"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 72-бабының 2 және 3-тармақтарына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Банк конгломераттарына арналған пруденциялық нормативтер, олардың шекті мәндері мен есеп айырысу әдістемелері;
2) Банк конгломераттары сақтауға міндетті қосымша пруденциялық нормативтер мен лимиттер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
Банк конгломераттарына арналған пруденциялық нормативтер, олардың шекті мәндері мен есеп айырысу әдістемелері
1. Банк конгломераттарына арналған пруденциялық нормативтер, олардың шекті мәндері мен есеп айырысу әдістемелері (бұдан әрі – Нормативтер) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 72-бабының 2-тармағына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленді.
2. Банк конгломераттары сақталуға міндетті пруденциялық нормативтердің құрамына мынадай пруденциялық нормативтер кіреді:
1) жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
2) меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті;
3) бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері.
3. Банк конгломераттарына арналған пруденциялық нормативтердi есептеу мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банк конгломератының бiр қарыз алушысы – банк конгломератының қатысушыларында оған қатысты борышкер үшін банк конгломератының қатысушылары өздеріне үшінші тұлғалардың пайдасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде немесе жасасқан шарттарда көзделген негіздер бойынша міндеттеме қабылдайтын тәуекелдер болатын немесе туындауы мүмкін жеке немесе заңды тұлға;
2) банк конгломератының қатысушылары – банк холдингiнен (болған кезде) және банктен, сондай-ақ банк холдингiнiң еншiлес ұйымдарынан және (немесе) банктiң еншiлес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингi және (немесе) оның еншiлес ұйымдары және (немесе) банк қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы;
3) тәуекелдер - әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк, ислам банкіне арналған пруденциялық нормативтеріне сәйкес есептелген банк конгломератына қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері (бұдан әрі – Банкке арналған пруденциялық нормативтер);
4) тұлғалар тобы – бір-біріне әсер ететін белгілі бір қатынастарға байланысты заңды тұлғалар болып табылмайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалар және (немесе) ұйымдар тобы;
5) тұрақты Asset Quality Review (Активтер сапасына шолу) (бұдан әрі - AQR) - тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктер активтерінің және шартты (ықтимал) міндеттемелерінің сапасын жыл сайын бағалау;
6) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
7) Supervisory Review and Evaluation Process (Қадағалау талдау және бағалау процесі) (бұдан әрі - SREP) - банктің бизнес моделін, капитал тәуекелдерін, өтімділік тәуекелін, корпоративтік басқару жүйесін бағалауды сандық және сапалық талдау арқылы тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктер қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді бағалаудың жыл сайынғы қадағалау процесі;
4. Банк конгломератының жарғылық капиталының мөлшерi төленген акциялар (жарғылық капиталға қатысу үлестерi) шегiнде алынған, сатып алынған меншiктi акцияларды (алынған капиталды) (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн) шегергендегi банк холдингі не банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банктің жарғылық капиталының мөлшерiн бiлдiредi.
5. Жаңадан құрылатын банк конгломераты үшін жарғылық капиталының ең аз мөлшері кемінде 100 (бір жүз) миллион теңгені құрайды.
6. Банк конгломератының меншікті капиталы Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IFRS) сәйкес шоғырландырылған негізде есептелген банк холдингінің (бар болса) немесе банктің бухгалтерлік балансының деректері бойынша меншікті капиталдың сомасын білдіреді.
Банк холдингі тәуелді (қауымдасқан) ұйымның кірістері мен капитал құралдарын есептегенде қатысу мөлшерінде қомақты қатысуы бар банк конгломераты қатысушылары да шоғырландыруға жатады.
Банк конгломератының меншікті капиталының құрамында банк үшін Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептелген субординарлық борыш ескеріледі.
7. Егер бір банк конгломератының құрамына бірнеше банк холдингтері кіретін болса, онда банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті банк холдингтерінің біреуі үшін ғана есептеледі (банк конгломератының жоғарғы деңгейі).
Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті үтірден кейінгі бір белгісі бар санмен көрсетіледі.
Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті кемінде 1,0 (бір) мөлшерінде белгіленеді.
Банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенті мынадай формуламен есептеледі:

мұндағы:
МК – Нормативтердің 6-тармағына сәйкес банк холдингі (бар болса) немесе банк деңгейінде шоғырландырылған меншікті капитал;
И – шоғырландырылған пайдасының 90 (тоқсан) пайызы және одан да көп пайызы банктің соңғы аяқталған қаржы жылына шоғырландырылған пайданы құрайтын банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері не банк холдингтері болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салымды көрсететін инвестициялар;
К – банк конгломератына қатысушылар үшін меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті:
банк конгломератының қатысушысы болып табылатын екінші деңгейдегі банк бойынша банк үшін Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептелген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті мәнінің, SREP нәтижелері бойынша немесе SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысының сомасы ретінде айқындалады;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банк конгломератына қатысушы екінші деңгейдегі банк үшін – 8 (сегіз) пайыз мөлшерінде;
банк болып табылмайтын банк конгломератына қатысушы ұйым үшін – 8 (сегіз) пайыз мөлшерінде;
А – банктер болып табылатын банк конгломератына қатысушылар (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерін қоса алғанда) активтерінің, шартты және ықтимал міндеттемелерінің, сондай-ақ банк үшін Пруденциялық нормативтерге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша сараланған, әділ құны бойынша пайда немесе залал арқылы не өзге жиынтық кіріс арқылы бағаланатын, банк болып табылмайтын банк конгломераты қатысушыларының қаржы активтерінің сомасы.
Қауымдасқан (тәуелді) банктер болып табылатын банк конгломератына қатысушылар үшін тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасы банк холдингінің осындай банктердің жарғылық капиталына қатысу көлемінде есепке алынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банк конгломератына қатысушының активтерін, шартты және ықтимал міндеттемелерін саралау кезінде банк конгломератына қатысушы тұратын елде орналасқан тұлғаларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының резидент тұлғаларына қойылатын талаптар ретінде салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша сараланады.
Активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді тәуекел дәрежесі бойынша саралау мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша құрылған арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азайтылады.
Банк конгломератына қатысушылардың тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері сомаларының есебіне банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне қоятын талаптары кірмейді.
8. Банк конгломератының бір қарыз алушысына жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖМ = Т/МК, мұндағы:
ЖМ – банк конгломератының бір қарыз алушысына жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері;
Т – банк конгломератының бір қарыз алушысына жасалатын тәуекел мөлшері;
МК – банк конгломератының меншікті капиталы.
Бір қарыз алушыға тәуекелдің мөлшері банк үшін Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептеледі.
Бір қарыз алушыға жасалатын тәуекел мөлшеріне банк конгломераты қатысушыларының бір-біріне қоятын талаптары кірмейді.
9. Бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері:
1) басқа да қарыз алушылар үшін банк конгломераты меншікті капиталының 0,25 (нөл бүтін жүзден жиырма бес), оның ішінде Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен бір тармаққа төмен емес Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) және Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А"-дан төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) және Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезиденттерге қойылатын талаптарды қоспағанда, бланкілік қарыздар, банк конгломератында ағымдағы және содан кейінгі 2 (екі) ай ішінде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін болатын үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы алдындағы не қарыз алушы үшін қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер бойынша, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің міндеттемелері бойынша банк конгломераты меншікті капиталының 0,10 (нөл бүтін жүзден он) артық емес;
2) мыналар:
банк конгломераты қатысушысының лауазымды тұлғасы немесе басшы қызметкері, сондай-ақ олардың жақын туыстары;
банк конгломераты қатысушысының ірі қатысушысы, сондай-ақ ірі қатысушы - жеке тұлғаның жақын туысы немесе ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысының жақын туысы;
осы тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген тұлғалар тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы) бақылайтын заңды тұлға не онда дауыс беруші акциялардың (қатысу үлестерінің) 25 (жиырма бес) және одан астам пайызына ие көрсетілген тұлғалар;
банк конгломератының қатысушылары тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы) бақылайтын заңды тұлға не банк конгломератының қатысушысы дауыс беруші акциялардың (қатысу үлестерінің) 25 (жиырма бес) немесе одан астам пайызына ие тұлға, осы тұлғаның лауазымды тұлғалары, олардың жақын туыстары болып табылатын тұлғаға банк конгломератының өз капиталының 0,10 (нөл бүтін жүзден он) аспайды.
10. Әрқайсысының мөлшері банк конгломератының меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан асатын бір қарыз алушыға банк конгломераты қатысушыларының тәуекелдер сомасы банк конгломератының өз капиталының мөлшерінен 8 (сегіз) еседен артық аспайды.
11. Егер банк конгломераты қатысушыларының қарыз алушыға алдыңғы есепті күнгі талаптарының жалпы көлемі Нормативтердің 9 және 10-тармақтарында белгіленген шектеулер шегінде болып, бірақ кейіннен банк конгломераты өз капиталының деңгейі алдыңғы есепті күннен басталған кезең ішінде 5 (бес) пайыздан аспайтындай мөлшерде төмендеуіне байланысты не қарыз алушыға қойылатын талаптар көрсетілген теңгенің шетел валюталарына қатысты орташа алынған биржалық бағамының өсуінен қарыз алушыға банк конгломераты талаптарының алдыңғы есепті күннен басталған кезең ішінде 10 (он) пайызға өсуіне байланысты кейіннен көрсетілген шектеулерден асып кетсе, бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшерінің нормативі орындалған болып саналады.
Банк холдингі немесе банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банк осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шектеулерден асып кету туындаған күннен кейінгі күн ішінде уәкілетті органға шектеулерден асып кету фактісі туралы хабардар етеді және келесі есепті күнге дейінгі кезең ішінде асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету көрсетілген мерзімде жойылмаса, бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшерінің нормативі көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап бұзылған деп танылады.
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген |
Банк конгломераттары сақтауға міндетті қосымша пруденциялық нормативтер мен лимиттер
1. Банк конгломераттары сақтауға міндетті қосымша пруденциялық нормативтер мен лимиттер (бұдан әрі - Лимиттер) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 72-бабының 3-тармағына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленді.
2. Банк конгломераттары сақтауға міндетті мынадай қосымша лимиттер (әрі қарай – банк когломератының лимиттері):
1) банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеуі;
2) банк конгломератының бір қарыз алушысына келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициентінің ұлғаюы;
3) банк конгломератына қатысушылардың басқа қатысушылардың капиталына инвестицияларын;
стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйыммен жасалған мәмілелерді;
есепті күнге жабылған мәмілелерді қоспағанда, банк конгломератына қатысушылар арасындағы топ ішіндегі мәмілелер бойынша банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне талаптары сомасының ұлғаюы белгіленсін.
3. Банк конгломераты лимиттерінің есебі мынадай әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады:
1) банк конгломераты жоғары деңгейінде мынадай формуламен К көрсеткіші - банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффициентін есептегенде банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің есепті тоқсанда осы Қаулымен бекітілген Банк конгломераттарына арналған пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндері мен есеп айырысу әдістемелерінің (бұдан әрі - Нормативтер) 7-тармағында белгіленген мөлшерден төмен азайуы:
К – банк конгломератына қатысушылар үшін меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті:
банк конгломератының қатысушысы болып табылатын екінші деңгейдегі банк бойынша банк үшін Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептелген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті мәнінің, SREP нәтижелері бойынша немесе SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысының, сондай-ақ Банктерге арналған пруденциялық нормативтермен белгіленген консервациялық буфер мен жүйелік буфер сомасы ретінде айқындалады;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банк конгломератына қатысушы екінші деңгейдегі банк үшін – 8 (сегіз) пайыз мөлшерінде;
2) банк конгломератының бір қарыз алушысына шаққандағы тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің Нормативтердің 9-тармағында белгіленген ең төменгі мәнінен 0,01-ге (нөл бүтін жүзден бір) (қоса алғанда) төмен деңгейге дейін ұлғайту;
3) есепті тоқсанда банк конгломераты қатысушыларының банк конгломераты қатысушыларының арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бір-біріне қойылатын талаптарының сомасын банк конгломератының меншікті капиталынан 0,3 (нөл бүтін оннан үш) деңгейге дейін ұлғайту. Егер мұндай салымды алу мұндай банктің өтімділік коэффициенттерінің нормативтік мәндерінің бұзылуына әкеп соқпаса, банк холдингі еншілес банкке салымды орналастырған кезде банк конгломератының лимиті бұзылған болып есептелмейді
4. Банк конгломераты қатысушыларының топішілік мәмілелер бойынша бір-біріне талабының сомасы деп "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының), банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 100 қаулысына (бұдан әрі – Қағидалар) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 жылғы 25 желтоқсанда № 37679 болып тіркелген) 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк конгломераты қатысушыларының есепті кезең ішінде жасасқан, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы топішілік мәмілелері бойынша банк конгломератының мәліметтер жинау жөніндегі есепте ақпарат көзделетін топішілік мәмілелер бойынша бір-біріне қойылатын талаптарының қалдықтарының сомасы түсініледі.
Банк конгломератына қатысушылар арасындағы топішілік мәмілелер бойынша банк конгломераты қатысушыларының бір-біріне қойылатын талаптарының сомасын есептеу кезінде туынды қаржы құралдары Туынды қаржы құралдары үшін кредиттік тәуекел коэффициенттерінің кестесінде көрсетілген туынды қаржы құралдары үшін кредиттік тәуекел коэффициентіне көрсетілген қаржы құралдарының номиналды құнының туындысы ретінде ескеріледі.
5. Лимиттердің 3-тармағында көзделген банк конгломератының лимиттерінің сақталуын айқындау үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) тоқсан сайын есептілік негізінде банк конгломератының қызметіне талдау жүргізеді.
6. Уәкілетті орган банк конгломераты лимитінің бұзылуын анықтаған кезде банк конгломератының жоғарғы деңгейін 5 жұмыс күні ішінде келіседі және іс-шаралар жоспарын мақұлдау үшін уәкілетті органға ұсынады.
Іс-шаралар жоспары төмендегілермен шектелмей мына ақпаратты қамтиды:
банк конгломератының лимитін жан-жақты талдау;
банк конгломераты лимитінің болжамы, осы болжамның негіздемесі және банк конгломераты лимитінің банк конгломераты қызметіне теріс әсері;
банк конгломератының қызметіне қауіп төндірмейтін және қосымша тәуекелдер туғызбайтын деңгейге дейін жеткізуді көздейтін банк конгломератының лимитін жақсарту жөніндегі шаралар;
банк конгломераты лимиті анықталған кезде әрбір есепті кезеңде, оның ішінде жеке және заңды тұлғалар бөлінісінде өткізуге жоспарланатын іс-шаралар;
оның әрбір тармағы бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдері;
іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты басшы қызметкерлердің тізбесі (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындалуына жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып).
7. Уәкілетті орган банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары ұсынған іс-шаралар жоспарын қарайды.
Уәкілетті орган банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары қарауға ұсынған іс-шаралар жоспарымен келіспеген кезде уәкілетті орган банктің және (немесе) оның акционерлерінің, банк холдингінің және (немесе) оның ірі қатысушыларының атына іс-шаралар жоспары бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында бірлескен талқылаулар жүргізеді.
Банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімдерде уәкілетті органның ескертулерін жою үшін іс-шаралар жоспарын түзетеді немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда уәкілетті органға өзінің негіздемелерін жазбаша нысанда ұсынады.
8. Уәкілетті орган Лимиттердің 6-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес іс-шаралар жоспары ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
9. Банк конгломератының лимиті дербес анықталған жағдайда банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары олар анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Лимиттердің 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын ұсынады.
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 69 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылатындардың тізбесі
1. "Банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемесін, капиталының мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14790 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 5 қаулысымен бекітілген бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16498 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 214 қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін пруденциялық реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19688 болып тіркелген).
5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 128 қаулысымен бекітілген өзгерістер енгізілетін қаржы нарығын реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21946 болып тіркелген).
6. "Банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемесін, капиталының мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 91 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35595 болып тіркелген).
