ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32959 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай цифрлық жүйе (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" АЦЖ) – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған цифрлық объектісі;";
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) "Зейнетақы және жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "ОДҚ" АЦЖ) - Кодексте белгіленген шарттарда төлем түрлерін жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органның орталықтандырылған дерекқоры;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мансап орталықтары субсидияланатын жұмыс орындарын:
1) жеке меншік нысанындағы коммерциялық заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің, шаруа (фермер) қожалықтарының және әлеуметтік кәсіпкерлердің өтінімдері бойынша:
Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жұмыс істеп тұрған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер мәртебесі болған;
өтінім берген күннің алдында 12 айдан астам қызметті жүзеге асырған;
банкроттық немесе таратылу рәсімі болмаған;
терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болмаған;
еңбек мобильділігі орталығымен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді толық орындаған (бар болса);
өтінім берген күнге жалақы бойынша мерзімі өткен берешек болмаған;
Кодекске және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім берген күннің алдындағы соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдерді тұрақты жүргізген;
жалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған салық төлеушілердің тізбесінде болмаған;
өтінім берген күнге тіркелген электрондық еңбек шарттары бар жұмыскерлердің тізімдік саны болған кезде;
өткен күнтізбелік жылы өзінде субсидияланатын жұмыс орындарындағы жұмысын аяқтаған (өтінім берген күнге) жұмыссыздардың кемінде 10%-ын (бірақ кемінде 1 жұмыссызды) міндетті түрде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырған (бар болса) кезде;
2) мемлекеттiк мекемелердің, олардың ведомстволарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша:
Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жұмыс істеп тұрған заңды тұлға мәртебесі болған;
өтінім берген күннің алдында 12 айдан астам қызметті жүзеге асырған;
таратылу рәсімі болмаған;
терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болмаған;
еңбек мобильділігі орталығымен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді толық орындаған (бар болса);
өтінім берген күнге жалақы бойынша мерзімі өткен берешек болмаған;
өтінім берген күнге тіркелген электрондық еңбек шарттары бар жұмыскерлердің тізімдік саны болған кезде;
3) үкіметтік емес ұйымдардың, олардың филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің өтінімдері бойынша:
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-3-бабының 1-тармағына сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтер болған;
өтінім берген күннің алдында 12 айдан астам қызметті жүзеге асырған;
таратылу рәсімі болмаған;
терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болмаған;
еңбек мобильділігі орталығымен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді толық орындаған (бар болса);
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімінде болмаған кезде ұйымдастырады.";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жұмысқа орналастыру мынадай:
1) субсидияланатын жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін үш ай ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдарына міндетті әскери қызметке шақырылған;
2) бала үш жасқа толғанға дейін оны күту бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болуы;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып жатқан;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
5) қайтыс болған;
6) мүгедектігі бар;
7) хабарсыз кеткен деп танылған;
8) сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған;
9) субсидияланатын жұмыс орындарындағы еңбек қызметін дәлелді себептерсіз өз бетінше тоқтатқан адамдарды есепке алмай есептеледі.";
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
9-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді жинау Электрондық еңбек биржасында ағымдағы немесе алдағы қаржы жылына арналған субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау жыл сайын 20 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта жүзеге асырылады.
Ағымдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау 1 ақпаннан бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта жүзеге асырылады.
Жекеменшік нысандағы коммерциялық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға олардың алдыңғы қатысуы аяқталған күннен бастап 12 ай өткен соң қайта қатысады.
Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген жұмыс берушілерді қоспағанда, жұмыс берушілерден субсидияланатын жұмыс орындарын (әрбір түрі бойынша) ұйымдасыруға өтінімдерді қабылдау жұмыскерлердің тізімдік санының 10%-ы шегінде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Мансап орталығы өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің бірыңғай тізбесін қалыптастырады және оны қарау әрі бекіту үшін еңбек мобильділігі орталығына жолдайды.
Еңбек мобильділігі орталығы 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидияланатын жұмыс орындарын құруға өтінім берген ұйымдардың тізбесін және ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын (бұдан әрі – Тізбе) субсидияланатын жұмыс орындарының түрін, жұмыс істеу ұзақтығын, кәсібін және ай сайынғы жалақы мөлшерін көрсете отырып бекітеді.
Мансап орталығы Тізбе бекітілгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде әрбір өтінім бойынша еңбек мобильділігі орталығының шешімін "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізеді.
Еңбек мобильділігі орталығы кезекті қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушінің қатысуынан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, бас тарту себептері көрсетілген хабарлама "Еңбек нарығы" ААЖ-дан Электрондық еңбек биржасындағы жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" автоматты түрде жіберіледі.
Жұмыс берушіні Тізбеге енгізуден бас тарту үшін:
1) жұмыс берушіні субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жіберу үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің дәйексіздігін белгілеу;
2) ағымдағы және (немесе) алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қаржыландырудың болмауы;
3) әлеуметтік пайдалы бағыттылығы жоқ кәсіптер (мамандықтар) бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға өтінім беру;
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17564 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышында немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышында көзделмеген кәсіптер (мамандықтар) бойынша жастар практикасын және (немесе) "Ұрпақтар келісім шарты" жобасын ұйымдастыруға өтінім беру негіздемелер болып табылады.
Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек мобильділігі орталығының шешіміне шағымдануға құқылы.
Шағымды қарауды халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдауды ұйымдастыру үшін еңбек мобильділігі орталығы жыл сайын 15 желтоқсанға дейін "Еңбек нарығы" АЦЖ-ға аудандар (қалалар) және субсидияланатын жұмыс орындарының түрлері бөлінісінде алдағы қаржы жылына арналған субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға көзделген қаражаттың көлемі туралы ақпаратты орналастырады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Электрондық еңбек биржасы:
1) Кодекске сәйкес кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға қатысатын;
2) әлеуметтік жұмыс орындарын және (немесе) "Күміс жас" жобасын ұйымдастыруға өтінім беретін жұмыс берушілерді қоспағанда, ағымдағы қаржы жылында бюджет қаражаты есебінен жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар және (немесе) микрокредиттер алған;
3) инфрақұрылымдық жобалар бойынша мемлекеттік сатып алулар шеңберінде қызметтер көрсететін немесе жұмыстар атқаратын;
4) жастар практикасын, әлеуметтік жұмыс орындарын және (немесе) "Күміс жас" жобасын ұйымдастыруға өтінім беретін жұмыс берушілерді қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алған;
5) жастар практикасын, әлеуметтік жұмыс орындарын және (немесе) "Күміс жас" жобасын ұйымдастыруға өтінім беретін жұмыс берушілерді қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсететін жұмыс берушілердің өтінімдерін қабылдамайды.";
19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған жұмыс орындарының саны:
1) жеке меншік нысандағы коммерциялық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін – 1-ден 5 жұмыс орнына дейін;
2) үкіметтік емес ұйымдар, олардың филиалдары және (немесе) өкілдіктері үшін:
республикалық маңызы бар қалаларда және (немесе) астанада қызметін жүзеге асыратындар үшін 1-ден 10 жұмыс орнына дейін;
облыстық маңызы бар қалаларда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда және ауылдық округтерде қызметін жүзеге асыратындар үшін 1-ден 5 жұмыс орнына дейін;
3) қалалық елді мекендерде орналасқан мемлекеттiк мекемелер, олардың ведомстволары және ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар үшін 1-ден 5 жұмыс орнына дейін;
4) ауылдық елді мекендерде орналасқан мемлекеттiк мекемелер, олардың ведомстволары және ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар үшін:
халық саны 200 адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде – сол елді мекенде тұратын халықтың жалпы санынан субсидияланатын жұмыс орындарының 5%-ына дейін;
халық саны 201-ден 500 адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде – сол елді мекенде тұратын халықтың жалпы санынан субсидияланатын жұмыс орындарының 3%-ына дейін;
халық саны 501 адамнан асатын ауылдық елді мекендерде – сол елді мекенде тұратын халықтың жалпы санынан субсидияланатын жұмыс орындарының 2%-ына дейін құрайды.
20. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылатын жұмыс орындарының саны жұмыс беруші төмендегі шарттардың біріне сәйкес келгенде:
1) қоғамдық жұмыс орындарының кемінде 50%-ын мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдарды, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушыларды, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларды, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алушыларды және (немесе) "Мемлекеттік наградалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарды жұмысқа орналастыру үшін құрған кезде;
2) өз қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде не қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жалақысының кемінде 50%-ын қоса қаржыландырған кезде 50%-ға ұлғаяды.
21. Тізбе бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Электрондық еңбек биржасында автоматты түрде субсидияланатын жұмыс орны бойынша бос орын құрылады. Жарияланған бос орын 90 (тоқсан) күнтізбелік күн өткеннен кейін толтырмаса жойылады.";
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Жауап жіберу кезінде субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасуға үміткерге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 84 бұйрық) бекітілген "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында бекітілген нысан бойынша жолдама беру туралы өтініш автоматты түрде қалыптастырылады. Өтінішке үміткер электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және "Еңбек нарығы" АЦЖ арқылы мансап орталығына түседі.";
24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Мансап орталығы "Еңбек нарығы" АЦЖ-да үміткердің өтініші келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) үміткердің "Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №476 қаулысымен бекітілген субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді;
2) № 84 бұйрықпен бекітілген "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында бекітілген нысан бойынша субсидияланатын жұмыс орнына үміткерді жұмысқа орналастыруға жолдама қалыптастырады.";
27-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мансап орталығы жұмыс берушінің үміткерді субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен және (немесе) жұмыс берушіден 26-тармақтың 1), 3), және 4) тармақшаларында көзделген тиісті ақпартты алу арқылы тексереді.";
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Жұмыс беруші субсидияланатын жұмыс орнына үміткерді жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылдаған кезде, мансап орталығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын жұмыс орнын ұйымдастыру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) қалыптастырады және еңбек мобильділігі орталығы мен жұмыс берушіге жібереді.
Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетінде, еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" АЦЖ-да 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, шартқа қол қояды немесе қол қоюдан бас тартады.
Мыналар:
1) үміткердің субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасудан бас тартуы;
2) үміткерден жұмыссыз есебінен шығару;
3) жұмыс берушінің субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысудан бас тартуы;
4) жұмыс берушінің қызметін тоқтата тұруы;
5) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қаржыландырудың болмауы;
6) жұмыс берушіні субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жіберу немесе үміткерді субсидияланатын жұмыс орындарына қатысуға жіберу үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтердің дәйексіздігін анықтау Шартқа қол қоюдан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Шартқа қол қою туралы хабарлама үміткердің Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетіне және "Еңбек нарығы" АЦЖ арқылы мансап орталығына түседі.
29. Жұмыс беруші шартқа қол қойылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидияланатын жұмыс орнына үміткерді жұмысқа орналастырады және электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетте үміткермен еңбек шарты жасалғандығы туралы ақпарат енгізеді.
Субсидияланатын жұмыс орнына үміткердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат Электрондық еңбек биржасынан "Еңбек нарығы" АЦЖ-ға беріледі.
Мансап орталығы мен жұмыс беруші цифрлық жүйелердің көмегімен күн сайын жұмыссыздардың субсидияланатын жұмыс орындарына баруына мониторинг жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
"36-1. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшерін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган белгілейді.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және (немесе) "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдарға жалақы төлеу (бұдан әрі – жалақы), сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарына және (немесе) "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға жалақының субсидияланатын бөлігін (бұдан әрі – жалақының субсидияланатын бөлігі) төлеу үшін еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" АЦЖ-да ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1 (бірінші) күнінде жұмыс беруші Шартқа 1, 2 және (немесе) 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәліметтердің негізінде жалақының және (немесе) жалақының субсидияланатын бөлігінің мөлшерін көрсете отырып, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың тізімін (бұдан әрі – тізім) қалыптастырады.
"Еңбек нарығы" АЦЖ-да қалыптастырылған тізім автоматты түрде "ОДҚ" АЦЖ-ға беріледі.";
40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"40. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "ОДҚ" АЦЖ-ға тізім келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жалақы және (немесе) жалақының субсидияланатын бөлігін төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімді қалыптастырады және оны еңбек мобильділігі орталығына жібереді.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Еңбек мобильділігі орталығы хабарлама келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарудың себебін қарайды және "ОДҚ" АЦЖ-ға мәліметтерді бере отырып, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың шоттарына жалақыны және (немесе) жалақының субсидияланатын бөлігін қайта аудару үшін "Еңбек нарығы" АЦЖ-ға өзгерістер енгізеді немесе қаражатты еңбек мобильділігі орталығына қайтару туралы шешім қабылдайды.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) цифрлық жүйелердің көмегімен күн сайын жұмыссыздардың субсидияланатын жұмыс орындарына баруына мониторинг жүргізуге;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) цифрлық жүйелердің көмегімен күн сайын жұмыссыздардың субсидияланатын жұмыс орындарына баруына мониторинг жүргізуге;";
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"23) Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне адаммен жасалған және тоқтатылған еңбек шарты туралы ақпаратты енгізуге;";
мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
"24) бұндай адамдар болған кезде өткен күнтізбелік жылы субсидияланатын жұмыс орындарындағы жұмысын аяқтаған жұмыссыздардың кемінде 10%-ын тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге (жеке меншік нысанындағы коммерциялық заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін) міндетті.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде олардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүз екінші, жүз тоғызыншы, жүз оныншы, жүз он екінші, жүз он үшінші, жүз он алтыншы, жүз он жетінші, жүз он сегізінші, жүз он тоғызыншы, жүз жиырмасыншы, жүз жиырма бірінші, жүз жиырма екінші, жүз жиырма төртінші, жүз жиырма бесінші, жүз жиырма алтыншы, жүз жиырма жетінші, жүз жиырма сегізінші және жүз жиырма тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап 14-1-тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"14-1. Мансап орталығы өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің бірыңғай тізбесін қалыптастырады және оны қарау әрі бекіту үшін еңбек мобильділігі орталығына жолдайды.
Еңбек мобильділігі орталығы 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидияланатын жұмыс орындарын құруға өтінім берген ұйымдардың тізбесін және ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын (бұдан әрі – Тізбе) субсидияланатын жұмыс орындарының түрін, жұмыс істеу ұзақтығын, кәсібін және ай сайынғы жалақы мөлшерін көрсете отырып бекітеді.
Мансап орталығы Тізбе бекітілгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде әрбір өтінім бойынша еңбек мобильділігі орталығының шешімін "Еңбек нарығы" АЦЖ-ға енгізеді.
Еңбек мобильділігі орталығы кезекті қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушінің қатысуынан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, бас тарту себептері көрсетілген хабарлама "Еңбек нарығы" АЦЖ-дан Электрондық еңбек биржасындағы жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" автоматты түрде жіберіледі.
Жұмыс берушіні Тізбеге енгізуден бас тарту үшін:
1) жұмыс берушіні субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жіберу үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік цифрлық жүйелердегі мәліметтердің дәйексіздігін белгілеу;
2) ағымдағы және (немесе) алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қаржыландырудың болмауы;
3) әлеуметтік пайдалы бағыттылығы жоқ кәсіптер (мамандықтар) бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға өтінім беру;
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17564 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышында немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышында көзделмеген кәсіптер (мамандықтар) бойынша жастар практикасын және (немесе) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыруға өтінім беру негіздемелер болып табылады.
Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек мобильділігі орталығының шешіміне шағымдануға құқылы.
Шағымды қарауды халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.".
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі