ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидалары, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ банктің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, уәкілетті органның қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет – ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мына:
қағидалардың 2-тармағының бірінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтың мынадай редакцияда қолданылатынын:
"2. Кредитор шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей қарыз алушыны шартта көзделген тәсілмен және мерзімде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы мыналар туралы:";
қағидалардың 3-тармағы бірінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде осы бөліктің мынадай редакцияда қолданылатынын:
"3. Банктер туралы заңның 61-бабының 2-тармағында және Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдер ішінде қарыз алушы кредит берген кредиторға жазбаша нысанда және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы және (немесе) шартта көзделген өзге де тәсілмен, Банктер туралы заңның 61-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларына және Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларына сәйкес шарттың талаптарын өзгерту туралы ұсыныспен жүгінеді.";
қағидалардың 7-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтың мынадай редакцияда қолданылатынын:
"7. Кредитор өтінішті және қарыз алушы ұсынған құжаттарды алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарыз алушы ұсынған шарттың талаптарына өзгерістерді қарайды және Банктер туралы заңның 61-бабының 3-тармағына, Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 3-тармағына сәйкес, қарыз алушыны жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не шартта көзделген тәсілмен мынадай шешімдердің бірі туралы хабардар етеді:";
Қағидалардың 11-тармағы бірінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде осы бөліктің мынадай редакцияда қолданылатынын:
"11. Қағидалардың мақсаттары үшін қарыз алушыны шарт талаптарын өзгерту үшін кредиторға жүгіну мүмкіндігі туралы хабардар ету (бұдан әрі - хабарлама), сондай-ақ қарыз алушының өтінішіне кредитордың жауабы жазбаша нысанда және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы және (немесе) шартта көзделген өзге де тәсілмен жіберіледі.";
қағидалардың 28-тармағының бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде осы бөліктердің мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын:
"28. Кредитор кредиттік бюродан мерзімді әскери қызметке шақырылған қарыз алушылар (бұдан әрі – қарыз алушы – әскери қызметші) бойынша мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде кредит бойынша сыйақы есептемей, мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге шарт бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру (бұдан әрі – төлемдерді кейінге қалдыру) береді, бұл туралы қарыз алушы – әскери қызметшіні жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не шартта көзделген тәсілмен хабардар етеді.";
"Төлемдерді кейінге қалдырудан бас тартқан кезде қарыз алушы – әскери қызметші (қарыз алушы – әскери қызметшінің мүддесіне сенімхат бойынша әрекет ететін үшінші тұлға) кредитордың хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде жазбаша нысанда не ақпараттандыру объектілері арқылы не шартта көзделген тәсілмен бас тарту туралы өтініш жібереді. Кредитор осы өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарыз алушыны шартта көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы төлемдерді кейінге қалдырудың күшін жою және кредит бойынша сыйақыны есептеуді қайта бастау туралы хабардар етеді.
Қарыз алушы – әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін мерзімді әскери қызметтен босатылған кезде кредитор оны әскери бөлімнің тізімдерінен шығарған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң төлемдерді кейінге қалдыруды тоқтатады және кредит бойынша сыйақыны есептеуді қайта бастайды, бұл туралы оны жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері не шартта көзделген тәсілмен хабардар етеді.".
2026 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 1 қаңтар аралығы кезеңінде Қағидалардың 14, 16, 18 және 19-тармақтары мынадай редакцияда қолданылады:
"14. Қарыз алушыда екі және одан да көп кредиторлар алдында мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кредиттер бойынша, сондай-ақ шарт бойынша құқықтары (талаптары) берілген коллекторлық агенттіктер алдында мерзімі өткен берешегі болған кезде және қарыз алушыда мүлік кепілімен қамтамасыз етілген өзге де кредиттері болмаған кезде қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу үшін банк омбудсманы және микроқаржы омбудсманы жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы (бұдан әрі - платформа) арқылы электрондық нысанда жүгінуге құқылы:
1) банк омбудсманына – тек банктік қарыздар бойынша берешек болған кезде;
2) микроқаржы омбудсманына – тек микрокредиттер бойынша берешек болған кезде;
3) банк омбудсманына не микроқаржы омбудсманына – банк омбудсманы және микроқаржы омбудсмандары бірлесіп ұжымдық реттеу рәсімін кейіннен жүзеге асыра отырып, бір мезгілде банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешегі болған кезде.
Шарттар талаптарының өзгерістерін келісуді және берешекті өтеу кестесін қалыптастыруды қоса алғанда, берешекті ұжымдық реттеу рәсімін қарыз алушының кредиторларының қатысуымен банк омбудсманы және (немесе) микроқаржы омбудсманы өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.";
"16. Банк омбудсманы, микроқаржы омбудсманы өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
қарыз алушының берешекті ұжымдық реттеу рәсімін қолдану шарттарына сәйкестігін тексереді;
сәйкес болған жағдайда ұжымдық реттеу туралы өтінішті қарауға қабылдайды және берешекті ұжымдық реттеу рәсіміне бастамашылық етеді;
сәйкес келмеген жағдайда себептерін көрсете отырып, платформа арқылы рәсімді қолданудан бас тарту туралы қарыз алушыны хабардар етеді.";
"18. Берешекті ұжымдық реттеу рәсімінің басталғаны туралы хабарлама алған кредиторлар 5 (бес) жұмыс күні ішінде шарт талаптарын өзгерту жөнінде ұсыныстар қалыптастырады және банк омбудсманына, микроқаржы омбудсманына жібереді.
19. Банк омбудсманы, микроқаржы омбудсманы барлық кредиторлардан ақпарат алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде платформа арқылы қарыз алушыға берешекті реттеу шарттары туралы хабарлайды.
Қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеудің ұсынылған шарттарымен келіспеген немесе 2 (екі) жұмыс күні ішінде берешекті ұжымдық реттеу шарттары бойынша кредиторлар мен қарыз алушы арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде осындай мән-жайлар болған жағдайда қарыз алушыға берешекті ұжымдық реттеуден бас тарту туралы хабарлама жіберіледі, сондай-ақ оның берешекті жеке тәртіппен қайта құрылымдау туралы мәселені қарау үшін әрбір кредиторға жеке жүгіну құқығы түсіндіріледі.".
Тоқтата тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып, Қағидалардың 13-тармағының қолданылуы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
"13. Кредитор Қағидалардың 7-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, сондай-ақ Қағидалардың 8-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген мерзімде кредитор мен қарыз алушы арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде, кредитор қарыз алушыны жазбаша нысанда және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген өзге де тәсілмен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес кредит бойынша берешекті сотқа дейін реттеу мақсатында қарыз алушының үш ай ішінде банк омбудсманына, микроқаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабардар етеді.".
Тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып, Қағидаларға 2-қосымшаның үшінші абзацының қолданылуы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
"Сіздің жолданымыңызды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз дауды қарау үшін осы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде банк омбудсманына, микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылысыз. Жолданымды _______________ ("Жолданым беру" бөлімі) интернет-ресурсы арқылы беруге болады. Байланыс нөмірлері: _______________ (WhatsApp).".
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 83 қаулысымен Бекітілген |
Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидалары, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ банктің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидалары, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы жолданымына қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ банктің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы жолданымдарын қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 61-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң) 9-2-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және банктің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы қарыз алушы жеке тұлғалардың (бұдан әрі – қарыз алушы) өтініштерін (бұдан әрі – өтініш) қарауының бірыңғай тәртібін, өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтініштерді қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібін айқындайды.
Қағидаларда белгіленген талаптар банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі -банк), микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – микроқаржы ұйымдары), сондай-ақ Банктер туралы заңның 63-бабының 1-тармағында, Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтары (талаптары) берілген адамдарға қолданылады.
Қағидаларда Банктер туралы заңда және Микроқаржылық қызмет туралы заңда көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
1) берешек – негізгі борыштың қалдығын, есептелген, бірақ төленбеген сыйақыны, қарыз алушы жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шартында, микрокредит беру туралы шартта көзделген тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), сондай-ақ банктік қарыз шарты бойынша комиссиялар мен өзге де төлемдерді қамтитын банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша борыш сомасы;
2) берешекті ұжымдық реттеу – қарыз алушы Қағидаларда белгіленген талаптарға бір мезгілде сәйкес келген кезде қолданылатын және қарыз алушының барлық кредиторының берешекті реттеуге қатысуын көздейтін шарттар бойынша құқықтары (талаптары) берілген коллекторлық агенттіктерді қоса алғанда, екі және одан да көп кредитор алдындағы мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кредиттері бойынша берешегі бар қарыз алушының мерзімі өткен берешегін сотқа дейін реттеу рәсімі;
3) кредит – банктік қарыз, микрокредит;
4) кредитор – банк, микроқаржы ұйымы, шарт бойынша талап ету құқығы берілген тұлғалар;
5) шарт – банкпен, микроқаржы ұйымымен жасалған банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт.
2-тарау. Өтінішті және берешекті ұжымдық реттеу туралы өтінішті қарау тәртібі
2. Кредитор шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімі өткен кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей қарыз алушыны шартта көзделген тәсілмен және мерзімдерде, сондай-ақ цифрлық объектілер арқылы:
1) шарт бойынша мерзімі өткен төлемдердің хабарламада көрсетілген күндегі жағдай бойынша мөлшері;
2) шарт бойынша мерзімі өткен төлемдерді хабарламада көрсетілген мерзімде енгізу қажеттілігі;
3) қарыз алушының шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен кредиторға жүгіну құқығы;
4) қарыз алушы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары жөнінде хабардар етеді.
3. Банктер туралы заңның 61-бабының 2-тармағында және Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдер ішінде қарыз алушы кредит берген кредиторға жазбаша нысанда және (немесе) цифрлық объектілер арқылы және (немесе) шартта көзделген өзге де тәсілмен Банктер туралы заңның 61-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларына және Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес шарттың талаптарын өзгерту туралы ұсыныспен жүгінеді.
Өтінішке міндеттемені орындау мерзімін өткізудің туындауына әкеп соққан мән-жайларды, кірістер туралы мәліметтерді және шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен өтінішті беруді негіздейтін басқа да мән-жайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өтінішті қарау және шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындауына әкеп соққан мән-жайларды растау үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада (бұдан әрі – Құжаттар тізбесі) белгіленген.
Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар санатына жататын қарыз алушының өтінішін қарау және шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімін өткізіп алудың туындауына әкеп соққан мән-жайларды растау мақсаттары үшін жолданымға мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) мүгедектігі туралы анықтама;
2) жалақы мөлшерін көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама (еңбек қатынастары болған кезде).
Банктер туралы заңның 61-бабының 2-тармағында, Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін заңды күшіне енген сот актісі, шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушы жазба, татуласу туралы келісім немесе шарт бойынша берешекті реттеу үшін жасалған медиация тәртібімен дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім не шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы орындау үшін сот актісі болмаған кезде кредитор өтінішті қарауға тиіс.
Шарт бойынша құқық (талап) берілген жағдайда өтініш шарт бойынша құқықтар (талаптар) өткен тұлғаға беріледі.
4. Өтінішті кредитор қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға және қарауға тиіс.
5. Кредитор өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және қажет болған кезде Құжаттар тізбесіне сәйкес өтінішті қарау үшін қажетті, міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуінің туындау себептерін растайтын жетіспейтін құжаттарды, ағымдағы кірістер туралы мәліметтерді және өтініш беруге негіз болған мән-жайларды осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген оларды ұсыну мерзімін көрсете отырып сұратады, сондай-ақ, көрсетілген мерзімде құжаттар ұсынылмаған жағдайда қарыз алушыны өтінішті қараусыз қалдыру туралы хабардар етеді.
Қарыз алушы сұратылған құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.
6. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін есептеу кезінде шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарау кезінде банк "Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36722 болып тіркелген), микроқаржы ұйымы "Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген) талаптарын басшылыққа алады.
7. Кредитор өтінішті және қарыз алушы ұсынған құжаттарды алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарыз алушының шарт талаптарына ұсынған өзгерістерін қарайды және Банктер туралы заңның 61-бабының 3-тармағына, Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 3-тармағына сәйкес қарыз алушыны жазбаша нысанда, сондай-ақ цифрлық объектілер арқылы не шартта көзделген тәсілмен мынадай шешімдердің бірі туралы:
1) шарт талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы;
2) шарт талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныс туралы;
3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы хабарлайды.
Қарыз алушыда кредитормен бірнеше шарт болған кезде өтінішті қарау және шешім қабылдау әрбір шарт бойынша жеке жүзеге асырылады.
8. Қарыз алушының өтініші бойынша кредитордың шешімін кредитор қарыз алушының борыш жүктемесін төмендетуді қамтамасыз ететін талаптармен жеке тұлғалардың кредиттерін қайта құрылымдау жөніндегі кредиттік шешімдер қабылдау жөніндегі кредитордың ішкі тәртібіне сәйкес қарыз алушы шарттың ағымдағы талаптары бойынша міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан мән-жайларды құжаттамалық растаған кезде оның әлеуметтік және қаржылық жағдайын ескере отырып қабылдайды.
Кредитор мен қарыз алушы арасында шарт талаптарын өзгерту туралы келісімге қол жеткізген кезде мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі кредитор тиісті шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды. Көрсетілген мерзім кредиторға байланысты емес себептер бойынша өзгерістер енгізуге кедергі келтіретін жағдайларда қолданылмайды және олар жойылғанға дейін ұзартылуы мүмкін.
Кредитор шарттың талаптарын өзгерту жөнінде қарсы ұсыныстар жіберген жағдайда қарыз алушының жауап беру мерзімі кредитордың хатында көрсетіледі және қарыз алушы кредитордың тиісті шешімін алған күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.
Қарыз алушы осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген кредитордың шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде кредитор мен қарыз алушының арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеу шарт талаптарын өзгертуден бас тарту болып саналады. Бұл мерзім екі тараптың келісімі болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.
Қарыз алушы кредитордың шарт талаптарын өзгерту жөніндегі ұсыныстарымен келіскен жағдайда, мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі кредитор қарыз алушының жауабын алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.
9. Банктер туралы заңның 61-бабының 2-тармағында және Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында көзделген өтінішті қарау кезеңінде кредитор шарт бойынша мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеуді талап етпейді, сондай-ақ нотариустың атқарушылық жазба жасағаны туралы өтінішті не берешекті өндіріп алу туралы сотқа талап-арызды беру жөніндегі іс-шараларды тоқтата тұрады.
Кредиторды хабардар еткен кезде мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін қарыз алушының бастамасымен өтеуге жол беріледі.
10. Кредитор:
1) Банктер туралы заңның 61-бабының 5-тармағында және (немесе) Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 3-2-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-тармағына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын;
2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушы Банктер туралы заңның 61-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және (немесе) 4) тармақшасында және (немесе) Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және (немесе) 3) тармақшасында көзделген шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініш берген кезде шарт бойынша комиссияларды және (немесе) өзге де төлемдерді төлеуді талап етпестен, кемінде үш ай мерзімге шарт талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қабылдайды.
11. Қағидалардың мақсаттары үшін қарыз алушының шарт талаптарын өзгерту үшін кредиторға жүгіну мүмкіндігі туралы хабарламасы (бұдан әрі – хабарлама), сондай-ақ кредитордың қарыз алушының өтінішіне берген жауабы жазбаша нысанда және (немесе) цифрлық объектілер арқылы және (немесе) шартта көзделген өзге де тәсілмен жіберіледі.
Хабарлама мен жауап олар:
Қағидалардың мақсаттары үшін қарыз алушыны шарт талаптарын өзгерту үшін кредиторға жүгіну мүмкіндігі туралы хабарлау (бұдан әрі – хабарлама), сондай-ақ кредитордың қарыз алушының өтінішіне берген жауабы, егер олар Банктер туралы заңның 61-бабының 3-тармағында, Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 3-тармағында белгіленген тәсілмен:
шартта не өтініште көрсетілген тұрғылықты жері бойынша тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, оның ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тұратын қарыз алушының кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі алған;
шартта не қарыз алушының өтінішінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
қарыз алушыға хабарламаның немесе жауаптың толық мәтіні бар, жауаппен не интернет-ресурсқа сілтеме жасай отырып, мәтіндік SMS-хабар немесе push-хабарлама жіберу жолымен;
қарыз алушының хабарламаны немесе жауапты алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін, шартта көзделген өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберілсе, жеткізілген болып есептеледі.
Қарыз алушы кредиторға келген кезде қарыз алушының өтінішіне жауап қолын қойғызып, қарыз алушының жеке қолына тапсырылады, бұл туралы осы тармақта көзделген тәсілдермен жеткізілген жауапты қоспағанда, жазбаша жолданымдарды тіркеу журналында белгі қойылады.
Адресатқа, алушыға тапсырудың мүмкін еместігі туралы не оны қабылдаудан бас тартуға байланысты белгі бар хабарлама немесе жауап қайтарылған жағдайда, хабарлама мен жауап тиісті түрде берілген болып есептеледі.
12. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап жиырма төрт ай ішінде қарыз алушы кредит бойынша берешегін өтей алатын, оның ішінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), комиссиялардың және банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдердің толық күшін жоятын тараптар үшін өзара қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін берешекті реттеу жөніндегі рәсім жүзеге асырылмаған кезде коллекторлық агенттікке құқықты (талаптарды) беруге жол берілмейді.
13. Кредитор осы Қағидалардың 7-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 8-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген мерзімде кредитор мен қарыз алушы арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде кредитор қарыз алушыны жазбаша нысанда және (немесе) шартта көзделген өзге де тәсілмен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес кредит бойынша берешекті сотқа дейінгі реттеу мақсатында үш ай ішінде қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарлайды.
Осы тармақтың талаптары ломбардтар мен кредиттiк серiктестiктерге қолданылмайды.
14. Қарыз алушының мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кредиттер бойынша екі және одан да көп кредитордың алдында мерзімі өткен берешегі болған кезде және қарыз алушының мүлік кепілімен қамтамасыз етілген өзге де кредиттері болмаған кезде қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу үшін қаржы омбудсманы қызметінің жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы (бұдан әрі – платформа) арқылы электрондық нысанда жүгінуге құқылы.
Шарттар талаптарының өзгерістерін келісуді және өтеу кестесін қалыптастыруды қоса алғанда, берешекті ұжымдық реттеу рәсімін қарыз алушының кредиторларының қатысуымен қаржы омбудсманы жүзеге асырады.
15. Қарыз алушы тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның жеке сәйкестендіру нөмірін қамтитын берешекті ұжымдық реттеу туралы өтініш береді.
Ұжымдық реттеу туралы өтінішке қарыз алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес ұсынылған дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісімі қоса беріледі.
Қарыз алушының қалауы бойынша өтінішке міндеттемелерді орындаудың кешіктірілуінің туындауына әкеп соққан мән-жайларды, кірістер туралы мәліметтерді және берешекті ұжымдық реттеу рәсімін жүргізу туралы өтініш беруге негіз болған мән-жайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.
16. Қаржы омбудсманы берешекті ұжымдық реттеу туралы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
қарыз алушының берешекті ұжымдық реттеу рәсімін қолдану шарттарына сәйкестігін тексереді;
сәйкес болған жағдайда берешекті ұжымдық реттеу туралы өтінішті қарауға қабылдайды және берешекті ұжымдық реттеу рәсіміне бастамашылық жасайды;
сәйкес келмеген жағдайда себептерін көрсете отырып, платформа арқылы қарыз алушыға рәсімді қолданудан бас тарту туралы хабарлайды.
17. Банктер туралы заңның 61-бабының 9-тармағына және Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 4-1-тармағына сәйкес реттеуге жататын берешек өлшемшарттары:
1) мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша екі және одан да көп кредиторлар (ломбардтарды қоспағанда) алдындағы мерзімі өткен берешек қатарынан күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асады;
2) қарыз алушының берешегі берешекті ұжымдық реттеу туралы өтініш беру алдындағы 12 (он екі) ай ішінде ұжымдық реттеу рәсімінің нысанасы болып табылмады;
3) қарыз алушыға қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығын қолдану туралы қозғалған істің болмауы болып табылады.
Берешекті ұжымдық реттеу рәсіміне қатысушылар болып табылатын кредиторлардың талаптары бойынша берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актілерінің не нотариустың атқарушылық жазбаларының, сондай-ақ олардың негізінде қозғалған атқарушылық істің болуы қарыз алушының атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарын төлеген және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеген кезде оны көрсетілген рәсімге жіберуге кедергі болмайды.
18. Берешекті ұжымдық реттеу рәсімінің басталғаны туралы хабарлама алған кредиторлар 5 (бес) жұмыс күні ішінде шарт талаптарын өзгерту жөнінде ұсыныстар қалыптастырады және қаржы омбудсманына жібереді.
19. Қаржы омбудсманы барлық кредиторлардан ақпарат алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде платформа арқылы қарыз алушыға берешекті реттеу шарттары туралы хабарлайды.
Қарыз алушының берешекті ұжымдық реттеудің ұсынылған шарттарымен келіспеуі немесе берешекті ұжымдық реттеу шарттары бойынша кредиторлар мен қарыз алушы арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеу берешекті ұжымдық реттеуден бас тарту болып саналады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы омбудсманы қарыз алушыны берешекті ұжымдық реттеуден бас тарту туралы хабардар етеді және берешекті жеке тәртіппен қайта құрылымдау туралы мәселені қарау үшін оның әрбір кредиторға жеке жүгіну құқығын түсіндіреді.
20. Берешекті реттеу туралы келісім не берешекті ұжымдық реттеу рәсімі шеңберінде шарттардың талаптарына өзгерістер енгізу туралы келісім жасалған жағдайда кредиторлар:
нотариустың атқарушылық жазба жасағаны туралы өтініштерді, сондай-ақ берешекті өндіріп алу туралы сотқа талап-арыздар беру жөніндегі іс-шараларды тоқтата тұрады;
көрсетілген келісім жасалған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде реттелген берешекті өндіріп алуға қатысты бұрын қойылған төлем талаптарын кері қайтарып алу жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ, егер мұндай рәсімдер ұжымдық реттеу рәсімі басталғанға дейін басталған болса, реттелген берешекті өндіріп алудың Банктер туралы заңның 63-бабында және Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 5-тармағында көзделген рәсімдерін тоқтатады.
21. Кредитор шарт бойынша берешекті сот тәртібімен мәжбүрлеп өндіріп алу туралы талаппен жүгінгенге, нотариустың атқарушылық жазбасын жасауға бастамашылық жасағанға, сондай-ақ коллекторлық агенттік болып табылмайтын үшінші тұлғаға шарт бойынша құқық (талап ету) берілгенге дейін қарыз алушыға осы Қағидаларда көзделген берешекті сотқа дейін реттеу рәсімдерін іске асыруды қамтамасыз етеді.
Шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруге берешекті сотқа дейін реттеу рәсімі аяқталғаннан кейін, оның ішінде:
1) кредитордың қарыз алушының шарт талаптарын өзгерту туралы өтінішін қарағаннан және ол бойынша Қағидаларда белгіленген тәртіппен шешім қабылдағаннан кейін;
2) берешекті ұжымдық реттеу үшін негіздер болған жағдайда – қарыз алушыға осындай рәсімді қолдану үшін жүгіну мүмкіндігі берілгеннен және оны қолдану туралы мәселені қарау аяқталғаннан кейін жол беріледі.
3-тарау. Жеке тұлғалардың кредиттерін қайта құрылымдау және уәкілетті органды ақпараттандыру бойынша шешім қабылдаудың ішкі тәртібіне қойылатын талаптар
22. Кредитордың шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдауы кредитордың басқару органы бекітетін жеке тұлғалардың кредиттерін қайта құрылымдау жөніндегі кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібіне (бұдан әрі – ішкі тәртіп) сәйкес жүзеге асырылады.
23. Кредитордың ішкі тәртібі мыналарды, оның ішінде:
1) шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдау процесіне қатысатын кредитордың лауазымды адамдарының, бөлімшелері мен қызметкерлерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
2) қарыз алушының шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау барысында кредитор қызметкерлерінің қарыз алушымен және (немесе) оның өкілімен әдеп стандарттары мен іс-қимыл нормаларын;
3) қайта құрылымдау шараларын қабылдау мақсатында қарыз алушыларды санаттарға бөлуді және ағымдағы жағдайда шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмауына әкелген мән-жайларды;
4) Құжаттар тізбесіне сәйкес қарыз алушының санатына және шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың мүмкін болмауына әкелген мән-жайларға байланысты айқындалатын қарыз алушының өтінішін қарау үшін қажетті құжаттардың тізбесін;
5) қарыз алушының санатын, шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың мүмкін болмауына әкелген мән-жайларды, оның қаржылық жағдайын және берешекті одан әрі ұлғайту тәуекелін ескере отырып, қайта құрылымдау шараларын қолдануға жол беру мен орындылығын бағалау тәсілдерін көздейтін шарт талаптарын өзгерту бойынша шешімдер қабылдау матрицасын (бұдан әрі – Матрица) қамтиды.
Матрица шешімдер қабылдаудың бірыңғай тәсілдерін белгілейді және кредитор практиканың біркелкілігін қамтамасыз ету құралы ретінде пайдаланады. Матрицаны пайдалану қарыз алушының нақты жағдайының мән-жайлары мен қаржылық жағдайын ескере отырып, кредитордың жеке шешім қабылдау құқығын шектемейді;
6) Банктер туралы заңның 61-бабының 2-тармағында және Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қамтитын берешекті қайта құрылымдау шараларының құрамы мен сипаттамасын;
7) қарыз алушымен өзара іс-қимыл тәртібін және шешім қабылдау мерзімдерін қоса алғанда, шарт талаптарына өзгерістер енгізу рәсімін;
8) баланста көрсетілетін және кредитордың балансында есепке алынатын жеке тұлғалардың кредиттері бойынша мерзімі өткен берешекті төмендету бойынша шаралар кешенін, сондай-ақ көрсетілген шараларды іске асыру тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.
Осы тармақшаның талаптары коллекторлық агенттікті қоспағанда, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаларға қолданылмайды.
24. Берешекті қайта құрылымдау туралы шешім қабылдауды кредитордың шешімдер қабылдау матрицасын пайдалануымен жүзеге асырылады. Шешімдер қабылдау матрицасы қарыз алушының борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған бір және (немесе) бірнеше қайта құрылымдау шараларын қолдануға мүмкіндік береді.
25. Қағидалардың 23-тармағының 8) тармақшасында көзделген шаралар кешенін іске асыру мақсатында кредитор жеке тұлғалардың мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кредиттері бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешекті Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттар бөлінісінде реттеу бойынша жеке іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – ЖІЖ) қалыптастырады.
ЖІЖ 6 (алты) ай мерзімге әзірленеді және баланста көрсетілетін және кредитордың балансында ескерілетін тұтынушылық кредиттері бойынша мерзімі өткен берешекті азайту бойынша шараларды, оларды іске асыру тәртібі мен мерзімдерін, ЖІЖ орындауға жауапты басшы қызметкерлердің тізбесін көздейді.
ЖІЖ мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген, оны қалыптастыру күніне күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың тұтынушылық кредиттері шарттарының жалпы санының кемінде 90 (тоқсан) пайызын қамтиды және 1 қаңтардағы (бірінші есепті жартыжылдық үшін) және 1 шілдедегі (екінші есепті жартыжылдық үшін) жағдай бойынша жасалады, сондай-ақ оны қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін бірінші басшы және (немесе) лауазымды адам бекітеді. Есепті жартыжылдықта қайтадан пайда болған күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешек ЖІЖ-ге енгізілуге жатады.
Кредиторлар ЖІЖ-ді іске асыруды өз қызметі шеңберінде Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді.
ЖІЖ нәтижелерін кредитордың уәкілетті алқалы органы (лауазымды тұлғасы) қажет болған жағдайда ЖІЖ іске асырудың тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша шараларды қабылдай отырып, тоқсанына кемінде 1 (бір) рет қарайды.
Кредитор тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (онынан) кешіктірмей Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттар бөлінісінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген жеке тұлғалардың тұтынушылық кредиттері бойынша берешекті күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асқан мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша ЖІЖ-дің орындалуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік жартыжылдық ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асқан мерзімі өткен берешек портфеліне қайта жатқызылған, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген жеке тұлғалардың тұтынушылық кредиттері бойынша берешекті реттеу жөніндегі шарттар бөлінісінде жоспарланатын шаралар туралы мәліметтерді қалыптастырады.
Кредитор көрсетілген мәліметтердің ЖІЖ-де көзделген іс-шаралар толық іске асырылғанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.
26. Кредитор Банктер туралы заңның 61-бабының 2-тармағына және Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес берілген өтініштердің, сондай-ақ шартты өзгертудің қолданылған талаптарын не шарт талаптарын өзгертуден бас тарту себептерін көрсете отырып, оларды қарау нәтижелерінің есебін жүргізеді.
Кредитор қарыз алушылардың банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы есепті Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (онынан) кешіктірмей қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
27. Осы Қағидалардың 23-тармағының 3) және 4) тармақшасында көзделген ақпарат, сондай-ақ шарт талаптарын өзгерту бойынша кредитор ұсынатын шаралар кредитордың ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
4-тарау. Мерзімді әскери қызметшілерге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін алпыс күнді қамтитын кезеңге кредит бойынша сыйақы есептемей кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі
28. Кредитор кредиттік бюродан мерзімді әскери қызметке шақырылған қарыз алушылар (бұдан әрі – қарыз алушы – әскери қызметші) бойынша мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде шарт бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге кредит бойынша сыйақы есептемей кейінге қалдыруды (бұдан әрі – төлемдерді кейінге қалдыру) ұсынады, бұл туралы қарыз алушы – әскери қызметшіге жазбаша нысанда, сондай-ақ цифрлық объектілер арқылы не шартта көзделген тәсілмен хабарлайды.
Төлемдерді кейінге қалдыру кредит мерзімін ұлғайта отырып және төлемдер мөлшерін сақтай отырып, шартқа немесе кепіл шартына қосымша келісімдерге қол қоймай, кредитор айқындайтын тәсілмен беріледі. Кредит мерзімін ұлғайту туралы талап кредитті мерзімінен бұрын өтеу (қайтару) жағдайында қолданылмайды.
Төлемдерді кейінге қалдырудан бас тартқан кезде қарыз алушы-әскери қызметші (сенімхат бойынша қарыз алушы-әскери қызметшінің мүддесі үшін әрекет ететін үшінші тұлға) кредитор хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде жазбаша нысанда не цифрлық объектілер арқылы не шартта көзделген тәсілмен бас тарту туралы өтініш жібереді. Кредитор аталған өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарыз алушыны шартта көзделген тәсілмен, сондай-ақ цифрлық объектілер арқылы төлемдерді кейінге қалдырудың күшін жою және кредит бойынша сыйақыны есептеудің қайта басталуы туралы хабардар етеді.
Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен босатылған кезде кредитор оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тастаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуды тоқтатады және кредит бойынша сыйақыны есептеуді қайта бастайды, бұл туралы оны жазбаша нысанда, сондай-ақ цифрлық объектілер не шартта көзделген тәсілмен хабардар етеді.
Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы – әскери қызметшіге қатысты кредитор мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге Банктер туралы заңның 61-бабының 10 және (немесе) 11-тармақтарында, Микроқаржылық қызмет туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында және (немесе) 9-2-бабының 5-тармағында көзделген шараларды қолданбайды (тоқтата тұрады).
Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен босатылған кезде кредитор оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тастаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң Банктер туралы заңның 61-бабының 10 және 11-тармақтарында, Микроқаржылық қызмет туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында және (немесе) 9-2-бабының 5-тармағында көзделген шараларды қолдануды қайта бастайды.
Осы тараудың талаптары заңды күшіне енген сот актісі, шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазба, татуласу келісімі немесе шарт бойынша берешекті реттеу не шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім болатын шартқа қолданылмайды. Бұл ретте, егер қарыз алушы-әскери қызметшінің банктік шотына қатысты кредитор төлем талаптарын қоюды не атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тыйым салуға және (немесе) өндіріп алуға бастамашылық жасауды қоса алғанда, шығыс операцияларын шектеу жөніндегі шараларға бастамашылық жасаған жағдайда, кредитор осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес төлемдерді кейінге қалдыру ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мұндай шараларды кері қайтарып алу немесе тоқтата тұру жөніндегі шараларды қабылдайды.
Өтінішті қарау және шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындауына әкеп соққан мән-жайларды растау үшін қажетті құжаттардың тізбесі
Осы тізбе кредитор қарыз алушыдан оның санатын және шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін еместігіне әкеп соққан мән-жайларды растау үшін жағдайға байланысты сұрау салатын құжаттардың ықтимал түрлерін белгілейді:
1) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама және (немесе) қарыз алушының жұмыс орнынан соңғы алты айдағы кірісі туралы анықтама немесе қарыз алушының банктік шоты бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме;
2) жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы, жалақы сақталмайтын демалыс беру туралы актісі немесе қарыз алушының еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама (парақ);
3) жалақының мөлшерін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмені көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама;
4) қарыз алушының жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша еңбекақы сақталмайтын демалыста екенін растайтын құжат;
5) отбасының құрамын және асырауында адамдардың болуын растайтын құжат;
6) қарыз алушының және (немесе) оның жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) ауруын растайтын еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама және (немесе) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ, сондай-ақ қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік (анықтама);
7) жалдау ақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсетілген нотариалды куәландырылған жалдау шарты;
8) жазатайым оқиға, үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері (айналымдағы тауарларды немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қарыз алушы пайдаланған өзге де мүлікті ұрлау) салдарынан қарыз алушыға материалдық зиян келтірілгенін растайтын құжаттар;
9) төтенше жағдайларды растайтын ресми құжаттар;
10) мүгедектік туралы анықтама;
11) амбулаториялық (стационарлық) науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме;
12) атқарушылық іс жүргізудің, шоттарға тыйым салудың немесе өзге де шектеулердің болуын растайтын құжаттар (қарыз алушының банктік шотына тыйым салу туралы шешім);
13) инкассолық өкім;
14) сот актілері;
15) қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлау фактісін растайтын өзге де құжаттар.
Банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізуден бас тарту
"_____" акционерлік қоғамы (Шаруашылық серіктестігі) (бұдан әрі – Кредитор) Сіздің ___.___. _____ жылғы № ____ банктік қарыз шартының/микрокредит беру туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) талаптарына өзгерістер енгізу туралы ___.___. ______ жылғы өтінішіңізге (___.___. _____ жылғы кіріс № _____) жауап ретінде төмендегіні хабарлайды.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына,
"Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабын 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Кредитор Сізге
_________________________________________________________________ (бас тарту себебінің негіздемесін көрсету)
байланысты Шарттың талаптарына өзгерістер енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдады.
Сіздің жолданымыңызды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Сіз дауды қарау үшін осы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде қаржы омбудсманына жүгінуге құқылысыз. Жолданымды _______________сайт арқылы ("Жолданым беру" бөлімі) беруге болады. Байланыс нөмірлері: _______________ (WhatsApp).
1) Кредитордың уәкілетті тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса).
Жеке тұлғалардың мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кепілсіз кредиттері бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегін банктік қарыз шарттары, микрокредит беру шарттары бөлінісінде реттеу жөніндегі жеке іс-шаралар жоспары
№ | Кредитордың атауы |
Кредитордың | Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі | Шарт № | Кредит берген күнге жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері | Кредит беру күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы:
NPL 90+ портфеліне өту күні | NPL 90+ портфеліне өту сәтіне мерзімі өткен күндер саны | __.__.____ж. берешек сомасы | |||
Кредитті өтеу күні | |||||
Негізгі борыш | Сыйақы | Тұрақсыздық айыбы | |||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы:
Жоспарланған шаралар | ||||||
Толық кешіру | Ішінара кешіру | Жақсарту шарттарымен қайта құрылымдау | ||||
иә (жоқ) | Негізгі борыш | Сыйақы | Тұрақсыздық айыбы | Негізгі борыш | Сыйақы | Тұрақсыздық айыбы |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
… | ||||||
кестенің жалғасы:
мың теңгемен
Жоспарланған реттеу жүргізу айы | Атқарушылық жазбаның (атқарушылық парақтың) болуы иә (жоқ) |
21 | 22 |
Жеке тұлғалардың мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кепілсіз кредиттері бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегін банктік қарыз шарттары, микрокредит беру шарттары бөлінісінде реттеу жөніндегі жеке іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәліметтер
№ | Кредитордың атауы |
Кредитордың | Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі | Шарттың № | Кредит берілген күні жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы:
Кредиттің берілген күні | Кредиттің өтелген күні | ЖІЖ-ге енгізілген күні | Өтеу (өндіріп алу) | ||
Негізгі борыш | Сыйақы | Айыпақы | |||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
кестенің жалғасы:
Жүргізілген іс-шаралар | ||||||||
Толық кешіру | Ішінара кешіру | Жақсартатын жағдайларда қайта құрылымдау | ||||||
Негізгі борыш | Сыйақы | Айыпақы | Негізгі борыш | Сыйақы | Айыпақы | Негізгі борыш | Сыйақы | Айыпақы |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
… | ||||||||
кестенің жалғасы:
мың теңгемен
Іс-шараны өткізу күні | Есепті кезеңнің соңындағы берешек қалдығы | Шарттың есепті кезеңнен кейінгі мәртебесі ашық (жабық) |
22 | 23 | 24 |
Есептік жартыжылдық ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асқан мерзімі өткен берешек портфеліне қайта жатқызылған, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген жеке тұлғалардың тұтынушылық кредиттері бойынша берешекті реттеу жөніндегі банктік қарыз шарттары, микрокредит беру шарттары бөлінісінде жоспарланатын шаралар туралы мәліметтер
№ | Кредитордың атауы | Кредитордың бизнес сәйкестендіру нөмірі | Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі | Шарттың № |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы:
Кредит берілген күні жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері | Кредиттің берілген күні | Кредиттің өтелген күні | NPL 90+ портфеліне өту күні | NPL 90+ портфеліне өту уақытындағы мерзімі өткен күндер саны |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
NPL 90+ портфеліне өту күніндегі берешек сомасы | ||
Негізгі борыш | Сыйақы | Айыпақы |
11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы:
Жоспарланып отырған шаралар | ||||||
Толық кешіру | Ішінара кешіру | Жақсартатын жағдайларда қайта құрылымдау | ||||
иә (жоқ) | Негізгі борыш | Сыйақы | Айыпақы | Негізгі борыш | Сыйақы | Айыпақы |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
… | ||||||
кестенің жалғасы:
мың теңгемен
Реттеу жоспарланып отырған ай | Атқарушылық жазбаның (атқарушылық парақтың) болуы иә (жоқ) |
21 | 22 |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz/memleket/entities/ardfm?lang=ru интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: қарыз алушылардың банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: Ф1
Кезеңділігі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (онынан) кешіктірмей.
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" "___________" жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (онынан) кешіктірмей.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі______________________________________
Жинау әдісі: электронды түрде
№ | Қарыздың түрі | Келіп түскен өтініштер | ||
Барлығы | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Банктік қарыздар (микрокредиттер), оның ішінде: | |||
1.1. | Ипотекалық қарыздар* | |||
1.2. | Автокредит беру | |||
1.3. | Кепілсіз қарыздар | |||
1.4. | Кепілді қарыздар (ипотекалық қарыздар мен автокредит беруді қоспағанда) | |||
кестенің жалғасы:
оның ішінде ХӘОТ** | ||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы:
шарт талаптарына өзгерістер енгізілді | |||||
Барлығы | оның ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде төмендегілер арқылы: | |||||
шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту | |||||
Барлығы | оның ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде төмендегілер арқылы: | |||||
шарт бойынша ай сайынғы төлемді шартта белгіленген мөлшерден кемінде елу пайызға азайту | |||||
Барлығы | оның ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде төмендегілер арқылы: | |||||
шетел валютасымен берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыш қалдығы сомасының валютасын Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасына өзгерту | |||||
Барлығы | оның ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде төмендегілер арқылы: | |||||
негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру | |||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде төмендегілер арқылы: | |||||
берешекті өтеу әдісін және (немесе) берешекті өтеу кезегін өзгерту, оның ішінде басым тәртіппен негізгі борышты өтеумен | |||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде төмендегілер арқылы: | |||||
банктік қарыз және (немесе) микрокредит мерзімін өзгерту | |||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде төмендегілер арқылы: | |||||
негізгі борышты және (немесе) сыйақыны толық не ішінара кешіру | |||||
Барлығы | оның ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде төмендегілер арқылы: | |||||
тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азаю жағына қарай өзгерту немесе күшін толығымен жою | |||||
Барлығы | оның ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде төмендегілер арқылы: | |||||
комиссияларды және банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді өзгерту немесе күшін толығымен жою | |||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде төмендегілер арқылы: | |||||
кепіл берушінің ипотека нысаны болып табылатын жылжымайтын мүлікті тараптардың келісімінде белгіленген мерзім ішінде дербес өткізуі | |||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде төмендегілер арқылы: | |||||
міндеттемені орындау орнына кредиторға кепілге берілген және (немесе) өзге де мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсыну | |||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде төмендегілер арқылы: | |||||
сатып алушыға міндеттемелерді бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізу | |||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 |
кестенің жалғасы:
оның ішінде төмендегілер арқылы: | |||||
шарт талаптарына өзге де өзгеріс түрлері (қандай екенін көрсету) | |||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
87 | 87 | 89 | 90 | 91 | 92 |
кестенің жалғасы:
шарт талаптарына өзгерістерді енгізуден бас тартылды | |||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 |
кестенің жалғасы:
қарыз алушының берген өтінішінен бас тартуы, оның қаржылық және әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарды ұсынудан бас тартуы | |||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ** | ||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 |
* Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 24 мамырдағы № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздар) қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде талаптары өзгертілген ипотекалық қарыздарды қоспағанда, қарыздар бойынша ұсынылады;
** ХӘОТ – "Тұрғын ұй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар.
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы_____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы____________________________________
Орындаушы_________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою міндеті жүктелген адам
_________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Өтініш берушілердің банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Өтініш берушілердің банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп (индексі – Ф1, кезеңділігі – тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Өтініш берушілердің банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанға банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – кредитор) тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректерде: сомалар – мың теңгемен, саны – бірлікпен көрсетіледі.
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою міндеті жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
4. Кредитор басшысы немесе есепке қол қою міндеті жүктелген адам және орындаушы қол қойған нысан электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық форматта сақталады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанда банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың (бұдан әрі – шарт) талаптарын өзгерту туралы өтініш берушілер берген өтініштер туралы, сондай-ақ шартты өзгертудің қолданылған талаптарын немесе шарт талаптарын өзгертуден бас тарту себептерін көрсете отырып, кредитордың оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі.
6. 3, 4, 5, 6, 7 және 8-бағандарда қарыз алушылардың саны, шарттардың саны, өтініш берген күндегі шарт бойынша негізгі борыш сомасының қалдығы бойынша шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы берілген өтініштер туралы мәліметтер көрсетіледі.
7. 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67 және 68-бағандарда қарыз алушылардың саны, шарттардың саны және өтініш берген күндегі шарт бойынша негізгі борыш қалдығы бойынша шарт талаптарына енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер көрсетіледі.
8. 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85 және 86-бағандарда кепіл берушінің ипотека нысаны болып табылатын жылжымайтын мүлікті тараптардың келісімінде белгіленген мерзім ішінде дербес өткізуі туралы, міндеттемені орындау орнына кредиторға кепілге берілген және (немесе) өзге де мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсыну туралы, сатып алушыға міндеттемелерді бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізу туралы мәліметтер көрсетіледі.
9. 87, 91 және 92-бағандарда қарыз алушылардың саны, шарттардың саны және өтініш берген күндегі шарт бойынша негізгі борыш қалдығы бойынша шарт талаптарына өзге де өзгеріс түрлері туралы мәліметтер көрсетіледі.
10. 93, 94, 95, 96, 97 және 98-бағандарда кредитордың шарт талаптарын өзгертуден, оның ішінде кредитор мен қарыз алушы арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізе алмау себебінен бас тартуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
11. 99, 100, 101, 102, 103 және 104-бағандарда қарыз алушының шарт талаптарын өзгертуден бас тартуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
12. 1-жолда 1.1, 1.2, 1.3 және 1.4-жолдардың мәндерінің сомасы көрсетіледі.
13. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік көрсеткіштермен ұсынылады.
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 83 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының тізбесі
1. "Қарыз алушы- жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидаларын, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 82 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23630 болып тіркелген).
2. "Қарыз алушы-жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін, оған қоса берілетін құжаттар тізбесін қарау қағидаларын, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 84 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23619 болып тіркелген).
3. "Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 84 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33961 болып тіркелген).
4. "Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33960 болып тіркелген).
5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 5 тамыздағы №49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34894 болып тіркелген).
6. "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының "Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 16 шілдедегі № 82 және "Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 16 шілдедегі № 84 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 49 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36735 болып тіркелген).