"Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 наурызда № 38174 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Өсімдіктер дүниесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрі
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 46 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің міндетін
атқарушының
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 105 бұйрығымен
бекітілген

Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктер дүниесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1–тармағының 14) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілген қызметті беруші) көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін ресурстық зерттеп-қарауды жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілген қызметті алушы) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілген қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді.

      Ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді, оның ішінде заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметті, үй-жайға меншік құқығын немесе уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжатты, биологтың кәсіптік білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым кандиданты, докторы немесе PhD), сондай-ақ ресурстық зерттеулер жүргізу бойынша кемінде 5 жыл өндірістік жұмыс өтілі бар қызметкердің бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және аккредиттеу жүргізу нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған кезде көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжделген бас тартуды береді.

      Көрсетілген қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш беруші ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексеріп, нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресурстық тексерулерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) немесе тізбенің 9-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздерге сәйкес аккредиттеуді жүргізуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.

      8. Куәліктің күші келесі жағдайларда жойылады:

      1) оның қолданылу мерзімі аяқталғанда;

      2) мамандандырылған ұйымды қайта ұйымдастыру немесе тарату;

      3) өтініш беруші куәліктің қолданылуын ерікті түрде тоқтату туралы өтініш берген;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметті тиісінше жүзеге асырмау фактілерін анықтаған жағдайларда тоқтатады.

      9. Аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, одан айыру (кері қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі – Шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

  Ресурстық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын
мамандандырылған ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша

Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметтің атауы

"Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу"

1.

Мемлекеттік қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі-Портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күн

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымды аккредиттеу туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілген қызметті берушіге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
2) порталда – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш
Ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді, оның ішінде заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметті, үй-жайға меншік құқығын немесе уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжатты, биологтың кәсіптік білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым кандиданты, докторы немесе PhD), сондай-ақ ресурстық зерттеулер жүргізу бойынша кемінде 5 жыл өндірістік жұмыс өтілі бар қызметкердің бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы;
5) Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет шектеулі қолжетімділікпен пайдаланылатын жеке деректерге қол жеткізуге берген келісімінің болмауы

10.

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген, өзге де талаптар

1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасы – www.gov.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігі "деген бөлімде" қызметтер "деген кіші бөлімде:"; Порталда;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді болады;
5) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында көрсетілген – www.gov.kz, "Экология және табиғи ресурстар министрлігі" деген бөлімде "қызметтер" деген кіші бөлімде. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

  Ресурстық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын
мамандандырылған ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өтініш

      ___________________________________________________________________

      (Көрсетілген қызметті берушінің толық атауы)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)

      Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым ретінде

      аккредиттеуді сұраймын.

      ___________________________________________________________________

      Мекенжайы (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-

      жайдың) нөмірі, телефон, факс, е-mail) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1)___________________________________________________________

      2) _________________________________________________________

      3) _________________________________________________________

      4) ________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауаптылық туралы хабардармын және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Басшының немесе оның уәкілетті өкілінің қолы (өкіл өтініш берген жағдайда өкілеттігін куәландыратын құжат қоса беріледі)

      _____________ _________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________

  Ресурстық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын
мамандандырылған ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Елтаңба

Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымды аккредиттеу туралы куәлік

№___________

20 ___ жылғы "___" __________

      Осы куәлік мынаны куәландырады:

      __________________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның атауы) ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын

      мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттелген.

      Заңды мекенжайы:_______________________________________________

      (ұйымның заңды мекенжайы).

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі: _______________________________

      Аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге берілді, 20__ жылғы "__" _________

      дейін жарамды.

      Көрсетілген қызметті берушінің басшысы ___________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Серия _ _ _ _ _ _ № __________________

      Берілген күні: 20___жылғы "___" ___________

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 марта 2023 года № 105 "Об утверждении Правил аккредитации специализированных организаций, осуществляющих ресурсные обследования"

Приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 17 марта 2026 года № 46. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 марта 2026 года № 38174

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 марта 2023 года № 105 "Об утверждении Правил аккредитации специализированных организаций, осуществляющих ресурсные обследования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 32191), следующие изменения:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан "О растительном мире" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах", ПРИКАЗЫВАЮ:";

      Правила аккредитации специализированных организаций, осуществляющих ресурсные обследования, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
Е. Нысанбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки
и высшего образования
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 17 марта 2026 года № 46
  Утверждены приказом
исполняющего обязанности
Министра экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 30 марта 2023 года № 105

Правила аккредитации специализированных организаций, осуществляющих ресурсные обследования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила аккредитации специализированных организаций, осуществляющих ресурсные обследования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан "О растительном мире", подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах" (далее – Закон) и определяют порядок государственной услуги "Аккредитация специализированных организаций, осуществляющих ресурсные обследования" (далее – государственная услуга).

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      2. Государственная услуга оказывается Комитетом лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан (далее – услугодатель).

      Услугодатель в течение 3 (трех) рабочих дней направляет информацию о внесенных изменениях и (или) дополнениях в настоящие Правила оператору информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства", а также в Единый контакт-центр.

      3. Перечень основных требований к оказанию государственной услуги (далее – перечень) указан в приложении 1 к настоящим Правилам.

      4. Для получения государственной услуги юридические лица, претендующие на право проведения ресурсных обследований (далее – услугополучатели) направляют услугодателю посредством веб-портала "электронного правительства" www.egov.kz, www.elicense.kz (далее – портал) заявление по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам и документы, указанные в пункте 8 перечня.

      Сведения по которым имеются данные в информационных системах, включая сведения о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица; документ, подтверждающий право собственности или право временного владения и (или) пользования помещением; копии документов, подтверждающие наличие сотрудника профильного биологического образования, ученой степени (кандидант, доктор или PhD), и производственный опыт работы не менее 5 лет по проведению ресурсных исследований услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного Правительства".

      5. Канцелярия услугодателя осуществляет прием и регистрацию документов в день их поступления и направляет руководителю уполномоченного органа, которым назначается ответственный исполнитель.

      В случае обращения заявителя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем.

      6. Ответственный исполнитель в течение двух рабочих дней с момента получения документов услугополучателя проверяет полноту представленных документов.

      В случае представления услугополучателем неполного пакета документов в указанные сроки дает мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении заявления.

      При установлении факта полноты представленных документов оответственный исполнитель услугодателя в течение 3 (три) рабочих дней с момента поступления заявления проверяет соответствие представленных документов и выдает свидетельство об аккредитации специализированных организаций, осуществляющих ресурсные обследования (далее – свидетельство) или направляет мотивированный отказ в оказании государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 9 перечня.

      7. При подаче услугополучателем всех необходимых документов посредством портала – в "личном кабинете" услугополучателя отображается статус о принятии запроса для оказания государственной услуги с указанием даты получения результата государственной услуги.

      8. Свидетельство прекращает свое действие в случаях:

      1) реорганизации или ликвидации специализированной организации;

      2) представления заявителем заявления о добровольном прекращении действия свидетельства;

      3) в случае выявление фактов ненадлежащего осуществления деятельности со стороны услугодателя.

      9. Приостановление, возобновление действия, лишение (отзыв) свидетельства об аккредитации осуществляется в порядке и (или) по основаниям, предусмотренным статьей 45 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях".

      10. Услугодатель обеспечивает внесение данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги в порядке, установленном приказом исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 14 июня 2013 года № 452 "Об утверждении Правил внесения данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8555).

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействий) услугодателя и (или) его должностных лиц, по вопросам оказания государственных услуг

      11. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалоба подается услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не направляет жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (трех) рабочих дней примет решение либо иное административное действие, полностью удовлетворяющие требованиям, указанным в жалобе.

      Если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке, согласно пункту 5 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона, подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

  Приложение 1
к Правилам аккредитации
специализированных
организаций, осуществляющих
ресурсные обследования

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Аккредитация специализированных организаций, осуществляющих ресурсные обследования"

Наименование государственной услуги

"Аккредитация специализированных организаций, осуществляющих ресурсные обследования"

1

Наименование услугодателя

Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан (далее –услугодатель)

2

Способы предоставления государственной услуги

Через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее - портал)

3

Срок оказания государственной услуги

3 (три) рабочих дня

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная)

5

Результат оказания государственной услуги

Свидетельство об аккредитации специализированной организации, осуществляющей ресурсное обследование либо мотивированный отказ в оказании государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 9 настоящего перечня основных требований к оказанию государственной услуги

6

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законами Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается бесплатно

7

График работы

Услугодателя – с понедельника по пятницу с 8.00 до 17.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан (далее – Кодекс) и статьей 5 Закона Республики Казахстан "О праздниках в Республике Казахстан" (далее – Закон).
Портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после 17.00 часов, в выходные и праздничные дни согласно Кодексу и Закону, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на портале.

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

Заявление по форме согласно приложению
Сведения по которым имеются данные в информационных системах, включая сведения о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица; документ, подтверждающий право собственности или право временного владения и (или) пользования помещением;копии документов, подтверждающие наличие сотрудника профильного биологического образования, ученой степени (кандидант, доктор или PhD), и производственный опыт работы не менее 5 лет по проведению ресурсных исследований услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного Правительства"

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан;
3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги;
5) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме

1) адреса мест оказания Государственной услуги размещены на: единой платформе интернет-ресурсов государственных органов – www.gov.kz, в разделе "Министерство экологии и природных ресурсов" в подразделе "Услуги"; Портале;
2) услугополучатель имеет возможность получения Государственной услуги в электронной форме посредством Портала при условии наличия электронной цифровой подписи;
3) услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания Государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" Портала, а также Единого контакт-центра;
4) при оказании государственной услуги посредством Портала доступна версия для слабовидящих;
5) контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания Государственной услуги указаны на единой платформе интернет-ресурсов государственных органов – www.gov.kz, в разделе "Министерство экологии и природных ресурсов" в подразделе "Услуги". Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8-800-080-7777.

  Приложение 2
к Правилам аккредитации
специализированных
организаций, осуществляющих
ресурсные обследования
  Форма

Заявление

      В ______________________________________________________________
(полное наименование уполномоченного органа)
от______________________________________________________________
(полное наименование юридического лица, реквизиты
бизнес- идентификационного номера)
Прошу аккредитовать в качестве специализированной организации,
осуществляющей ресурсные обследования.
Адрес __________________________________________________________
(индекс, город, район, область, улица, номер дома/здания (стационарного
помещения), телефон, факс, е-mail)
Перечень прилагаемых документов:
1) ______________________________________________________________
2) ______________________________________________________________
3) ______________________________________________________________
4) ______________________________________________________________
Подтверждаю достоверность представленной информации, осведомлен
об ответственности за представление недостоверных сведений в соответствии
с законодательством Республики Казахстан, даю согласие на использование
сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся
в информационных системах.
Подпись Руководителя или его уполномоченного представителя
(в случае подачи заявления представителем, прикладывается документ,
удостоверяющий полномочия)
_________________ _______________________________________________
(подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Дата заполнения: "____" __________ 20___года

  Приложение 3
к Правилам аккредитации
специализированных
организаций, осуществляющих
ресурсные обследования
  Форма

Герб Свидетельство об аккредитации специализированной организации, осуществляющей ресурсное обследование

      №___________ "___" __________ 20___ года
Настоящее свидетельство удостоверяет, что:
____________________________________________________________________,
(наименование юридического лица)
аккредитовано в соответствии с Правилам аккредитации специализированных
организаций, осуществляющих ресурсные обследования.
Юридический адрес: _________________________________________________
(юридический адрес организации)
Бизнес-идентификационный номер: ____________________________________
Свидетельство об аккредитации выдано сроком на пять лет,
действительно до "__" __________ 20__ года.
Руководитель уполномоченного органа _________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Серия ______ № __________________
Дата выдачи "___" ___________ 20___года