ арқылы облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармасына жолдайды.
14. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары білім алушылар контингенті мен қаржыландыру көлемін ескере отырып, оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды сатып алуға ЦЖ-ға қорытынды өтінімді қалыптастырады.
15. Мемлекеттік білім беру ұйымының кітапханашысы ЦЖ-да оқулықтар мен ОӘК алғаннан кейін келіп түскен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің нақты саны мен атауын толтырады.
16. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары ЦЖ арқылы өтінімдер бойынша алынған және жеткізілген оқулықтар мен ОӘК-ге талдау жасайды.
17. ЦЖ-да қалыптастырылған өтінімдерде таңдалған оқулықтар (атауы, баспасы, авторлары) өзгертуге жатпайды.
18. РҒП БМСО білім беру ұйымдарының тапсырыс берілген және алынған оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды сатып алуына ЦЖ арқылы мониторинг жүргізеді.
19. Білім беру ұйымдарына келіп түскен оқулықтар мен ОӘК-нің нақты таңдауына сәйкес келмейтіні анықталған кезде мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтері облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандық (қалалық) білім басқармаларына ескертулер, ұсыныстар және шағымдармен жүгіне алады.
Келіп түскен шағымдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралады.