ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 31-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларын енгізу қағидалары мен өлшемшарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылдың 12 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы |
А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 4 бұйрығына қосымша |
Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларын енгізу қағидалары мен өлшемшарттары
1. Осы Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларын енгізу қағидалары мен өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 31-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларын (бұдан әрі – платформалар тізілімі) енгізу тәртібі мен өлшемшарттарын айқындайды.
2. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) платформалар тізілімін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде жүргізеді және уәкілетті органның интернет-порталында орналастырады.
3. Платформалар тізілімі цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының (бұдан әрі – платформа) қызметін есепке алу, жүйелеу және мониторингілеу, платформалар, олардың құқық иелері және орналастырылатын цифрлық деректер өнімдері туралы ақпараттың анықтығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
4. Платформаны платформалар тізіліміне енгізудің өлшемшарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Хабарламаларды қабылдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті органға платформаның меншік иесі және (немесе) иегерінің хабарлама ұсынуы болып табылады.
5. Уәкілетті орган платформалар тізіліміне платформаны енгізуді хабарлама түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
6. Платформалар тізілімінен платформаны алып тастау:
1) платформаның меншік иесінің және (немесе) иегерінің платформаның қызметін тоқтату туралы уәкілетті органға ұсынылған хабарламасы негізінде;
2) соттың платформаның қызметіне тыйым салу (тоқтату және (немесе) уақытша тоқтату) туралы шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізілімі
р/н | Хабарламаның атауы және нөмірі | Берілген күні (цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне енгізілген күні) | Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және оның айналымы платформасының меншік иесінің және (немесе) иегерінің сәйкестендіру нөмірі | Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және оның айналымы платформасының меншік иесінің және (немесе) иегерінің атауы | Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының атауы | Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының интернет-ресурсының мекенжайы | Байланыс ақпараты | Қызметтің басталған күні | Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының мәртебесі (жұмыс істейді, уақытша тоқтатылған, тоқтатылған) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізілімін толтыру жөніндегі түсіндірме:
1. р/н – цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміндегі жазбаның реттік нөмірі.
2. Хабарламаның атауы және нөмірі – цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы соның негізінде цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының тізіліміне енгізілген хабарламаның ресми атауы және тіркеу нөмірі.
3. Берілген күні (цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне енгізілген күні) – уәкілетті органның цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы туралы жазбаны цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының тізіліміне енгізген күні
4. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы меншік иесінің және (немесе) иегерінің сәйкестендіру нөмірі - цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы меншік иесінің және (немесе) иегерінің жеке немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
5. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы меншік иесінің және (немесе) иегерінің атауы – цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасын пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаның ресми атауы.
6. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының атауы – цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының ресми атауы.
7. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы интернет-ресурсының мекенжайы – цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының домен атауы немесе URL мекенжайы (веб-сайт немесе веб-интерфейсі).
8. Байланыс ақпараты – цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы меншік иесінің және (немесе) иегерінің электрондық поштасы, телефон нөмірі және өзге де байланыс арналары.
9. Қызметтің басталған күні – хабарламада көрсетілген, цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының жұмыс істеуінің басталған күні.
10. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының мәртебесі (жұмыс істейді, уақытша тоқтатылған, тоқтатылған) – жұмыс істеуінің ағымдағы мәртебесі.