ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп мыналар танылсын:
1) "Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33584 болып тіркелген);
2) "Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 175 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36150 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 215 Бұйрыққа 1-қосымша |
Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 24-бабы 67) тармақшасына сәйкес әзірленді және екі және одан да көп облыс (не олардың бөліктері), агломерациялар үшін аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін белгілейді.
2-тарау. Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі
2. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары (бұдан әрі – Өңіраралық схемалар) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзірленеді, екі және одан да көп облыстың (не олардың бөліктерінің), агломерациялардың аумақтарында өзара келісілген (біріктірілген) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне арналған және мыналарды:
1) аумақты аймақтарға бөлуді;
2) өңірлік және өңіраралық маңызы бар өндірістік күштерді, көліктік, инженерлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды жайғастыру және орналастыру жүйесін кешенді дамыту жөніндегі жобалау шешімдерін;
3) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және шаруашылық қызмет, ресурстармен қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жобалау шешімдерін;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерінен аумақтарды қорғау жөніндегі жобалау шешімдерін және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды;
5) оларды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды айқындай отырып, белсенді экономикалық даму аумақтарын қалыптастыру жөніндегі жобалау ұсыныстарын;
6) аумақты дамытудың өңіраралық схемасын әзірлеуге арналған тапсырмада белгіленетін өзге де ережелерді айқындайды.
3. Өңіраралық схемаларды әзірлеуді ұйымдастыруды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) бірігіп жүзеге асырады.
Мемлекеттік тапсырма шеңберінде өңіраралық схемаларды әзірлеу Кодекстің 69-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен жүзеге асырылады.
4. Тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобалауға арналған тапсырманы әзірлейді және бекітеді.
5. Өңіраралық схемаларды әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ тиісті ЖАО дайындайды және сұрау салу түскен күнен бастап он жұмыс күні ішінде әзірлеушіге (бас жобалаушыға) береді.
6. Тапсырыс беруші Өңіраралық схемалардың жобаларын кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткеннен кейін мүдделі мемлекеттік органдарға қарауға және келісуге жібереді.
7. Өңіраралық схеманың жобасы бекітілгенге дейін ол Кодекстің 24-бабының 12) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді.
8. Кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтпеген және оң қорытындыны алмаған Өңіраралық схемалар бекітуге жатпайды.
9. Өңіраралық схемаларды Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
10. Өңіраралық схеманың бекітілетін бөлігі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Өңіраралық схема жобасының негізгі ережелері, негізгі сызбасы және Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері болып табылады.
11. Бекітілген Өңіраралық схемаларды мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін векторлық түрде ұсыну Кодекстің 24-бабының 47) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпаратты және (немесе) мәліметтерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
| Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына |
|
| 1-қосымша |
Жобалауға арналған тапсырма
| БЕКІТЕМІН: (лауазымы, ұйым) ______________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)) ______________________ (қолы) ______________________ (күні) |
1. Қала құрылысы жобасының түрі
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
2. Тапсырыс беруші
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(толық және қысқартылған атауы)
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
3. Жобалау ұйымы (орындаушы)
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(толық және қысқартылған атауы)
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
4. Жобалау үшін негіздеме
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
5. Қала құрылысын жоспарлау объектісі
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
6. Жобалау кезеңдері бойынша ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына және нысанына қойылатын негізгі талаптар, жұмыстарды орындау реті мен мерзімдері
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
7. Жобалау үшін бастапқы ақпараттың құрамы, орындаушылары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
8. Қала құрылысы жобасының осы түрін келісетін уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың тізбесі
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
9. Өзге талаптар мен шарттар: орындаушыдан
________________________________________________________________________________
(лауазымы, ұйым)
____________________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда))
____________________________________________________________________________
(күні)
сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті (немесе жергілікті атқарушы) органдардан
________________________________________________________________________________
(лауазымы, ұйым)
____________________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), (күні)
өзге келісуші ұйымдардан
_______________________________________________________________________________
(толық атауы) (лауазымы, ұйым)
____________________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда))
___________________________________________________________________________
(күні)
Ескертпе: Тапсырманың мазмұны қала құрылысы құжаттамасының жекелеген түрлерін және қала құрылысын жоспарлау мен құрылыс салу объектісінің ерекшелігін әзірлеуге қойылатын талаптарға сәйкес нақтыланады.
| Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына 2-қосымша |
Аумақты дамытудың өңіраралық схемасы жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Р/с № | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Қазіргі жағдайы | Бірінші кезең |
Есептік | Болжамды кезең |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Аумақ | |||||
1) | Барлығы | мың гектар | ||||
оның ішінде: | ||||||
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер | мың гектар/% | |||||
елді мекендердің жерлері, оның ішінде: | ||||||
қалалық | мың гектар/% | |||||
ауылдық | мың гектар/% | |||||
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | мың гектар/% | |||||
ерекше қорғалатын аумақтардың жері | мың гектар/% | |||||
сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер | мың гектар/% | |||||
орман қорының жері | мың гектар/% | |||||
су қорының жері | мың гектар/% | |||||
босалқы жер | мың гектар/% | |||||
2 | Халық | |||||
1) | Барлығы | мың адам | ||||
оның ішінде: | ||||||
қала халқының саны | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
ауыл халқының саны | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
2) | Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштері: | |||||
туылғандар саны | мың адам | |||||
қайтыс болғандар саны | мың адам | |||||
өсуі/кемуі | мың адам | |||||
3) | Халықтың көші-қон көрсеткіштері: | |||||
келгендер саны | мың адам | |||||
кеткендер саны | мың адам | |||||
өсуі/кемуі | мың адам | |||||
4) | Қалалар санынан, барлығы | бірлік | ||||
ірі (есептік саны 501,0 мың адамнан асатын) | бірлік | |||||
үлкен (халықтың есептік саны 101,0-ден 500,0 мың адамға дейін) | бірлік | |||||
орташа (халықтың есептік саны 51,0-ден 100,0 мың адамға дейін) | бірлік | |||||
шағын (халықтың есептік саны 50,0 мың адамға дейін) | бірлік | |||||
5) | Кенттер | бірлік | ||||
6) | Ауылдар | бірлік | ||||
7) | Халықтың тығыздығы | мың адам/1 километр2 | ||||
8) | Халықтың жас құрылымы: | |||||
15 жасқа дейінгі балалар | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
еңбекке қабілетті жастағы халық | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
еңбекке қабілетті жастан асқан халық | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
9) | Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылған халық | мың адам/жұмыспен қамтылған халық санының % | ||||
оның ішінде: | ||||||
өнеркәсіп | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
құрылыс | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
ауыл шаруашылығы | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
білім | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
өзгелері | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
3 | Экономикалық әлеует | |||||
1) | Өнеркәсіп өндірісінің көлемі | миллиард теңге | ||||
2) | Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі | миллиард теңге | ||||
4 | Тұрғын үй қоры | |||||
1) | Барлығы | жалпы ауданның мың метр2, % | ||||
оның ішінде: | ||||||
қалалық елді мекендерде | жалпы ауданның мың метр2, % | |||||
ауылдық елді мекендерде | жалпы ауданның мың метр2, % | |||||
2) | Халықтың тұрғын үйдің жалпы ауданымен қамтамасыз етілуі: | метр2/адам | ||||
қалалық елді мекендерде | метр2/адам | |||||
ауылдық елді мекендерде | метр2/адам | |||||
5 | Халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері | |||||
1) | Мектепке дейінгі, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары | тиісті бірліктер | ||||
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары | бірлік/оқушылар | |||||
Күндізгі жалпы білім беретін мектептер | бірлік/мың орын | |||||
Мектепке дейінгі ұйымдар | бірлік/мың орын | |||||
2) | Мәдениет және өнер ұйымдары: | тиісті бірліктер | ||||
оның ішінде: | ||||||
театрлар | бірлік/орын | |||||
кинотеатрлар | бірлік/орын | |||||
кітапханалар | бірлік/мың том | |||||
клуб типіндегі ұйымдар | бірлік/орын | |||||
3) | Денсаулық сақтау ұйымдары (ауруханалар, емханалар, перзентханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және басқа да медициналық пунктер): | тиісті бірліктер | ||||
оның ішінде: | ||||||
Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар | төсек | |||||
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар | ауысымға келу | |||||
4) | Шипажай-курорт мақсатындағы, демалыс және туристік (шипажайлар, пансионаттар, демалыс үйлері, лагерь және басқалары) объектілер | төсек-орын | ||||
5) | Әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдары | |||||
оның ішінде: | ||||||
Медициналық-әлеуметтік мекемелер |
| |||||
Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелер |
| |||||
Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі балаларға арналған (оның ішінде психоневрологиялық патологиялары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған) ұйымдар | бірлік/орын | |||||
6 | Көлік инфрақұрылымы | |||||
1) | Теміржол қатынастарының ұзындығы | километр | ||||
2) | Кепілді тереңдігі бар кеме жүзетін өзен жолдарының ұзындығы | километр | ||||
3) | Автомобиль жолдарының ұзындығы, барлығы | километр | ||||
оның ішінде: | ||||||
республикалық маңызы бар (халықаралық маңызы бар) | километр | |||||
облыстық маңызы бар | километр | |||||
аудандық маңызы бар | километр | |||||
4) | Газ құбырларының ұзындығы | километр | ||||
5) | Мұнай құбырларының ұзындығы | километр | ||||
6) | Көлік желісінің тығыздығы: | километр/100 километр2 | ||||
теміржол | километр/100 километр2 | |||||
автомобиль | километр/100 километр2 | |||||
7) | Әуежайлар | тиісті бірліктер | ||||
оның ішінде: | ||||||
халықаралық маңызы бар | тиісті бірліктер | |||||
мемлекеттік (ұлттық) | тиісті бірліктер | |||||
жергілікті | тиісті бірліктер | |||||
7 | Инженерлік инфрақұрылым | |||||
1) | Сумен жабдықтау: | |||||
Жерасты көздерінің ресурстары | миллион метр3 | |||||
Жерүсті көздерінің ресурстары | мың метр3 | |||||
Су тұтыну - барлығы | мың метр3/тәулігіне | |||||
оның ішінде: | ||||||
шаруашылық-ауызсу қажеттілігіне | мың метр3/тәулігіне | |||||
өнеркәсіптік қажеттіліктерге | мың метр3/тәулігіне | |||||
ауыл шаруашылығы қажеттілігіне | мың метр3/тәулігіне | |||||
1 адамға орташа тәуліктік су тұтыну | литр/тәулігіне бір адамға | |||||
Су бұру-барлығы: | миллион метр3/жылына | |||||
су объектілеріне | миллион метр3/жылына | |||||
2) | Электрмен жабдықтау: | |||||
Белгіленген қуаты, барлығы | мегаватт | |||||
оның ішінде: | ||||||
гидроэлектр станциялар | % | |||||
жылу электр станциялары | % | |||||
атом электр станциялары | % | |||||
жаңартылатын энергия көздері | % | |||||
Есептік қажеттілік: | миллион киловатт/сағатына | |||||
оның ішінде: | ||||||
коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер | миллион киловатт/сағатына | |||||
өндірістік қажеттіліктер | миллион киловатт/сағатына | |||||
Кернеуі 35 киловольт және одан жоғары электр беру желілерінің ұзындығы | километр | |||||
3) | Жылумен жабдықтау: | |||||
Белгіленген қуаты | мың гигакалория/сағатына | |||||
Есептік қажеттілік: | миллион гигакалория | |||||
4) | Газбен жабдықтау: | |||||
Есептік қажеттілік: | миллион метр3/жыл | |||||
оның ішінде: | ||||||
коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер | миллион метр3/жыл | |||||
өндірістік қажеттіліктер | миллион метр3/жыл | |||||
5) | Байланыс | |||||
Интернетті пайдаланушылар саны | % | |||||
8 | Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану | |||||
1) | Атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары елді мекендер саны | бірлік | ||||
2) | Ластаушы заттардың нормативтік шығарындыларының көлемі | мың тонна/жыл | ||||
3) | Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жаратудың олардың түзілуіне үлесі | % | ||||
4) | Ластаушы заттардың нормативтік төгінділерінің көлемі | мың тонна/жыл | ||||
5) | Аумақтың ормандылығы | % | ||||
6) | Өңірдің жалпы алаңына қарағанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үлесі | % | ||||
9 | Өрт сөндіру депосының ғимараттары | депо/автомобильдер саны | ||||