ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 46 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35924 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрдің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеге дейін:
1) Қағидалардың 2-тармағының 6), 11) тармақшалары тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақшалардың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
"6) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі – дербес деректер субъектісінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісімін қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;";
"11) сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) – клиенттердің сәйкестендіру, оның ішінде биометриялық аутентификациялау рәсімдерін жүргізу үшін клиенттердің қолжетімді көздерден алынған деректерімен алмасу бойынша қаржы және төлем ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;";
2) Қағидалардың 6-тармағының бірінші бөлігінің төртінші абзацы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы абзацтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
"ақпараттық сервистердің желілік мекенжайларының өзара қолжетімділігін тексеру (жұмыс қабілеттілігін тексеру түйінін қоса алғанда);";
3) Қағидалардың 7-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
"7. Тестілік жұмыстар сәтті аяқталғаннан кейін және букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың АБК-сы БЕЖ-бен интеграциялық өзара іс-қимыл пайдалануға енгізілгеннен кейін бәс тігуге қатысушыларды тіркеу ақпараттық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы БЕЖ шеңберінде жүзеге асырылады.";
4) Қағидалардың 10-тармағының бесінші және алтыншы бөліктері тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктердің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
"Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салынған тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйелердің дерекқорларымен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген адамдар туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйелердің деректер базаларымен осы ақпараттық жүйелер операторлары белгілеген қағидаларға сәйкес интеграциялауды қамтамасыз етеді.";
5) Қағидалардың 11-тармағының екінші бөлігі тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
"Осы тармақта көрсетілген бәс тігуге қатысушылар туралы ақпарат БЕЖ арқылы ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін.";
6) Қағидалардың 17-тармағының 2) тармақшасы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақшаның қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
"2) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарда (бұдан әрі – Біріңғай талаптар) және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен БЕЖ-ге қосылуды;";
7) Қағидалардың 22-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
"22. Оператор БЕЖ арқылы осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ақпаратты телекоммуникация желілері арқылы салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріне онлайн-режимде беруді қамтамасыз етеді.";
8) Қағидалардың 27-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
"27. Оператор Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерін қамтитын интернет-ресурстарды Қазақстан Республикасының аумағында анықтауды мониторингтеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілері бар ақпаратты қамтитын Интернет желісіндегі домендік атаулар, сайттар беттерінің нұсқағыштарын және Интернет желісіндегі сайттарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін желілік мекенжайлар туралы мәліметтерді олар анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының аумағында оларға қол жеткізуді шектеу үшін масс-медиа саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізеді.".
|
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
| Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 72 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 46 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің (бұдан әрі – БЕЖ) жұмыс істеуі және БЕЖ-де қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
2) бәс тігу – қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім;
3) БЕЖ – телекоммуникация желілері арқылы букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың АБК-ға қосылған, жеке тұлғаның нұсқауы бойынша тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің электрондық кассаларындағы электрондық ақшаны пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауды (жүзеге асыруды), оларды есепке алуды және букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға аударуды, жеке тұлғаларға электрондық ақшаны пайдалана отырып ұтыстарды төлеуді, жеке тұлғадан тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің кассаларында қабылданған (жүзеге асырылған) қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз төлемдерді және тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің кассаларында төленген ұтыстарды есепке алуды, бәс тігуге әрбір қатысушы, бәс тігуге әрбір қатысушы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер, бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты дербестендірілген жинауды, өңдеу мен сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерін қамтитын интернет-ресурстарды Қазақстан Республикасының аумағында анықтау бойынша мониторингтеуді және олар бойынша мәліметтерді масс-медиа саласындағы уәкілетті органға беруді қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдардың жиынтығы;
4) БЕЖ-дегі бірегей сәйкестендіргіш – нақты букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы үшін бәс тігуге қатысушыны бірмәнді айқындайтын параметрлердің жиынтығы;
5) букмекерлік кеңсе – қатысушылармен бәс тігу жасасатын ойын бизнесін ұйымдастырушы;
6) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі – дербес деректер субъектісінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісімін қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілерінде қамтылған дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;
7) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган – "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заң) сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік орган;
8) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушы – құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;
9) мөлшерлеме – құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушы ойын бизнесін ұйымдастырушыға беретін және ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережелерге сәйкес құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысудың негізгі шарты болып табылатын ақша сомасы;
10) ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;
11) сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) – клиенттердің сәйкестендіру, оның ішінде биометриялық аутентификациялау рәсімдерін жүргізу үшін клиенттердің қолжетімді көздерден алынған деректерімен алмасу бойынша қаржы және төлем ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
12) тотализатор – бәс тігу жасалған кезде оған қатысушылар арасында делдалдық қызметтер көрсететін ойын бизнесін ұйымдастырушы;
13) тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы – мөлшерлемелер мен ұтыстар бойынша есеп айырысулардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін БЕЖ арқылы ақпараттық-коммуникациялық желілерде мөлшерлемелерді қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін цифрлық жүйе;
14) ұтыс – құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген қағидаларда көзделген нәтижесі шыққан кезде құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға міндетті түрде төленуге жататын мүліктік пайда;
15) электрондық ақшаның электрондық әмияны (бұдан әрі – электрондық әмиян) – электрондық ақшаға билік етуді қамтамасыз ететін, оны есепке алу және сақтау тәсілі.
2-тарау. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеу тәртібі
3. БЕЖ арқылы бәс тігуге қатысушыдан букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың пайдасына қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып, қабылдауды (жүзеге асыруды) және бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеуді, сондай-ақ бәс тігуге әрбір қатысушы туралы дербес ақпаратты жинауды, өңдеуді және сақтауды, бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігудің әрбір қатысушының бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы деректерді жүзеге асыру үшін букмекерлік кеңсе және (немеме) тотализатор өз АБК-сын БЕЖ-дің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғамен (бұдан әрі – оператор) жасалған интеграциялау туралы шарт (бұдан әрі – шарт) негізінде БЕЖ-ге қосылуын қамтамасыз етеді. Шартта ақпарат алмасу тәртібі және параметрлері айқындалады.
БЕЖ арқылы бәс тігуге қатысушыдан букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор пайдасына электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдерді қабылдауды (жүзеге асыруды) және бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеуді жүзеге асыру үшін букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор оператормен және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлғамен есеп айырысуларды жүзеге асыру туралы шарт жасасады.
Букмекерлік кеңсе және тотализатор осы тармақта көрсетілген шарттарға олар алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойылуын қамтамасыз етеді.
4. Букмекерлік кеңсе және тотализатор шартқа қол қойылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ақпаратты қорғау құралдарын қолдана отырып, шартқа сәйкес өздерінің АБК-сын БЕЖ-бен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
5. Бәс тігуге қатысушыны алғаш рет тіркеу кезінде оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға бәс тігуге қатысушыларының жеке басын сәйкестендіруді жүзеге асырады, оны сәтті өткеннен бәс тігуге қатысушыға БЕЖ-дің электрондық ақша жүйесінде (бұдан әрі – БЕЖ ЭАЖ) электрондық әмиян ашылады.
Бұдан әрі оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға бәс тігуге қатысушылардың жеке басын сәйкестендіруді мөлшерлеме қабылданғанға дейін жүргізеді.
Осы Қағидалардың 10-тармағының екінші абзацында көрсетілген тексеруден өтпеген тұлғаларға БЕЖ ЭАЖ-де БЕЖ электрондық әмиянын ашу және (немесе) БЕЖ ЭАЖ-де электрондық ақшаны сату рұқсат етілмейді.
БЕЖ ЭАЖ-да бәс тігуге қатысушылардың электрондық әмияндары арасында электрондық ақшаны БЕЖ ЭАЖ-да аударуды жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
6. Интеграциялық жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес, келесі тексерулерді қамтитын АБК-нің БЕЖ-бен өзара іс-қимылдың тестілеуін орындайды:
БЕЖ тестілік сервисіне қосылу;
желінің өзара байланысын тексеру;
өзара арнайы желілік байланысты тексеру (криптографиялық құралдар);
цифрлық сервистердің желілік мекенжайларының өзара қолжетімділігін тексеру (жұмыс қабілеттілігін тексеру түйінін қоса алғанда);
тестілік режимде тест пайдаланушысын сәйкестендіру;
барлық қолжетімді толықтыру желісі үшін тест пайдаланушысының еліктелген мөлшерлемесін қабылдауды жүзеге асыру;
барлық қолжетімді төлем желісі үшін тест пайдаланушысына төлемдерді жүзеге асыру;
бәс тігуге қатысушыларға қатысты мәліметтерді қоса алғанда, тестілік бәс тігу бойынша мәліметтер беру.
АБК-нің БЕЖ-бен өзара іс-қимылдың тестілеуін жүргізу мерзімі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген интеграциялау мерзіміне кіреді.
7. Тестілік жұмыстар сәтті аяқталғаннан кейін және букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың АБК-сы БЕЖ-бен интеграциялық өзара іс-қимыл пайдалануға енгізілгеннен кейін бәс тігуге қатысушыларды тіркеу цифрлық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы БЕЖ шеңберінде жүзеге асырылады.
8. Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға БЕЖ арқылы автоматтандырылған режимде букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың электрондық кассаларында электрондық ақшаны пайдалана отырып, бәс тігуге қатысушылардан букмекерлік кеңсенің және тотализатордың пайдасына төлемдерді қабылдауды (жүзеге асыруды) және бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеуді Заңға сәйкес қамтамасыз етеді.
Букмекерлік кеңсенің және тотализатордың электрондық кассаларында электрондық ақшаны пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау бәс тігуге қатысушының БЕЖ-дегі электрондық әмиянынан БЕЖ ЭАЖ-дағы букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың БЕЖ-дегі электрондық әмиянына электрондық ақшаны аудару жолымен жүзеге асырылады.
9. Оператор БЕЖ арқылы автоматтандырылған режимде букмекерлік кеңсенің және тотализатордың кассаларында және (немесе) электрондық кассаларында бәс тігуге қатысушылардан букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың пайдасына қабылданған (жүзеге асырылған) қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлемдердің есебін және бәс тігуге қатысушыларға ұтыстардың төленуін Заңға сәйкес қамтамасыз етеді.
10. Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға БЕЖ ЭАЖ-да бәс тігуге қатысушылардан электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдерді қабылдау (жүзеге асыру) кезінде бәс тігуге қатысушының жеке басын сәйкестендіруді Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Бәс тігуге қатысушымен іскерлік қатынастар орнату кезінде оның жасын, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың тізімінде, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде мүліктік өндіріп алулар туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің болуы тұрғысынан, сондай-ақ террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде болуы, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңының 12 және 12-1-баптарында көзделген жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты адамдардың тізбесіндегі терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты адамдардың тізбесінде тексеру жүзеге асырылады.
Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген тізімдерге, тізілімге және тізбелерге енген тұлғалардан электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан (жүзеге асырудан) бас тартады.
Оператор Қазақстан Республикасының дербес деректер саласындағы заңнамасын сақтай отырып, букмекерлік кеңсеге және тотализаторға бәс тігуге қатысушылар туралы, оның ішінде бәс тігуге қатысушылардың жасы туралы мәліметтерді ұсынады.
Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салынған тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын цифрлық жүйелердің дерекқорларымен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген адамдар туралы ақпаратты қамтитын цифрлық жүйелердің деректер базаларымен осы цифрлық жүйелер операторлары белгілеген қағидаларға сәйкес интеграциялауды қамтамасыз етеді.
Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға бәс тігуге қатысушының жеке басын сәйкестендіру рәсімін оның жеке қатысуымен және оларға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, не қашықтан сәйкестендіру әдісімен СДАО-дан алынған негізіндегі мәліметтерді пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Бәс тігуге қатысушының жеке басын сәйкестендіруді оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға және (немесе) оператордың және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлғаның тапсырмасы бойынша өзге де қаржы мониторингі субъектісі шарт негізінде жүзеге асырады.
Сәйкестендіруден өту жөніндегі нұсқаулықтар бәс тігуге қатысушыға осы рәсімнен өтпей тұрып ұсынылады.
Бәс тігуге қатысушы сәйкестендіруден өткен кезде операторға және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлғаға қажетті сәйкестендіру деректерін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес фотосуреттерді ұсынады.
Бәс тігуге қатысушының жеке басын қашықтықтан сәйкестендіру СДАО-дан алынған деректер қол жетімді көздердің негізінде жүзеге асырылады.
Егер бәс тігуге қатысушының жеке басы анықталса және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін қажетті мәліметтер расталса, бәс тігуге қатысушының жеке басын сәйкестендіру сәтті өтті деп есептеледі.
11. Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің электрондық кассасында электрондық ақшаны пайдалана отырып бәс тігуді төлеу үшін төлемдерді қабылдау кезінде осы Қағидалардың 16 тармағында көрсетілген бәс тігуге қатысушылардың дербес мәліметтерін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Дербес деректер туралы Заң) 11-бабының талаптарын сақтай отырып есепке алады және букмекерлік кеңсеге және (немесе) тотализаторға ұсынады.
Осы тармақта көрсетілген бәс тігуге қатысушылар туралы ақпарат БЕЖ арқылы цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін.
12. Бәс тігудің қатысушысына букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесінің ұйымдастырушысы үшін БЕЖ-да бір бірегей идентификатор беріледі. Бәс тігудің бір қатысушысы үшін БЕЖ ЭАЖ-да бір немесе бірнеше электрондық әмиян ашылады. БЕЖ ЭАЖ-дағы әрбір электрондық әмиянды бәс тігуге қатысушы букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын бір немесе бірнеше ойын бизнесін ұйымдастырушылармен есеп айырысу үшін пайдаланылады. Бұл ретте, бәс тігуге қатысушының букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесінің нақты ұйымдастырушысымен есеп айырысуы үшін БЕЖ ЭАЖ-да бір ғана электрондық әмиян пайдаланылады.
13. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатордың электрондық касса арқылы қабылданған мөлшерлемеден туындаған ұтысты төлеу тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің БЕЖ ЭАЖ-да электрондық әмиянынан тиісті букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға бәс тігілген бәс тігуге қатысушының БЕЖ ЭАЖ-дағы электрондық әмиянына электрондық ақшаны аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тотализатор немесе букмекерлік кеңсе кассасы арқылы қабылданған мөлшерлемеден туындаған ұтысты төлеу Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілмен іске асырылады. Бұл ретте ұтыстарды төлеуді есепке алу БЕЖ-де көрсетіледі.
14. Әрбір бәс тігуге қатысушы туралы ақпаратты, қабылданған мөлшерлемелерді (оның ішінде электрондық), әрбір бәс тігуге қатысушы бойынша бәс тігу нәтижесі нұсқаларының коэффициенттерін, олар бойынша ұтыстар мен төлемдерін жинау БЕЖ арқылы онлайн-режимде жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері арқылы жабық хаттаманы қолдана отырып іске асырылады.
15. Букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор БЕЖ-ге телекоммуникация желілері арқылы қосылған АБК негізінде:
1) мөлшерлемелерді төлеу тәсілін (қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып) және мөлшерлемелер сомасын, сондай-ақ оларды қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, әрбір мөлшерлемеге қатысушы бойынша қабылданған барлық мөлшерлемелердің онлайн-режимінде есеп жүргізеді;
2) ұтыстардың белгілі бір сомаларын төлеуге тиісті бәс тігуге қатысушыларды (мөлшерлемелер қабылданатын оқиғалардың нәтижесіне, бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттерге байланысты) айқындайды;
3) ЖСН мәліметтерін, жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерін, БЕЖ-де бірегей аккаунт нөмірін, ұтысты есептеу және төлеу күнін көрсете отырып, ұтыс есептелетін және төленетін әрбір мөлшерлеме қатысушысы бойынша төленуге жататын және төленген ұтыстар сомаларының есебін жүргізеді.
16. БЕЖ-ге телекоммуникация желілері арқылы қосылған АБК арқылы букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар онлайн-режимде әрбір бәс тігуге қатысушы туралы ақпаратты, әрбір бәс тігуге қатысушы бойынша қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты БЕЖ-ге беруді қамтамасыз етеді, оның ішінде:
бәс тігуге қатысушылар бойынша – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН (бәс тігу қатысушыларға ЖСН берілмеген жағдайларды қоспағанда), БЕЖ-де аккаунттың бірегей нөмірі;
ойын бизнесін ұйымдастырушылар бойынша – заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды мекенжайы, салық салу объектісінің түрі, кассалар тізбесі (әрбір касса үшін оның ішінде кассаның түрі (жер үсті/электрондық), кассаның орналасқан жері), лицензия туралы деректер (лицензияның нөмірі, берілген күні және аяқталған күні);
тігілген бәс бойынша – әрбір мөлшерлеме бойынша БЕЖ-де аккаунттың бірегей нөмірі, бәс тігу шарттары, оның ішінде бәс тігу жасалған күні мен уақыты, бәс тігу сомасы, бәс тігу нәтижесіне тәуелді болатын оқиғалар нәтижелерінің тізбесі, бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, бәс тігу нәтижесін есептеу күні мен уақыты, бәс тігу нәтижесі (ұтыс, жоғалту, бәс тігу бойынша ұтыс немесе қайтару сомасы, сондай-ақ спорттық іс-шаралар, чемпионаттар және спорт түрлері бөлінісінде бәс тігудің есепті тоқсаны ішінде барлық мөлшерлемелердің жалпы сомасы мен саны туралы ақпарат;
қабылданған мөлшерлемелер бойынша – әрбір қабылданған мөлшерлеме туралы, оның ішінде оны қабылдау күні мен уақыты, мөлшерлеме сомасы, мөлшерлемеге қатысушымен есеп айырысу нысаны туралы, мөлшерлеме қабылданған касса туралы, БЕЖ-де аккаунттың бірегей нөмірі туралы;
ұтыстар бойынша – төленген әрбір ұтыс туралы, оның ішінде төлем күні мен уақыты, төлем сомасы, бәс тігуге қатысушымен есеп айырысу нысаны туралы, ұтыс төленген касса туралы, БЕЖ-дегі аккаунттың бірегей нөмірі туралы.
17. Букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ақпаратты БЕЖ-ге беру мақсатында мыналарды қамтамасыз етеді:
1) Қазақстан Республикасының аумағында букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың орналасқан жеріндегі АБК серверінің болуы;
2) "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарда (бұдан әрі – Біріңғай талаптар) және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен БЕЖ-ге қосылуды;
3) ақпаратты тәулік бойы үздіксіз өңдеу және автоматты режимде беру;
4) АБК жұмыс режиміндегі ақаулар немесе оны ауыстыру кезінде жұмыстың ақаулыққа төзімділігі және резервтік деректер жасау;
5) АБК техникалық ақау туындаған кезде операторға себебін көрсете отырып, ақпаратты беру мүмкін еместігі туралы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлау;
6) АБК істен шығу себептері жойылған күннен бастап 3 (үш) тәуліктен кешіктірмей техникалық ақау кезеңі үшін ақпарат жіберу;
7) бәс тігуге қатысушылар мен букмекерлік кеңсе немесе тотализатор арасында бәс тігу жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап кемінде 5 (бес) жыл мерзімге деректерді сақтау.
18. Оператор:
1) осы Қағидаларда белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген деректердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді;
2) БЕЖ-дің тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді;
3) осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген мәліметтерді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, себебін көрсете отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл жөнінде букмекерлік кеңсені және (немесе) тотализаторды жазбаша түрде хабарландырады;
4) Бірыңғай талаптарды орындалуын қамтамасыз етеді.
19. БЕЖ осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ақпаратты өңдеуді салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға жабық хаттаманы қолдана отырып, жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілері арқылы онлайн-режимде беру, сондай-ақ букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметі туралы статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру мақсатында іске асырады.
20. БЕЖ-де ақпаратты сақтау оны жоғалтудан, ұрлаудан, бұрмалаудан, қолдан жасаудан, рұқсатсыз қол жеткізуден және оны тарату, бұғаттау, жою, өзгерту, көшіру жөніндегі іс-әрекеттерден және өзге де заңсыз іс-әрекеттерден қорғауға байланысты іс-шараларды қамтиды, оның ішінде:
1) ақпаратты өңдеудің барлық технологиялық кезеңдерінде және жұмыс істеудің барлық режимдерінде, оның ішінде жөндеу және регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде бағдарламалық-техникалық құралдар кешенін және оларды қолдайтын ұйымдастыру шараларын қолдану;
2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес іскерлік қатынастар аяқталған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін бәс тігуге қатысушылардың дербес деректерін жою;
3) бағдарламалық қамтамасыз етудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, соның ішінде:
қосымшаларды логикалық топтарға бөлу және әр топты арнайы виртуалды машинаға орналастыру;
ішкі желілік трафиктен сыртқы желілік трафикті оқшаулау;
белсенді жабдық бір қосымша компонентпен резервтелетін схема бойынша БЕЖ-дің әрбір бағдарламалық компонентін резервтеу;
жүйелік және желілік инженерлерден басқа мамандардың серверлерге тікелей қол жеткізуін болдырмау.
21. Оператор осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және беру кезінде БЕЖ арқылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабының, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 45-бабының және Дербес деректер туралы Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
3-тарау. Бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге тұлғаларға беру тәртібі
22. Оператор БЕЖ арқылы осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ақпаратты телекоммуникация желілері арқылы салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның цифрлық жүйелеріне онлайн-режимде беруді қамтамасыз етеді.
23. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ақпаратты "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың ресми сауалдары бойынша оператор ұсынады.
24. БЕЖ уәкілетті органның, бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерінің жұмыс орны түрінде осы функционалға қол жеткізуді ұйымдастыра отырып, әртүрлі есептерді қалыптастыру және қарау мүмкіндігімен БЕЖ жүйесіне келіп түсетін деректерді визуализациялау функционалын қарастырады.
4-тарау. Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерін қамтитын интернет-ресурстарды Қазақстан Республикасының аумағында анықтау бойынша мониторингтеуді жүзеге асыру және олар бойынша мәліметтерді масс-медиа саласындағы уәкілетті органға беру тәртібі
25. Оператор Интернет желісінде Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы тұрғысынан мәліметтер жинау және интернет-ресурстардың мазмұнын талдау жолымен Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерін қамтитын интернет-ресурстарды Қазақстан Республикасының аумағында анықтау бойынша тұрақты негізде мониторингтеуді жүзеге асырады.
26. Интернет желісінде мәліметтерді жинау және интернет-ресурстардың мазмұнын талдау Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілері бар ақпаратты қамтитын Интернет желісіндегі домендік атауларды, сайттар беттерінің нұсқағыштарын және Интернет желісіндегі сайттарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін желілік мекенжайларды Интернет желісі арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын интернет-ресурстарды БЕЖ арқылы автоматтандырылған режимде іздеу жолымен анықтауды қамтиды.
27. Оператор Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерін қамтитын интернет-ресурстарды Қазақстан Республикасының аумағында анықтауды мониторингтеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілері бар ақпаратты қамтитын Интернет желісіндегі домендік атаулар, сайттар беттерінің нұсқағыштарын және Интернет желісіндегі сайттарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін желілік мекенжайлар туралы мәліметтерді олар анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының аумағында оларға қол жеткізуді шектеу үшін масс-медиа саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесіне енгізеді.