БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28278 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларда:
6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін отандық шикізатқа жеңілдіктердің мөлшері
Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдер ерекше бәсекеге қабілетті баға белгілеу шарттарында жасалады, бірақ нақты отандық шикізат тауарын өндіруші шикізаттың осы түрінің экспортының ең төменгі бағасынан аспайды.
1) металлургия өнеркәсібі үшін:
баға белгілеу кезеңі – жеткізудің алдыңғы айындағы London Metal Exchange (Лондон металдар биржасы) жарияланатын ең жоғары және ең төменгі бағалардың орташа мәні айқындалатын соңғы айдың интервалында белгіленетін, күнтізбелік отыз күнге тең баға белгілеу кезеңі.
р/с №№ | Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды | Шикізаттың атауы | Шикізатқа жеңілдік мөлшері (аралық өнім үшін) | Шикізатқа жеңілдік мөлшері (түпкілікті өнім үшін) |
11 | 7601 | Өңделмеген алюминий | Лондон металл биржасының баға белгілеу кезеңіндегі бағасының 1% | Баға белгілеу кезеңіндегі London Metal Exchange бағасының 5% |
22 | 74 03 | Тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары | Лондон металл биржасының баға белгілеу кезеңіндегі бағасының 1% | Лондон металл биржасының баға белгілеу кезеңіндегі бағасының 5% |
33 | 78 01 | Өңделмеген қорғасын | Баға белгілеу кезеңіндегі Лондон металл биржасының бағасынан 40$ | Баға белгілеу кезеңіндегі Лондон металл биржасының бағасынан 40$ |
44 | 79 01 | Өңделмеген мырыш | Баға белгілеу кезеңіндегі Лондон металл биржасының бағасынан 5% | Баға белгілеу кезеңіндегі Лондон металл биржасының бағасынан 5% |
55 | 74 08 11 | Мыс катанкасы | Баға белгілеу кезеңіндегі London Metal Exchange бағасының 5%+қайта өңдеу сомасы (қайта өңдеу сомасы Келісім жасасу барысында айқындалады) | Баға белгілеу кезеңіндегі London Metal Exchange бағасының 5%+қайта өңдеу сомасы (қайта өңдеу сомасы Келісім жасасу барысында айқындалады) |
66 | 76 05 11 | Алюминий катанкасы | Баға белгілеу кезеңіндегі London Metal Exchange бағасының 5%+қайта өңдеу сомасы (қайта өңдеу сомасы Келісім жасасу барысында айқындалады) | Баға белгілеу кезеңіндегі London Metal Exchange бағасының 5%+қайта өңдеу сомасы (қайта өңдеу сомасы Келісім жасасу барысында айқындалады) |