ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауданы дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
А. Бижанова |
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 157-НҚ бұйрығына қосымша |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 123-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32162 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 123-НҚ бұйрық) бекітілген Ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларына сәйкес қолданылатын цифрлық жүйе арқылы сауда орындарын жалға (пайдалану) жасалған шарттарға сәйкес сауда объектісінде өз қызметін жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерінің қызметі;";
10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"10) құқықтық тәртіпті және өрт қауіпсіздігін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, ветеринариялық қадағалау органдарына және басқаларға цифрлық жүйе арқылы № 123-НҚ бұйрыққа сәйкес қолданыстағы шарттық негізде тұрақты пункттерді орналастыру үшін қызметтік үй-жайлар беру;
11) сауда объектісінде өз қызметін жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерін № 123-НҚ бұйрыққа сәйкес қолданылатын цифрлық жүйеде қосымша көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы кемінде бір ай бұрын хабардар ету;";
14), 15), 16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"14) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес қолданыстағы цифрлық жүйеге мәліметтерді уақтылы және толық енгізу жөніндегі жұмыс;
15) жылына бір рет сауда объектісінде сауда жасаушылар (жалға алушылар) туралы ақпаратты, сауда объектісінде өткізілетін тауарлар кластары туралы мәліметтерді № 123-НҚ бұйрыққа сәйкес қолданыстағы цифрлық жүйеге ұсыну;
16) кейіннен оларды жою және өтініш берушіге жұмыс регламентінде белгіленген мерзімдерде № 123-НҚ бұйрығына сәйкес қолданыстағы цифрлық жүйе арқылы қарау нәтижелерін беру жөнінде шаралар қабылдау үшін цифрлық жүйеде QR-код арқылы алынған жалға алушылардан ескертулер мен ұсыныстарды қарау жөніндегі жұмысты жүргізеді;
17) сатушылардың (жалға алушылардың) және олар алып жатқан сауда объектілерінің және (немесе) сауда орындары жұмысының регламентінде белгіленген талаптарға сәйкестігінің мониторингі және мониторинг қорытындыларын № 123-НҚ бұйрығына сәйкес қолданыстағы бекітілген цифрлық жүйеде орналастыру;";
84-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Жұмыс регламенті және қосымша қызметтер тізбесі № 123-НҚ бұйрығына сәйкес қолданыстағы бекітілген цифрлық жүйеде 25 қаңтардан кешіктірілмей орналастырылады.
"2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
2) № 123-НҚ бұйрыққа сәйкес қолданыстағы цифрлық жүйе арқылы сауда объектісінің қызметін тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде сауда объектісінің субъектілерін және уәкілетті органды осы шешім туралы хабардар етеді;";
4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) № 123-НҚ бұйрыққа сәйкес қолданыстағы цифрлық жүйеде сауда объектілерін және (немесе) сауда орындарын жалдау (пайдалану) шартын жасасады;
5) жұмыс регламентін және № 123-НҚ бұйрыққа сәйкес қолданыстағы цифрлық жүйеде қосымша қызметтер тізбесін бекітеді;
6) сауда объектісінің ішкі сауда субъектілерін және цифрлық жүйедегі уәкілетті органды 6 (алты) ай бұрын міндетті түрде хабардар ете отырып сауда орнын жылына ең көбі бір рет жалға алу құнын бекітеді, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделген жағдайда төлемақы мөлшері барлық мүдделі тараптарды міндетті түрде хабардар ете отырып баға өзгерген кезде тараптардың бірінің талабы бойынша № 123-НҚ бұйрыққа сәйкес қолданыстағы цифрлық жүйеде қайта қаралады;";
194-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы, тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу құны мен шарттары туралы ақпарат, сондай-ақ тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтыну қасиеттері туралы, өнімнің тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер, сондай-ақ жекелеген аурулар кезінде оларды қолдануға қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер тұтынушыға қазақ тілінде және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес цифрлық технологиялар арқылы орыс тілінде жеткізіледі.";
196-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) электрондық құжаттармен немесе электрондық хабарламалармен алмасу арқылы цифрлық технологиялар арқылы сатып алу-сату шартын, қызметтер көрсету туралы шартты жасау мүмкіндігін беру;".
2. "Ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы - Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы №123-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32162 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Цифрлық жүйеде тіркеу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса ұсынылған Цифрлық жүйеде тіркеу қағидалары бекітілсін.";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Цифрлық жүйеде тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 15-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық жүйеде тіркеу тәртібін айқындайды.";
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) цифрлық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және осы Қағидаларда және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған цифрлық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-реттелген жиынтығы;
2) пайдаланушы – негізгі қызмет түрі ірі сауда объектілерінде, сондай-ақ сауда базарларында сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру, осындай объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өз қызметін цифрлық жүйе арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес олардың жұмысын ұйымдастыру болып табылатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Цифрлық жүйеде тіркеу тәртібі";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Пайдаланушы egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы цифрлық жүйеге тіркелуді жүзеге асырады.
Цифрлық жүйе (қажет болған жағдайда) "цифрлық үкіметтің" басқа ақпараттандыру объектілерімен біріктіріледі.";
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Пайдаланушы цифрлық жүйеде тіркеу рәсімінен өту кезінде "цифрлық үкімет" веб-порталының (IDP SSO) авторизациялау парақшасын пайдалануы қажет. Авторизациядан кейін пайдаланушы цифрлық жүйеде тіркеу үшін келесі әрекеттерді орындайды:";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Пайдаланушыны тіркеу процесі цифрлық жүйеде тіркеуді растағаннан кейін аяқталды деп есептеледі.;
Тіркелгеннен кейін пайдаланушыға келесі ақпаратты толтыру және орналастыру үшін компьютер және (немесе) мобильді құрылғы арқылы қолжетімді сервистер жинақталатын цифрлық жүйеде жеке жұмыс кабинеті ұсынылады:
1) сауда орнының сипаттамасын (сауда, қойма, алаң, үй-жайдың биіктігі, жабдық, температуралық режимдер);
2) сауда орнын жалға алу мерзімі мен шаршы метрінің бағасын;
3) сауда орнының фотосуреті және / немесе бейне жазбасын;
4) сауда базарының, ірі сауда объектісінің бекітілген жұмыс регламентін және қосымша қызметтер тізбесін;
5) сауда объектілерін және (немесе) сауда орындарын жалдау (пайдалану) шартын;
6) цифрлық жүйеде тіркелген ішкі сауда субъектілерін қосымша қызметтер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы немесе оны бекіту туралы кемінде бір ай бұрын хабардар ету;
7) сауда орнын, сауда объектісін үшінші тұлғаға беру туралы мәліметтер.
Бір жыл және күнтізбелік бір жылдан астам мерзімге жасалған сауда объектілерін және (немесе) сауда орындарын жалдау (пайдалану) шарттары жөніндегі осы тармақтың 5) тармақшада бойынша ақпарат "цифрлық үкіметтің" басқа цифрлық объектілері беріледі (жүктеледі).;
Күнтізбелік бір жылдан кем мерзімге жасалған сауда объектілерін және (немесе) сауда орындарын жалдау (пайдалану) шарттары жөніндегі осы тармақтың 5) тармақшада бойынша ақпарат мемлекеттік кірістер уәкілетті органының цифрлық жүйесінен беріледі (жүктеледі).;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшадана сәйкес тіркелген сауда объектілерін және (немесе) сауда орындарын жалдау (пайдалану) шартында, сондай-ақ мемлекеттік кірістер уәкілетті органының цифрлық жүйесінен берілген (жүктелген) сауда объектілерін және (немесе) сауда орындарын жалдау (пайдалану) шартында осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ақпарат болмаған кезде пайдаланушы оны жеке жұмыс кабинетінде орналастырады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Ішкі сауда субъектісі осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес тіркеу рәсімінен өтіп, цифрлық жүйеде тіркеле алады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тіркеу деректері өзгерген жағдайда пайдаланушы, ішкі сауда субъектісі үш жұмыс күні ішінде цифрлық жүйенің жеке жұмыс кабинетіне тиісті деректерді енгізеді.
Қызмет тоқтатылған жағдайда пайдаланушы, ішкі сауда субъектісі қызметі тоқтатылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде бұл туралы ақпаратты цифрлық жүйенің жеке жұмыс кабинетіне енгізеді.".
3. "Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 240-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32908 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Уәкілетті орган тергеп-тексеру материалдары бойынша түпкілікті ұстанымды, сауалнамаға жауаптарды, сондай-ақ үшінші тараптың құзыретті органы сұрау салған басқа да ақпаратты, оның ішінде құпия (таратылуы шектелген) ақпаратты қалыптастырады және үшінші тараптың құзыретті органының сұрау салуы тілінде үшінші тараптың құзыретті органына мынадай:
1) үшінші тараптың заңнамасында айқындалған талап болған жағдайда, тиісті цифрлық жүйеге жүктеу жолымен;
2) үшінші тарап заңнамасының цифрлық жүйені пайдалану туралы белгілі бір талаптары болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы дипломатиялық арналар бойынша береді.".
4. "Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32884 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларында, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарда:
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесі – сауда базарының ұсынылатын қызметінің (жұмысының) құнын көрсете отырып, нақты сипаттамасын қамтитын, сауда базарының меншік иесі (иеленуші) бекітетін және "Цифрлық жүйеде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы - Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 30 наурыздағы № 123-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32162 тіркелген) (бұдан әрі - № 123-НҚ бұйрығы) сәйкес бекітілген цифрлық жүйесінде орналастырылатын құжат;";
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
31) сауда базарының жұмыс регламенті – сауда базарының, оның әкімшілігінің қызметін ұйымдастыру, оның ішінде осы Қағидалардың талаптарын орындау және сауда базарының аумағында тиімді сауда қызметін қамтамасыз ету мақсатында сауда орындарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тариф белгілеу тәртібі айқындалған сауда базарының меншік иесі (иеленуші) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген цифрлық жүйесінде бекітетін құжат;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сауда базарында тауарларды көтерме және бөлшек саудада сату түріндегі сауданы, сондай-ақ қызметтер көрсетуді сауда қызметі субъектілері сауда базарының схемасына сәйкес сауда базарының аумағында орналасқан стационарлық және стационарлық емес сауда объектілері арқылы және № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесі арқылы жасалған жалға беру шарттарының негізінде жүзеге асырады.";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесі арқылы жасалған сауда объектілерін, сауда орындарын жалға беру (пайдалану) шарттарына сәйкес сауда базары субъектілері мен объектілерінің қызметін;";
"10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
10) құқық тәртібін және өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес ұйымдарға, ветеринариялық қадағалау, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау органдарына және басқаларға тұрақты пункттерді орналастыру үшін № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесі арқылы шарттық негізде қызметтік үй-жайлар беруді;
11) сауда базары субъектілерін № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесінде қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы кемінде бір ай бұрын хабардар етуді;";
14), 15), 16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"14) №123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесіне мәліметтерді уақтылы және толық енгізу жөніндегі жұмысты;
15) сауда базарында сауда жасаушылар (жалға алушылар) туралы ақпаратты, сауда базарында өткізілетін тауарлар туралы мәліметтерді № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесіне жылына бір рет ұсынуды;
16) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесінде QR-код арқылы жалға алушылардан алынған ескертулер мен ұсыныстарды кейіннен оларды жою және цифрлық жүйесі арқылы өтініш берушіге сауда базарының жұмыс регламентінде белгіленген мерзімдерде қарау нәтижелерін беру жөніндегі шаралар қабылдау үшін қарау жұмысын;
17) сатушылардың (жалға алушылардың) және олар иеленген сауда объектілерінің және (немесе) сауда орындарының осы Қағидаларда және сауда базарының жұмыс регламентінде белгіленген талаптарға сәйкестігінің мониторингін және мониторинг қорытындыларын № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесінде орналастыруды;";
11-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Сауда базарының жұмыс регламенті және қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесі № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген цифрлық жүйесінде 25 қаңтардан кешіктірілмей орналастырылады.";
14-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесінде сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі қажетті құжаттардың болуын декларациялайды;
4) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесінде QR-код арқылы сауда базары әкімшілігінің және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органның атына ескертулер мен ұсыныстарды кейіннен оларды жою және қарау нәтижелерін өтініш берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе сауда базарының жұмыс регламентінде белгіленген мерзімдерде цифрлық жүйесі арқылы ұсыну жөнінде шаралар қабылдау үшін жолдайды;";
17-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) сауда базарына кіреберісте, оның ішінде № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйеде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-НҚ бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ағымдағы бөлшек сауда бағалары туралы ақпараттық стенд орналастырады. Ақпараттық стендте өзге азық-түлік тауарларының ағымдағы бөлшек сауда бағалары туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.";
19-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) дүңгіршек, жылжымалы сөре, сауда орны, шатыр (павильон), автодүкен, автомат, вендинг автоматы, дүкен сауда базарының схемасына және № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесі арқылы жасалған жалға алу (сауда орнын беру туралы) шартына сәйкес сауда базарының әкімшілігі арнайы белгілеген жерде орналастырылады.";
23-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"23. № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесінде сауда объектілерін және (немесе) сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру туралы шарт мынадай мәліметтер қамтиды:";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Сауда орнын үшінші тұлғаға беру тараптардың келісуі бойынша (сауда қызметінің субъектісі және сауда базарының меншік иесі (иеленуші) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесінде жүргізіледі.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесі арқылы сауда базарының қызметін тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде базар субъектілерін және уәкілетті органды осы шешім туралы хабардар етеді;";
4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесінде сауда объектілерін және (немесе) сауда орындарын жалға беру (пайдалану) шарттарын жасасады;
5) сауда базарының жұмыс регламентін және № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесінде қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесін бекітеді;
6) сауда базарының субъектілерін және уәкілетті органды № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйеде 6 (алты) ай бұрын міндетті түрде хабардар ете отырып, сауда орнының жалдау құнының тарифін жылына бір реттен асырмай бекітеді;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) жалға алушылардың ескертулері мен ұсыныстарын қарайды және оларды № 123-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілген цифрлық жүйесі арқылы сауда базарының жұмыс регламентінде белгіленген мерзімдерде жою жөнінде шешім қабылдайды;
9) сауда базарының субъектілері мен объектілері туралы барлық қажетті мәліметтерді уәкілетті органдардың лауазымды адамдарына тексеру жүргізуге ұсыну жолымен жәрдем көрсетеді және осындай тексерулер барысында анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды, анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда алдын ала хабардар етпей, № 123-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық жүйесінде жалдау шартын бұзады;".
5. "Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 наурыздағы № 115-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №35848 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидаларында:
2-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) электрондық сауда алаңы – электрондық саудаға қатысушыларға инфрақұрылымды, оның ішінде олардың арасында цифрлық технологияларды пайдалана отырып жұмыстар мен қызметтер көрсетуге шарттар жасасуды қамтамасыз ететін интернет-ресурс;";
3-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) сатып алу-сату шартын, қызметтер көрсету шартын электрондық құжаттар немесе электрондық хабарлар алмасу жолымен цифрлық технологиялар арқылы жасасу мүмкіндігін беру қамтылады.";
4-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) цифрлық ресурстарда қамтылған ақпараттың, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің тұтастығы мен құпиялылығын;";
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополия субъектісі сатып алуды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының цифрлық жүйесімен және (немесе) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың цифрлық жүйесі (Сатып алудың бірыңғай платформасы) арқылы жүзеге асырады.".