"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 сәуірде № 38413 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20338 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2026 жылғы 13 сәуірдегі
№ 155 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 6 сәуірі
№ 187 бұйрығымен бекітілген

"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларға және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларына сәйкес әзірленеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды немесе жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал):

      қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу кезінде:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      2) қауіпті өндірістік объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі.

      қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеуден шығарған жағдайда:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

      2) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесін жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

      Ұсынылған құжаттардың және онда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Жауапты орындаушы осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген, ұсынылған құжаттардың толықтығын бір жұмыс күні ішінде тексереді, және құжаттардың пакетінің толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық-цифрлік қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған дәлелді бас тарту жауабын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетке портал арқылы электрондық құжат түрде жолдайды.

      Заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 4, 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық-цифрлік қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған нәтижесін ресімдейді, және оны электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес тыңдау рәсімін жүзеге асырады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" операторын (Оператор) мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініштің әкімшілік құжат нөмірі және коды (ӘҚНЖК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі және коды (ӘҚНЖК РҚ) немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РҚБСН), көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) бойынша ақпаратты міндетті түрде ұсыну арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz. электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.

      9. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган)жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) күн ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      11. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      13. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Қауіпті өндірістік объектінің
өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын тіркеу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 1-қосымша
Нысан

[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

      Басшысына

      [Мемлекеттік органның атауы]

      Өтініш нөмірі: [нөмірі]

      Өтініш күні: [күні]

Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының тіркеу шифрын беруге ӨТІНІШ

_______________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 76-бабын басшылыққа

      ала отырып, сізден қоса беріліп отырған ______________________________

      қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын қарауды және

      оған тіркеу шифрын беруді сұрайды.

      Қосымша:

      1) Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының

      электрондық көшірмесі.

      Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының

      заңнамасына сәйкес дәйексіз мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы

      растаймын.

      _____ ____________________________

      [Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба

     


  "Қауіпті өндіріс объектісінің
өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын тіркеу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

      Басшысына

      [Мемлекеттік органның атауы]

      Өтініш нөмірі: [нөмір]

      Өтініш күні: [күні]

Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеуден шығару туралы ӨТІНІШ

__________________________________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабын басшылыққа

      ала отырып, сізден қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік

      декларациясын тіркеуден шығаруды сұрайды:

      ____________________________________________________________________

      (декларацияның атауы, шифры)

      Себебі _____________________________________________________________

      Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәйексіз мәліметтер бергені үшін

      жауапкершілік туралы хабардармын.

      ____________________________

      [Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба]



  "Қауіпті өндірістік объектінің
өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын тіркеу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 3-қосымша
Нысан

"Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті беруші

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

-

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

www.​egov.​kz "Цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал)

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Тіркеу шифрын бере отырып тіркеу немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеуден алу не дәлелді бас тарту

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскі үзіліспен.
Портал, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы тіркелген жағдайда:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі.
қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеуден шығарған жағдайда:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады".

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы;
2) www.​egov.​kz порталда.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: "1414", +7 (800) 080 7777.

  "Қауіпті өндірістік объектінің
өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын тіркеу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



[Наименование государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного
органа]




Күні: [Берілген күні]


[Жеке немесе заңды тұлғаның
атауы]




Нөмірі: [Құжат нөмірі]


[Жеке немесе заңды тұлғаның
деректемелері (мекенжайы, жеке
сәйкестендіру/бизнес-
сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

[Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Өтініш күні] жылғы № [Өтініштің нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды:

[Бас тартудың негізі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса), электрондық

цифрлық қолтаңбасы]


     


  "Қауіпті өндірістік объектінің
өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын тіркеу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 5-қосымша
Нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



[Наименование государственного
органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного
органа]




Нөмірі: [Құжат нөмірі]


[Жеке немесе заңды тұлғаның
атауы]




Өтініш нөмірі: [Нөмірі]


[Жеке немесе заңды тұлғаның
деректемелері (мекенжайы, жеке
сәйкестендіру/бизнес-
сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]




Берілген күні: [Күні]



ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ТІРКЕУ

[Мемлекеттік органның атауы], "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын [Объектінің атауы] тіркелді және оған [Шифр] шифрі берілді.

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
электрондық цифрлық қолтаңбасы]


     



  "Қауіпті өндірістік объектінің
өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын тіркеу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 6-қосымша
Нысан

Мемлекеттік органның атауы]



[Наименование государственного органа]


[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]


Нөмірі: [Құжат нөмірі]


[Жеке немесе заңды тұлғаның атауы]


Өтініш нөмірі: [Нөмірі]


[Жеке немесе заңды тұлғаның
деректемелері (мекенжайы, жеке
сәйкестендіру/бизнес-
сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]


Берілген күні: [Күні]



ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ТІРКЕУДЕН ШЫҒАРУ
[Мемлекеттік органның атауы], "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы [декларацияның атауы, шифрі] тіркеуден шығарылды.

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
электрондық цифрлық қолтаңбасы]


     


О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 187 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Регистрация деклараций промышленной безопасности опасного производственного объекта"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 13 апреля 2026 года № 155. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 апреля 2026 года № 38413

      Примечание ИЗПИ!

      Вводится в действие с 12.07.2026.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 187 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Регистрация деклараций промышленной безопасности опасного производственного объекта" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20338) следующее изменение:

      Правила оказания государственной услуги "Регистрация деклараций промышленной безопасности опасного производственного объекта", утвержденных указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению, к настоящему приказу.

      2. Комитету промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 12 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр по чрезвычайным
ситуациям Республики Казахстан
Ч. Аринов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного
интеллекта и цифрового развития
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра по чрезвычайным
ситуациям
Республики Казахстан
от 13 апреля 2026 года № 155
  Утверждены приказом
Министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 6 апреля 2020 года № 187

Правила
оказания государственной услуги "Регистрация деклараций промышленной безопасности опасного производственного объекта"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания государственной услуги "Регистрация деклараций промышленной безопасности опасного производственного объекта" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах" (далее – Закон) и определяют порядок регистрации деклараций промышленной безопасности опасного производственного объекта.

      2. Государственная услуга "Регистрация деклараций промышленной безопасности опасного производственного объекта" (далее – государственная услуга), оказывается Комитетом промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (далее – услугодатель) согласно настоящих Правил.

      3. Декларация промышленной безопасности опасного производственного объекта разрабатывается в соответствии с Правилами, определяющими критерии отнесения опасных производственных объектов к декларируемым и Правилами разработки декларации промышленной безопасности опасного производственного объекта, утвержденными приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 341 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10257).

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Для получения государственной услуги юридические или физические лица (далее – услугополучатель) направляют услугодателю посредством веб-портала "цифрового правительства" www.egov.kz (далее – портал):

      при регистрации декларации промышленной безопасности опасного производственного объекта:

      1) заявление согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) электронная копия декларации промышленной безопасности опасного производственного объекта.

      при снятии с регистрации декларации промышленной безопасности опасного производственного объекта:

      1) заявление согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      2) электронная копия декларации промышленной безопасности опасного производственного объекта.

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги изложен согласно приложения 3 к настоящим Правилам.

      При подаче услугополучателем всех необходимых документов посредством портала – в "личном кабинете" услугополучателя отображается статус о принятии запроса для оказания государственной услуги с указанием даты получения результата государственной услуги.

      Ответственность за достоверность представленных документов и сведений, содержащихся в них, несет услугополучатель.

      Общий срок оказания государственной услуги составляет 3 (три) рабочих дня.

      5. Работник канцелярии услугодателя осуществляет прием и регистрацию документов в день их поступления и направляет руководителю услугодателя либо лицу его замещающему, которым назначается ответственный исполнитель.

      В случае обращения услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем.

      6. Ответственный исполнитель в течение одного рабочего дня проверяет полноту представленных документов, указанных в приложении 3 к настоящим Правилам, и в случае установления факта неполноты представленных документов готовит мотивированный отказ по форме, согласно приложению 4 к настоящим Правилам, подписанный электронно-цифровой подписью (далее – ЭЦП) руководителя услугодателя либо лица его замещающего, и направляет его через портал в форме электронного документа в "личный кабинет" услугополучателя.

      Сведения о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, услугодатель получает из соответствующих государственных цифровых систем через шлюз "цифрового правительства".

      В случае представления услугополучателем полного пакета документов, указанных в приложении 3 к настоящим Правилам, услугодатель проверяет представленные документы и сведения, указанные в них на соответствие требованиям нормативных правовых актов в области промышленной безопасности и оформляет результат оказания государственной услуги, по формам согласно приложениям 4, 5 или 6 к настоящим Правилам, подписанный ЭЦП руководителя услугодателя либо лица его замещающего, и направляет его в форме электронного документа в "личный кабинет" услугополучателя.

      Основания для отказа в оказании государственной услуги установленные законодательством Республики Казахстан изложены в приложении 3 к настоящим Правилам.

      При выявлении оснований для отказа в оказании государственной услуги услугодатель осуществляет процедуру заслушивания в соответствии со статьей 73 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      7. Услугодатель обеспечивает внесение данных о стадии оказания государственной услуги в цифровую систему мониторинга оказания государственных или социально ответственных услуг в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере цифровизации.

      При оказании государственной услуги посредством государственной информационной системы разрешений и уведомлений данные о стадии оказания государственной услуги поступают в автоматическом режиме в цифровую систему мониторинга оказания государственных услуг.

      8. В случае сбоя цифровой системы, содержащей необходимые сведения для оказания государственной услуги, услугодатель в течение 1 рабочего дня уведомляет оператора "цифрового правительства" (Оператор) посредством направления запроса в единую службу поддержки по электронной почте sd@nitec.kz с обязательным предоставлением информации по наименованию государственной услуги, номера и кода административного документа заявления (НИКАД), или уникальный идентификационный номер заявления (УИНЗ), номера и кода административного документа (НИКАД РД), или уникальный идентификационный номер разрешительного документа (УИНРД), индивидуальный идентификационный номер (ИИН), или бизнес-идентификационный номер (БИН) услугополучателя, с приложением пошаговых скриншотов с момента авторизации до момента возникновения ошибки с указанием точного времени ошибки.

      9. Уполномоченный орган в области промышленной безопасности в течение трех рабочих дней направляет информацию о внесенных изменениях и (или) дополнениях в настоящие Правила оператору "цифрового правительства", а также в Единый контакт-центр.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг

      10. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалоба подается услугодателю, должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (трех) рабочих дней примет благоприятное решение, совершит административное действие, полностью удовлетворяющие требованиям, указанным в жалобе.

      11. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона, подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      12. Срок рассмотрения жалобы услугодателем, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг в соответствии с пунктом 4 статьи 25 Закона продлевается не более чем на 10 (десять) рабочих дней в случаях необходимости:

      1) проведения дополнительного изучения или проверки по жалобе либо проверки с выездом на место;

      2) получения дополнительной информации.

      В случае продления срока рассмотрения жалобы должностное лицо, наделенное полномочиями по рассмотрению жалоб, в течение трех рабочих дней с момента продления срока рассмотрения жалобы сообщает в письменной форме (при подаче жалобы на бумажном носителе) или электронной форме (при подаче жалобы в электронном виде) услугополучателю, подавшему жалобу, о продлении срока рассмотрения жалобы с указанием причин продления.

      13. Если иное не предусмотрено Законом, обжалование в суде допускается после обжалования в административном (досудебном) порядке в соответствии с пунктом 5 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

  Приложение 1
к Правилам оказания
государственной услуги
"Регистрация деклараций
промышленной безопасности
опасного производственного
объекта"
  Форма

[Реквизиты юридического лица (адрес, бизнес-идентификационный номер, телефон)]

  Руководителю
  [Наименование государственного органа]

      Номер заявления: [Номер]

      Дата заявления: [Дата]

ЗАЯВЛЕНИЕ
на присвоение регистрационного шифра декларации промышленной безопасности опасного производственного объекта

      _________________________________________________________________
(наименование физического или юридического лица)

      Руководствуясь статьей 76 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", просит Вас рассмотреть прилагаемую декларацию промышленной безопасности опасного производственного объекта

      ______________________________________________________

      и присвоить ей регистрационный шифр.

      Приложение:

      1) Электронная копия декларации промышленной безопасности опасного

      производственного объекта

      Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в цифровых системах.

      Подтверждаю достоверность представленной информации и осведомлен

      об ответственности за предоставление недостоверных сведений в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      ______________________________________________________________

      [Фамилия, имя, отчество (при его наличии), электронная цифровая подпись]

     


  Приложение 2
к Правилам оказания
государственной услуги
"Регистрация деклараций
промышленной безопасности
опасного производственного объекта"
Форма

      [Реквизиты физического или юридического лица (адрес, индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер, телефон)]

      Руководителю

      [Наименование государственного органа]

      Номер заявления: [Номер]

      Дата заявления: [Дата]

ЗАЯВЛЕНИЕ
о снятии с регистрации декларации промышленной безопасности опасного производственного объекта

      __________________________________________________________
(наименование физического или юридического лица)

      Руководствуясь статьей 76 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", просит Вас снять с регистрации декларацию промышленной безопасности опасного производственного объекта:

      ____________________________________________________________________
                        (наименование декларации, шифр)

      Причина ____________________________________________________________

      Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в цифровых системах. Подтверждаю достоверность представленной информации и осведомлен об ответственности за предоставление недостоверных сведений в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      ______________________________________________________________

      [Фамилия, имя, отчество (при его наличии), электронная цифровая подпись]

     


  Приложение 3
к Правилам оказания
государственной услуги
"Регистрация деклараций
промышленной безопасности
опасного производственного
объекта"
  Форма

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Регистрация деклараций промышленной безопасности опасного производственного объекта"

1

Наименование услугодателя

Комитет промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (далее – услугодатель).

2

Наименование подвида (при наличии) государственной услуги

-

3

Способы предоставления государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Веб-портал "цифрового правительства" www.​egov.​kz (далее – портал).

4

Срок оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

3 (три) рабочих дня

5

Форма оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Электронная (частично цифровизированная)

6

Результат оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Регистрация с присвоением регистрационного шифра или снятие с регистрации декларации промышленной безопасности либо мотивированный отказ

7

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги и ее подвидов (при наличии), и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно

8

График работы услугодателя, Государственной корпорации и объектов информации

Услугодателя, с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан (далее – Кодекс) с перерывом на обед.
Портала, круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Кодексу, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

9

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

в случае регистрации декларации промышленной безопасности опасного производственного объекта:
1) заявление согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
2) электронная копия декларации промышленной безопасности опасного производственного объекта.
в случае снятия с регистрации декларации промышленной безопасности опасного производственного объекта:
1) заявление согласно приложению 2 к настоящим Правилам;
2) электронная копия декларации промышленной безопасности опасного производственного объекта.
Сведения о документах, удостоверяющих личность, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица услугодатель получает из соответствующих государственных цифровых систем через шлюз "цифрового правительства".

10

Основания для отказа в оказании государственной услуги и ее подвидов (при наличии), установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан;
3) отрицательный ответ уполномоченного государственного органа на запрос о согласовании, который требуется для оказания государственной услуги, а также отрицательное заключение экспертизы, исследования либо проверки;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;
5) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги.
6) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со пунктом 5 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

11

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Адреса мест оказания государственной услуги размещены на:
1) интернет-ресурсеуслугодателя;
2) портале www.​egov.​kz.
Телефон Единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг: "1414", +7 (800) 080 7777.

  Приложение 4
к Правилам оказания
государственной услуги
"Регистрация деклараций
промышленной безопасности
опасного производственного
объекта"
  Форма

[Мемлекеттік органның атауы]



[Наименование государственного
органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного
органа]




Дата: [Дата выдачи]


[Наименование физического или
юридического лица]




Номер: [Номер документа]


[Реквизиты физического или
юридического лица (адрес,
индивидуальный
идентификационный номер/
бизнес-идентификационный номер,
телефон)]

МОТИВИРОВАННЫЙ ОТКАЗ

[Наименование государственного органа], рассмотрев Ваше заявление от [Дата заявления] года № [Номер заявления] сообщает следующее:

[Обоснование отказа]


[Должность подписывающего]


[Фамилия, имя, отчество


(при его наличии), электронная


цифровая подпись]


     


  Приложение 5
к Правилам оказания
государственной услуги
"Регистрация деклараций
промышленной безопасности
опасного производственного
объекта"
  Форма

[Мемлекеттік органның атауы]



[Наименование государственного
органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Номер: [Номер документа]


[Наименование физического или
юридического лица]




Номер заявления: [Номер]


[Реквизиты физического или
юридического лица (адрес,
индивидуальный идентификационный номер/бизнес-
идентификационный номер,
телефон)]




Дата выдачи: [Дата]



РЕГИСТРАЦИЯ ДЕКЛАРАЦИИ ПРОМЫШЛЕННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ

[Наименование государственного органа], в соответствии со статьей 76 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите" и Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях" сообщает, что Декларация промышленной безопасности [Наименование объекта] зарегистрирована и ей присвоен шифр [Шифр].

[Должность подписывающего]

[Фамилия, имя, отчество (при его наличии), электронная цифровая подпись]


     


  Приложение 6
к Правилам оказания
государственной услуги
"Регистрация деклараций
промышленной безопасности
опасного производственного
объекта"
  Форма

[Мемлекеттік органның атауы]



[Наименование государственного
органа]




[Мемлекеттік органның
деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Номер: [Номер документа]


[Наименование физического или
юридического лица]




Номер заявления: [Номер]


[Реквизиты физического
или юридического лица
(адрес, индивидуальный
идентификационный номер/
бизнес-идентификационный
номер, телефон)]




Дата выдачи: [Дата]



СНЯТИЕ С РЕГИСТРАЦИИ ДЕКЛАРАЦИИ ПРОМЫШЛЕННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ

[Наименование государственного органа], в соответствии со статьей 76 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите" и Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях" сообщает, что Декларация промышленной безопасности
[Наименование декларации, шифр] снята с регистрации.

[Должность подписывающего]

[Фамилия, имя, отчество (при его наличии), электронная цифровая подпись]