"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 116-бабының 3-тармағына және 128-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар таратылатын банктің, ислам банкінің инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерін беру, сондай-ақ банкті, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын таңдау және оларға инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерін беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы қаулысының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3 Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 68 қаулысымен бекітілген |
Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар таратылатын банктің, ислам банкінің инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерін беру, сондай-ақ банкті, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын таңдау және оларға инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерін беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар таратылатын банктің, ислам банкінің инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерін беру, сондай-ақ банкті, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын таңдау және оларға инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерін беру қағидалары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 116-бабының 3-тармағына және 128-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) депозитор – инвестициялық депозит туралы шарт жасасқан, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар таратылатын банктің, ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының клиенті;
2) инвестициялық депозит – инвестициялық депозит туралы шартта көзделген тәртіппен берілген ақшаны пайдалану нәтижесіне байланысты ол бойынша кіріс төлеу талабымен, клиенттің исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкке, ислам банкіне, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына белгілі бір мерзімге оларды номиналды көрсеткіште қайтару кепілдігінсіз беретін ақшасы;
3) ислам банкі – исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған әмбебап банк лицензиясы негізінде көрсетілген банк үшін негізгі қызмет түрі болып табылатын исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы банк;
4) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банк – әмбебап банк лицензиясы негізінде банктік және өзге де операцияларды, сондай-ақ исламдық банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы банк;
5) қабылдайтын ислам банкі – тарату комиссиясы исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар таратылатын банктің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының мүлкі мен міндеттемелерін оларға беруге таңдаған исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы – заңды тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік тіркеуден өткен және банк лицензиясы негізінде банк операцияларын және өзге де операцияларды және (немесе) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің оқшауланған бөлімшесі;
7) тарату комиссиясы – исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуларды қамтамасыз ету мақсатында, тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен тарату (қызметін мәжбүрлеп тарату) рәсімі барысында исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын оларды ерікті түрде таратуға (қызметін ерікті түрде тоқтатуға) рұқсат алған кезде исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, ислам банкін мәжбүрлеп тарату, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган тағайындайтын (босататын) орган;
8) таратылатын ислам банкі – мәжбүрлеп не ерікті тарату процесіндегі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, қызметі мәжбүрлеп не ерікті тоқтату процесіндегі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент ислам банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы;
9) таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелері – инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар таратылатын банктің, ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер;
10) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
3. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар таратылатын банктің, ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, Қағидаларға сәйкес исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының мүлкі мен міндеттемелерін беру үшін исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, ислам банкін мәжбүрлеп тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы соттың заңды күшіне енген шешімі, не исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті ерікті таратуға уәкілетті органның рұқсаты негіз болып табылады.
2-тарау. Таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелері берілетін ислам банкін таңдау тәртібі
4. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін қабылдауы жөніндегі ұсынысты ислам банктеріне жібереді.
5. Таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін қабылдағысы келетін ислам банктері ұсынысты алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тарату комиссиясына еркін нысанда жасалған, таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін қабылдағысы келетіні туралы өтінішті тарату комиссиясына ұсынады.
6. Тарату комиссиясы ұсынысты жіберген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін қабылдағысы келетіні туралы өтініш берген және мына талаптарға сәйкес келетін ислам банктері арасынан ислам банкін таңдауды жүзеге асырады:
1) таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін қабылдау жөніндегі ұсынысты жіберу күнінде пруденциялық нормативтерді сақтауы;
2) таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін қабылдау жөніндегі ұсынысты жіберу күніне дейінгі соңғы он екі ай ішінде уәкілетті орган қолданған, Банктер туралы заңның 78-бабында көзделген қадағалап ден қою шараларының болмауы;
3) таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін қабылдау жөніндегі ұсынысты жіберу күнінде Банктер туралы заңның 80-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында және 81-бабында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының болмауы;
4) соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша ислам банкінің шығынсыз қызметі;
5) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдауға лицензиясының болуы.
7. Тарату комиссиясының таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелері берілетін ислам банкін таңдау жөніндегі шешімі тарату комиссиясы мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, тарату комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тарату комиссиясының шешімі тарату комиссиясының хаттамасымен ресімделеді және ол қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бекіту үшін жіберіледі.
8. Тарату комиссиясы ислам банкін таңдау жөніндегі шешімді бекіткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелері берілетін ислам банкін таңдалғаны жөніндегі ақпаратты республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жариялау бойынша шаралар қабылдайды.
3-тарау. Таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін ислам банкіне беру тәртібі
9. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі:
1) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкке, ислам банкіне мүлікті және міндеттемелерді беруге;
2) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының мүлкі мен міндеттемелерін қабылдауға құқылы.
10. Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы:
1) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкке, ислам банкіне, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалына, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына мүлікті және міндеттемелерді беруге;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының мүлкі мен міндеттемелерін қабылдауға құқылы.
11. Қабылдайтын ислам банкіне таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін беруді тарату комиссиясы мен қабылдайтын ислам банкі арасында жасалатын беру жөніндегі келісім және қабылдау-өткізу актісі негізінде тарату комиссиясы жүзеге асырады.
12. Таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін беру жөніндегі келісім жазбаша түрде жасалады және оған мына талаптар кіреді:
1) инвестициялық депозит туралы берілетін шарттардың тізбесі мен саны;
2) құқықты белгілеу құжаттарын көрсете отырып, инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүліктің саны мен атауы;
3) ислам банкіне берілуге тиісті инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелердің тізбесі;
4) таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін беру күні;
5) берілетін инвестициялық депозиттер туралы шарттар бойынша құжаттарды беру тәртібі мен мерзімдері.
13. Таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін беру туралы келісімге қол қойылғаннан кейін, тарату комиссиясы беру туралы көрсетілген келісімде тараптармен келісілген тәртіпте, мерзімде және талаптарда таратылатын ислам банкінің беретін мүлкі мен міндеттемелеріне қатысты құжаттардың тұпнұсқалары мен көшірмелерін қабылдайтын ислам банкіне қабылдау-өткізу актісі негізінде береді.
14. Таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) қабылдайтын банктің және таратылатын ислам банкінің толық атауы (ислам банктерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға, Қазақстан Республикасы бейрезидент ислам банкінің филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес);
2) қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкінің нақты орналасқан орны;
3) жеке және заңды тұлғалардан инвестициялық депозиттерін қабылдауды қоса алғанда, ислам банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген қабылдайтын ислам банкінің лицензиясының нөмірі мен берілген күні;
4) қабылдайтын ислам банкі басқармасының бірінші басшысының және бас бухгалтерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент ислам банкінің филиалының басшы қызметкерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент ислам банкінің қабылдайтын филиалының бас бухгалтерінің), таратылатын ислам банкінің тарату комиссиясы төрағасының және бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) мына ақпаратты көрсете отырып, депозиторлар тізімі:
инвестициялық депозит туралы шартты жасау нөмірі мен күні;
берілетін мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың, аталған мүлікке сақтандыру шарттарының (сақтандыру полистері) (ол сақтандырылған жағдайда), оның ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке мүлік иегерін сәйкестендіретін өзге құжаттардың тізбесі;
жеке тұлғалар бойынша:
депозитордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және туған күні;
таратылатын ислам банкіндегі банктік шотының нөмірі (бар болған жағдайда);
жеке сәйкестендіру нөмірі;
депозитордың жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, беру күні;
депозитордың мекенжайы және (немесе) нақты тұрғылықты орны;
заңды тұлғалар бойынша:
депозитордың атауы;
таратылатын ислам банкіндегі банктік шотының нөмірі (бар болған жағдайда);
бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
заңды тұлғаның мемлекеттік (қайта) тіркеу жөніндегі куәлігінің, лицензиясының нөмірі және берілген күні;
заңды тұлғаның орналасқан жері;
сондай-ақ, таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелеріне жататын басқа да мәліметтер.
15. Қабылдау-өткізу актісін тарату комиссиясы қабылдайтын ислам банкі, тарату комиссиясы, уәкілетті орган үшін бір дана етіп үш данада жасайды, оған тарату комиссиясының төрағасы және бас бухгалтері, қабылдайтын ислам банкі басқармасының бірінші басшысы және бас бухгалтері (исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің, ислам банкінің басшы қызметкері және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар қабылдайтын банктің, ислам банкінің бас бухгалтері) қол қояды және қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкі мөрінің бедерімен расталады.
16. Тарату комиссиясы қабылдау-өткізу актісін уәкілетті органға оған қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.
17. Таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін қабылдайтын ислам банкіне беру күні болып қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күн саналады.
18. Қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап таратылатын ислам банкінің депозиторлар алдындағы міндеттемелері тоқтатылған болып саналады.
19. Қабылдайтын ислам банкі таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелері берілуі өткені жөнінде депозиторларға жазбаша хабарлайды.
20. Қабылдайтын ислам банкі депозитормен (депозиторлармен) келісім бойынша:
1) тиісті шартты жасай отырып, инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті бұдан әрі басқару туралы;
2) инвестициялық депозитті мерзімінен бұрын қайтару туралы шешім қабылдайды.
21. Қағидаларда реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 68 Қаулыға қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы қаулысының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 51 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5664 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесiнің 25-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы №23 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14997 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 5-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 34 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22239 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-тармағы.