"Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 24/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 сәуірде № 38532 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қарашада № 21693 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 30-1-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 30-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) абонент – иелігінде және (немесе) қолдануында Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне міндетті түрде қосылуы тиіс объектілері бар жеке немесе заңды тұлға;

      2) аппараттық-бағдарламалық кешен – белгілі типтегі міндеттерді шешу үшін бірге пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;

      3) бейнеталдау – ағынды бейнені талдау (бейнеталдау) негізінде деректерді автоматты жинау үшін компьютерлік көру әдістерін пайдаланатын бағдарламалық қамтылым немесе технология;

      4) деректерді беру желісінің операторы – Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің қатысушылары арасында деректерді беру үшін байланыс арналарының жұмыс істеуін және дамытуды қамтамасыз ететін байланыс операторы;

      5) деректерді өңдеу орталығы – технологиялық, инженерлік, техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтылым арқылы өзге де цифрлық объектілерді орналастыруға және олардың жұмыс істеу ортасын қамтамасыз етуге арналған цифрлық инфрақұрылым объектісі;

      6) пайдаланушы – "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 30-1-бабына сәйкес айқындалған, заңнамамен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қол жеткізе алатын мемлекеттік орган;

      7) техникалық мүмкіндіктер – пайдаланушының Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қол жеткізу мүмкіндігіне тікелей ықпал ететін белгілі шарттар мен факторлар жиынтығы;

      8) техникалық оператор – деректерді өңдеу орталықтарының аппараттық-бағдарламалық кешені мен технологиялық платформаларының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оларды дамытуға қатысатын ұйым;

      9) техникалық шарттар – абоненттің бейнебақылау жүйесін Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосу мүмкіндігіне тікелей ықпал ететін белгілі шарттар мен факторлар жиынтығы;

      10) технологиялық платформа – деректерді өңдеу орталықтарының деректерді өңдеу мен талдауға арналған бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;

      11) Ұлттық бейнемониторинг жүйесі – ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін бейнекөріністер жинауды, өңдеу мен сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығын қамтитын цифрлық жүйе;

      12) Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің тізілімі – Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің абоненттері, пайдаланушылары және бейнебақылау жүйелері туралы ақпаратты қамтитын цифрлық объектісі;

      13) үйлестіруші – салааралық басқаруды және Ұлттық бейнемониторинг жүйесі қатысушыларының өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;";

      16-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс қабілеттілігін басқару, бақылау мен жұмыс істеуіне мониторинг жүргізу, сондай-ақ Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің киберқауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу және киберқауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету үшін кезекшілік қызметінің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету;";

      17-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) байланыс арналарының жұмыс қабілеттілігін басқару, бақылау мен жұмыс істеуіне мониторинг жүргізу, сондай-ақ Ұлттық бейнемониторинг жүйесі байланыс арналарының киберқауіпсіздік оқиғаларын мониторингілеу және киберқауіпсіздік оқыс оқиғаларына ден қою үшін кезекшілік қызметінің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Бағдарламалық платформада "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған міндеттерге сәйкес функционал іске асырылады.

      34. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық платформа Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің өтпелі жабдығын қоса алғанда, Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің деректерді өңдеу орталықтарының аппараттық-бағдарламалық кешендерінде ғана жұмыс істейді.";

      Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, алтыншы, он үшінші, он төртінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтарын және осы бұйрықтың қосымшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы бұйрықтың 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "5) деректерді өңдеу орталығы – Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің серверлік және желілік жабдығын орналастыруға арналған мамандандырылған құрылыс;

      6) пайдаланушы – "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 30-1-бабына сәйкес айқындалған, заңнамамен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қол жеткізе алатын мемлекеттік орган;";

      "11) Ұлттық бейнемониторинг жүйесі– ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін бейнекөріністер жинауды, өңдеу мен сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығын қамтитын ақпараттық жүйе;

      12) Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің тізілімі - Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің абоненттері, пайдаланушылары және бейнебақылау жүйелері туралы ақпаратты қамтитын ақпараттандыру объектісі;".

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлiгi

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2026 жылғы 22 сәуірдегі
№ 24/қе бұйрығымен бекітілген
қосымша
Ұлттық бейнемониторинг
жүйесінің жұмыс істеу
қағидаларына
2-қосымша

Бейнебақылау жүйелерінің минималды техникалық шарттары

      1. Бейнекамералардың жалпы мүмкіндіктері:

      1) ажырату қабілеті (матрицаның тиімді беті) – 1920х1080 пиксельден кем емес;

      2) битрейттің мәні – 2000 кбит/с кем емес;

      3) бейнесигналды түрлендірудің және берудің жылдамдығы – 25 к/с кем емес;

      4) пакеттің жоғалулары – 20%-дан артық емес;

      5) фокустануы – Auto / Manual (опциональды);

      6) ең аз жарық сезімталдығы – 0,01 лк;

      7) суретті жақсарту – WDR 120 дБ кем емес;

      8) "Күн/түн" режимі – механикалық ИК фильтрі;

      9) "Күн/түн" қайта қосу – автоматты түрде/кесте бойынша;

      10) жұмыстың сыртқы шарттары – IP66 қорғау деңгейінен кем емес;

      11) қорғау дәрежесінің параметрі – IK10;

      12) бақылау аймағының шекараларында суреттің сапасы келесі шектерде белгіленеді:

      12-1) метрге 150 пиксельден кем емес – нақтылай отырып, шолу камераларында;

      12-2) 250 pix/m кем емес – кіру топтарында;

      12-3) 50pix/m кем емес – нақтылаусыз шолу камераларында.

      2. Бейнекамералардың түріне сәйкес мүмкіндіктері:

Бейнекамералардың түрлері

Ең төменгі мүмкіндіктері

1) Стационарлық көшеде орнатылатын – шолу

Фокустық қашықтық – 2,8-ден 12 мм дейін, вариофокальды объектив
Электрондық ысырманың жылдамдығы - 1/50 с артық емес
Инфрақызыл жарық - қашықтығы 30 м кем емес, жарықтың әрекет ету бұрышы камераның шолу бұрышына сәйкес келеді
Температуралардың жұмыс диапазоны -40° бастап +60° дейін

2) Стационарлық көшеде орнатылатын – кіру тобы

Фокустық қашықтық – 2.8-ден 8 мм дейін моторизацияланған вариофокальды объектив
Электрондық ысырманың жылдамдығы - 1/100 с артық емес, баяу ысырманы қолдау
Инфрақызыл жарық - қашықтығы 30 м кем емес,
жарықтың әрекет ету бұрышы камераның шолу бұрышына сәйкес келеді
Температуралардың жұмыс диапазоны -40° бастап +60° дейін

3) Стационарлық көшеде орнатылатын - объектілерге/ бақылау-өткізу пункттеріне/ автокөлікті тексеру аймақтарына шығатын топ

Фокустық қашықтық – 2.8 бастап моторизацияланған вариофокальды объектив
Электрондық ысырманың жылдамдығы - 1/250 с артық емес, баяу ысырманы қолдау
Инфрақызыл жарық - қашықтығы 30 м кем емес, жарықтың әрекет ету бұрышы камераның шолу бұрышына сәйкес келеді
Температуралардың жұмыс диапазоны -40° бастап +60° дейін

4) Стационарлық көшеде орнатылатын - көлік ағынының мониторингі:

Фокустық қашықтық – 2.8 – 8 мм бастап, моторизацияланған вариофокальды объектив
Электрондық ысырманың жылдамдығы - 1/5000 с артық емес, баяу ысырманы қолдау
Инфрақызыл жарық - қашықтығы 50 м кем емес, жарықтың әрекет ету бұрышы камераның шолу бұрышына сәйкес келеді
Температуралардың жұмыс диапазоны -40° бастап +60° дейін

5) Стационарлық іште орнатылатын - кіру тобы/ бақылау-өткізу пункттері/ келушілерді тексеру аймақтары

Фокустық қашықтық – 2.8-ден 8 мм дейін, моторизацияланған вариофокальды объектив
Электрондық ысырманың жылдамдығы – 1/100 с артық емес, баяу ысырманы қолдау
Инфрақызыл жарық – қашықтығы 20м кем емес, жарықтың әрекет ету бұрышы камераның шолу бұрышына сәйкес келеді

6) Стационарлық іште орнатылатын – шолу

Фокустық қашықтық – 2.8-ден 12 мм дейін, вариофокальды объектив
Электрондық ысырманың жылдамдығы – 1/50 с артық емес
Инфрақызыл жарық – қашықтығы 20 м кем емес, жарықтың әрекет ету бұрышы камераның шолу бұрышына сәйкес келеді

7) Көшеде орнатылатын – шолу

Фокустық қашықтық – 2.8 мм бастап, Wide-Tele вариофокальды объектив
Ұлғайту жылдамдығы – 4.5с нашар емес
Зум – 24-тен бастап оптикалық, 8-ден бастап цифрлық
Диафрагма – реттелетін, F1.6 бастап
Бұрылу диапазоны – 360°
Бұрылу жылдамдығы – қолмен: 0.1° бастап 200°/с дейін, алдын ала орнату бойынша: 240°/с бастап
Көлбеу диапазоны – 10° бастап 90° дейін немесе жақсырақ, автоматты түрде бұрылу
Көлбеу жылдамдығы – қолмен: 0.1° бастап 120°/с дейін, алдын ала орнату бойынша: 200°/с бастап
Өшіру кезіндегі жадының позициясы– иә
Позициялау дәлдігі – 0,2°
Электрондық ысырманың жылдамдығы – 1/25 бастап 1/30000с дейін
Инфрақызыл жарық – қашықтығы 150 м кем емес, жарықтың әрекет ету бұрышы камераның шолу бұрышына сәйкес келеді
Температуралардың жұмыс диапазоны – 40° бастап +60° дейін

8) Іште орнатылатын жылдамдықты бұрма–шолу

Фокустық қашықтық – 2.8 мм бастап, Wide-Tele вариофокальды объектив
Ұлғайту жылдамдығы – 4.5с нашар емес
Зум – 24-тен бастап оптикалық, 8-ден бастап цифрлық,
Диафрагма – реттелетін, F1.6 бастап
Бұрылу диапазоны – 360°
Бұрылу жылдамдығы – қолмен: 0.1° бастап 200°/с дейін, алдын ала орнату бойынша: 240°/с бастап
Көлбеу диапазоны - 10° бастап 90° дейін немесе жақсырақ, автоматты түрде бұрылу
Көлбеу жылдамдығы – қолмен: 0.1° бастап 120°/с дейін, алдын ала орнату бойынша: 200°/с бастап
Өшіру кезіндегі жадының позициясы – иә
Позициялау дәлдігі - 0,2°
Электрондық ысырманың жылдамдығы – 1/25 бастап 1/30000с дейін
Инфрақызыл жарық – қашықтығы 30 м кем емес, жарықтың әрекет ету бұрышы камераның шолу бұрышына сәйкес келеді

9) Көшеде орнатылатын жылдамдықты бұрма– автокөлік жолдары

Фокустық қашықтық – 4.3 мм бастап, Wide-Tele вариофокальды объектив
Ұлғайту жылдамдығы – 4.5с нашар емес
Зум – 24-тен бастап оптикалық, 8-тен бастап цифрлық
Диафрагма – реттелетін, F1.6 бастап
Бұрылу диапазоны – 360°
Бұрылу жылдамдығы – қолмен: 0.1° бастап 200°/сдейін, алдын ала орнату бойынша: 140°/с бастап.
Көлбеу диапазоны 0° бастап 90° дейін немесе жақсырақ, автоматты түрде бұрылу
Көлбеу жылдамдығы – қолмен: 0.1° бастап 120°/с
дейін, алдын ала орнату бойынша: 200°/с бастап.
Өшіру кезіндегі жадының позициясы – иә,
Позициялау дәлдігі – 0,2°0
Электрондық ысырманың жылдамдығы - 1/25 бастап 1/30000с дейін
Инфрақызыл жарықтандырудың диапазоны – кемінде 100 м
Температуралардың жұмыс диапазоны -40° бастап +60° дейін

      3. Бейнекамераларды орнату.

      1) кадрдағы кедергілерді болдырмау үшін: камераның көру алаңында шолуды жабатын және адамдарға, байқалатын объектілерге не көлік құралдарына бақылау аймағында байқаусыз қозғалуға мүмкіндік беретін заттарды алып тастау қажет. Кадрда егер бұл объектілер бақылау мақсаты болып табылмаса, теледидар экрандарының, интерактивті жарнамалық қалқандардың, айналмалы есіктердің, эскалаторлардың, тербелмелі бұтақтардың және тұрақты қозғалыс жасайтын басқа да объектілердің аймақтарын болдырмау немесе шектеу қажет;

      2) жаңадан орнатылатын бейнекамералар пайда болған кедергілерден (бейнеағынды берудің сигналдық тізбектерінен, сондай-ақ электрмен қоректендіру желілерінен) қорғанысты қамтамасыз етуі қажет, нөлдеу және жерге қосу тізбектерін ескеруі тиіс. Тіректерге бейнекамераларды орнату кезінде конструкцияның, негіздің дірілге тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет;

      3) объектіге іргелес аумақты мониторингілеу және бақылау мақсатында жалпы бейнебақылау үшін камераларды орнату объектінің қабырғасында немесе тіректерде кемінде 4 метр биіктікте жүргізіледі;

      4) жол жағдайының мониторингі үшін камераларды орнату 12 метрге дейінгі биіктікте, көлік құралындағы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тану үшін 6-дан 30 метрге дейінгі биіктікте жүргізіледі;

      5) кіру топтары және жаяу жүргіншілер өтпелерінде азаматтардың түрлерін әлеуетті сәйкестендіру үшін камералар 2,5 метрге дейінгі, жұмыс істеп тұрған кіру-шығу есіктерінде (басты жақта – 2-ден кем емес, екінші кезектегі – 1-ден кем емес) 3,5 метрге дейінгі биіктікте орнатылады.

      4. Объектінің сыныптамасына байланысты орнатуға ұсынылатын камералардың түрлері:

Объектілердің сыныптамасы

Бейнекамералардың түрлері (кем дегенде)

Адамдар көп жиналатын объектілердегі бейнебақылау жүйелері

1. Стационарлық көшеде орнатылатын – шолу.
2. Стационарлық көшеде орнатылатын – кіру тобы.
3. Стационарлық іште орнатылатын - кіру тобы/ бақылау-өткізу пункттері/ келушілерді тексеру аймақтары.
4. Стационарлық іште орнатылатын – шолу/ дәліздік.
5. Көшеде орнатылатын жылдамдықты бұрма– шолу.

Аула ішіндегі бейнебақылау жүйелері

1. Стационарлық көшеде орнатылатын – шолу.
2. Стационарлық көшеде орнатылатын – кіру тобы.
3. Стационарлық көшеде орнатылатын – объектіге көлікпен кіру тобы.
4. Стационарлық іште орнатылатын - кіру тобы.

Аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық және қауіпті өндірістік объектілердегі бейнебақылау жүйелері

1. Стационарлық көшеде орнатылатын – шолу.
2. Стационарлық көшеде орнатылатын – кіру тобы.
3. Стационарлық көшеде орнатылатын – автокөлікпен кіру тобы/ бақылау-өткізу пункттері/ автокөлікті тексеру аймақтары.
4. Стационарлық іште орнатылатын - кіру тобы/ бақылау-өткізу пункттері.
5. Стационарлық іште орнатылатын – шолу/ дәліздік.
6. Көшеде орнатылатын жылдамдықты бұрма– шолу.

Жол қауіпсіздігін бейнебақылау жүйелері

Стационарлық көшеде орнатылатын – шолу.
Стационарлық көшеде орнатылатын – автокөлік жолдары.
Көшеде орнатылатын жылдамдықты бұрма – автокөлік жолдары.

      5. Бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері.

      1)абоненттердің бейнебақылау жүйелеріне осы Қағидалардың талаптарына сәйкес бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдап отыруды, жаңарту мен дамытуды көздеуі қажет;

      2) мемлекеттік органдар әзірлейтін, енгізетін және қаржыландыратын бейнебақылау жүйелеріне қаржыландыру моделіне қарамастан, бейнедеректерді Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне беруді қамтамасыз етуі қажет;

      3) бейнебақылау жүйелерінде пайдаланылатын техникалық құралдардың электрмен қоректендіру көздерінен кепілді және кемінде 60 минут режимде автономды электрмен жабдықтау болуы қажет.

      6. Бейнебақылау жүйелері:

      1) 24/7/365 жұмыс режимін;

      2) дәл уақыт сигналдарын құрылғылардың, серверлердің және жұмыс станцияларының сағаттарымен синхрондауын;

      3) жүйенің барлық объектілері мен сервистері үшін қол жеткізу құқықтары мен қауіпсіздік саясаттарын орталықтандырылған басқару мен бөлуді;

      4) жүйеде барлық қол жеткізу деңгейіндегі пайдаланушылардың іс-қимылдарын автоматты түрде жазу (логтау), сондай-ақ операциялық жүйе мен дерекқоры деңгейінде өзгерістер енгізуге қол жеткізу мүмкіндігін болдырмауды;

      5) қауіпсіз желілік өзара іс-қимылды;

      6) бейнені мультипротокольды таратуды;

      7) Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне бейнефрагменттерді (бейнежазбаларды) икемдеуге келетін, автоматты түрінде жүктеудің және табыстаудың болуы;

      8) мазасыздық дабылдарды өңдеуге арналған бірыңғай интерфейсінде барлық объектілер мен жүйенің қызметтері үшін мазасыздық дабылдарды орталықтандырылған өңдеу мүмкіншілігімен дабыл хабарламаларын автоматты түрде хаттамалау және оқиғаларға әрекет ету қағидаларын жасау және баптау мүмкіншілігі;

      9) жазу сервері мен желідегі ақаулар пайда болған жағдайда жетіспейтін жазбаларды қайта қалпына келтіру мүмкіншілігі бар, бөлінген файл архивіне IP камераларынан бейне жазуды;

      10) архивтің міндетті сақталуын – күнтізбелік 30 күннен кем емес;

      11) сыртқы жүйелермен интеграциялау үшін ашық платформалық-тәуелсіз API;

      12) еркін түрінде таратылатын (ақысыз) SDK пакетінің негізінде сыртқы бейнеталдау модульдерді (сыртқы плагиндерді) қосу және меншіктілерді әзірлеу мүмкіндігін;

      13) камераларды Onvif, PSIA хаттамалары бойынша қосу мүмкіндігін;

      14) MJPEG, MPEG-4, MPEG-4 ASP, MxPEG, H.264 және H.265 кодекстерін қолдау мүмкіндігін;

      15) қозғалыс айқындалған, белгілі оқиға туындаған кезде немесе уақыт аралығында (кесте бойынша) жазу жылдамдығын ұлғайту мүмкіндігін;

      16) IP камераларымен HTTPS-қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет;

      17) Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне бас/еншілес логиканы пайдаланып, біртұтас сатыластықты ұйымдастыру жолымен қосылу мүмкіндігі мен жүйелерді өзара байланыстыруға және бейнефрагменттерді алуға мүмкіндігін;

      18) проблемаларды айқындау және өзара байланыстағы объектілерімен қашықтықтағы басқару мүмкіндігі. Еншілес жүйелер автономды сайттар ретінде жұмыс істеуі қажет, соның ішінде желілік қосылудың үзілген жағдайда;

      19) жүйеде параллельды түрде жүктелініп қашықтықтағы объектіден алынған жазбалардың барлық құрылғылары үшін максималды өткізу қабілеттілігін орнатудың мүмкіндігі;

      20) Ұлттық бейнемониторг жүйесі арқылы бейнекамераларды қарау және басқару мүмкіндігі.

      7. Деректерді беру ортасы.

      Деректерді беру ортасы – бұл тұрақты қосылу мен деректерді беру қамтамасыз етілген оптикалық-талшықты (өткізгіш) немесе сымсыз деректерді беру желілері.

      1) бейнебақылау жүйесін, локальдық бейнебақылау жүйесін құру (жаңғырту) үшін пайдаланылатын коммутациялық жабдықты орнату кезінде желі ресурстарына қолжетімділікті, хаттамаларды маршураттауды, адрестерді трансляциялау технологиясын (NAT), Multicast және т. б. бөлу, болып жатқан оқиғаларды есепке алуды жүргізу, әртүрлі трафик түрлерін беру үшін басымдықтарды орнату (басқару арнасы, нақты уақыттағы бейнебақылау арнасы, бейне архивіне қол жеткізу арнасы және басқалар) үшін виртуалды локальдық желілер құру мүмкіндігін көздеу қажет;

      2) байланыс және деректерді беру жүйесі байланыс желілері бойынша берілетін деректерді сенімді маршруттауды және коммутациялауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ берілетін бейнеақпараттың сапасына әсер ететін берудің кідіруі мен деректердің жоғалуын болдырмау қажет;

      3) бейнебақылау жүйесінің құрамдастары арасындағы ақпараттық алмасу хаттамалары ашық болу қажет;

      4) бейнебақылау жүйелерінде пайдаланылатын байланыс желілері мен телекоммуникациялық "түйіспелер" бейнеағынын ұстап қалу мүмкіндігін, сондай-ақ оған өзгерістер енгізуді болдырмау қажет және киберқауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарына сәйкес болу қажет;

      5) істен шығу және техникалық қызмет көрсету себептері бойынша тұрып қалу уақыты пайдалану жөніндегі талаптар сақталған жағдайда жылына 50 сағаттан аспау қажет;

      6) ахуалдық орталықтың инфрақұрылым деңгейі "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкес;

      7) деректерді берудің және бейнесигналды камералардан бейнебақылау жүйесіне жеткізудің негізгі желілері ауа-райына, электромагниттік және өзге де пайдалану жағдайларына және деректерді ұстап алуға және мәнін ашуға төзімді ортаға тәуелді емес деректерді берудің жалғыз ортасы ретінде тіркелген оптикалық-талшықты байланыс желілері (FC) болып табылады;

      8) резервтік деректер беруді сымсыз желілермен қолдау мүмкіндігі;

      9) сымсыз желілерді пайдалану уәкілетті органдармен келісілген деректерді шифрлау хаттамаларын қолдану арқылы техникалық оператормен келісілген кезде мүмкін болады.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 октября 2020 года № 69-қе "Об утверждении Правил функционирования Национальной системы видеомониторинга"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 22 апреля 2026 года № 24/қе. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 апреля 2026 года № 38532

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 октября 2020 года № 69-қе "Об утверждении Правил функционирования Национальной системы видеомониторинга" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 ноября 2020 года за № 21693) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 5 статьи 30-1 Закона Республики Казахстан "О кибербезопасности" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах функционирования Национальной системы видеомониторинга, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила функционирования Национальной системы видеомониторинга (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 30-1 Закона Республики Казахстан "О кибербезопасности" (далее – Закон) и определяют порядок функционирования Национальной системы видеомониторинга.";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) абонент – физическое или юридическое лицо, во владении и (или) пользовании которого находится объект, подлежащий обязательному подключению к Национальной системе видеомониторинга;

      2) аппаратно-программный комплекс – совокупность программных и технических средств, совместно применяемых для решения задач определенного типа;

      3) видеоаналитика – программное обеспечение или технология, использующая методы компьютерного зрения для автоматизированного сбора данных на основании анализа потокового видео (видеоанализа);

      4) оператор сети передачи данных – оператор связи, обеспечивающий функционирование и развитие каналов связи для передачи данных между участниками Национальной системы видеомониторинга;

      5) центр обработки данных – объект цифровой инфраструктуры, предназначенный для размещения и обеспечения среды функционирования иных цифровых объектов посредством технологических, инженерных, технических средств и программного обеспечения;

      6) пользователь – государственный орган, определенный в соответствии со статьей 30-1 Закона Республики Казахстан "О кибербезопасности", имеющий доступ к Национальной системе видеомониторинга для выполнения возложенных законодательством задач и функций;

      7) технические возможности – совокупность определенных условий и факторов, непосредственно влияющих на возможность получения пользователем доступа к Национальной системе видеомониторинга;

      8) технический оператор – организация, обеспечивающая функционирование и участвующая в развитии аппаратно-программных комплексов и технологических платформ центров обработки данных;

      9) технические условия – совокупность определенных условий и факторов, непосредственно влияющих на возможность подключения системы видеонаблюдения абонента к Национальной системе видеомониторинга;

      10) технологическая платформа – совокупность программных и технических средств центров обработки данных, предназначенных для обработки и анализа данных;

      11) Национальная система видеомониторинга – цифровая система, представляющая собой совокупность программных и технических средств, осуществляющих сбор, обработку и хранение видеоизображений для решения задач обеспечения национальной безопасности и общественного правопорядка;

      12) реестр Национальной системы видеомониторинга – цифровой объект, содержащий информацию об абонентах, пользователях и системах видеонаблюдения абонентов Национальной системы видеомониторинга;

      13) координатор – государственный орган, обеспечивающий межотраслевое управление и взаимодействие участников Национальной системы видеомониторинга.";

      подпункт 6) пункта 16 изложить в следующей редакции:

      "6) обеспечение круглосуточного функционирования дежурной службы для управления, контроля работоспособности и мониторинга функционирования Национальной системы видеомониторинга, а также мониторинга событий кибербезопасности и реагирование на инциденты кибербезопасности Национальной системы видеомониторинга;";

      подпункт 4) пункта 17 изложить в следующей редакции:

      "4) обеспечение круглосуточного функционирования дежурной службы для управления, контроля работоспособности и мониторинга функционирования каналов связи, а также мониторинга событий кибербезопасности и реагирование на инциденты кибербезопасности каналов связи Национальной системы видеомониторинга.";

      пункты 33 и 34 изложить в следующей редакции:

      "33. В программной платформе реализуется функционал в соответствии с задачами, определенными Законом Республики Казахстан "О кибербезопасности".

      34. В целях обеспечения кибербезопасности программная платформа функционирует только на аппаратно-программных комплексах центров обработки данных Национальной системы видеомониторинга, в том числе в переходном оборудовании Национальной системы видеомониторинга.";

      приложение 2 к Правилам функционирования Национальной системы видеомониторинга изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Службе информации и кибербезопасности Комитета национальной безопасности Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, курирующего соответствующее направление деятельности.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев третьего, шестого, тринадцатого, четырнадцатого, девятнадцатого, двадцатого, двадцать четвертого, двадцать пятого, двадцать шестого, двадцать седьмого, двадцать восьмого пункта 1 и приложения к настоящему приказу, которые вводятся в действие с 12 июля 2026 года.

      Установить, что абзацы тринадцатый, четырнадцатый, девятнадцатый и двадцатый пункта 1 настоящего приказа до 12 июля 2026 года действуют в следующей редакции:

      "5) центр обработки данных – специализированное сооружение для размещения серверного и сетевого оборудования Национальной системы видеомониторинга;

      6) пользователь – государственный орган, определенный в соответствии со статьей 30-1 Закона Республики Казахстан "Об информатизации", имеющий доступ к Национальной системе видеомониторинга для выполнения возложенных законодательством задач и функций;";

      "11) Национальная система видеомониторинга – информационная система, представляющая собой совокупность программных и технических средств, осуществляющих сбор, обработку и хранение видеоизображений для решения задач обеспечения национальной безопасности и общественного правопорядка;

      12) реестр Национальной системы видеомониторинга – объект информатизации, содержащий информацию об абонентах, пользователях и системах видеонаблюдения абонентов Национальной системы видеомониторинга;".

      Председатель Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
Е. Сагимбаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство искусственного
интеллекта и цифрового развития
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАНО"
Служба государственной охраны
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Председателя Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
от 22 апреля 2026 года № 24/қе
  Приложение 2 к Правилам
функционирования Национальной
системы видеомониторинга

Минимальные технические условия систем видеонаблюдения

      1. Общие возможности видеокамер:

      1) разрешающая способность (эффективная поверхность матрицы) – не менее 1920х1080 пикселей;

      2) значение битрейта – не менее 2000 кбит/с;

      3) скорость преобразования и передачи видеосигнала – не менее 25 к/с;

      4) потери пакета – не более 20%;

      5) фокусировка – Auto/Manual (опционально);

      6) минимальная светочувствительность – 0,01 лк;

      7) улучшение изображения – WDR не менее 120 дБ;

      8) режим "День/ночь" – Механический ИК фильтр;

      9) переключение "День/ночь" – авто/по расписанию;

      10) внешние условия работы – не менее уровня защиты IP66;

      11) параметр степени защиты – IK10;

      12) качество изображения на границах контролируемой зоны задается в следующих пределах:

      12-1) не менее 150 пикселей на метр – на обзорных камерах с детализацией;

      12-2) не менее 250 pix/m на метр – на входных группах;

      12-3) не менее 50 pix/m на метр – на обзорных камерах без детализации.

      2. Возможности видеокамер в соответствии с типом:

Типы видеокамер

Минимальные возможности

1) Стационарные уличного исполнения – обзорные

Фокусное расстояние – от 2.8 до 12 мм, вариофокальный объектив
Скорость электронного затвора – не более 1/50 с
Инфракрасная подсветка – с дальностью не менее 30м, угол действия подсветки соответствует углу обзора камеры
Рабочий диапазон температур от -400 до +600

2) Стационарные уличного исполнения – входная группа

Фокусное расстояние – от 2.8 до 8 мм, моторизированный вариофокальный объектив
Скорость электронного затвора – не более 1/100 с, поддержка медленного затвора
Инфракрасная подсветка – с дальностью не менее 30м, угол действия подсветки соответствует углу обзора камеры
Рабочий диапазон температур от -400 до +600

3) Стационарные уличного исполнения – въездная группа на объекты/ контрольно-пропускные пункты/ зоны досмотра автотранспорта

Фокусное расстояние – от 2.8 мм моторизированный вариофокальный объектив
Скорость электронного затвора – не более 1/250 с, поддержка медленного затвора
Инфракрасная подсветка – с дальностью не менее 30м, угол действия подсветки соответствует углу обзора камеры
Рабочий диапазон температур от -400 до +600

4) Стационарные уличного исполнения – мониторинг транспортного потока

Фокусное расстояние – от 2.8 до 8 мм, моторизированный вариофокальный объектив
Скорость электронного затвора – не более 1/5000 с, поддержка медленного затвора
Инфракрасная подсветка – с дальностью не менее 50м, угол действия подсветки соответствует углу обзора камеры
Рабочий диапазон температур от -400 до +600

5) Стационарные внутреннего исполнения – входная группа/ контрольно-пропускные пункты/ зоны досмотра посетителей

Фокусное расстояние – от 2.8 до 8 мм, моторизированный вариофокальный объектив
Скорость электронного затвора – не более 1/100 с, поддержка медленного затвора
Инфракрасная подсветка – с дальностью не менее 20м, угол действия подсветки соответствует углу обзора камеры

6) Стационарные внутреннего исполнения – обзорные

Фокусное расстояние – от 2.8 до 12 мм, вариофокальный объектив
Скорость электронного затвора – не более 1/50 с
Инфракрасная подсветка – с дальностью не менее 20м, угол действия подсветки соответствует углу обзора камеры

7) Скоростные поворотные уличного исполнения – обзорные

Фокусное расстояние – от 2.8 мм, Wide-Tele, вариофокальный объектив
Скорость увеличения – не хуже 4.5 с,
Зум – от 24 оптический, от 8 цифровой
Диафрагма – регулируемая, от F1.6
Диапазон поворота – 360°
Скорость поворота – вручную: от 0.1° до 200°/с, по предустановке: от 240°/с
Диапазон наклона – от -10°до 90° или лучше, автопереворот
Скорость наклона – вручную: от 0.1° до 120°/с, по предустановке: от 200°/с
Память позиции при выключении – да
Точность позиционирования – 0,2°
Скорость электронного затвора – от 1/25 до 1/30000 с
Инфракрасная подсветка – с дальностью не менее 150 м, угол действия подсветки соответствует углу обзора камеры
Рабочий диапазон температур от -400 до +600

8) Скоростные поворотные внутреннего исполнения – обзорные

Фокусное расстояние – от 2.8мм, Wide-Tele, вариофокальный объектив
Скорость увеличения – не хуже 4.5 с
Зум – от 24 оптический, от 8 цифровой,
Диафрагма – регулируемая, от F1.6
Диапазон поворота – 360°
Скорость поворота – вручную: от 0.1° до 200°/с, по предустановке: от 240°/с
Диапазон наклона – от -10°до 90° или лучше, автопереворот
Скорость наклона – вручную: от 0.1° до 120°/с, по предустановке: от 200°/с
Память позиции при выключении – да
Точность позиционирования – 0,2°
Скорость электронного затвора – от 1/25 до 1/30000 с
Инфракрасная подсветка – с дальностью не менее 30м, угол действия подсветки соответствует углу обзора камеры

9) Скоростные поворотные уличного исполнения – автодороги

Фокусное расстояние – от 4.3мм, Wide-Tele, вариофокальный объектив
Скорость увеличения – не хуже 4.5 с
Зум – от 24 оптический, от 8 цифровой.
Диафрагма – регулируемая, от F1.6
Диапазон поворота – 360°
Скорость поворота – вручную: от 0.1° до 200°/с, по предустановке: от 140°/с
Диапазон наклона – от 0°до 90° или лучше, автопереворот
Скорость наклона – вручную: от 0.1° до 120°/с, по предустановке: от 200°/с
Память позиции при выключении – да
Точность позиционирования – 0,2°
Скорость электронного затвора – от 1/25 до 1/30000 с.
Дальность инфракрасной подсветки – не менее 100 м.
Рабочий диапазон температур от -400 до +600

      3. Установка видеокамер:

      1) для исключения помех в кадре: в поле зрения камеры необходимо исключить предметы, перекрывающие обзор и позволяющие людям, наблюдаемым объектам либо транспортным средствам незаметно перемещаться в зоне наблюдения. В кадре необходимо избегать или ограничивать зоны телевизионных экранов, интерактивных рекламных щитов, вращающихся дверей, эскалаторов, качающихся веток и других объектов, создающих постоянное движение, если эти объекты не являются целью наблюдения;

      2) вновь устанавливаемым видеокамерам необходимо обеспечить защиту от наведенных помех (как сигнальных цепей передачи видеопотока, так и линий электропитания), учитывать цепи зануления и заземления. При установке видеокамер на опоры предусматривать виброустойчивость конструкции, основания;

      3) для общего видеонаблюдения с целью мониторинга и наблюдения прилегающей к объекту территории установка камер производится на высоте не менее 4 метров на стене объекта или опорах;

      4) установка камер для мониторинга дорожной обстановкой производится на высоте до 12 метров, для распознавания государственного регистрационного номерного знака на транспортном средстве – с 6 до 30 метров;

      5) для входных групп и потенциальной идентификации лиц граждан на пешеходных переходах камеры устанавливаются на высоте до 2,5 метра, на действующих входах-выходах (количество на главных – не менее 2, на второстепенных – не менее 1) – до 3,5 метра.

      4. Типы камер к установке в зависимости от классификаций объектов:

Классификация объектов

Типы видеокамер (как минимум)

Системы видеонаблюдения на объектах массового скопления людей

1. Стационарные уличного исполнения – обзорные.
2. Стационарные уличного исполнения – входная группа.
3. Стационарные внутреннего исполнения – входная группа/ контрольно-пропускные пункты/ зоны досмотра посетителей.
4. Стационарные внутреннего исполнения – обзорные/ коридорные.
5. Скоростные поворотные уличного исполнения – обзорные

Внутридворовые системы видеонаблюдения

1. Стационарные уличного исполнения – обзорные.
2. Стационарные уличного исполнения – входная группа.
3. Стационарные уличного исполнения – въездная группа на объект.
4. Стационарные внутреннего исполнения – входная группа

Системы видеонаблюдения на особо важных государственных, стратегических и опасно производственных объектах

1. Стационарные уличного исполнения – обзорные.
2. Стационарные уличного исполнения – входная группа.
3. Стационарные уличного исполнения – въездная группа/ контрольно-пропускные пункты/ зоны досмотра автотранспорта.
4. Стационарные внутреннего исполнения – входная группа/ контрольно-пропускные пункты.
5. Стационарные внутреннего исполнения – обзорные/ коридорные.
6. Скоростные поворотные уличного исполнения – обзорные.

Системы видеонаблюдения дорожной безопасности

Стационарные уличного исполнения – обзорные.
Стационарные уличного исполнения – автодороги.
Скоростные поворотные уличного исполнения – автодороги.

      5. Возможности систем видеонаблюдения.

      1) системам видеонаблюдения абонентов необходимо предусматривать техническую поддержку, обновление и развитие программного обеспечения в соответствии с требованиями настоящих Правил;

      2) системам видеонаблюдения, разрабатываемым, внедряемым и финансируемым государственными органами вне зависимости от модели финансирования, необходимо обеспечить передачу видеоданных в Национальную систему видеомониторинга;

      3) техническим средствам, используемым в системах видеонаблюдения, необходимо иметь гарантированное электроснабжение от источников электропитания и автономное в режиме не менее 60 минут.

      6. Системам видеонаблюдения необходимо обеспечивать:

      1) режим работы 24/7/365;

      2) синхронизацию сигналов точного времени с часами устройств, серверов и рабочих станций;

      3) централизованное управление и разграничение прав доступа и политик безопасности для всех объектов и сервисов системы;

      4) автоматическую запись информации (логирование) действий пользователей всех уровней доступа в системе, а также исключение возможности доступа внесения изменений на уровне операционной системы и базы данных;

      5) безопасное сетевое взаимодействие;

      6) мультипротокольную трансляцию видео;

      7) поддержку настраиваемого, автоматического скачивания и передачи видеофрагментов (видеозаписей) в Национальную систему видеомониторинга;

      8) автоматическое протоколирование тревожных сообщений и возможность создания и настройки правил реагирования на события с возможностью централизованной обработки сигналов тревоги для всех объектов и сервисов системы в едином интерфейсе обработки сигналов тревоги;

      9) запись видео с IP-камер в распределенный файловый архив с возможностью восстановления недостающих записей в случае возникновения проблем с сетью или сервером записи;

      10) обязательную глубину архива – не менее 30 календарных дней;

      11) открытый платформо – независимый API для интеграции с внешними системами;

      12) возможность подключения сторонних и разработки собственных видеоаналитических модулей (внешних плагинов) на основе свободно распространяемого (бесплатного) пакета SDK;

      13) возможность подключения камер по протоколам Onvif, PSIA;

      14) возможность поддержки кодеков MJPEG, MPEG-4, MPEG-4 ASP, MxPEG, H.264 и H.265;

      15) возможность увеличения скорости записи при обнаружении движения, наступлении определенного события или временного интервала (расписания);

      16) возможность HTTPS-соединения с IP-камерами;

      17) возможность подключения к Национальной системе видеомониторинга путем организации единой иерархий с использованием родительской/дочерней логики, возможность взаимосвязывания систем между собой для подключения и получения видеофрагмента;

      18) возможность обнаружения проблем и удаленного управления взаимосвязанными объектами. Дочерние системы должны функционировать как автономные сайты, в том числе при потере сетевого подключения;

      19) возможность установления максимальной полосы пропуска, при которой записи могут быть получены с удаленного объекта для всех устройств, загружаемых параллельно;

      20) возможность просмотра и управления из Национальной системы видеомониторинга видеокамерами в онлайн режиме.

      7. Среда передачи данных.

      Среда передачи данных — это оптоволоконные (проводные) или беспроводные линии передачи данных с обеспечением постоянного соединения и передачи данных.

      1) при установке коммутационного оборудования, используемого для создания (модернизации) системы видеонаблюдения, локальной системы видеонаблюдения, необходимо предусмотреть возможность создания виртуальных локальных сетей для разграничения доступа к ресурсам сети, маршрутизации протоколов, технологии трансляции адресов (NAT), Multicast и других, ведения учета происходящих событий, установки приоритетов для передачи различных видов трафика (канал управления, канал видеонаблюдения в реальном времени, канал доступа к видеоархиву и прочее) ;

      2) системам связи и передачи данных необходимо обеспечивать надежную маршрутизацию и коммутацию передаваемых данных по линиям связи, а также исключать задержки передачи и потерю данных, влияющих на качество передаваемой видеоинформации;

      3) протоколам информационного обмена между компонентами системы видеонаблюдения необходимо быть открытыми;

      4) линиям связи и телекоммуникационным "стыкам", используемым в системах видеонаблюдения, необходимо исключать возможности перехвата видеопотока, а также внесения в него изменений и необходимо соответствовать требованиям законодательства Республики Казахстан о кибербезопасности;

      5) время простоя по причинам отказа и технического обслуживания не превышает 50 часов в год при условии соблюдения требований по эксплуатации;

      6) уровень инфраструктуры для ситуационного центра устанавливается в соответствии с едиными требованиями в сферах цифровизации и обеспечения кибербезопасности, утверждаемыми в соответствии с подпунктом 3) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О кибербезопасности";

      7) основными сетями передачи данных и доставки видеосигнала от камер к системе видеонаблюдения являются фиксированные оптоволоконные линии связи (FC) как единственная среда передачи данных, не зависящая от погодных, электромагнитных и иных условий эксплуатации, и устойчивой средой к перехвату и расшифровке данных;

      8) возможна поддержка резервной передачи данных беспроводными сетями;

      9) использование беспроводных сетей возможно при согласовании с техническим оператором с применением протоколов шифрования данных, согласованных с уполномоченными органами.