ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 11.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27508 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу қағидаларында:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының қайта ресімделгені туралы хабарлама
Жер пайдаланушы ___________________________________________ атынан
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды тұлғаның толық атауы)
________________________________________________________негізінде әрекет ететін
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
_________________________________ "_____" ____________ №________ ауыл
(уәкілетті өкіл толтырады)
шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу)
шартын қайта ресімдеуді сұрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша жер пайдалану құқығын жер пайдаланушы _____________________________
_____________________________________________________________________
(азаматтық-құқықтық мәміленің атауы, нөмірі және күні көрсетіледі)
азаматтық-құқықтық мәміле негізінде иеліктен шығарды.
Жер учаскесінің орналасқан жері және деректері:
Кадастрлық нөмірі ________ (код). Алаңы ____ гектар (бұдан әрі – га), оның ішінде: ауыл шаруашылығы алқаптары _____ га (көп жылдық екпелер _____ га, шабындықтар ______ га, жайылымдар _____ га, егiстiктер ______ га, оның ішінде суармалы егістіктер_____ га, басқалары _____ га)
Нысаналы мақсаты: ______________________________________________
Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер және (немесе) ауыртпалықтар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бөлінетіндігі/бөлінбейтіндігі: _____________________________________
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлға туралы мәліметтер:
заңды тұлға үшін:
атауы __________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмері_______________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________
мекенжайы: ____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________
жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі__________________________________________________________
берген мекеме___________________________________________________
берілген күні____________________________________________________
мекенжайы: ____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________
Осы хабарламада көрсетілген, оның ішінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді (деректерді) пайдалануға, сондай-ақ цифрлық жүйелердегі дербес деректерді жинақтауға, өңдеуге келісеміз.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жер пайдалану құқығын алған жер пайдаланушы:
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған жер пайдаланушы:
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Күні: 20___ жылғы "___" _____________