БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28261 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерінде:
2-қосымшаның 2-тармағы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісіміне үлгілік нысанында:
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) есепті жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуға:
келісім кезеңдерін іске асырудың жоспар-кестесінің орындалуы туралы мәліметтер,
модельдердің саны мен атауын көрсете отырып, шығарылған ауыл шаруашылығы техникасының саны туралы есебі бар шығару көлемі туралы мәліметтер (кәсіпорынның паспорты),
Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді;".
2. "Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 ақпандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34016 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Тізілімнен үзінді – қазақстандық тауар өндірушінің Қазақстантық тауар өндірушілер тізілімінде болуын растайтын құжат, оның ішінде электрондық құжат, онда қазақстандық тауар өндіруші, ол өндіретін тауар туралы және ол туралы мәліметтерді және елішілік құндылық үлесін көрсете отырып мәліметтер болады.";
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тізбеге Қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары енгізіледі.
4. Тізбені Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – Комитет) қалыптастырады және "Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 225) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бекітіледі.
Тізбеде Тізілімнен үзіндінің мәліметтері қамтылады.
Тізбе келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей және тиісті жылға 1 шілдеден кешіктірілмей өзектендіріледі.
Өтініш беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын өткізу кезінде сатып алушыға Тізілімнен үзіндіні ұсынуды қамтамасыз етеді.
5. Өтінім беруші өндірілетін ауыл шаруашылығы машинасын және (немесе) жабдығын Тізбеге енгізу үшін қағаз және (немесе) электрондық нысанда өтінімді ағымдағы жылдың 1 қазанынан 1 қарашасына дейін келесі жылға және тиісті жылдың 1 мамырынан 1 маусымына дейін Комитетке қосымшамен бірге береді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өндірілетін ауыл шаруашылығы машиналарымен және жабдықтарының тізбесін;
2) Тізілімнен үзінді.";
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 203 Бұйрыққа қосымша Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша |
Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесі
№ | Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының атауы | Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының техникалық сипаттамалары | СЭҚ ТН коды | Тізілімнен үзінді мәліметтері |