Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 44 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 сәуірде № 38333 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 44 қаулысымен
бекітілген

Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидалары

      Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 53-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің (ислам банктерін қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен салымдар бойынша (банкаралық қарыздар мен банкаралық салымдарды қоспағанда) анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу тәртібін белгілейді.

      Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.

1. Жалпы ережелер

      1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады :

      1) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - Қағидаларға сәйкес есептелетін банктің қызметтеріне қатысты анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесі (нақты құны).

      2) қарыз – банктердің (ислам банктерін қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиентке банктік қарыз (банкаралық қарыздарды қоспағанда) беруі;

      3) клиент - банктің қызметтерін пайдалануға ниет білдірген немесе пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      4) қызметтер – банктердің (ислам банктерін қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:

      банктік салым (банкаралық салымдарды қоспағанда) шартына сәйкес депозиттер (салымдар) қабылдау жөніндегі операцияларды;

      банктік қарыз операцияларын (банкаралық қарыздарды қоспағанда) жүзеге асыруы;

      5) салым - банктердің (ислам банктерін қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік салым шартына сәйкес клиенттен депозит (салым) қабылдауы;

      6) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.

      2. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі:

      1) қарыздар және (немесе) салымдар бойынша сыйақы шамалары (мөлшері) туралы ақпаратты, оның ішінде жария ету, жарнама арқылы тарату кезінде;

      2) клиентке қызметтер көрсетілетін шартта (бұдан әрі - шарт);

      3) интернет-ресурста клиенттің жеке кабинетінде, банктердің (ислам банктерін қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банк) электрондық банк қызметтерін көрсеткен кезде банктердің мобильді қосымшасында қаріптері сыйақының басқа мөлшерлемелерімен бірдей көлемдегі және ресімдеу стиліндегі (курсив, жартылай қарайтылған, түспен бояп көрсету) нысанда цифрмен көрсетеледі.

      3. Шартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі басқа сыйақы мөлшерлемелерімен бір сөйлемде көрсетіледі.

      Егер жалпы талаптар қызметтер көрсету туралы шартта кесте түрінде көрсетілсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі басқа мөлшерлемелер көрсетілгеннен кейін келесі жеке жолда (бағанда) көрсетіледі.

      4. Жеке тұлғаларға қарыздар беру кезінде қызметке байланысты барлық төлемдерді ескере отырып, клиенттердің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуіне және оның қорытынды мәнін көрсетуге арналған сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін автоматтандырылған есептеу құралын (калькуляторын) орналастыру қамтамасыз етіледі.

      5. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу:

      1) шарт жасасу күніне;

      2) клиенттің ауызша немесе жазбаша талабы бойынша;

      3) клиенттің және (немесе) банктің ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды орындау мерзімдерін өзгертуге әкеп соғатын шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда;

      4) клиент қарызға қызмет көрсету кезеңінде "Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 218 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19702 болып тіркелген) бекітілген Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 2-тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген және шарт жасасу күніне жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне енгізілмеген жағдайда жүргізіледі.

      6. Клиентке шартта көзделген тәртіппен жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінің өзгергені туралы хабардар етіледі.

      7. Банктер туралы заңда және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген жағдайларда сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруін қоса алғанда, клиенттің ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соғатын банктік қарыз шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, берілген қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін банктер қарыз шарттары өзгерген күнге кредит берудің қалған мерзімінің негізгі борышының қалдығы, клиент төлеуге тиіс комиссиялар негізінде есептейді және банктік қарыз шартына қосымша келісімде көрсетіледі.

      8. Клиенттің талап етуі бойынша қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің нақтыланған мәнін есептеуді банктер клиенттің таңдауы бойынша банктік қарыз шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін шарттың қолданылу мерзімі басталғаннан бастап клиент жүргізген барлық төлемді ескере отырып не кредиттеудің қалған мерзімі мен негізгі борыштың қалдығы негізінде жүргізеді және оған банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен жазбаша нысанда жеткізіледі.

      9. Шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде Қағидалардың 5-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуді шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға жүргізеді.

      10. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну, тарату, ашу, жарнамалау кезінде, оның ішінде клиентке ауызша кеңес беру, бұқаралық ақпарат құралдарын, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, интернет-ресурстарды пайдалану кезінде клиенттерге кез келген нысанда және кез келген тәсілмен жеткізілетін көрсетілетін қызметтер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпарат жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

2-тарау. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу

      11. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формуламен есептеледі:

     


      мұнда:

      D - бірінші қарыз сомасы;

      k - клиенттің банкке бірінші қарызды алған күнгі жағдай бойынша қарыз алуға байланысты төлемдерінің жалпы сомасы;

      n - клиентке соңғы төлемнің реттік нөмірі;

      j - бірінші қарызды алған күннен кейін клиентке төленген төлемнің реттік нөмірі;

      Sj - клиентке j-ші төлемнің сомасы, оның ішінде кезекті қарыздар;

      APR - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

      tj - бірінші қарыз берілген күннен бастап клиентке j-ші төлем жасалған сәтке дейінгі уақыт кезеңі (күндермен);

      m - клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі;

      і - клиент төлемінің реттік нөмірі;

      Pi - Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес төлемдерді қоса алғанда, бірінші қарыз алынған күннен кейін клиенттің і-ші төлемінің сомасы;

      ti - бірінші қарыз берілген күннен бастап клиенттің і-ші төлем сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен).

      12. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне клиенттің негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдері, сондай-ақ Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көрсетілген қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер қосылады.

      13. Клиент-заңды тұлғаға берілетін қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне банктік қарыз шартында көзделген қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, банктік қарыз шартын жасасу күніне белгілі төлем мөлшері мен мерзімдері, сондай-ақ клиенттердің үшінші тұлғалардың пайдасына мынадай төлемдері қосылады:

      1) клиенттің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пайдасына, оның ішінде қарыз беру кезінде ерікті сақтандыру шарттары шеңберінде жүзеге асырылатын, жасалуы қарыз беру (өзгерту) талаптарына әсер ететін не кепіл берушінің пайдалануындағы және клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл нысанасын сақтандыру шарттарын қоса алғанда, қарыз шарттарынан туындайтын қарыз сомасы есебінен төленетін төлемдері;

      2) кепілдікті (кепілгерлікті) алғаны үшін клиенттің кепілге (кепілгерге), кепілге берілетін мүлікті бағалағаны үшін бағалаушыға төлемдері;

      3) клиенттерді тарту, клиенттер ұсынатын құжаттардың қарыз беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру, банк клиенттерінен қарыздарды өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша банкке қызметтер көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына клиенттің төлемдері;

      4) қарыз алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты және осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен байланысты емес банктік шот шарттары және (немесе) банктік қызмет көрсету шарттары шеңберінде банктің және (немесе) өзге де ұйымдардың пайдасына клиенттің комиссиялары мен төлемдері.

      Егер қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген төлемдердің кредиттеудің бүкіл мерзіміне мөлшерлерін айқындау мүмкіндігі болмаса, қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалардың олармен шарттар жасау күнінде айқындалған тарифтеріне қарай кредиттеудің бүкіл мерзіміндегі төлемдер енгізіледі.

      Банктік қарыз шартында көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдер, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, өндіріп алу фактісі банктік қарыз шартын жасасу күні белгісіз төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда ескеріледі.

      14. Жеке тұлғаға берілетін қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне банктік қарыз шартында көзделген қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, банктік қарыз шартын жасасу күніне белгілі төлем мөлшері мен мерзімдері енгізіледі.

      Егер қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде кредиттеудің бүкіл мерзіміне Тізбенің 2-тармағының 5), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың пайдасына төлемдердің мөлшерін айқындау мүмкіндігі болмаса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалар белгілеген және олармен шарттар жасасу күніне айқындалған тарифтерді негізге ала отырып, кредиттеудің бүкіл мерзімі үшін төлемдер енгізіледі.

      Банктік қарыз шартында көзделген, Тізбенің 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 7-1) және 8) тармақшаларында көрсетілген, банктік қарыз шартын жасау күнінде өндіріп алу фактісі белгісіз комиссиялар мен өзге де төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда немесе олар банктік қарызға қызмет көрсету кезеңінде енгізілген кезде ескеріледі.

      15. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне:

      1) Қағидалардың 13-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және Тізбенің 2-тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген төлемдерді қоспағанда, клиенттің үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдері;

      2) клиенттің айыпақыны және айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін қоса алғанда, оның банктік қарыз шартының талаптарын сақтамауына байланысты, оның ішінде клиентке белгіленген овердрафт лимитінен асып кеткені үшін төлемдер енгізілмейді.

      16. Кредит карточкасын пайдалана отырып берілген қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген төлемдер мен комиссиялардан өзге:

      1) шот валютасынан (берілген қарыз валютасынан) ерекшеленетін валютадағы операцияларды жүзеге асыру үшін комиссия;

      2) кредит карточкасын шығару және оған қызмет көрсету үшін, оның ішінде кредит карточкасы бойынша операцияларды тоқтата тұру (қайта бастау) үшін комиссия;

      3) банкоматтарды пайдалана отырып, қолма-қол ақшамен қарыз сомасын алу үшін комиссия да кіргізілмейді.

      17. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі негізгі көрсеткіштерге (инфляция деңгейі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі, SOFR мөлшерлемесі, шетел валютасының бағамы және басқалар) тәуелді болған жағдайда банк жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу күніндегі негізгі көрсеткіштің мәнін пайдаланады.

      18. Кредиттік желі беру (ашу) туралы келісім жасасу арқылы кредиттік желі беру кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде және оларда белгіленген талаптарға қарай осы келісімгің шеңберінде жасалған әрбір шартта көрсетіледі.

      Кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу үшін қажетті мәндер болмаған жағдайда және оны Қағидалардың 16-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып есептеу мүмкіндігі болмаған кезде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі кредиттік желі ашу туралы келісімде көрсетілмейді және оны жасауға байланысты комиссиялар келісім шеңберінде жасалған бірінші банктік қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне енгізіледі.

      19. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде мынадай талаптар ескеріледі:

      1) егер кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында клиенттің шешіміне қарай мөлшерде және мерзімдерде оның қарыз алу құқығы көзделсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі кредиттік желі ашу туралы келісімді немесе банктік қарыз шартын жасасу сәтінде кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында көзделген ең жоғары ықтимал сомаға қарыз берілгеніне қарай есептеледі;

      2) егер кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында талаптарына қарай түрлі сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялар көзделсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуде ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі мен комиссиялар пайдаланылады;

      3) егер кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында басқа нұсқамалар болмаған кезде қарызды өтеудің бірнеше ықтимал күні ескертілген болса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарыздың көрсетілген мерзімдердің ең ерте мерзімінде өтелетініне қарай есептеледі;

      4) егер қарызды өтеу кестесі болмаса және кредиттік желі ашу туралы келісімнің немесе банктік қарыз шартының талаптарында қарыз мерзімі, өтемдер күндері мен сомалары анықталмаса, кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында ең аз ай сайынғы (тұрақты) төлем көзделген жағдайларды қоспағанда, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарызды он екі біркелкі төлемдермен өтеу арқылы (борыштың негізгі сомасын қайтару, қарыз бойынша сыйақы төлеу және кредиттік желі ашу туралы келісімнің немесе банктік қарыз шартының талаптарында айқындалған өзге де төлемдер) кредиттік желі ашу туралы келісімді немесе банктік қарыз шартын жасасу күнінен бастап бір жыл мерзіміне ең жоғары ықтимал сомаға қарыз (лимит) берілгеніне қарай есептеледі.

3-тарау. Салым бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу

      20. Салым бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:

     


      мұнда:

      n – клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі;

      j – клиент төлемінің реттік нөмірі;

      Lj – клиенттің банкке j-ші төлемінің сомасы, оның ішінде салым енгізу және салым енгізу мен оған қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдер;

      APR – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

      tj – салым тартылған күннен бастап клиенттің j-ші төлемі сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен);

      m – клиентке соңғы төлемнің реттік нөмірі;

      і – клиентке төлемнің реттік нөмірі;

      Pi – клиентке і-ші төлем сомасы, оның ішінде салымдар бойынша сыйақылар, салымдар қайтарымы, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесіндегі мемлекеттің сыйлықақылары;

      ti – салым тартылған күннен бастап і-ші төлем сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен)).

      21. Салым бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде мынадай талаптар ескеріледі:

      1) егер банктік салым шартында салымды қайтару мерзімі айқындалмаған болса, салым шарт жасасқан күннен бастап бір жыл мерзімге енгізілген болып есептеледі;

      2) егер банктік салым шартының талаптары бойынша салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі болмаса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі банктің комиссиялары ескеріліп есептеледі және шартта көрсетіледі.

4-тарау. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу және дөңгелектеу әдістері

      22. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу Қағидалардың 23-тармағына сәйкес дөңгелектеуді ескере отырып, Қағидалардың 11 немесе 20-тармақтарында көрсетілген формулалар негізінде алгебралық әдіспен жүзеге асырылады.

      Клиенттің банкке төлеген төлемдері және банктің клиентке төлеген төлемдері олардың нақты төленген күндеріне, болашақтағы төлемдер - төлем кестесіне сәйкес ескеріледі.

      23. Егер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде алынған сан бір ондық белгіден асатын болса, ол былайша жүздік үлеске дейін дөңгелектенуге тиіс:

      1) егер мыңдық үлес 5-ке тең немесе одан артық болса, жүзінші үлес 1-ге өседі де, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады;

      2) егер мыңдық үлес 5-тен кем болса, жүзінші үлес өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 44 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін және микроқаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13888 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 249 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16267 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 249 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19816 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 6 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22155 болып тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін және микроқаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 7 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26922 болып тіркелген).

      7. "Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 20 ақпандағы № 8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31998 болып тіркелген);

      8. "Қазақстан Республикасының банк және микроқаржылық қызмет мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 64 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37026 болып тіркелген).

Об утверждении Правил исчисления ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по займам и вкладам

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 3 апреля 2026 года № 44. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 апреля 2026 года № 38333

      В соответствии с пунктом 5 статьи 53 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила исчисления ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по займам и вкладам.

      2. Признать утратившими силу некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан, а также структурные элементы постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан и постановлений Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка по перечню согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Департаменту поведенческого надзора в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      5. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
М. Абылкасымова

  Утверждены постановлением
Правления Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
от 3 апреля 2026 года № 44

Правила исчисления ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по займам и вкладам

      Правила исчисления ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по займам и вкладам (далее – Правила) разработаны в соответствии пунктом 5 статьи 53 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон о банках) и устанавливают порядок исчисления банками (за исключением исламских банков) и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по займам и вкладам (за исключением межбанковских займов и межбанковских вкладов).

      Требования Правил распространяются на филиалы банков – нерезидентов Республики Казахстан, за исключением филиалов исламских банков – нерезидентов Республики Казахстан.

Глава 1. Общие положения

      1. Для целей Правил используются следующие понятия:

      1) годовая эффективная ставка вознаграждения – ставка вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальная стоимость) в отношении услуг банка, рассчитываемая в соответствии с Правилами;

      2) заем – предоставление банками (за исключением исламских банков), филиалами банков – нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций банковского займа клиенту (за исключением межбанковских займов);

      3) клиент – физическое или юридическое лицо, намеревающееся воспользоваться или пользующееся услугами банка;

      4) услуги – осуществление банками (за исключением исламских банков), филиалами банков – нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций:

      операций по приему депозитов (вкладов) в соответствии с договором банковского вклада (за исключением межбанковских вкладов);

      банковских заемных операций (за исключением межбанковских займов);

      5) вклад – прием банками (за исключением исламских банков), филиалами банков – нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций депозита (вклада) от клиента в соответствии с договором банковского вклада;

      6) уполномоченный орган – уполномоченный орган по регулированию контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций.

      2. Годовая эффективная ставка вознаграждения указывается в цифровом выражении, в одинаковой по размеру и стилю оформления шрифтов (курсив, полужирный, выделение цветом) форме с другими ставками вознаграждения:

      1) при распространении информации, в том числе посредством публикации, рекламы, о величинах (размерах) вознаграждения по займам и (или) вкладам;

      2) в договоре, в соответствии с которым услуги предоставляются клиенту (далее – договор);

      3) в личном кабинете клиента на интернет-ресурсе, в мобильном приложении банков (за исключением исламских банков), филиалов банков – нерезидентов Республики Казахстан и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций (далее – банк) при оказании ими электронных банковских услуг.

      3. В договоре размер годовой эффективной ставки вознаграждения указывается в одном предложении с другими ставками вознаграждения.

      Если общие условия отражаются в договоре в виде таблицы, годовая эффективная ставка вознаграждения указывается в отдельной строке (столбце), следующей после указания других ставок.

      4. При предоставлении займов физическим лицам, обеспечивается размещение средства автоматизированного расчета (калькулятора) годовой эффективной ставки вознаграждения, предназначенного для расчета клиентами годовой эффективной ставки вознаграждения с учетом всех платежей, связанных с услугой, и отображения ее итогового значения.

      5. Расчет годовой эффективной ставки вознаграждения производится:

      1) на дату заключения договора;

      2) по устному или письменному требованию клиента;

      3) в случае внесения изменений и (или) дополнений в договор, которые влекут изменение суммы (размера) денежных обязательств клиента и (или) банка и (или) сроков их исполнения;

      4) в случае осуществления клиентом в период обслуживания займа платежа, указанного в подпунктах 5), 6), 7) и 7-1) пункта 2 Перечня комиссий и иных платежей, связанных с выдачей и обслуживанием банковского займа, выданного физическому лицу, утвержденного постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 ноября 2019 года № 218 "Об утверждении Перечня комиссий и иных платежей, связанных с выдачей и обслуживанием банковского займа, выданного физическому лицу" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19702) (далее – Перечень), и не включенного в расчет годовой эффективной ставки вознаграждения на дату заключения договора.

      6. Клиент уведомляется об изменении размера годовой эффективной ставки вознаграждения в порядке, предусмотренном договором.

      7. В случае внесения изменений и (или) дополнений в договор банковского займа, которые влекут изменение суммы (размера) денежных обязательств клиента и (или) срока их уплаты, включая изменение ставки вознаграждения в случаях, предусмотренных Законом о банках и (или) договором банковского займа, годовая эффективная ставка вознаграждения по выданному займу рассчитывается банками на основании остатка основного долга, оставшегося срока кредитования на дату, с которой изменяются условия займа, комиссий, подлежащих оплате клиентом, и указывается в дополнительном соглашении к договору банковского займа.

      8. По требованию клиента расчет уточненного значения годовой эффективной ставки вознаграждения по займу производится банками по выбору клиента до конца срока действия договора банковского займа с учетом всех платежей, произведенных клиентом с начала срока действия договора, либо на основании оставшегося срока кредитования и остатка основного долга и доводится до него в письменной форме способом, предусмотренным договором банковского займа.

      9. При уступке прав (требований) по договору расчет годовой эффективной ставки вознаграждения в случаях, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) пункта 5 Правил производится лицом, которому уступлены права (требования) по договору.

      10. Информация о величинах вознаграждения по услугам, доводимая до клиентов в любой форме и любым способом при предоставлении, распространении, раскрытии, рекламе услуг, в том числе при устном консультировании клиента, использовании средств массовой информации, объектов наружной (визуальной) рекламы, интернет-ресурсов, должны содержать сведения о годовой эффективной ставке вознаграждения.

Глава 2. Расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по займу

      11. Годовая эффективная ставка вознаграждения по займу рассчитывается по следующей формуле:

     


      где:

      D - сумма первого займа;

      k - общая сумма платежей клиента банку, связанных с получением займа, на дату получения первого займа;

      n - порядковый номер последней выплаты клиенту;

      j - порядковый номер выплаты клиенту после даты получения первого займа;

      Sj - сумма j-той выплаты клиенту, в том числе очередные займы;

      APR - годовая эффективная ставка вознаграждения;

      tj - период времени со дня предоставления первого займа до момента j-той выплаты клиенту (в днях);

      m - порядковый номер последнего платежа клиента;

      і - порядковый номер платежа клиента;

      Pi - сумма і-того платежа клиента после даты получения первого займа, включая платежи в соответствии с пунктами 12 и 13 Правил;

      ti - период времени со дня предоставления первого займа до момента і-того платежа клиента (в днях).

      12. В расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по займу включаются платежи клиента по основному долгу и вознаграждению, а также комиссии и иные платежи, связанные с выдачей и обслуживанием займа, указанные в пунктах 13 и 14 Правил.

      13. В расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по займу, выдаваемому клиенту – юридическому лицу, включаются комиссии и иные платежи, связанные с выдачей и обслуживанием займа, предусмотренные договором банковского займа, размеры и сроки выплаты, которых известны на дату заключения договора банковского займа, а также следующие платежи клиента в пользу третьих лиц:

      1) платежи клиента в пользу страховой (перестраховочной) организации, в том числе за счет суммы займа, осуществляемые в рамках договоров добровольного страхования при предоставлении займа, заключение которых оказывает влияние на условия предоставления (изменения) займа либо вытекает из условий займа, включая договоры страхования предмета залога, находящегося в пользовании залогодателя и обеспечивающего обязательства клиента;

      2) платежи клиента гаранту (поручителю) за получение гарантии (поручительства), оценщику за проведение оценки передаваемого в залог имущества;

      3) платежи клиента в пользу организаций (посредников), оказывающих услуги банками и организациям, осуществляющими отдельные виды банковских операций по привлечению клиентов, осуществлению проверки документов, предоставляемых клиентами, на соответствие условиям выдачи займа, передаче документов клиентов банкам, приему платежей и переводов от клиентов в счет погашения займов;

      4) комиссии и платежи клиента в пользу банка и (или) иных организаций в рамках договора банковского счета и (или) договора банковского обслуживания, связанные с получением и (или) обслуживанием займа, и не предусмотренные подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      Если при расчете годовой эффективной ставки вознаграждения по займу, отсутствует возможность определения размеров платежей, указанных в подпунктах 1), 2), 3) и 4) части первой настоящего пункта, за весь срок кредитования, то в расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по займу включаются платежи за весь срок кредитования, исходя из тарифов данных лиц, определенных на день заключения с ними договоров.

      Комиссии и иные платежи, предусмотренные договором банковского займа, а также платежи, указанные в подпунктах 1), 2), 3) и 4) части первой настоящего пункта, факт взимания которых неизвестен на дату заключения договора банковского займа, учитываются в случае перерасчета годовой эффективной ставки вознаграждения после фактического платежа.

      14. В расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по займу, выдаваемому клиенту – физическому лицу, включаются комиссии и иные платежи, связанные с выдачей и обслуживанием займа, предусмотренные договором банковского займа, размеры и сроки выплаты, которых известны на дату заключения договора банковского займа.

      Если при расчете годовой эффективной ставки вознаграждения по займу отсутствует возможность определения размеров платежей в пользу лиц, указанных в подпунктах 5), 6), 7) и 7-1) пункта 2 Перечня, на весь срок кредитования, в расчет годовой эффективной ставки вознаграждения включаются платежи за весь срок кредитования, исходя из тарифов, установленных данными лицами и определенных на дату заключения с ними договоров.

      Комиссии и иные платежи, предусмотренные договором банковского займа, указанные в подпунктах 3), 4), 5), 6), 7), 7-1) и 8) пункта 2 Перечня, факт взимания которых неизвестен на дату заключения договора банковского займа, учитываются в случае перерасчета годовой эффективной ставки вознаграждения после фактического платежа или при их введении в период обслуживания банковского займа.

      15. В расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по займу не включаются:

      1) платежи клиента в пользу третьих лиц, за исключением платежей, указанных в подпунктах 1), 2), 3) и 4) части первой пункта 13 Правил и в подпунктах 5), 6), 7) и 8) пункта 2 Перечня;

      2) платежи клиента, связанные с несоблюдением им условий договора банковского займа, включая неустойку и иные виды штрафных санкций, в том числе за превышение лимита овердрафта, установленного клиенту.

      16. По займу, выданному с использованием кредитной карточки, в расчет годовой эффективной ставки вознаграждения помимо платежей и комиссий, указанных в пункте 15 Правил, также не включаются:

      1) комиссия за осуществление операций в валюте, отличной от валюты счета (валюты предоставленного займа);

      2) комиссия за выпуск и обслуживание кредитной карточки, в том числе за приостановление (возобновление) операций по кредитной карточке;

      3) комиссия за получение суммы займа наличными деньгами с использованием банкоматов.

      17. В случае зависимости ставки вознаграждения по займу от базовых показателей (уровень инфляции, базовая ставка Национального Банка Республики Казахстан, ставка SOFR, курс иностранной валюты и другие) банк использует значение базового показателя на дату исчисления годовой эффективной ставки вознаграждения.

      18. При предоставлении кредитной линии посредством заключения соглашения о предоставлении (открытии) кредитной линии годовая эффективная ставка вознаграждения указывается в соглашении о предоставлении (открытии) кредитной линии и в каждом договоре, заключенном в рамках данного соглашения, исходя из установленных в них условий.

      В случае отсутствия в соглашении о предоставлении (открытии) кредитной линии значений, необходимых для расчета годовой эффективной ставки вознаграждения, и при отсутствии возможности рассчитать ее с учетом условий, предусмотренных в пункте 16 Правил, годовая эффективная ставка вознаграждения не указывается в соглашении об открытии кредитной линии, и комиссии, связанные с его заключением, включаются в расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по первому договору банковского займа, заключенному в рамках соглашения.

      19. При расчете годовой эффективной ставки вознаграждения по займу учитываются следующие условия:

      1) если соглашением об открытии кредитной линии или договором банковского займа предусмотрено право получения займа клиентом в размерах и сроки в зависимости от его решения, расчет годовой эффективной ставки вознаграждения осуществляется исходя из того, что заем предоставлен в момент заключения соглашения об открытии кредитной линии или договора банковского займа на максимально возможную сумму, предусмотренную соглашением об открытии кредитной линии или договором банковского займа;

      2) если соглашением об открытии кредитной линии или договором банковского займа в зависимости от условий предусмотрены различные ставки вознаграждения и комиссий, в расчете годовой эффективной ставки вознаграждения используются максимальные ставки вознаграждения и комиссии;

      3) если в соглашении об открытии кредитной линии или договоре банковского займа оговаривается несколько возможных дат погашения займа при отсутствии других указаний, расчет годовой эффективной ставки вознаграждения осуществляется исходя из того, что заем погашается в самые ранние из указанных сроков;

      4) если отсутствует график погашения займа и в условиях соглашения об открытии кредитной линии или договора банковского займа не определен срок займа, даты и суммы погашений, расчет годовой эффективной ставки вознаграждения осуществляется исходя из того, что заем предоставлен на максимально возможную сумму займа (лимит), сроком на год со дня заключения соглашения об открытии кредитной линии или договора банковского займа с погашением займа двенадцатью равномерными платежами (возврат основной суммы долга, уплата вознаграждения по займу и иные платежи, определенные условиями соглашения об открытии кредитной линии или договора банковского займа), за исключением случаев, когда соглашением об открытии кредитной линии или договором банковского займа предусмотрен минимальный ежемесячный (регулярный) платеж.

Глава 3. Расчет годовой эффективной ставки вознаграждения по вкладу

      20. Годовая эффективная ставка вознаграждения по вкладу рассчитывается по следующей формуле:

     


      где:

      n - порядковый номер последнего платежа клиента;

      j - порядковый номер платежа клиента;

      Lj - сумма j-того платежа клиента банку, в том числе внесение вклада и иные платежи, связанные с внесением вклада и его обслуживанием;

      APR - годовая эффективная ставка вознаграждения;

      tj - период времени со дня привлечения вклада до момента j-того платежа клиента (в днях);

      m - порядковый номер последней выплаты клиенту;

      і - порядковый номер выплаты клиенту;

      Pi - сумма і-той выплаты клиенту, в том числе вознаграждения по вкладам, возврат вкладов, а также премии государства в системе жилищных строительных сбережений;

      ti - период времени со дня привлечения вклада до момента і-той выплаты (в днях).

      21. При исчислении годовой эффективной ставки вознаграждения по вкладу учитываются следующие условия:

      1) если договором банковского вклада не определен срок возврата вклада, вклад считается внесенным сроком на один год со дня заключения договора банковского вклада;

      2) если по условиям договора банковского вклада ставка вознаграждения по вкладу отсутствует, годовая эффективная ставка вознаграждения рассчитывается с учетом комиссий банка и указывается в договоре банковского вклада.

Глава 4. Методы исчисления и округления годовой эффективной ставки вознаграждения

      22. Исчисление годовой эффективной ставки вознаграждения осуществляется алгебраическим методом, на основе формул указанных в пунктах 11 или 20 Правил, последовательными приближениями, с учетом округления в соответствии с пунктом 23 Правил.

      Произведенные выплаты клиентом банку и выплаты банком клиенту учитываются на даты их фактических выплат, будущие – согласно графику выплат.

      23. Если при расчете годовой эффективной ставки вознаграждения полученное число имеет более одного десятичного знака, оно подлежит округлению до сотых долей следующим образом:

      1) если тысячная доля больше или равна 5, сотая доля увеличивается на 1, все следующие за ней знаки исключаются;

      2) если тысячная доля меньше 5, сотая доля остается без изменений, все следующие за ней знаки исключаются.

  Приложение к постановлению
Правления Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
от 3 апреля 2026 года № 44

Перечень признаваемых утратившими силу некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан, а также структурных элементов постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан и постановлений Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка

      1. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 137 "Об утверждении Правил исчисления ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по займам и вкладам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7663).

      2. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 135 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности и микрофинансовых организаций (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13888).

      3. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 декабря 2017 года № 249 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам коллекторской деятельности" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16267).

      4. Пункт 1 постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 декабря 2019 года № 249 "О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования финансового рынка" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19816).

      5. Пункт 1 постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 января 2021 года № 6 "О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам защиты прав потребителей финансовых услуг" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22155).

      6. Пункт 1 постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 февраля 2022 года № 7 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам кредитных бюро и регулирования банковской и микрофинансовой деятельности" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26922).

      7. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 февраля 2023 года № 8 "О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 137 "Об утверждении Правил исчисления ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по займам и вкладам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 31998);

      8. Пункт 1 постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 29 сентября 2025 года № 64 "О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам банковской и микрофинансовой деятельности" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 37026).