"Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 наурызда № 38252 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36734 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 88) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 88) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін (бұдан әрі – рұқсат) дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруге өтініш береді, "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасы "цифрлық жүйесіндегі" цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, ғимараттың немесе үй-жайдың бар-жоғы, көрсетілетін қызмет алушы жұмыскерлерінің білімі және еңбек қызметі (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      4-тармақтың тоғызыншы және оныншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жіберуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі техникалық іркілістер пайда болған кезден бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін дереу шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы бұйрықтың 1-тармағының он үшінші абзацы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.".

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 138 бұйрығына 1-қосымша
Өрт автоматикасы жүйелерін
монтаждау, баптау және оларға
техникалық қызмет көрсету
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға рұқсат беру
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Өртке қарсы қызмет комитетінің
төрағасына

Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруге өтініш

      Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және

      ___________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы) өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау,

      баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат

      беруіңізді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері: __________________________

      ______________________________________________________________________

      жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

      куәліктің № және күні___________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі _____________________

      ______________________________________________________________________

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Басшы ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ____________________ (күні)

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 138 бұйрығына 2-қосымша
Өрт автоматикасы жүйелерін
монтаждау, баптау және оларға
техникалық қызмет көрсету
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға рұқсат беру
қағидаларына 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын

Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру

2

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Жоқ.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету (каналдары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
"Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының" цифрлық жүйесінде "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

10 жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған).

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден сағат 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға түскі үзіліспен.
2) Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында: www. emer. gov. kz;
2) "цифрлық үкімет" веб-порталында: www. egov. kz, www. elicense. kz орналыстырған.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық сұрау салу;
2) мамандардың мыналарды растайтын құжаттарының көшірмелері:
- электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы III төмен емес;
- "өрт қауіпсіздігі", "есептеу техникасы және ақпараттық желілер", "бағдарламалық қамтамасыз ету", "автоматтандыру және басқару", "электр энергетикасы", "радиотехника, электроника және телекоммуникациялар", "ақпараттық жүйелер", "ақпараттық қауіпсіздік жүйелері", "инжиниринг және автоматтандырылған басқару жүйелері", "технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару", "өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу", "мехатроника", "робототехника және кірістірілетін жүйелер", "сандық техника", "электрмен қамтамасыз ету", "электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандықтары бойынша жоғары техникалық білімі және электр жабдықтарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету саласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
- "өрт қауіпсіздігі", "есептеу техникасы және ақпараттық желілер", "бағдарламалық қамтамасыз ету", "автоматтандыру және басқару", "электр энергетикасы", "ақпараттық жүйелер", "ақпараттық қауіпсіздік жүйелері", "инжиниринг және автоматтандырылған басқару жүйелері", "технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару", "өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу", "мехатроника", "робототехника және кірістірілетін жүйелер", "сандық техника", "радиотехника, электроника және телекоммуникациялар", "электрмен қамтамасыз ету", "электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімі және электр жабдықтарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету саласында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) мамандарды жұмысқа қабылдау туралы еңбек шарттарының көшірмелері;
4) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға тиесілі ғимараттың немесе үй-жайдың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қажетті өлшем құралдарының бар екендігін растайтын құжаттардың көшірмелері.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен объектілердің осы Негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімінің (үкімі) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда Портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефондары
8 (7172) 60-21-33, бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.


О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 28 августа 2025 года № 372 "Об утверждении Правил выдачи разрешения на осуществление деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию систем пожарной автоматики"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 31 марта 2026 года № 138. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 марта 2026 года № 38252

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 28 августа 2025 года № 372 "Об утверждении Правил выдачи разрешения на осуществление деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию систем пожарной автоматики" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 36734) следующие изменения:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 88) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах выдачи разрешения на осуществление деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию систем пожарной автоматики, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила оказания государственной услуги "Выдача разрешения на осуществление деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию систем пожарной автоматики" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 88) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах" и определяют порядок выдачи разрешения на осуществление деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию систем пожарной автоматики.";

      в пункте 3:

      часть первую изложить в следующей редакции:

      "3. Для получения разрешения на осуществление деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию систем пожарной автоматики (далее – разрешение) индивидуальный предприниматель или юридическое лицо (далее – услугополучатель) подают услугодателю заявление на выдачу разрешения на осуществление деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию систем пожарной автоматики в форме электронного документа, согласно приложению 1 к настоящим Правилам через веб-портал "цифрового правительства" в цифровой системе "Государственная база данных "Е-лицензирование" (далее – Портал).";

      часть третью изложить в следующей редакции:

      "Сведения о государственной регистрации индивидуального предпринимателя или юридического лица, наличии здания или помещения, об образовании и трудовой деятельности работников услугополучателя (при указании услугополучателем индивидуальных идентификационных номеров работников), услугодатель получает из соответствующих государственных цифровых систем через шлюз "цифрового правительства".";

      части девятую и десятую пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "Услугодатель обеспечивает внесение данных в цифровую систему мониторинга оказания государственных или социально ответственных услуг о стадии их оказания в порядке, определенном уполномоченном органом в сфере цифровизации в соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах".

      В случае сбоя цифровой системы, при отсутствии электронной связи или возникновении иных обстоятельств, препятствующих отправке сообщений, уполномоченное подразделение услугодателя незамедлительно с момента обнаружения возникновения технических сбоев принимает меры для выявления и устранения указанных причин (в рабочие дни с 9:00 часов до 18:30 часов).";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Уполномоченный орган в сфере гражданской защиты в течение 3 (трех) рабочих дней извещает оператора "цифрового правительства", а также Единый контакт-центр о внесенных изменениях и дополнениях в настоящие Правила.";

      часть вторую пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах", подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.";

      приложения 1 и 2 изложить в новой редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету противопожарной службы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев седьмого, восьмого, девятого, десятого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого, четырнадцатого, пятнадцатого, шестнадцатого и девятнадцатого пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие с 12 июля 2026 года.

      Установить, что абзац тринадцатый пункта 1 настоящего приказа до 12 июля 2026 года действует в следующей редакции:

      "Услугодатель обеспечивает внесение данных в информационную систему мониторинга оказания государственных или социально ответственных услуг о стадии их оказания в порядке, установленном уполномоченном органом в сфере информатизации в соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах".".

      Министр по чрезвычайным
ситуациям Республики Казахстан
Ч. Аринов

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство национальной экономики
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство искусственного
      интеллекта и цифрового развития
      Республики Казахстан

  Приложение 1
к приказу Министра по
чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
от 31 марта 2026 года № 138
Приложение 1
к Правилам выдачи
разрешения на осуществление
деятельности по монтажу,
наладке и техническому
обслуживанию систем
пожарной автоматики
  Форма
  Председателю Комитета
противопожарной службы
Министерства по
чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

Заявление на выдачу разрешения на осуществление деятельности по монтажу,
наладке и техническому обслуживанию систем пожарной автоматики

      Прошу Вас рассмотреть прилагаемый перечень документов и выдать
___________________________________________________________
(наименование услугополучателя)
разрешение на осуществление деятельности по монтажу, наладке
и техническому обслуживанию систем пожарной автоматики.
Местонахождение услугополучателя:
___________________________________________________________
№ и дата свидетельства о государственной регистрации (перерегистрации)
индивидуального предпринимателя или юридического лица
___________________________________________________________
Индивидуальный идентификационный номер /
бизнес-идентификационный номер
___________________________________________________________
Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую
законом тайну, содержащихся в цифровых системах.
Руководитель
____________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность)
_____________________
(дата)

  Приложение 2
к приказу Министра
по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
от 31 марта 2026 года № 138
Приложение 2
к Правилам выдачи разрешения
на осуществление деятельности
по монтажу, наладке
и техническому обслуживанию
систем пожарной автоматики

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги

1

Наименование государственной услуги

Выдача разрешения на осуществление деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию систем пожарной автоматики

2

Наименование услугодателя

Комитет противопожарной службы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

3

Наименование подвида (при наличии) государственной услуги

Отсутствует.

4

Способы предоставления государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через веб-портал "цифрового правительства" в цифровой системе "Государственная база данных "Е-лицензирование" (далее – Портал).

5

Срок оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

10 рабочих дней.

6

Форма оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Электронная (частично цифровизированная).

7

Результат оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Результат оказания государственной услуги – выдача разрешения на осуществление деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию систем пожарной автоматики либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги;
Форма предоставления результата оказания государственной услуги: электронная.

8

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги и ее подвидов (при наличии), и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга бесплатно.

9

График работы

1) услугодателя - с понедельника по пятницу с 9.00 до 18.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому Республики Казахстан (далее – Кодекс) с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов.
2) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Кодексу, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).
Адреса места оказания государственной услуги размещены на:
1) интернет-ресурсах услугодателя: www.emer.gov.kz;
2) веб-портале "цифрового правительства": www.egov.kz, www.elicense.kz.

10

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

1) электронный запрос, подписанный электронной цифровой подписью услугополучателя, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
2) копии документов специалистов, подтверждающие:
- группу допуска по электробезопасности не ниже III;
- высшее техническое образование по специальностям "пожарная безопасность", "вычислительная техника и информационные сети", "программное обеспечение", "автоматизация и управление", "электроэнергетика", "радиотехника, электроника и телекоммуникации", "информационные системы", "системы информационной безопасности", "инжиниринг и автоматизированные системы управления", "автоматизация и управление технологическими процессами", "техническое обслуживание и ремонт автоматизированных систем производства", "мехатроника", "робототехника и встраиваемые системы", "цифровая техника", "электроснабжение", "техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация электромеханического оборудования" и стаж работы не менее трех лет в сфере монтажа, наладки и технического обслуживания электрооборудования;
- техническое и профессиональное образование по специальностям "пожарная безопасность", "вычислительная техника и информационные сети", "программное обеспечение", "автоматизация и управление", "электроэнергетика", "радиотехника, электроника и телекоммуникации", "информационные системы", "системы информационной безопасности", "инжиниринг и автоматизированные системы управления", "автоматизация и управление технологическими процессами", "техническое обслуживание и ремонт автоматизированных систем производства", "мехатроника", "робототехника и встраиваемые системы", "цифровая техника", "электроснабжение", "техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация электромеханического оборудования" и стаж работы не менее пяти лет в сфере монтажа, наладки и технического обслуживания электрооборудования;
3) копии трудовых договоров о приеме на работу специалистов;
4) копии документов, подтверждающих наличие здания или помещения, принадлежащего на праве собственности или ином законном основании;
5) копии документов, подтверждающих наличие необходимых средств измерений на осуществление деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию систем пожарной автоматики, соответствующих Закону Республики Казахстан "Об обеспечении единства измерений".

11

Основания для отказа в оказании государственной услуги и ее подвидов (при наличии), установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов и объектов, необходимых для оказания государственной услуги разрешительным требованиям, указанных в пункте 8 настоящего Перечня основных требований;
3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги;
5) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

12

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.
Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, канцелярии услугодателя, а также единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг.
Контактные телефоны канцелярии услугодателя 8 (7172) 60-21-33, Единого контакт-центра 1414, 8 800 080 7777.