ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 255 "Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартымен көзделген есептілік нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17009 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректер жинауға арналған нысандарында:
Осы бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартында көзделген есептілік нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта:
Осы бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
К. Кажкенов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есеп Есепті кезең ______
Ұсынылады: құзыретті органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан мына интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps.
Әкімшілік нысанның атауы: Салықтық және салықтық емес төлемдер бойынша есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық белгіленуі): 1- ССТ.
Мерзімділігі: жылдық.
Есепті кезең: |
| жыл. |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар шеңбері: жер қойнауын пайдаланушылар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін.
ЖСН/БСН | |
|
(деректер жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде ұсынылған кезде толтырылмайды).
Жинау әдісі: жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде.
1-кесте
2-кесте
№ | Төлемдер/түсімдер | төлеушінің/алушының деректері | ||
Ақшалай нысанда | ||||
мың.тенге | мың АҚШ доллары. | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Салық түсімдері | БСК | |||
1. | Корпоративтік табыс салығы, оның ішінде: | 101110-101105 | ||
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы | 101110 (101101-101104) | |||
Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғаларынан алынатын корпоративтік табыс салығы | 101105 (101105-101107) | |||
2. | Жеке табыс салығы, оның ішінде: | 101201-101205 | ||
Төлемақы көзінен алынатын, кірістерден жеке табыс салығы | 101201 (101201, 101204) | |||
Төлемақы көзінен алынбайтын, кірістерден жеке табыс салығы | 101202 | |||
Төлемақы көзінен алынбайтын, шетел азаматтарының кірістерінен жеке табыс салығы | 101205 | |||
3. | Әлеуметтік салық | 103101 | ||
4. | Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салық | 104101 | ||
5. | Жер салығы | 104309 (104303,104308) | ||
6. | Заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы | 104401 | ||
7. | Қосылған құн салығы, оның ішінде | 105101, 105102, 105104, 105113, 105114, 105115 | ||
Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін тауарларға, орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қосылған құн салығы | 105101 | |||
Ресей Федерациясы мен Беларус Республикасының аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы | 105102 | |||
Резидент еместер үшін қосылған құн салығы | 105104 | |||
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағын құрғанға дейін Ресей Федерациясы мен Беларус Республикасының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға қосылған құн салығы | 105113 (105105, 105108) | |||
Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттер аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығы | 105115 (105109, 105110) | |||
Салық төлеушінің бұрын бюджетке қайтарылған және салықтық тексеру жүргізу кезінде қайтарылмаған құн салығының асып кеткен сомасын аудару (қайтару), айыппұл сомасын аудару | 105114 (105111, 105112) | |||
8. | Қазақстан Республикасы аумағында шығарылатын шикі мұнай мен газ конденсатының акциздері | 105229 | ||
Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін акцизделетін өнімдердің өзге де түрлері | 105278 (105240, 105273) | |||
9. | Өзге де салық түсімдері, оның ішінде: | |||
Республикалық бюджетке түсетін өзге де салықтық түсімдер (бұрын республикалық бюджетке түсетін салықтардың жойылған түрлері бойынша берешек) | 107109 | |||
Жергiлiктi бюджетке өзге де салықтық түсiмдер (бұрын жергiлiктi бюджетпен алынатын салықтардың жойылған түрлерi бойынша берешек) | 107110 | |||
Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер | ||||
10. | Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдаға салынатын салық | 105302 | ||
11. | Мұнай секторы ұйымдарынан алынатын шамадан тыс пайда салығы | 105322 | ||
12. | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар | 105305 | ||
13. | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін бонустар | 105325 | ||
14. | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық | 105306 | ||
15. | Мұнай секторы ұйымдарынан пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық | 105326 | ||
16. | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортқа салынатын рента салығы | 105307 | ||
17. | Мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығы | 105327 | ||
18. | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, жасалған келісімшарттар бойынша өнімдерді бөлуде Қазақстан Республикасының үлесі | 105308 | ||
19. | Мұнай секторы ұйымдарының жасалған келісімшарттары бойынша өнімдерді бөлуде Қазақстан Республикасының үлесі | 105328 | ||
20. | Мұнай секторы ұйымдарынан өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі | 105329 | ||
21. | Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы | 105313 | ||
22. | Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшінн төлемақы | 105314 | ||
23. | Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем | 105315 | ||
24. | Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы | 105316 | ||
25. | Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем | 105319 | ||
26. | Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем | 105309 | ||
27. | Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлем | 105310 | ||
28. | Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем | 105303 | ||
29. | Орманды пайдаланғаны үшін төлем | 105304 | ||
Бюджетке басқа да салықтық емес түсімдер | ||||
30. | Мұнай секторы ұйымдарының түсімдерін қоспағанда, зиянды өтеу туралы талап-арыздар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат | 204110 | ||
31. | Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар санкциялар, өндіріп алулар | 204201 | ||
32. | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 204202 | ||
33. | Табиғат пайдаланушылардан мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеу туралы талап-арыздары бойынша алынған қаражат | 204203 | ||
34. | Мұнай секторы ұйымдарының түсімдерін қоспағанда, республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсімдер | 206108 | ||
35. | Жергiлiктi бюджетке салықтық емес басқа да түсiмдер | 206109 | ||
36. | Мұнай секторы ұйымдарынан салықтық емес басқа да түсімдер | 206111 | ||
37. | Жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдары | 206114 | ||
Кедендік төлемдер | ||||
38. | Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімге қол қою туралы келісімге сәйкес төленген кедендік әкелу баждары (өзге баждар, балама әрекеті бар салықтар мен алымдар) | 106101 | ||
39. | Әкетілетін тауарларға кедендік баждар | 106102 | ||
40. | Әкелінетін тауарларға арналған жиынтық кедендік төлем | 106105 | ||
41. | Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету баждары | 106110 | ||
42. | Мұнайдан алынатын тауарларға арналған кедендік әкету баждары | 106111 | ||
43. | Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісім күшіне енгенге дейін төлеу міндеті туындаған, әкелінетін тауарларға кедендік баждар және (немесе) кедендік әкелу баждары | 106112 | ||
44. | Кедендік бақылаудан және кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдер | 106201 | ||
45. | Арнайы қорғаныс, демпингке қарсы және өтемақы баждары | 106202 | ||
3-кесте
Шетел валютасында жүзеге асырылатын төлемдер жөніндегі есеп
№ | Төлемнің атауы | БСК | Алушының салық органының атауы және БСН-і | Төлем сомасы (мың АҚШ доллары) | Төлем тапсырмасының нөмірі мен күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескертпе:
* Құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелерде қамтылған деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініште және қоса берілген құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасынан алынған деректер; Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.
"__" _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.
Қысқартулардың толық жазылуы:
КБК – бюджеттік сыныптама коды
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Меншігіндегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивидендтер) жөніндегі есеп
Ұсынылады: құзыретті органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан мына интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps.
Әкімшілік нысанның атауы: Меншіктегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивидендтер) туралы есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық белгіленуі): 1- МҮ.
Мерзімділігі: жылдық.
Есепті кезең: |
| жыл. |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар шеңбері: жер қойнауын пайдаланушылар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін.
ЖСН/БСН |
|
(деректер жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде ұсынылған кезде толтырылмайды).
Жинау әдісі: жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде.
4 – кесте
№ | Мемле кеттің үлесі, % | Алушының атауы (басқарушы холдинг/ Ұлттық компания) | Алушының БСН-і | Есептелді (мың теңге) | Есептелді (мың АҚШ доллары) | Есептілікті тапсыру кезіндегі өткен жылдардың берешегін қоса алғанда, нақты төленді (мың теңге) | Есептілікті тапсыру кезіндегі, өткен жылдардың берешегін қоса алғанда, нақты төленді (мың АҚШ доллары) | Төлемді шетел валютасында аудару күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | ||||||||
2 |
Ескертпе:
* Құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелерде қамтылған деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініште және қоса берілген құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасынан алынған деректер; Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.
"__" _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.
Қысқартулардың толық жазылуы:
КБК – бюджеттік сыныптама коды
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан 401102 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығындар туралы есеп Есепті кезең ______
Ұсынылады: құзыретті органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан мына интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps.
Әкімшілік нысанның атауы: Бюджеттік сыныптама кодтарының 401102 коды бойынша аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығыстар туралы есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық белгіленуі): 1-ЛКМ.
Мерзімділігі: жылдық.
Есепті кезең: |
| жыл. |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар шеңбері: жер қойнауын пайдаланушылар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін.
ЖСН/БСН |
|
(деректер жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде ұсынылған кезде толтырылмайды).
Жинау әдісі: жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде.
с | Облыс/ қала, аудан | Құжаттың (келісімінің, меморандумның, шарттың, әлеуметтік әріптестік) атауы | Іс-шараның (жобаның, бағдарламаның,әлеуметтік объектінің) атауы | Шарттың (келісімдер, меморандумдар, шарттар, әлеуметтік әріптестік) бойынша сомасы (мың теңге) | Нақты аударылған сома (мың теңге) | Берілген объектілер | Алушы (ұйым/ мекен-жайы/ деректемелері) | ||
Атауы | Саны | Баланстық құны (мың. теңге) | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | |||||||||
Ескертпе:
* Құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелерде қамтылған деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініште және қоса берілген құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасынан алынған деректер; Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.
"__" _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.
Қысқартулардың толық жазылуы:
КБК – бюджеттік сыныптама коды
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Квазифискалды шығыстар жөніндегі есеп (мемлекеттік меншік нысанындағы ұлттық компаниялар және бірлескен кәсіпорындарға арналған) Есепті кезең ______
Ұсынылады: құзыретті органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан мына интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps.
Әкімшілік нысанның атауы: Квазифискалды шығыстар жөніндегі есеп (мемлекеттік меншік нысанындағы ұлттық компаниялар және бірлескен кәсіпорындарға арналған) Есепті кезең ______
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық белгіленуі): 1-КШ.
Мерзімділігі: жылдық.
Есепті кезең: |
| жыл. |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар шеңбері: жер қойнауын пайдаланушылар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін.
ЖСН/БСН |
|
(деректер жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде ұсынылған кезде толтырылмайды).
Жинау әдісі: жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде.
6- кесте
№ | Меншігінде мемлекеттік үлес бар компанияның, Ұлттық компанияның/ холдингтің атауы | Мемлекеттің үлесі (%) | Облысы, қала, ауданы | Шығыстардың мақсаты (әлеуметтік қызметтер, мемлекеттік инфрақұрылым, жұмыспен қамту, отын субсидиялары, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету) | Іс-шараның (жобаның, бағдарламаның, әлеуметтік объектінің) атауы | Іс-шараның аяқталу мерзімі | Жоспарланған сома (мың теңге және (немесе) заттай нысанда) | Нақты аударылған сома (мың теңге және (немесе) заттай нысанд) | Алушы (ұйым/ мекен-жайы/ деректемелері) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ескертпе:
* Құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелерде қамтылған деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініште және қоса берілген құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасынан алынған деректер; Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.
"__" _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.
Қысқартулардың толық жазылуы:
КБК – бюджеттік сыныптама коды
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
| Бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 сәуір № 255 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартында көзделген есептілік нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартында көзделген есептілік нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі-Нұсқаулық) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында Өндіруші салалар ашықтығы бастамасын (бұдан әрі - ӨСАБ) іске асыру жөніндегі есептілікті жер қойнауын пайдаланушылардың біркелкі толтыруы мақсатында әзірленді.
2. Көмірсутекті және қатты пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органға "Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы" интеграцияланған цифрлық жүйесінде (бұдан әрі - ЖҚПБП) экрандық нысанды толтыру арқылы есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей жыл сайынғы есептілікті ұсынады.
3. Жасалған электрондық есептілік ұйымның ақпараттың сапасына, дұрыстығына және ұсынылуына жауапты лауазымды адамның (бұдан әрі - лауазымды адам) электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы куәландырылады.
4. Ұсынылған есептіліктегі деректерді түзету қажет болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органға себептерін көрсете отырып, есептілікті өзгерту туралы ресми хатпен өтініш жасайды.
Құзыретті орган оң шешім қабылдаған жағдайда, 7 жұмыс күні ЖҚПБП жүйесінде тіркелген оң шешім қабылданған күннен бастап, құзыретті орган ЖҚПБП жүйесінде есептілікті түзетуге рұқсат беріледі.
5. Қосымша ақпарат (ілеспе хат, қоса берілетін құжаттардың көшірмелері, жүргізілген қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары) ЖҚПБП жүйесіндегі терезеге енгізіледі және лауазымды адамның ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады.
6. Есептілік Excel форматында жасалады. Толтырғаннан кейін есептілік қағаз тасығышта басылып шығарылуы және жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысы қол қояды, одан әрі сканерленіп және ЖҚПБП жүйесіне бекітіледі.
7. Алдын ала толтырылған есептіліктердің барлық деректері ЖҚПБП жүйесінде толтырылған деректермен бірдей болуы тиіс. ЖҚПБП жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етудегі есептеулер кезінде қателіктер болмас үшін бұл деректерді Еxcel форматынан көшіруге жол берілмейді.
2-тарау. Салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есепті толтыру
8. 1 кестеде:
1-бағанда "Төлеушінің/алушының атауы" – жер қойнауын пайдаланушы компанияның толық және бар болған жағдайда қысқартылған атауы көрсетіледі;
2-бағанда "Төлеушінің/алушының БСН-і" – төлеушінің/алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
3-бағанда "Секторы" – мұнай-газ немесе тау-кен секторы (белгісімен белгілеу) көрсетіледі;
4-бағанда "Есеп жасалды" – есепті алушы немесе төлеуші жасады (белгісімен белгілеу) көрсетіледі;
5-бағанда "Аудитордың есепті растауы" – иә немесе жоқ (белгісімен белгілеу) көрсетіледі;
6-бағанда "Орындаушы (ТАӘ)" – орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі;
7-бағанда "Бекітемін:" – қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты жер қойнауын пайдаланушы-компанияның басшысы (егер бар болса), күні (мөрдің орны, егер бар болса) көрсетіледі.
9. 2 кестеде:
1-бағанда – реті бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда – жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан республикалық және (немесе) жергілікті бюджетке және Ұлттық қорға түсетін салықтық және салықтық емес төлемдердің/түсімдердің атаулары көрсетіледі;
3-бағанда – төлемдер аударылатын бюджеттік сыныптама коды (БСК) көрсетіледі;
4-бағанда – нақты төленген/алынған төлемнің/түсімнің сомасы, мың теңге. Төлемнің/түсімнің сомасына белгілі бір кезеңге жататынына қарамастан, есепті кезеңде әрбір төлем бойынша, өсімпұл мен айыппұлды ескере отырып, нақты аударылған сома, сондай-ақ артық төленген басқа төлемдер есебінен берешекті өтеу сомасы кіреді. Бұл ретте, басқа төлем есебінен төленген сома артық төленген төлем сомасынан шегеріледі;
5-бағанда – нақты төленген/алынған төлемнің/түсімнің сомасы, мың АҚШ доллары. Төлемнің/түсімнің сомасына белгілі бір кезеңге жататынына қарамастан, есепті кезеңде әрбір төлем бойынша, өсімпұл мен айыппұлды ескере отырып, нақты аударылған сома, сондай-ақ артық төленген басқа төлемдер есебінен берешекті өтеу сомасы кіреді. Бұл ретте, басқа төлем есебінен төленген сома артық төленген төлем сомасынан шегеріледі. Бұл баған жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына сәйкес АҚШ долларымен жасалған төлемдерді/түсімдерді көрсетуге арналған.
10. 3 кестеде:
1-бағанда – реті бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда – жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан республикалық және (немесе) жергілікті бюджетке және Ұлттық қорға түскен салықтық және салықтық емес төлемдердің/түсімдердің атаулары көрсетіледі;
3-бағанда – төлемдер жасалатын бюджеттік сыныптама коды (БСК) көрсетіледі;
4-бағанда – алушының салық органының атауы және БСН-і көрсетіледі;
5-бағанда – нақты төленген/алынған төлемнің/түсімнің сомасы, мың АҚШ доллары. Төлемнің/түсімнің сомасына белгілі бір кезеңге жататынына қарамастан, есепті кезеңде әрбір төлем бойынша, өсімпұл мен айыппұлды ескере отырып, нақты аударылған сома, сондай-ақ артық төленген басқа төлемдер есебінен берешекті өтеу сомасы кіреді. Бұл ретте, басқа төлем есебінен төленген сома артық төленген төлем сомасынан шегеріледі. Бұл баған жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына сәйкес АҚШ долларымен жасалған төлемдерді/түсімдерді көрсетуге арналған.
11. Салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есеп ӨСАБ стандартында көзделген есептіліктің 1 және 2-кестелеріне сәйкес жасалады және барлық төлеушілер үшін міндетті болып табылады. Еxcel форматында деректерді толтырғаннан кейін салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есеп қағаз тасығышта басып шығарылады, жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысы қол қояды, сканерленеді және ЖҚПБП жүйесіне бекітіледі.
Жер қойнауын пайдалану бойынша сенімгерлік басқаруы бар төлеушілер салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есепке сенімгерлік басқару қызметі шеңберіндегі салықтар және төлемдер бойынша төлемақыны енгізеді.
5-бағанда 2-кестеде қосымша шетел валютасында жүзеге асырылған төлемдер көрсетіледі. Валюталық төлемдер бойынша деректерді толтырған кезде, қайта ұйымдастырылған жағдайда төлемдерді үшінші адамдардың төлеуін ескеру қажет.
12. Салықтық және салықтық емес төлемдер/түсімдер сомасын толтырғаннан кейін ЖҚПБП жүйесі автоматты режимде бөлімдер бойынша көрсеткіштерді:
салықтық түсімдерді;
табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдерді;
бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді;
кедендік төлемдерді қосады және республикалық, жергілікті бюджеттерге және Ұлттық қорға түскен салықтық және салықтық емес төлемдердің/түсімдердің ағымын тиісті бюджеттік сыныптама коды (бұдан әрі-БСК) бойынша бөледі.
13. Төлемдер шетел валютасында жүзеге асырылған жағдайда, "Шетел валютасында жүзеге асырылатын төлемдер жөніндегі есеп " ӨСАБ стандартында көзделген есептіліктің 3-кестесіне сәйкес нысан бойынша толтырылады.
Егер қаражатты аудару бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылса, жолдар қосу және аяқтағаннан кейін шетел валютасындағы төлемақылардың жиынтық сомасын көрсету қажет. Деректерді толтырғаннан кейін, шетел валютасында жүзеге асырылатын төлемдер жөніндегі есеп қағаз тасығышта басып шығарылады және жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысы қол қояды, сканерленеді және ЖҚПБП жүйесіне бекітіледі.
14. Қаражат бірнеше кезеңдерде аударылған кезде, келесі төлемді және төлем жасалатын салық органын таңдау арқылы жолдар қосу қажет. Шетел валютасында жасалған төлемақылардың жиынтық сомасы ЖҚПБП жүйесінде автоматты режимде қосылады.
3-тарау. Меншігіндегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивидендтер) жөніндегі есепті толтыру
15. 4 кестеде:
1-бағанда – реті бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда – компаниядағы мемлекеттік үлес, пайызбен (%) көрсетіледі;
3-бағанда – алушының атауы (басқарушы холдинг/Ұлттық компания) көрсетіледі;
4-бағанда – алушының БСН көрсетіледі;
5-бағанда – есепті кезеңдегі дивидендтердің есептелген сомасы, мың теңге көрсетіледі;
6-бағанда – есепті кезеңдегі дивидендтердің есептелген сомасы, мың АҚШ доллары көрсетіледі;
7-бағанда – есептілікті тапсыру кезіндегі, өткен жылдардың берешегін қоса алғанда, нақты төленді (мың теңге) көрсетіледі;
8-бағанда – есептілікті тапсыру кезіндегі, өткен жылдардың берешегін қоса алғанда, нақты төленді (мың АҚШ доллары) көрсетіледі;
9-бағанда – төлемді шетел валютасында аудару күні (орналастырылған күнтізбеден таңдау) көрсетіледі.
16. "Меншігіндегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивидендтер) жөніндегі есепті " толтыру осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ӨСАБ нысаны бойынша компанияның меншігінде мемлекеттік үлес болған жағдайда жүзеге асырылады және меншігінде мемлекеттік үлесі бар төлеуші толтырады.
Егер қаражатты аудару бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылса, жолдарды қосу қажет және аяқтағаннан кейін төленген дивидендтердің жиынтық сомасы көрсетілуі тиіс. Деректерді толтырғаннан кейін, меншігіндегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивиденттер) жөніндегі есеп қағаз тасығышта басып шығарылады және жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысы қол қояды, сканерленеді және ЖҚПБП жүйесіне бекітіледі.
17. Қаражат бірнеше кезеңдерде аударылған кезде, келесі дивидендтер сомасын және төлем жасалатын алушының БСН-ін таңдау арқылы жолдар қосу қажет. Төленген дивидендтердің жиынтық сомасы ЖҚПБП жүйесінде автоматты режимде қосылады.
4-тарау. 401102 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығындар туралы есепті толтыру
18. 5 кестеде:
1-бағанда – реті бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда – облысы/қаласы, ауданы көрсетіледі;
3-бағанда – әкімшілік-территориялық объектілер жіктеуші коды көрсетіледі;
4-бағанда – құжаттың (келісім, меморандум, шарт, әлеуметтік әріптестік) атауы көрсетіледі;
5-бағанда – іс-шараның (жобаның, бағдарламаның, әлеуметтік объектінің) атауы көрсетіледі;
6-бағанда – шарт (келісімдер, меморандумдар, шарттар, әлеуметтік әріптестік) бойынша сомасы, мың теңге көрсетіледі;
7-бағанда – нақты аударылған сома, мың теңге көрсетіледі;
8-бағанда – берілген объектілер (объектінің атауын көрсету) көрсетіледі;
9-бағанда – берілген объектінің (лердің) саны көрсетіледі;
10-бағанда – берілген объектінің (лердің) баланстық құны, мың теңге көрсетіледі;
11-бағанда – алушы (ұйым/мекен-жайы/деректемелері) көрсетіледі.
19. "401102 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығындар туралы есепті " толтыру осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ӨСАБ нысаны бойынша жергілікті әкімшілік органдармен (әкімдіктермен) жасалған келісімдер, меморандумдар, шарттар, әлеуметтік әріптестік бойынша қосымша шығындар (401102 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражаттан басқа) болған жағдайда жүзеге асырылады. Демеушілік көмек осы есепке қосылмайды. Деректерді толтырғаннан кейін, "401102 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығындар туралы есеп " қағазға басып шығарылып, жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысымен қол қойылады. Одан әрі сканерленіп, ЖҚПБП жүйесіне бекітіледі.
20. Бірнеше іс-шаралар қаржыландырылған кезде, келесі іс-шараны және өңірді таңдау арқылы жолдар қосу қажет. Аударылған қаражаттың және берілген объектілердің жалпы сомасы ЖҚПБП жүйесінде автоматты түрде қосылады.
5-тарау. Квазифискалды шығындар жөніндегі есепті толтыру
21. 6 кестеде:
1-бағанда – рет саны бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда – меншігінде мемлекеттік үлес бар компанияның, Ұлттық компанияның/холдингтің атауы көрсетіледі;
3-бағанда – мемлекеттің үлесі (%) көрсетіледі;
4-бағанда – облысы, қала, ауданы көрсетіледі;
5-бағанда – әкімшілік-территориялық объектілер жіктеуші коды көрсетіледі;
6-бағанда – шығыстардың мақсаты (әлеуметтік қызметтер-қайырымдылық, демеушілік қолдау, спорттық, мәдени, ағартушылық және басқа да іс-шаралар; мемлекеттік инфрақұрылым-мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік объектілерді салу, күрделі жөндеу, қызмет көрсету, күтіп-ұстау; жұмыспен қамту-компанияға қажет шамадан жоғары жұмыс орындарын ұсыну немесе атқарылатын функциялар шеңберінен шығатын онымен байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыру. Банк қарыздары есебінен немесе өзара берешекті жинақтау жолымен нарықтағыдан жоғары жалақы мөлшерлемелерін төлеу; отын субсидиялары-шикізатты жеткізудің нарықтағы бағасы мен жеткізілген өнімнің нақты бағасы арасындағы айырмашылық; мемлекеттік борышқа қызмет көрсету-валюта ауыстыру бағамын тұрақтандыру іс-шараларынан, үкіметке пайызсыз және жеңілдікпен берілген кредиттерден және коммерциялық банктердің қолданылмайтын қарыздарға қызмет көрсетуге берген қайта қаржыландыру кредиттерінен келген залал, сондай-ақ ауылшаруашылық, өнеркәсіп және тұрғын үй бағдарламаларын жеңілдік мөлшерлемелер бойынша қаржыландыру) көрсетіледі;
7-бағанда – іс-шараның (жобаның, бағдарламаның, әлеуметтік объектінің) атауы көрсетіледі;
8-бағанда – іс-шараның аяқталу мерзімі көрсетіледі;
9-бағанда – жоспарланған сома (мың теңге және (немесе) заттай нысанда) көрсетіледі;
10-бағанда – нақты аударылған сома (мың теңге және (немесе) заттай нысанда) көрсетіледі;
11-бағанда – алушы (ұйым/ мекен-жайы/ деректемелері) көрсетіледі.
22. "Квазифискалды шығындар жөніндегі есепті" толтыруды мемлекеттік меншік нысанындағы ұлттық компаниялар және бірлескен кәсіпорындар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ӨСАБ нысаны бойынша жүзеге асырады.
23. Бірнеше іс-шаралар қаржыландырылған кезде, келесі іс-шараны және өңірді таңдау арқылы жолдар қосу қажет. Аударылған қаражаттың және берілген объектілердің жиынтық сомасы ЖҚПБП жүйесінде автоматты режимде қосылады.