Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және өзге де көздер есебінен орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 12 наурызда № 38135 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 177-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және өзге де көздер есебінен орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 11 наурыздағы
№ 29 Бұйрықпен бекітілген

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және өзге де көздер есебінен орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және өзге де көздер есебінен орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 177-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және өзге де көздер есебінен пациенттерді орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ДҚАЖ) – ТМККК және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі (бұдан әрі – МӘМС) медициналық көмек шеңберінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тауарды босатуын немесе есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті есепке алуды автоматтандыруға арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;

      2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және шарттарда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      3) бірыңғай дистрибьютор - Кодекстің 247-бабына сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету (көмек) сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) мультипәндік топ (бұдан әрі – МПТ) - пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;

      7) орфандық (сирек) аурулар – адамның өміріне қауіп төндіретін немесе мүгедектікке әкеп соғатын, жиілігі ресми белгіленген деңгейден аспайтын сирек кездесетін ауыр аурулар;

      8) "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және ұялы байланыс және Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;

2-тарау. ТМККК шеңберінде және өзге де көздер есебінен орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібі

      3. Амбулаториялық жағдайларда пациенттерді орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен ТМККК шеңберінде және өзге де қаржыландыру көздері есебінен қамтамасыз ету "Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-142/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21479 болып тіркелген) орфандық аурулар мен оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Тізбеге енгізілген дәрілік заттармен пациенттерді қамтамасыз етуге нозологиялар, дәрілік заттардың атаулары, дозалары, бір реттік дозасы, тәулігіне қабылдау жиілігі, емдеудің бір курсының ұзақтығы (айына қабылдау күндерінің саны), жылына қабылдау ұзақтығы (жылына курстар саны), қолдану (енгізу) тәсілі көрсетілген МПТ қорытындысы негіз болып табылады.

      5. Пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібі қаржыландыру көзіне қарамастан, қажеттілікті айқындауды, сатып алуды, жеткізуді, тағайындауды және босатуды, сақтауды және есепке алуды, дәрілік заттарды пайдаланудың мониторингі мен бақылауын қамтиды.

      6. Тізбеге енгізілген дәрілік заттарды қаржыландыру мынадай көздерден:

      1) "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес республикалық бюджет есебінен;

      2) Кодекстің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қаражаты есебінен денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының ұсынуы бойынша жергілікті өкілді органдардың шешімдері негізінде жүзеге асырылады;

      3) қайырымдылық қорлары мен коммерциялық емес ұйымдардың қаражатын, заңды және жеке тұлғалардың демеушілік көмегін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен, уәкілетті органның шешімі негізінде дәрілік заттарды өндірушілермен өтеусіз жүзеге асырылады.

      7. Дәрілік заттарды өндірушілер уәкілетті органға "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілету этикасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-294/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21870 болып тіркелген) сәйкес дәрілік заттарды ілгерілету этикасының талаптарын сақтай отырып, дәрілік терапияның құнын бөлу бойынша уәкілетті органға ұсыныстар береді.

      8. Уәкілетті органның Формулярлық комиссиясы (бұдан әрі – Формулярлық комиссия) дәрілік заттар құнының бір бөлігін өтеу жолымен дәрілік заттар құнының шығындарын бөлу жөніндегі өндірушілердің ұсыныстарын қарайды.

      9. Бірыңғай дистрибьютор Формулярлық комиссияның ұсынымы негізінде дәрілік заттар құнының бір бөлігін өндірушілердің өтеуін көздейтін дәрілік заттарды өндірушілермен шарттар жасасады.

      10. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары МПТ қорытындысына сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар ұсынған дәрілік заттарға дербестендірілген қажеттілікті бірыңғай дистрибьюторға жібереді.

      11. Дәрілік заттарды сатып алуды "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32733 болып тіркелген) сәйкес дербестендірілген қажеттілік негізінде бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.

      12. Қамтамасыз етілген рецепттер негізінде пациенттерді қамтамасыз ету фактісі бойынша дәрілік заттардың құнына ақы төлеу "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-210/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 21715 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

1-параграф. Амбулаториялық деңгейде орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарға қажеттілікті айқындау

      13. Мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың дәрілік заттарға қажеттілігін есептеу МПТ қорытындысы негізінде ДҚАЖ-ға автоматты түрде дербес жүзеге асырылады.

      14. Дәрілік заттарға қажеттілікті жинақтау ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде нозологияларды, дәрілік заттардың атауларын, бір реттік дозаны, тәулігіне қабылдау жиілігін, бір курстың ұзақтығын (айына қабылдау күндерінің санын), жылына қабылдау ұзақтығын (жылына курстар санын), пациентке жылдық қажеттілікті, алдыңғы жылға жазып берілген және қамтамасыз етілген көлемі (бұдан әрі – Дербестендірілген қажеттілік) көрсетіле отырып, ДҚАЖ-да жүзеге асырылады.

      15. Ағымдағы қаржы жылының 25 наурызына дейінгі мерзімде ДҚАЖ-да қалыптастырылған өңірдің Дербестендірілген қажеттілігіне медициналық ұйымның уәкілетті лауазымды адамының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.

      16. Ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріне дейінгі мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары МПТ қорытындысын, өткен жылғы нақты тұтыну көлемін ескере отырып, есептерді салыстыру арқылы өңірдің Дербестендірілген қажеттілігін келіседі.

      17. Қор Қазақстан Республикасы бойынша Дербестендірілген қажеттілік негізінде нозологияларды, дәрілік заттардың атауларын, пациенттердің санын көрсете отырып, өңірлер бөлінісінде үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік сұрау салуды қалыптастырады және уәкілетті органға, бірыңғай дистрибьюторға ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей жібереді.

      18. Бірыңғай дистрибьютор амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша Дербестендірілген қажеттілік негізінде төмендемейтін қордың көлемін, өткен жылдың нақты қажеттілігін және ағымдағы қаржы жылының соңына болжанатын қалдықтарды ескере отырып, дәрілік заттарды сатып алу көлемін айқындау бойынша талдау жүргізеді.

      19. Бірыңғай дистрибьютор сатып алу қорытындысы шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дәрілік заттарды сатып алу нәтижелері туралы есепті ұсынады.

2-параграф. Орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды босату

      20. Амбулаториялық жағдайларда орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды тағайындау МПТ қорытындысының негізінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек және (немесе) мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың медицина жұмыскерлерінің қабылдауында (консультациясында) жүзеге асырылады.

      21. Орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды тағайындау туралы жазба Тізбеге сәйкес электрондық түрде медициналық ақпараттық жүйелерге және ДҚАЖ-ға енгізіледі.

      22. Орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды алу үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 078/е нысаны бойынша бланкілерде электрондық түрде рецепттер жазып беріледі.

      23. Дәрілік заттарға рецепттерді жазу, есепке алу және сақтау тәртібі "Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21493 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      24. Рецепт ДҚАЖ-ға бір реттік дозасы, қабылдау (енгізу) әдісі мен еселігі, емдеу курсының ұзақтығы көрсетіле отырып, жазылып беріледі.

      25. Пациентті немесе оның заңды өкілін орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік затпен қамтамасыз ету "Электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасында "Әлеуметтік әмиян" сервисі арқылы ұсынылатын электрондық рецептті (QR-кодты) сканерлеу арқылы дәрілік нысаны мен дозасын ескеріле отырып, халықаралық патенттелмеген атауы бойынша жүзеге асырылады.

      26. Дәрілік заттарды босату емдеу курсына бір айға дейінгі мерзіммен жүзеге асырылады, ДҚАЖ-ға босатылған дәрілік заттың нақты саны енгізіледі.

      27. Иммунологиялық (иммундық - биологиялық) дәрілік препараттарды қоса алғанда, инфузиялық дәрілік нысандағы дәрілік заттармен қамтамасыз ету стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек және (немесе) мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда медицина жұмыскерінің бақылауымен жүзеге асырылады.

3-параграф. Орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды сақтау және есепке алу

      28. Дәрілік заттармен қамтамасыз ету кезінде Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттардың нақты тұтынылуы мен қалдықтарын ескере отырып, мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға жөнелтуді жүзеге асырады.

      29. Бірыңғай дистрибьютор ай сайын уәкілетті органға шарттардың сандық және құндық көрсеткіштері, тараптардың шарттық міндеттемелерді орындау нәтижелері туралы ақпарат жібереді.

      30. Мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда "Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22230 болып тіркелген) сәйкес кіріс, шығыс (шот-фактуралар, жүкқұжаттар, сенімхаттар) бойынша сомалық және сандық мәндегі дәрілік заттар қағаз және (немесе) электрондық түрде есепке алынуға жатады.

      31. Мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда дәрілік заттардың қоры күнтізбелік 90 (тоқсан) күн қажеттілігінен аспайды.

      32. Әр айдың бірінші күніне мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар ТМККК шеңберінде және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзге де көздер есебінен орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды салыстыру актісі қалыптастырылады.

      33. Түгендеу кезінде дәрілік заттардың нақты қалдықтары жеке түгендеу ведомосінде көрсетіледі.

      34. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мақсатында, сондай-ақ азаматтарды қамтамасыз ету деректерін талдау жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен тоқсан сайын ТМККК шеңберінде және өзге де көздер есебінен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ДҚАЖ-ды пайдаланумен пациенттерді орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік қамтамасыз ету мониторингін жүргізіледі.

  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде және өзге де көздер
есебінен орфандық ауруларды
емдеуге арналған дәрілік
заттармен қамтамасыз ету
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және өзге де көздер есебінен орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды салыстыру актісі

Р/с №

Дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы

Сипаттамасы – дәрілік түрі, дозасы

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігінің бағасы, теңгеде

1

2

3

4

5






      жалғасы

Дәрілік заттың өлшем бірліктеріндегі саны

Сомасы, теңгеде

Айдың басындағы қалдық

Кіріс

Шығыс

Айдың соңындағы қалдық

Айдың басындағы қалдық

Кіріс

Шығыс

Айдың соңындағы қалдық

6

7

8

9

10

11

12

13









  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде және өзге де көздер
есебінен орфандық ауруларды
емдеуге арналған дәрілік
заттармен қамтамасыз ету
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және өзге де көздер есебінен орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттардың мониторингі

Р/с №

Өңір

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Пациенттің ТАӘ

АХЖ-10 коды

Дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы

Сипаттамасы – дәрілік түрі, дозасы

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігінің бағасы, теңгеде

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      жалғасы

Пациенттер саны

Дәрілік заттың өлшем бірліктерінде саны

Сомасы, теңгеде

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

10

11

12

13

14

15








Об утверждении правил обеспечения лекарственными средствами для лечения орфанных заболеваний в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и за счет иных источников

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 марта 2026 года № 29. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 марта 2026 года № 38135

      В соответствии с пунктом 2 статьи 177 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые правила обеспечения лекарственными средствами для лечения орфанных заболеваний в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и за счет иных источников.

      2. Департаменту лекарственной политики Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Альназарова

  Утверждены приказом
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 11 наурыздағы № 29

Правила обеспечения лекарственными средствами для лечения орфанных заболеваний в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и за счет иных источников

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила обеспечения лекарственными средствами для лечения орфанных заболеваний в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и за счет иных источников (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 177 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяют порядок обеспечения пациентов лекарственными средствами для лечения орфанных заболеваний в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (далее – ГОБМП) и за счет иных источников.

      2. Термины и определения, используемые в настоящих Правилах:

      1) информационная система учета амбулаторного лекарственного обеспечения (далее – ИСЛО) – информационная система, определяемая уполномоченным органом в области здравоохранения для автоматизации учета выписки рецептов, отпуска товара поставщикам фармацевтической услуги или услуги по учету и реализации лекарственных средств и медицинских изделий в рамках ГОБМП и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования (далее – ОСМС);

      2) фонд социального медицинского страхования (далее – фонд) – некоммерческая организация, производящая аккумулирование отчислений и взносов, а также осуществляющая закуп и оплату услуг субъектов здравоохранения, оказывающих медицинскую помощь в объемах и на условиях, предусмотренных договором закупа медицинских услуг, и иные функции, определенные законами Республики Казахстан;

      3) единый дистрибьютор – юридическое лицо, осуществляющее деятельность в рамках ГОБМП и (или) в системе ОСМС в соответствии со статьей 247 Кодекса;

      4) научная организация в области здравоохранения – национальный центр, научный центр или научно-исследовательский институт, осуществляющие научную, научно-техническую и инновационную деятельность в области здравоохранения, а также медицинскую, фармацевтическую и (или) образовательную деятельность;

      5) уполномоченный орган в области здравоохранения (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области охраны здоровья граждан Республики Казахстан, медицинской и фармацевтической науки, медицинского и фармацевтического образования, санитарно-эпидемиологического благополучия населения, обращения лекарственных средств и медицинских изделий, качества оказания медицинских услуг (помощи);

      6) мультидисциплинарная группа (далее – МДГ) – группа различных специалистов, формируемая в зависимости от характера нарушения функций и структур организма пациента, тяжести его клинического состояния;

      7) орфанные (редкие) заболевания – редкие тяжелые болезни, угрожающие жизни человека или приводящие к инвалидности, частота которых не превышает официально определенного уровня;

      8) мобильное приложение "электронного правительства" – программный продукт, установленный и запущенный на абонентском устройстве сотовой связи и предоставляющий доступ к государственным услугам и услугам, оказываемым в электронной форме, посредством сотовой связи и Интернет.

Глава 2. Порядок обеспечения лекарственными средствами для лечения орфанных заболеваний в рамках ГОБМП и за счет иных источников

      3. Обеспечение пациентов лекарственными средствами для лечения орфанных заболеваний в рамках ГОБМП и за счет иных источников в амбулаторных условиях осуществляется в соответствии с перечнем орфанных заболеваний и лекарственных средств для их лечения (орфанных), утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 октября 2020 года № ҚР ДСМ - 142/2020 "Об утверждении перечня орфанных заболеваний и лекарственных средств для их лечения (орфанных)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21479) (далее – Перечень).

      4. Основанием для обеспечения пациентов лекарственными средствами, включенными в Перечень, является заключение МДГ с указанием нозологий, наименований лекарственных средств, дозировок, разовой дозы, кратности приема в сутки, длительности одного курса лечения (количество дней приема в месяц), длительности приема в год (количество курсов в год), способа применения (введения).

      5. Порядок обеспечения лекарственными средствами пациентов включает определение потребности, закуп, поставку, назначение и отпуск, хранение и учет, мониторинг и контроль использования лекарственных средств независимо от источника финансирования.

      6. Финансирование лекарственных средств, включенных в Перечень, осуществляется из следующих источников:

      1) за счет республиканского бюджета в соответствии с Перечнем лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного и (или) льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан с определенными заболеваниями (состояниями), утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-75 "Об утверждении Перечня лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного и (или) льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан с определенными заболеваниями (состояниями)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23885);

      2) за счет средств местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения и столицы осуществляется на основании решений местных представительных органов по представлению местных органов государственного управления здравоохранением в соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 12 Кодекса;

      3) за счет иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан, включая средства благотворительных фондов и некоммерческих организаций, спонсорская помощь, средства юридических и физических лиц, безвозмездно производителями лекарственных средств осуществляется на основании решения уполномоченного органа.

      7. Производители лекарственных средств представляют в уполномоченный орган предложения по разделению затрат стоимости лекарственной терапии с соблюдением требований этики продвижения лекарственных средств в соответствии приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-294/2020 "Об утверждении правил этики продвижения лекарственных средств и медицинских изделий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21870).

      8. Формулярная комиссия уполномоченного органа (далее – Формулярная комиссия) рассматривает предложения производителей по разделению затрат стоимости лекарственных средств путем возмещения части стоимости лекарственной терапии.

      9. Единый дистрибьютор на основании рекомендации Формулярной комиссии заключает договоры с производителями лекарственных средств, предусматривающие возмещение производителями части стоимости лекарственных средств.

      10. Местные органы государственного управления здравоохранением областей, городов республиканского значения и столицы направляют единому дистрибьютору персонифицированную потребность в лекарственных средствах, представленных медицинскими организациями, оказывающими специализированную медицинскую помощь согласно заключений МДГ.

      11. Закуп лекарственных средств осуществляется единым дистрибьютором на основании персонифицированной потребности в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 июня 2023 года № 110 "Об утверждении правил организации и проведения закупа лекарственных средств, медицинских изделий и специализированных лечебных продуктов в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, дополнительного объема медицинской помощи для лиц, содержащихся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, за счет бюджетных средств и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования, фармацевтических услуг" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32733).

      12. Оплата стоимости лекарственных средств по факту обеспечения пациентов на основании обеспеченных рецептов осуществляется в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-210/2020 "Об утверждении Правил оплаты стоимости фармацевтических услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования субъектам в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21715).

Параграф 1. Определение потребности в лекарственных средствах для лечения орфанных заболеваний на амбулаторном уровне

      13. Расчет потребности на следующий финансовый год в лекарственных средствах медицинскими организациями, оказывающими специализированную медицинскую помощь, осуществляется персонифицировано автоматически в ИСЛО на основании заключений МДГ.

      14. Сбор потребности в лекарственных средствах осуществляется в срок до 15 марта текущего финансового года в ИСЛО с указанием нозологий, наименований лекарственных средств, разовой дозы, кратности приема в сутки, длительности одного курса (количество дней приема в месяц), длительности приема в год (количества курсов в год), годовой потребности на пациента, выписанного и обеспеченного объема за предыдущий год (далее – Персонифицированная потребность).

      15. В срок до 25 марта текущего финансового года Персонифицированная потребность региона, сформированная в ИСЛО, подписывается электронной цифровой подписью уполномоченного должностного лица медицинской организации либо лица, его замещающего.

      16. В срок до 1 апреля текущего финансового года местные органы государственного управления здравоохранением областей, городов республиканского значения и столицы согласовывают Персонифицированную потребность региона путем сверки расчетов с учетом заключений МДГ, фактических объемов потребления за предыдущий год.

      17. Фонд на основании Персонифицированной потребности по Республике Казахстан формирует бюджетный запрос за счет средств республиканского бюджета на трехлетний период в разрезе регионов с указанием нозологий, наименований лекарственных средств, количества пациентов и направляет в уполномоченный орган, Единому дистрибьютору не позднее 15 апреля текущего финансового года.

      18. Единый дистрибьютор на основании Персонифицированной потребности по амбулаторному лекарственному обеспечению проводит анализ по определению объемов закупа лекарственных средств с учетом объема неснижаемого запаса, фактической потребности предыдущего года и прогнозируемых остатков на конец текущего финансового года.

      19. Единый дистрибьютор в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня подведения итогов закупа представляет в уполномоченный орган отчет о результатах закупа лекарственных средств.

Параграф 2. Отпуск лекарственных средств для лечения орфанных заболеваний

      20. Назначение лекарственных средств для лечения орфанных заболеваний в амбулаторных условиях осуществляется на приеме (консультации) медицинскими работниками медицинских организаций, оказывающих первичную медико-санитарную помощь и (или) специализированную медицинскую помощь на основании заключения МДГ.

      21. Запись о назначении лекарственных средств для лечения орфанных заболеваний вносится в электронном виде в медицинские информационные системы и ИСЛО в соответствии с Перечнем.

      22. Для получения лекарственных средств для лечения орфанных заболеваний выписываются рецепты в электронном виде на бланках по форме № 078/у, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения, а также инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21579).

      23. Порядок выписывания, учета и хранения рецептов на лекарственные средства осуществляется в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 октября 2020 года № ҚР ДСМ-112/2020 "Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21493).

      24. Рецепт выписывается в ИСЛО с указанием разовой дозы, способа и кратности приема (введения), длительности курса лечения.

      25. Обеспечение пациента или его законного представителя лекарственным средством для лечения орфанных заболеваний осуществляется по международному непатентованному наименованию с учетом лекарственной формы и дозировки, посредством сканирования электронного рецепта (QR-кода), предъявляемого через сервис "Социальный кошелек" в мобильном приложении "электронного правительства".

      26. Отпуск лекарственных средств осуществляется на курс лечения сроком до одного месяца, в ИСЛО вносятся фактическое количество отпущенного лекарственного средства.

      27. Обеспечение лекарственными средствами в инфузионной лекарственной форме, включая иммунологические (иммунобиологические) лекарственные препараты, осуществляется под наблюдением медицинского работника в медицинских организациях, оказывающих первичную медико-санитарную помощь и (или) специализированную медицинскую помощь в стационарозамещающих условиях.

Параграф 3. Хранение и учет лекарственных средств для лечения орфанных заболеваний

      28. При обеспечении лекарственными средствами Единый дистрибьютор осуществляет отгрузку в медицинские организации, оказывающие специализированную медицинскую помощь с учетом фактического потребления и остатков лекарственных средств.

      29. Единый дистрибьютор направляет ежемесячно в уполномоченный орган информацию о количественных и стоимостных показателях договоров, результатах исполнения сторонами договорных обязательств.

      30. В медицинских организациях, оказывающих специализированную медицинскую помощь, подлежат учету в бумажном и (или) электронном виде лекарственные средства в суммовом и количественном выражении по приходу, расходу (счета-фактуры, накладные, доверенности) в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 февраля 2021 года № ҚР ДСМ-19 "Об утверждении правил хранения и транспортировки лекарственных средств и медицинских изделий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22230).

      31. В медицинских организациях, оказывающих специализированную медицинскую помощь запас лекарственных средств, не превышает потребности 90 (девяносто) календарных дней.

      32. На первое число каждого месяца медицинскими организациями, оказывающими специализированную медицинскую помощь формируется акт сверки лекарственных средств для лечения орфанных заболеваний в рамках ГОБМП и за счет иных источников по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      33. При инвентаризации фактические остатки лекарственных средств отражаются в отдельной инвентаризационной ведомости.

      34. С целью рационального использования лекарственных средств, а также для проведения анализа данных обеспечения граждан, местные органы государственного управления здравоохранением областей, городов республиканского значения и столицы проводят ежеквартально мониторинг лекарственного обеспечения пациентов для лечения орфанных заболеваний в рамках ГОБМП и за счет иных источников с использованием ИСЛО по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

  Приложение 1
к Правилам обеспечения
лекарственными средствами
для лечения орфанных заболеваний
в рамках гарантированного объема
бесплатной медицинской помощи
  Форма

Акт сверки лекарственных средств для лечения орфанных заболеваний в рамках
гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и за счет иных источников

№ п/п

Международное непатентованное наименование или лекарственного средства

Характеристика – лекарственная форма, дозировка

Единица измерения

Цена за единицу измерения, в тенге

1

2

3

4

5






      продолжение

Количество в единицах измерениях лекарственного средства

Сумма, в тенге

Остаток на начало месяца

Приход

Расход

Остаток на конец месяца

Остаток на начало месяца

Приход

Расход

Остаток на конец месяца

6

7

8

9

10

11

12

13









  Приложение 2
к Правилам обеспечения
лекарственными средствами
для лечения орфанных заболеваний
в рамках гарантированного объема
бесплатной медицинской помощи
и за счет иных источников
  Форма

Мониторинг лекарственных средств для лечения орфанных заболеваний в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и за счет иных источников

№ п/п

Регион

Индивидуальный идентификационный номер

ФИО пациента

Код МКБ-10

Международное непатентованное наименование или лекарственного средства

Характеристика – лекарственная форма, дозировка

Единица измерения

Цена за единицу измерения, в тенге

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      продолжение

Количество пациентов

Количество в единицах измерениях лекарственного средства

Сумма, в тенге

План

Факт

План

Факт

План

Факт

10

11

12

13

14

15