"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Мына:
1) "Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 94 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35608 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 77 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36127 болып тіркелген) бекітілген Банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
| Қазақстан Республикасының | |
| Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 65 қаулысымен бекітілді |
Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 48-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және:
1) банк холдингінен, банктен және банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарынан тұратын банк конгломератын;
2) мынадай:
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болу;
көрсетілген кредиттік рейтингке қатысушыда Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-ден төмен емес не Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "Ваа2"-ден төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-ден төмен емес кредиттік рейтингтің болуы шарттары сақталған кезде қатысушысы Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингінің еншілес банкі болып табылатын банк конгломератын қоспағанда, банк холдингінен, банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары және (немесе) банк капиталына елеулі қатысатын ұйымдардан тұратын банк конгломератының (бұдан әрі – банк конгломераты) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Талаптарда Банктер туралы заңда, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
3. Талаптардың мақсаты банктің және (немесе) банк холдингінің (бар болса), сондай-ақ банк конгломератының басқа да қатысушыларының (бұдан әрі – банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы) директорлар кеңесі тарапынан (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератына қатысушылардың қызметі мен олардың қаржылық жағдайын тиімді бақылауды, оның ішінде:
1) корпоративтік басқарудың тиісті практикасын және іскерлік этика мен мәдениеттің тиісті деңгейін;
2) банк конгломераты жоғары деңгейдегі ұйымының және банк конгломератына қатысушылардың Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамаларының, банк конгломератының ішкі саясаттары, рәсімдері және өзге де ішкі құжаттары және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын;
3) банк конгломераты капиталының өзі қабылдайтын тәуекелдерге сәйкестігін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді уақтылы анықтау, өлшеу, бақылау және мониторингтеу арқылы банк конгломератының тәуекелдерін тиімді басқаруды;
4) оған кіретін қаржы ұйымдарын (бұдан әрі – банк конгломератының реттелетін қатысушылары) қоса алғанда, банк конгломератының қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін жағдайларды реттеу үшін банк конгломератында барабар тетіктер құруды қамтамасыз ету арқылы бақылауды қамтамасыз ететін банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды айқындау болып табылады.
4. Банк конгломератының тәуекелдерін басқарудың және ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құру мақсатында банк конгломератының жоғарғы деңгейдегі ұйымы және банк конгломератының қатысушылары тәуекелдерді бағалауды және тиісті функцияны берудің орындылығын қоса алғанда, осындай беру туралы шешімдерді қарау мен қабылдаудың бекітілген ішкі рәсімдері мен өлшемшарттары болған кезде банк конгломератының қатысушыларына жекелеген функцияларды беруге құқылы.
5. Функцияларды банк конгломератының қатысушыларына беру қаржы конгломератының жоғарғы деңгейдегі ұйымын және банк конгломератының қатысушыларын берілген функцияларды тиісінше орындау, Қазақстан Республикасы заңнамасының, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, сондай-ақ қаржы конгломератының ішкі саясаттары мен рәсімдерін сақтау үшін жауаптылықтан босатпайды.
6. Функцияларды банк конгломератының қатысушыларына беру банк конгломератының қызметін бүкіл топ ауқымында тиімді қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге тиіс және тиісті функцияларды орындау үшін жауапкершілікті беруге жол бермейді.
2-тарау. Корпоративтік басқару
7. Банк конгломераты жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератына қатысушылардың және тұтастай банк конгломератының қаржылық орнықтылығын сақтау, сондай-ақ акционерлер мен салымшылардың, кредиторлардың (қолданылатын жерлерінде) заңды құқықтарын қорғау мақсатында банк конгломератын корпоративтік басқарудың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.
8. Банк конгломератын корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы:
1) банк конгломератының құрылымын;
2) банк конгломератын дамыту стратегиясын;
3) банк конгломератына қатысушылары және олардың органдары арасында шешімдер қабылдау бөлігінде міндеттер мен өкілеттіктерді бөлуді;
4) банк конгломератының жоғары деңгейдегің ұйымының органдары мен банк конгломератының сыртқы және ішкі аудиторлары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін;
5) банк конгломератының тәуекелдерді басқару жүйесін;
6) банк конгломератының ішкі бақылау жүйесін;
7) банк конгломератының реттелетін қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында банк конгломератының реттелетін қатысушылары басшы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мінсіз іскерлік беделге қойылатын талаптарға, біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылауды;
8) банк конгломератының реттелетін қатысушыларының басшы қызметкерлеріне сыйақы беру жүйесін;
9) банк конгломератына қатысушылар болып табылатын жария мүдделі ұйымдарды корпоративтік басқарудың ашықтығын;
10) банк конгломератының басқарушылық есептілігінің барабар жүйесінің болуын қамтиды.
9. Банк конгломератының құрылымында банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератына қатысушылардың құрылымына сәйкес келетін корпоративтік басқару жүйесін, сондай-ақ банк конгломератының тәуекелдерін олардың қызметінің ерекшелігін және оларды тіркеу елін реттеу ерекшеліктерін ескере отырып басқарудың ішкі жүйесін (банк конгломератына қатысушылар шет мемлекеттің аумағында тіркелген жағдайларда) құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді).
10. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы):
1) топішілік операцияларға байланысты да туындайтын ықтимал мүдделер қақтығысын анықтау мен жоюды қоса алғанда, банк конгломератының корпоративтік басқару жүйесінде бақылаудың тиісті рәсімдері мен әдістерінің болуын қамтамасыз етеді;
2) банк конгломератының даму стратегиясын бекітеді;
3) банк конгломератына қатысушылардың тәуекелдерін басқару және банк конгломератына қатысушылардың қызметіне тиімді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы мен оның қатысушылары арасында ақпарат алмасудың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді;
4) тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдана отырып, аудиторлық тексерулер жүргізуді қамтамасыз ететін тиімді ішкі аудит қызметінің болуын қамтамасыз етеді;
5) банк конгломератының тәуекелдерін басқарудың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді;
6) банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы стресс-тестілеуді орындайтын қатысушыны айқындайды және банк конгломераты үшін:
жиынтық басқару есептілігін;
қаржылық ахуалдың нашарлауы жағдайына қаржыландырудың топтық жоспарын;
тәуекел-дәрежесінің мәлімдемесін;
тәуекел-дәрежесінің деңгейлерін жасайды.
Банк конгломератына қатысушылар пайдаланатын рәсімдер мен әдістер тәуекелдерді басқарудың тиімділігін бүкіл банк конгломераты деңгейінде сақтайды.
11. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы банк конгломераты шеңберінде тәуекелдерді стратегиялық басқаруды жүзеге асырады және банк конгломератына қатысушыларды тіркеу елдері заңнамасының талаптарын ескере отырып, банк конгломераты деңгейінде тәуекелдерді басқару саясатын енгізеді.
12. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы банк конгломератына қатысушыларды қажетті ресурстармен және өкілеттіктермен қамтамасыз етеді, сондай-ақ банк конгломератына қатысушылардың банк конгломератына қатысушылардың ішкі құжаттарында айқындалатын өз қызметі туралы тұрақты басқарушылық ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді банк конгломератына қатысушылардың орындауын бақылайды.
13. Банк конгломератына қатысушылардың стратегиялық мақсаттары, тәуекелдерді басқару жүйесі, корпоративтік құндылықтары мен корпоративтік басқару қағидаттары банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының саясатына сәйкес келеді, бұл ретте банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератына қатысушының қызметін реттейтін банк конгломератының саясаты мен Қазақстан Республикасы заңнамасының арасында қайшылықтар туындаған жағдайларда, сондай-ақ банк конгломератына қатысушының топ саясатының жекелеген ережелерін тиімді басқаруды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, банк конгломератына қатысушылардың стратегиялық мақсаттарына тиісті өзгерістер енгізілуін бақылауды жүзеге асырады.
3-тарау. Банк конгломератының капиталын басқару
14. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының капиталын басқару саясатын бекітеді. Банк конгломератының капиталын басқару саясаты банк конгломератының барлық қатысушыларының қызметіне тән айтарлықтай тәуекелдерді, оның ішінде қаржы ұйымдары болып табылмайтын банк конгломератына қатысушылардың (бұдан әрі - банк конгломератының реттелмейтін қатысушылары) қызметіне байланысты тәуекелдерді ескереді.
15. Банк конгломератының капиталын басқару саясатына мыналар кіреді:
1) бүкіл банк конгломератының ауқымында капиталға және банк конгломератының реттелетін қатысушыларының капиталына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін банк конгломератының капиталын жоспарлаудың нақты құжатталған процесі;
2) банк конгломераты капиталының жеткіліктілігін бағалау;
3) банк конгломераты капиталының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету және қолдау жөніндегі шаралар.
16. Капиталды жоспарлау процесі:
1) банк конгломератының бағдарлану стратегиясы мен бизнес-жоспарын ескере отырып, тәуекелге ұшырағыштық дәрежесі мен түріне қатысты капитал жеткіліктілігінің мақсаттарын қамтиды;
2) банк конгломератына қатысушылардың тәуекелдер бейінін және тәуекел-дәрежесін (бар болса), сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары тарапынан ықтимал елеулі тәуекелдерді ескереді;
3) қосымша капиталды талап етуі мүмкін елеулі тәуекелдерді анықтайды және өлшейді. Баланстық, сол сияқты баланстан тыс баптар бойынша тәуекелдерді, сондай-ақ банк конгломератының реттелмейтін қатысушыларының қызметін және банк конгломератының капиталына елеулі тәуекелдерін ескереді. Тәуекелдер жеке-жеке (түрлері бойынша), сол сияқты олардың жиынтық әсері ретінде қарастырылады;
4) банк конгломераты капиталының ішкі нысаналы көрсеткіштерін және банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесін (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесін (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысын) осы көрсеткіштердің ықтимал бұзылуы туралы хабардар ету рәсімдерін, сондай-ақ қаржылық ахуалдың нашарлауы жағдайына қаржыландыру жоспарының болуын айқындайды. Қаржыландыру жоспарына, оның ішінде капиталдық позициясы нысаналы көрсеткіштен төмен нашарлаған жағдайларда банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесінің (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысының) іс-әрекеттері енгізіледі;
5) банк конгломераты жұмыс істейтін субъектілер, экономика секторлары және юрисдикциялар арасындағы капиталды аударудың нормативтік, құқықтық және басқа да шектеулерін қоса алғанда, банк конгломератының барлық қатысушыларының капитал деңгейін ескереді;
6) банк конгломераты қатысушылары капиталының ішкі нысаналы көрсеткішін белгілеу кезінде топішілік кепілдіктерді, капиталдың болашақта әлеуетті құйылуын және басқарушылық шешімдерді ескереді;
7) ағымдағы және болжанатын іскерлік және макроэкономикалық жағдайларды ескереді, нарықтық жағдайларда ықтимал оқиғалар мен өзгерістерді және олардың банк конгломераты капиталының позициясына теріс әсерін анықтайтын стресс-тестілеу нәтижелерін қамтиды.
17. Банк конгломераты капиталының жеткіліктілігін бағалау:
1) банк конгломераты қатысушылары капиталының жеткіліктілігін бағалауды қамтиды;
2) шоғырландырылған негізде қабылданатын тәуекелдерді, оның ішінде банк конгломератының реттелмейтін қатысушыларының қызметіне тән елеулі тәуекелдерді ескереді;
3) банк конгломератының қатысушылары арасында талаптар және (немесе) міндеттемелер түріндегі банк конгломераты есептілігінің көрсеткіштеріне топішілік операциялардың әсерін жоюды ескереді.
18. Банк конгломераты капиталының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету және қолдау шаралары мыналарды қамтиды (бірақ, олармен шектелмейді):
1) банк конгломераты капиталының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету және қолдау жөніндегі шараларды қолдану талаптары мен тәртібі;
2) банк конгломераты капиталының жеткіліктілігін тұрақты қамтамасыз ету және қолдау жөніндегі шаралардың тізбесі;
3) банк конгломераты капиталының жеткіліктілігін жедел қамтамасыз ету және қолдау жөніндегі тұрақты шаралар тізбесі.
19. Банк конгломераты капиталының жеткілікті деңгейін тұрақты қамтамасыз ету және қолдау шаралары банк конгломератының қатысушылары ұсынатын мерзімді басқарушылық ақпаратты талдау негізінде банк конгломератына қатысушылардың қаржылық жай-күйін, капитал деңгейін, елеулі тәуекелдерге ұшырағыштық деңгейін және қабылдайтын елеулі тәуекелдер деңгейін мерзімді негізде тұрақты бағалау мен бақылауды қамтиды.
20. Банк конгломератының капитал деңгейінің жеткіліктілігін жедел қамтамасыз ету және қолдау шаралары мыналарды қамтиды (бірақ олармен шектелмейді):
1) банк конгломератының реттелетін қатысушыларының жарғылық капиталын ұлғайту;
2) банк конгломератының реттелетін қатысушыларына реттелген қарыз беру және/немесе тарту;
3) банк конгломератының реттелетін қатысушыларына дивидендтер төлеуді тоқтата тұру;
4) банк конгломератына қатысушылардың банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының алдындағы міндеттемелерін орындау мерзімдерін ұзарту, мұндай міндеттемелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру.
4-тарау. Банк конгломератының өтімділігін басқару
21. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератына қатысушылардың өтімділік тәуекелін жеке және шоғырландырылған негіздерде анықтаудың, бағалаудың, мониторингтеудің және бақылаудың барабар процесінің болуын қамтамасыз етеді.
22. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының құрамына кірмейтін кредиторларға қатысты міндеттемелерді орындау мерзімдерінің басталуына қарай қатысушылардың міндеттемелерін орындау үшін банк конгломератына қатысушылардың өтімділігін басқару жүйесінің жеткілікті болуын қамтамасыз етеді.
23. Банк конгломератының өтімділігін басқару процесі, сондай-ақ қаржылық ахуалдың нашарлауы жағдайына қаржыландыру жоспарлары банк конгломератының даму стратегиясына, қызметінің ауқымына, оның қатысушылары операцияларының түрлері мен күрделілігіне, тәуекелдер бейініне сәйкес келеді.
24. Банк конгломератының өтімділік тәуекелін басқару:
1) өтімділік тәуекелі туындаған жағдайларда тиімді басқарудың және бақылаудың;
2) өтімділіктің қабылданған тәуекеліне қатысты барабар саясаттың, рәсімдер мен шектеулердің;
3) жеке және шоғырландырылған негізде банк конгломератына қатысушылардың өтімділік тәуекелін бағалау, мониторингтеу және бақылау үшін басқарушылық ақпараттың тиімді жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.
25. Банк конгломератының өтімділік тәуекелін басқару рәсімдеріне мыналар кіреді:
1) банк конгломератына қатысушылардың бөлімшелері және банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының арасында өтімділік тәуекелін бағалау және басқарумен байланысты функцияларды, банк конгломератының қатысушылары мен жоғары деңгейдегі ұйымдарының арасындағы өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі өзара іс-қимыл рәсімдерін сипаттау және бөлу;
2) өтімділік тапшылығын және өтімділік тапшылығының шекті рұқсат етілген мәндерін айқындауды, лимиттерді белгілеуді қоса алғанда, банк конгломераты мен банк конгломератына қатысушылардың қорландыруға деген қажеттілігін айқындау рәсімдерін сипаттау;
3) өтімділіктің әр түрлі уақыт перспективасына (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді өтімділік) арналған жай-күйіне талдау жүргізу тәртібі;
4) өтімділік лимиттерін белгілеу және көрсетілген лимиттердің сақталуын бақылау әдістерін айқындау, банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесін (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) лимиттердің жол берілген бұзушылықтары туралы хабардар ету тәртібі, сондай-ақ оларды жою тәртібі;
5) өтімділікті түрлі уақыт аралықтарында басқару рәсімдері;
6) банк конгломератына қатысушылардың және банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы активтерінің өтімділігін және пассивтерінің орнықтылығын талдау әдістері;
7) өтімділікті қалпына келтіру рәсімдері, оның ішінде өтімді активтерді өткізу бойынша шешімдер қабылдау рәсімдері, өтімділік тапшылығы туындаған жағдайда қосымша ресурстарды тартудың ықтимал тәсілдері.
26. Банк конгломератының қызметі, нарықтық конъюнктура, өзге де сыртқы және ішкі оқиғалар өзгерген жағдайда, банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы өтімділік тәуекелін басқару әдіснамасына өзгерістер енгізеді.
27. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы кезең-кезеңмен банк конгломератына қатысушылардың ақпарат ұсынуы негізінде әр түрлі уақыт аралығында конгломерат өтімділігінің жай-күйін: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өтімділікті мониторингтеуді жүзеге асырады.
28. Банк конгломератының міндеттемелерін орындауды шектеуге әкеп соғатын мән-жайлар туындаған жағдайда қаржыландыру жоспарлары банк конгломератының қатысушылары мен банк конгломератының жоғарғы деңгейдегі ұйымы арасында ақша қаражатын аударуға арналған құқықтық және нормативтік шектеулерді қоса алғанда, шектеулерді ескереді.
Қаржылық ахуалдың нашарлауы жағдайына қаржыландыру жоспарларында:
1) осы көздерден тартылатын қаражаттың ықтимал мөлшерін бағалай отырып, қаржыландыру көздері;
2) әрбір қаржыландыру көзінен қосымша қаражат тарту үшін қажетті уақыт;
3) іс-қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмі және олардың басымдығы;
4) өтімділікке байланысты түрлі стрестік жағдайларды іске асырудың бірнеше нұсқалары қамтылады.
Операциялық сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржылық ахуалдың нашарлауы жағдайына қаржыландыру жоспары банк конгломератының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде, бірақ жылына кемінде бір рет тұрақты тестілеуден және жаңартудан өтеді.
Банк конгломератының реттелетін қатысушылары қаржылық ахуалдың нашарлауы жағдайына қаржыландыру жоспарын жеке негізде жасайды.
5-тарау. Тәуекелдерді басқару
29. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының реттелетін және реттелмейтін қатысушыларының тәуекелдерін басқарудың және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнамасының, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қатынастарда – оның шыққан елінің заңнамасының талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.
30. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) тәуекелдерді басқару бөлімшелерінің болуын және банк конгломератына қатысушылардың бизнес-бөлімшелерінен тәуекелдерді басқару бөлімшелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өз функцияларын орындау үшін жеткілікті өкілеттік деңгейін қамтамасыз етеді.
31. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) тәуекелдерді басқару жүйесінің, ішкі бақылау тетіктерінің және банк конгломератының комплаенсінің болуын қамтамасыз етеді.
Тәуекелдерді басқару процесі реттелетін банк конгломератына қатысушылардың капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды ескере отырып, банк конгломератына қатысушылардың және жалпы банк конгломератының қызметіне тән тәуекелдерді идентификаттауды, өлшеуді, бағалауды, мониторингті және бақылауды қамтиды.
Тәуекелдерді басқару процестері және банк конгломератының ішкі бақылау тетіктері құжатталады және мыналарды:
1) қызметтің сипатын, ауқымын және күрделілігін;
2) географиялық қамтуды қоса алғанда, операциялар әртүрлігін;
3) операциялардың көлемін, жиілігі мен мөлшерін;
4) оның қызметінің әр саласына байланысты тәуекел дәрежесін;
5) банк конгломераты шеңберінде қатысушылардың өзара байланыстылығын;
6) ақпараттық және есеп беру жүйелерінің күрделілігі мен функционалдығын ескереді.
Тәуекелдерді басқару процесі және банк конгломератының ішкі бақылау тетіктері мыналарды қамтиды:
1) өкілеттіктер мен жауапкершілікті берудің нақты тетіктері;
2) банк конгломератының қаражатын бөлуді және активтер мен міндеттемелерді есепке ала отырып, функцияларды бөлу;
3) процестерді келісу;
4) банк конгломератының тәуекел дәрежесінің орындалуын қамтамасыз ету;
5) бақылау шараларының, сондай-ақ азаматтық, салық, банк туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және банк конгломератының ішкі құжаттары талаптарының сақталуын тексеру үшін комплаенстің тиісті тәуелсіз функциялары.
32. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломераты мен банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы қызметкерлерінің тәуекелдерді басқарудың белгіленген рәсімдерін, ішкі рәсімдер мен азаматтық, салық, банк туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасы заңнама талаптарын, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қатысты оның шыққан елінің заңнама талаптарын сақтамағаны туралы хабардар ету рәсімдерінің болуын қамтамасыз етеді.
33. Тәуекел дәрежесі стратегиясының шеңберінде банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) тәуекел дәрежесінің мәлімдемесін қалыптастырады, ол бюджеттік жоспарлау және банк конгломератының операциялық қызметі шеңберінде банк конгломераты қабылдайтын тәуекелдерге қатысты жалпы бағытты белгілейді.
34. Тәуекел дәрежесінің тиімді мәлімдемесі:
1) банк конгломератының даму стратегиясын, банк конгломератына қатысушылардың тәуекелдер бейінін және капитал салымдарының жоспарларын ескере отырып қалыптастырылады;
2) сандық бағалау мүмкін болмайтын беделдік және (немесе) өзге де тәуекелдерді қоса алғанда, банк конгломератының тәуекелдерді қабылдау негіздерін не оларды алып тастауды сипаттайтын сапалық сипаттағы мәлімдемені қамтиды, сондай-ақ оларды бақылауға мүмкіндік беретін тәсілдерді белгілейді.
35. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының тәуекел дәрежесі деңгейін белгілейді.
Тәуекел дәрежесі деңгейлері банк конгломератының даму стратегиясын, банк конгломератына қатысушылардың тәуекел бейінін және капитал салымдарының жоспарларын ескереді.
Тәуекел дәрежесі деңгейі банк конгломератының операциялық ортасының, қызметтің жаңа түрлерінің өзгеруіне, банк конгломератының қатысушыларының қатысу нарықтарының серпініне байланысты өзектендіру мақсатында мерзімді негізде қайта қаралады.
36. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) мұндай өнімдерді тек тиімді басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін тиісті процестерді, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару жүйелерін алдын ала енгізу шартымен жаңа өнімдерге шығуға жол беруді көздейтін жаңа өнімдерді енгізу рәсімдерін бекітеді.
37. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) жылына кемінде бір рет конгломерат қызметіне тән тәуекелдің негізгі түрлері бойынша стресс-тестілеу және сезімталдықты талдау нәтижелерін қарайды.
Стресс-тестілеу нәтижелері банк конгломератының қаржылық нәтижелеріне айтарлықтай әсер ететін қызметті қамтиды.
Стресс-тестілеу қолайсыз және анағұрлым ықтимал сценарийлерді ескереді.
Стресс-тестілеу нәтижелерін тәуекелдерді басқару бойынша тиімді шаралар қабылдауды қамтамасыз ету үшін банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) назарға алады.
38. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) конгломератқа қатысушылардың қызметіне тән тәуекелдерді жинақтау рәсімдерін бекітеді.
39. Банк конгломераты ауқымында тәуекелдердің, оның ішінде топішілік операциялардың шоғырлануын анықтау, бағалау, мониторингтеу және бақылау мақсатында банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі банк конгломераты қатысушыларынан мерзімді негізде қажетті басқару ақпаратын алады.
Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше ұсынған материалдар негізінде тәуекелдер шоғырлануының сандық шектерін және топішілік операцияларға лимиттерді, банк конгломератының қызметіне тән тәуекелдердің әрбір түрі бойынша ішкі лимиттерді, оның ішінде лимитке дейінгі тәсіл белгілейді.
6-тарау. Ішкі бақылау
40. Банк конгломератының тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде ішкі бақылау банк конгломератының әрбір елеулі тәуекелі үшін барабар саясат, басқару рәсімдері және басқа да шаралар көзделгеніне көз жеткізуге, сондай-ақ саясаттардың, рәсімдердің және басқа да шаралардың тиісті қолданылуын тексеруге арналған. Ішкі бақылау тұтастай алғанда процестердің сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
41. Ішкі бақылау банк конгломератына қатысушылардың қаржылық және басқару ақпаратының дәйекті, уақтылы және толық болуын, оның ішінде банк конгломератына қатысушылардың ішкі саясат талаптарын орындауын және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасы, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнамасы, ал Қазақстан Республикасы бейрезиденттеріне қатысты олардың шыққан елінің заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
42. Банк конгломераты қызметкерлерінің өз өкілеттіктерінен асып кетуіне немесе алаяқтық әрекеттер жасауына жол бермеу мақсатында ішкі бақылау жүйесі банк конгломераты активтерінің заңсыз пайдаланылуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ банк конгломератына қатысушылардың қызметкерлері мен басшылары тарапынан мәмілелерді жүзеге асыру кезінде, оның ішінде банк конгломератымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелерді жүзеге асыру кезінде қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдаланудың алдын алу рәсімдерін қамтиды.
Ішкі бақылау рәсімдері банк конгломератына қатысушының іс-әрекеттерінің бекітілген саясатқа, белгіленген рәсімдерге және конгломератқа қатысушының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қаншалықты сәйкес келетіндігін бағалауды көздейді.
43. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломераты мен банк конгломератына қатысушылардың ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне тексеру және бағалау жүргізуді, оның жұмыс істеуіне байланысты проблемаларды анықтауды және талдауды, пайдаланылатын процестер мен ішкі бақылау рәсімдерінің тиімділігін бағалауды, оның ішінде:
1) тәуекелдерді бағалаудың және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің конгломератта қабылданған әдіснамасын қолданудың толықтығы мен тиімділігін бағалауды, бұл ретте банк конгломератының реттелетін қатысушыларына қатысты – конгломератқа қатысушының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруді;
2) банк конгломератының және оның қатысушыларының ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды;
3) ақпаратты және тәуекелдер бойынша есептілікті жинау мен ұсынудың дұрыстығын, толықтығын, объективтілігін және уақтылылығын тексеруді;
4) банк конгломераты қатысушысының ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды;
5) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасын, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қарым-қатынаста – оның шыққан елінің заңнамасы, белгіленген рәсімдер мен саясаттарды бұзудың елеулі фактілері туралы, банк конгломератына қатысушылардың ішкі бақылау жүйесіндегі елеулі іркілістер туралы оқиғаларды, сондай-ақ банк конгломератына қатысушылардың басқару органдары өздеріне қабылдаған, банк конгломераты үшін қолайсыз болып табылатын тәуекел немесе қабылданған бақылау шаралары қабылданатын тәуекел деңгейіне сәйкес келмейтін фактілер туралы оқиғаларды бағалауды қамтамасыз етеді.
7-тарау. Ішкі аудит
44. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының қатысушыларында ішкі аудиттің барабар және тиімді құрылымының болуын қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары болған жағдайда), сондай-ақ ішкі аудит қызметінің саясаты мен тетіктерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, құрылымына, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, банк конгломератына қатысушылардың тәуекел бейініне сәйкестігін қамтамасыз етеді (қолданылуына қарай).
45. Банк конгломератына қатысушылардың ішкі аудит қызметтерінің қызметіндегі тәсілдердің уағдаластығын қамтамасыз ету мақсатында банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы):
1) банк конгломератына қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, оны құруға қойылатын талаптар болған кезде банк конгломератына қатысушылардың директорлар кеңесіне (қатысушылардың жалпы жиналысына) есеп беретін өз ішкі аудит қызметінің (ішкі аудитор) болуын;
2) банк конгломератының жоғарғы деңгейдегі ұйымының ішкі аудит қызметі (ішкі аудитор) банк конгломератына қатысушылардың ішкі аудитін директорлар кеңесіне (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – банк конгломератының жоғарғы деңгейдегі ұйымының байқау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) өзінің құқықтық міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін көлемде жүргізуін қамтамасыз етеді.
Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының ішкі аудит стратегиясын айқындайды.
46. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының ішкі аудит стратегиясын айқындайды, конгломератқа қатысушылардың директорлар кеңестерімен келісу бойынша және банк конгломератына қатысушылардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымында және банк конгломератына қатысушыларда ішкі аудитті ұйымдастыруды айқындайды.
47. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының ішкі аудит стратегиясында жазылған қағидаттарға сәйкес банк конгломератына қатысушылардың ішкі аудитін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
48. Ішкі аудит қызметі (ішкі аудитор) өздерінің жұмыс жоспарлары мен іс-әрекеттерін әзірлеу кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады.
49. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымдарының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының және банк конгломератына қатысушылардың ішкі аудит қызметтерінің (ішкі аудиторы) құзыреті аясын айқындайды.
Бұл ретте банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының және банк конгломератына қатысушылардың ішкі аудит қызметтері (ішкі аудитор) қызметкерлерінің тәжірибесі мен білімі есепке алынады.
50. Банк конгломератына қатысушылардың ішкі аудиторлары (аудитор) банк конгломератына қатысушылардың тиісті директорлар кеңесіне (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) есеп береді, сондай-ақ банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының ішкі аудит қызметінің басшысына (ішкі аудитор) жыл сайын басқарушылық есептілік ұсынады.