Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау қағидаларын бекіту және "Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 56 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 сәуірде № 38360 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 4) тармақшасының бесінші абзацына, 10) тармақшасының үшінші абзацына, 11) тармақшасының үшінші абзацына, 35) тармақшасының бірінші абзацына, 9-бабы 5-тармағының 8) тармақшасына, 6-тармағының 6) тармақшасына, 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау қағидалары бекітілсін.

      2. "Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 113 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18996 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы";

      кіріспесі және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігі болуының бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаны немесе оның лауазымды тұлғасы (тәуелсіз директорды қоспағанда) және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) қаржыландыратын тұлғаның лауазымды тұлғасы және (немесе) басшы қызметкері (тәуелсіз директорды қоспағанда) болып табылатын заңды тұлға болып табылмайтын ұйымды (бұдан әрі – бақылаудағы ұйым) заңды тұлғаның меншікті капиталынан асатын мөлшерде қаржыландыру жағдайы белгіленсін.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      бақылаудағы ұйым деп заңды тұлға немесе шешімдерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын заңды тұлға болып табылмайтын ұйым не шешімдерін заңды тұлға дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлға;

      заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын тұлға деп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдерін дербес не бірлесіп айқындайтын заңды тұлға не заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен айқындайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы түсініледі.".

      3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын реттеу және дамыту
      Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы 7 сәуірдегі
№ 56 қаулысымен бекітілген

Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау қағидалары

      1. Осы Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 1-бабы 4) тармақшасының бесінші абзацына, 10) тармақшасының үшінші абзацына, 11) тармақшасының үшінші абзацына, 35) тармақшасының бірінші абзацына, 9-бабы 5-тармағының 8) тармақшасына, 6-тармағының 6) тармақшасына, 12-тармағына сәйкес әзірленді және бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау тәртібін айқындайды.

      2. Банктің ірі қатысушысының белгілерін анықтау мақсатында жеке немесе заңды тұлғаның банк қабылдайтын шешімдерге (дауыс беру) банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама ықпал ету жағдайына:

      1) қарыз бойынша банк үшінші тұлғалардан осындай қарыздарды тартатын талаптарға қарағанда төмен сыйақы алу;

      2) банктің банкте орналастырылған депозиттер бойынша ұқсас депозиттер бойынша өзі үшінші тұлғаларға ұсынатын талаптардан төмен сыйақы төлеуі;

      3) банкке сыйақы төлеу, негізгі борышты және (немесе) өзге де төлемдерді өтеу бойынша үшінші тұлғалармен жасалған ұқсас операцияларға қарағанда көбірек көлемде мерзімді кейінге қалдыруды ұсыну сияқты кез келген талаптардың бірімен банкке осы банктің меншікті капиталының он пайызынан асатын мөлшерде қаржыландыру ұсыну жатады.

      3. Банк холдингінің белгілерін белгілеу мақсаттары үшін заңды тұлғаның банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызымен банк қабылдайтын шешімдерге (дауыс беруге) өзгеше түрде тікелей және (немесе) жанама ықпал ету жағдайына Қағидалардың 2-тармағында көзделген талаптарда банкке осы банктің меншікті капиталының жиырма бес пайызынан асатын мөлшерде қаржыландыру ұсыну жатады.

      4. Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер Банктер туралы заңның 9-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның еншілес ұйымдарына, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамына және олардың еншілес ұйымдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.

      5. Жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп (жиырма бес немесе одан көп) пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары (бұдан әрі – дауыс беретін акциялар) болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғаларды бірлесіп банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) болып табылатын тұлғалар деп тану мақсаты үшін олардың банк шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал ету жағдайларына мына жағдайлар жатады:

      1) мұндай иеленуді он немесе одан көп тұлға ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында, сондай-ақ Қағидаларға қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржаларының тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржаларында жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда, екі немесе одан көп тұлғаның жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп (жиырма бес немесе одан көп) пайызын қатарынан күнтізбелік тоқсан күн ішінде бір тұлғадан иеленуі;

      2) дауыс беретін акцияларды сенімгерлік басқаруға қабылдайтын тұлғалардың бірі банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) болған жағдайларды қоспағанда, екі немесе одан көп тұлғаның жиынтығында банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп (жиырма бес және одан көп) пайызын қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде бір тұлғадан сенімгерлік басқаруға алуы.

      6. Бақылау белгілерін анықтау мақсаты үшін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін өзгеше түрде айқындау мүмкіндігінің болу жағдайына бір заңды тұлғаның оның лауазымды тұлғасы (тәуелсіз директорды қоспағанда) және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) немесе құрылтайшысы қаржыландыратын тұлғаның (тұлғалардың) лауазымды тұлғасы және (немесе) басшы қызметкері (тәуелсіз директорды қоспағанда) болып табылатын басқа заңды тұлғаны немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымды (бұдан әрі – бақылаудағы ұйым) бақылаудағы ұйымның меншікті капиталынан асатын мөлшерде қаржыландыру жағдайы жатады.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      бақылаудағы ұйым ретінде шешімдерін банк дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйым немесе шешімдерін заңды тұлға дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын банк болып табылатын заңды тұлға түсініледі;

      дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін айқындайтын тұлға ретінде банк шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын банк түсініледі.

      7. Ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау мақсаты үшін дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп, дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не ұйымдардағы үлестік қатысудың басқа да нысандарының жиырма және одан көп пайызын тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану не оларға билік ету жағдайларына бір тұлғаның бақылауындағы екі және одан көп банк жиынтығында бір ұйымның дауыс беретін акцияларының, қатысу үлестерінің, пайларының, үлестік қатысудың басқа да нысандарының жиырма және одан көп пайызын иелену жағдайы жатады.

      8. Қағидалардың 2, 3 және 5-тармақтарында көзделген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес тұлға (тұлғалар) (бірлесіп сәйкес келетін) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) егер осы тұлға Қағидалардың 2, 3 және 5-тармақтарында көзделген белгілерді көрсетілген мерзімде жою жөніндегі шараларды қолданбайтын (осы тұлғалар қолданбайтын) жағдайда, оған (оларға) оның (олардың) банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілеріне сәйкес келетіні (бірлесіп сәйкес келетін) мәлім болған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тиісті мәртебені иеленгені туралы өтінішті ұсынады.

      Банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілерін жою туралы шешімді қабылдау туралы ақпарат уәкілетті органға осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу ұсынылады.

      Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысының Қағидалардың 2, 3 және 5-тармақтарында көзделген белгілері жойылғаннан кейін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар бұл туралы растайтын құжаттарды ұсына отырып, уәкілетті органға дереу хабарлайды.

      Қағидалардың осы тармағында көзделген талаптар орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келетін (бірлесіп сәйкес келетін) тұлғаға (тұлғаларға) уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз Банктер туралы заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.

  Бақылау белгілерін, банктің ірі
қатысушысының, банк
холдингінің, ұйымның
капиталына қомақты қатысу
белгілерін анықтау
қағидаларына қосымша

Халықаралық қор биржаларының тізімі

      1. Австралия қор биржасы (Australian Securities Exchange)

      2. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG)

      3. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ)

      4. Амстердамдағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam)

      5. "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange, AIX).

      6. Афина қор биржасы (Athens Stock Exchange (ATHEX)

      7. Бомбей қор биржасы (Bombay Stock Exchange Limited, BSE)

      8. Бразилия қор биржасы (B3 S.A. – Brasil, Bolsa, Balcão)

      9. Брюссельдегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels)

      10. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange)

      11. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing)

      12. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange)

      13. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange)

      14. Ирландия қор биржасы (Euronext Dublin)

      15. Испания біріккен қор биржасы (Bolsas y Mercados Españoles (BME), Spain)

      16. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA)

      17. Йоханнесбург (Оңтүстік Африка) қор биржасы (JSE Johannesburg Stock Exchange, South Africa)

      18. Копенгаген қор биржасы (Nasdaq Copenhagen)

      19. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін Біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.)

      20. Лиссабондағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon).

      21. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange)

      22. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg)

      23. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia)

      24. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange)

      25. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV)

      26. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal)

      27. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG)

      28. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange)

      29. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange)

      30. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange)

      31. Осло қор биржасы (Oslo bourse)

      32. Париждегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Paris)

      33. Ресей Федерациясының қор биржасы (Мәскеу биржасы ЖАҚ)

      34. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange)

      35. Стамбул қор биржасы (Borsa İstanbul A.Ş.)

      36. Стокгольм қор биржасы (Nasdaq Stockholm)

      37. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange)

      38. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange)

      39. Үндістан қор биржасы (Delhi Stock Exchange)

      40. Үндістан Ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited)

      41. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange)

      42. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange)

      43. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange)

      44. Швейцария қор биржасы (SIX Swiss Exchange)

      45. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange)

Об утверждении Правил установления признаков контроля, признаков крупного участника банка, банковского холдинга, значительного участия в капитале организации и внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июля 2019 года № 113 "Об установлении случая наличия возможности одного лица самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами определять решения юридического лица иным образом"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 7 апреля 2026 года № 56. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 апреля 2026 года № 38360

      В соответствии с абзацем пятым подпункта 4), абзацем третьим подпункта 10), абзацем третьим подпункта 11), абзацем первым подпункта 35) статьи 1, подпунктом 8) пункта 5, подпунктом 6) пункта 6, пунктом 12 статьи 9 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления признаков контроля, признаков крупного участника банка, банковского холдинга, значительного участия в капитале организации.

      2. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июля 2019 года № 113 "Об установлении случая наличия возможности одного лица самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами определять решения юридического лица иным образом" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18996) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об установлении случая наличия возможности одного лица самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами определять решения юридического лица или организации, не являющейся юридическим лицом, иным образом";

      преамбулу и пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 3) статьи 3 Закона Республики Казахстан "О страховой деятельности" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить случай наличия возможности одного лица самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами определять решения юридического лица или организации, не являющейся юридическим лицом, иным образом, когда одно юридическое лицо финансирует другое юридическое лицо или организацию, не являющуюся юридическим лицом, (далее - организация, являющаяся подконтрольной), должностным лицом (за исключением независимого директора) и (или) крупным акционером (крупным участником) или учредителем, которых являются должностное лицо и (или) руководящий работник (за исключением независимого директора) финансирующего (финансирующих) лица (лиц), в размере, превышающем собственный капитал организации, являющейся подконтрольной.

      Для целей настоящего пункта:

      под организацией, являющейся подконтрольной, понимается юридическое лицо или организация, не являющаяся юридическим лицом, решения которого определяются страховой (перестраховочной) организацией самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами, либо юридическое лицо, являющееся страховой (перестраховочной) организацией, решения которого определяются юридическим лицом самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами;

      под лицом, самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами определяющим решения юридического лица или организации, не являющейся юридическим лицом, понимается юридическое лицо, самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами определяющее решения страховой (перестраховочной) организации, либо страховая (перестраховочная) организация, самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами определяющая решения юридического лица или организации, не являющейся юридическим лицом.".

      3. Департаменту банковского регулирования в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
М. Абылкасымова

  Утверждены
постановлением
Правления Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
от 7 апреля 2026 года № 56

Правила установления признаков контроля, признаков крупного участника банка, банковского холдинга, значительного участия в капитале организации

      1. Настоящие Правила установления признаков контроля, признаков крупного участника банка, банковского холдинга, значительного участия в капитале организации (далее – Правила) разработаны в соответствии с абзацем пятым подпункта 4), абзацем третьим подпункта 10), абзацем третьим подпункта 11), абзацем первым подпункта 35) статьи 1, подпунктом 8) пункта 5, подпунктом 6) пункта 6, пунктом 12 статьи 9 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон о банках) и определяют порядок установления признаков контроля, признаков крупного участника банка, банковского холдинга, значительного участия в капитале организации.

      2. Для целей установления признаков крупного участника банка к случаю оказания физическим или юридическим лицом прямого и (или) косвенного влияния на принимаемые банком решения (голосования) десятью или более процентами голосующих акций банка иным образом относится предоставление финансирования банку в размере, превышающем десять процентов собственного капитала данного банка, на любом из следующих условий:

      1) взимание вознаграждения по займу ниже, чем по условиям, на которых банк привлекает аналогичные займы у третьих лиц;

      2) выплата банком вознаграждения по депозитам, размещенным в банке, ниже, чем по условиям, предлагаемым им третьим лицам по аналогичным депозитам;

      3) предоставление банку отсрочки по уплате вознаграждения, погашению основного долга и (или) иных платежей больше, чем по аналогичным операциям с третьими лицами.

      3. Для целей установления признаков банковского холдинга к случаю оказания юридическим лицом прямого и (или) косвенного влияния на принимаемые банком решения (голосования) двадцатью пятью или более процентами голосующих акций банка иным образом относится предоставление финансирования банку в размере, превышающем двадцать пять процентов собственного капитала данного банка, на условиях, предусмотренных в пункте 2 Правил.

      4. Положения, предусмотренные пунктами 2 и 3 Правил, не распространяются на лиц, указанных в части второй пункта 2 статьи 9 Закона о банках, а также на Национальный Банк Республики Казахстан и его дочерние организации, акционерное общество "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына", акционерное общество "Национальный инвестиционный холдинг "Байтерек" и их дочерние организации, международные финансовые организации.

      5. Для целей признания лиц, совместно являющимися крупным участником банка (банковским холдингом), к случаям совместного влияния на решения банка иным образом лицами, прямо и (или) косвенно владеющими и (или) пользующимися, и (или) распоряжающимися в совокупности десятью или более (двадцатью пятью или более) процентами голосующих акций банка, в том числе посредством производных ценных бумаг, выпущенных в соответствии с законодательством Республики Казахстан или иностранного государства, базовым активом которых являются голосующие акции банка (далее – голосующие акции), относятся следующие случаи:

      1) приобретение двумя и более лицами в совокупности десяти и более (двадцати пяти и более) процентов голосующих акций банка у одного лица в течение девяноста последовательных календарных дней, за исключением случаев, когда такое приобретение осуществляется десятью и более лицами на организованном рынке ценных бумаг, а также на международных фондовых биржах, указанных в Списке международных фондовых бирж согласно приложению к Правилам;

      2) получение двумя и более лицами в совокупности десяти и более (двадцати пяти и более) процентов голосующих акций банка в доверительное управление от одного и того же лица в течение двенадцати последовательных календарных месяцев, за исключением случаев, когда одним из лиц, принимающих голосующие акции в доверительное управление, является крупный участник банка (банковский холдинг).

      6. Для целей установления признаков контроля к случаю наличия возможности одного лица самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами определять решения юридического лица или организации, не являющейся юридическим лицом, иным образом относится случай, когда одно юридическое лицо финансирует другое юридическое лицо или организацию, не являющуюся юридическим лицом, (далее - организация, являющаяся подконтрольной), должностным лицом (за исключением независимого директора) и (или) крупным акционером (крупным участником) или учредителем, которых являются должностное лицо и (или) руководящий работник (за исключением независимого директора) финансирующего (финансирующих) лица (лиц), в размере, превышающем собственный капитал организации, являющейся подконтрольной.

      Для целей настоящего пункта:

      под организацией, являющейся подконтрольной, понимается юридическое лицо или организация, не являющаяся юридическим лицом, решения которых определяются банком самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами, либо юридическое лицо, являющееся банком, решения которого определяются юридическим лицом самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами;

      под лицом, самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами определяющим решения юридического лица или организации, не являющейся юридическим лицом, понимается юридическое лицо, самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами определяющее решения банка, либо банк, самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами определяющий решения юридического лица или организации, не являющейся юридическим лицом.

      7. Для целей установления признаков значительного участия в капитале организации к случаю прямого и (или) косвенного владения и (или) пользования, и (или) распоряжения иным образом самостоятельно или совместно с одним или несколькими лицами двадцатью и более процентами голосующих акций, долей участия, паев либо других форм долевого участия в организации относится случай, при котором два и более банка, находящиеся под контролем одного лица, приобретают в совокупности двадцать и более процентов голосующих акций, долей участия, паев либо других форм долевого участия в одной организации.

      8. Лицо (лица), соответствующее (совместно соответствующие) признакам крупного участника банка или банковского холдинга, предусмотренным в пунктах 2, 3 и 5 Правил, представляет (представляют) в уполномоченный орган по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее – уполномоченный орган) заявление о приобретении соответствующего статуса в течение тридцати календарных дней с момента, когда ему (им) стало известно, что оно (они) соответствует (совместно соответствуют) признакам крупного участника банка или банковского холдинга, если только данное лицо не собирается (данные лица не собираются) принять меры по устранению признаков, предусмотренных в пунктах 2, 3 и 5 Правил, в указанный срок.

      Информация о принятии решения об устранении признаков крупного участника банка или банковского холдинга предоставляется в уполномоченный орган немедленно с даты принятия такого решения.

      После устранения признаков крупного участника банка или банковского холдинга, предусмотренных в пунктах 2, 3 и 5 Правил, лица, указанные в части первой настоящего пункта, немедленно информируют об этом уполномоченный орган с представлением подтверждающих документов.

      В случае не выполнения требований, предусмотренных настоящим пунктом Правил, уполномоченный орган применяет меры надзорного реагирования, предусмотренные Законом о банках, к лицу (лицам), соответствующему (совместно соответствующим) признакам крупного участника банка или банковского холдинга без письменного согласия уполномоченного органа.

  Приложение
к Правилам установления
признаков контроля, признаков
крупного участника банка,
банковского холдинга,
значительного участия
в капитале организации

Список международных фондовых бирж

      1. Фондовая биржа Австралии (Australian Securities Exchange)

      2. Австрийская фондовая биржа (Wiener bourse AG)

      3. Фондовая биржа США (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ)

      4. Европейская фондовая биржа "Евронекст" в Амстердаме (Euronext Amsterdam)

      5. Биржа Международного финансового центра "Астана" (Astana International Exchange, AIX)

      6. Фондовая биржа Афин (Athens Stock Exchange (ATHEX)

      7. Бомбейская фондовая биржа (Bombay Stock Exchange Limited, BSE)

      8. Бразильская фондовая биржа (B3 S.A. – Brasil, Bolsa, Balcão)

      9. Европейская фондовая биржа "Евронекст" в Брюсселе (Euronext Brussels)

      10. Варшавская фондовая биржа (Warsaw Stock Exchange)

      11. Гонконгская фондовая биржа (Hong Kong Exchanges and Clearing)

      12. Фондовая биржа Джакарты (Jakarta Stock Exchange)

      13. Фондовая биржа Новой Зеландии (New Zealand Exchange)

      14. Ирландская фондовая биржа (Euronext Dublin)

      15. Объединенная фондовая биржа Испании (Bolsas y Mercados Españoles (BME), Spain)

      16. Итальянская фондовая биржа (Borsa Italiana SPA)

      17. Фондовая биржа Йоханнесбурга (Южная Африка) (JSE Johannesburg Stock Exchange, South Africa)

      18. Фондовая биржа Копенгагена (Nasdaq Copenhagen)

      19. Объединенная фондовая биржа, в состав которой входят биржи Стокгольма, Хельсинки, Таллина и Риги (Hex Integrated Markets Ltd.)

      20. Европейская фондовая биржа "Евронекст" в Лиссабоне (Euronext Lisbon)

      21. Лондонская фондовая биржа (London Stock Exchange)

      22. Фондовая биржа Люксембурга (Bourse de Luxembourg)

      23. Малазийская фондовая биржа (Bursa Malaysia)

      24. Фондовая биржа Мальты (Malta Stock Exchange)

      25. Мексиканская фондовая биржа (Bolsa Mexicana de Valores, BMV)

      26. Фондовая биржа Монреаля (Bourse de Montreal)

      27. Немецкая фондовая биржа (Deutsche bourse AG)

      28. Нью-Йоркская фондовая биржа (New York Stock Exchange)

      29. Южнокорейская фондовая биржа (Korea Stock Exchange)

      30. Фондовая биржа Осаки (Osaka Securities Exchange)

      31. Фондовая биржа Осло (Oslo bourse)

      32. Европейская фондовая биржа "Евронекст" в Париже (Euronext Paris)

      33. Фондовая биржа Российской Федерации (ПАО Московская биржа)

      34. Сингапурская фондовая биржа (Singapore Exchange)

      35. Стамбульская фондовая биржа (Borsa İstanbul A.Ş.)

      36. Стокгольмская фондовая биржа (Nasdaq Stockholm)

      37. Токийская фондовая биржа (Tokyo Stock Exchange)

      38. Фондовая биржа Торонто (Toronto Stock Exchange)

      39. Индийская фондовая биржа (Delhi Stock Exchange)

      40. Национальная фондовая биржа Индии (National Stock Exchange of India Limited)

      41. Филиппинская фондовая биржа (Philippine Stock Exchange)

      42. Франкфуртская фондовая биржа (Frankfurt Stock Exchange)

      43. Шанхайская фондовая биржа (Shanghai Stock Exchange)

      44. Фондовая биржа Швейцарии (SIX Swiss Exchange)

      45. Шэньчженьская фондовая биржа (Shenchzhen Stock Exchange)