БҰЙЫРАМЫН:
1. "Индустриялық дамуды бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28104 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Индустриялық дамуды бағалау өнеркәсіптің дамуына әсер ететін құқықтық, экономикалық, қаржылық және өзге де факторларды талдауды көздейді және мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) ресми статистикалық ақпаратты және озық тәжірибелерді талдау;
2) Индустриялық даму индексін қалыптастыру және құру;
3) жүйелі түрлендірулер бойынша ұсынымдар қалыптастыру.";
5-тармақтағы "желтоқсанынан" деген сөз "қаңтарынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Ресми статистикалық ақпаратты және озық тәжірибелерді талдау мыналарды қамтиды:
1) статистикалық ақпаратқа, оның ішінде бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорттау бойынша салалық мүмкіндігін көрсететін динамикада, олардың өнеркәсіптік құрылымына, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің технологиялық даму және жаңғыру деңгейіне мониторинг жүргізу және талдау;
2) халықаралық және отандық ұйымдармен жарияланатын, елдің өнеркәсіптік дамуын бағалайтын жалпы танылған индектер, рейтингтер және есептерді мониторингтеу және талдау;
3) өңдеуші өнеркәсіптің экономикалық әртараптандыру индексін құру, бұл орта және жоғарғы қайта бөлу өнімдерін өндіруді және өндірілетін тауарлардың күрделілігін арттыруды ескере отырып, әртараптандыруды бағалау болып табылады;
4) Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде өңдеуші өнеркәсіп салаларының даму деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін өңдеуші өнеркәсіп салалары деңгейіндегі индикаторларды талдау.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Индустриялық даму индексін қалыптастыру және құру.
Есептеу алгоритмі:
1) Бірінші кезеңде негізгі көрсеткіштер осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді шығарындылардан тазарту мақсатында Z-бағалауға сәйкес қалыпқа келтіріледі. Нәтижесінде деректер орташа мәні 0 және стандартты ауытқуы 1 болатындай етіп түрлендіріледі:
![]()
мұндағы
![]()
![]()
![]()
2) Екінші кезеңде ЭҚЖЖ сыныптар деңгейіндегі субиндекс (4 белгі) әрбір өңір үшін мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
мұндағы
![]()
![]()
![]()
3) Үшінші кезеңде ЭҚЖЖ сыныптары деңгейінде есептелген субиндекстер индекстерді мынадай формулаға сәйкес 0-ден 1-ге дейінгі бірыңғай шкалаға келтіру мақсатында өңірлер бөлінісінде min-max қалыпқа келтіруге сәйкес нормаланады:

4) Төртінші кезеңде субиндекс әр аймақ үшін келесі формула бойынша есептеледі:
![]()
мұндағы
![]()
![]()
5) Бесінші кезеңде әрбір өңір үшін ЭҚЖЖ бөлімдерінің деңгейіндегі субиндекс мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
Қайта бөлу бойынша салмақтар: төмен – 0,1, орташа – 0,3, жоғары – 0,6.
6) Соңғы кезеңде әр аймақ үшін өңдеу өнеркәсібін әртараптандырудың жиынтық индексі келесі формула бойынша есептеледі:
![]()
мұндағы
![]()
![]()
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Индустрияландырудың сандық дамуын көрсететін түйінді индикаторлар:
– Жалпы қосылған құн (ЖҚҚ), млн. теңге;
– Жалпы қосылған құнның нақты өсімі, в %;
– Еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары/адам;
– Негізгі капиталға салынған инвестициялар, млн. теңге;
– Инвестициялардың нақты өсімі, ішінде %;
– Өңдеуші өнеркәсіп экспортының көлемі, АҚШ долларымен.";
бұйрыққа 1-қосымша алып тасталсын;
бұйрыққа 2-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
