"Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 3 наурыздағы № 54-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 наурызда № 38128 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау каникул кезеңінде жүзеге асырылады, мынадай жағдайларды қоспағанда:

      заңды күшіне енген сот шешімі болған кезде;

      бір елді мекеннің ішінде немесе басқа елді мекенге көшкен кезде (меншік құқығындағы тұрғын үйі болған жағдайда немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттар ұсынылғанда);

      Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығу кезінде (шығуды растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда);

      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 "Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31180 болып тіркелген) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа және (немесе) буллингке ұшыраған және (немесе) олардың куәгері болған кәмелетке толмағандарды ауыстыру жағдайлары.

      Құжаттарды қабылдау Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне сәйкес портал немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Ш. Акпарова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 октября 2018 года № 564 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования, за исключением республиканских, областных, городов республиканского значения и столицы специализированных школ-интернатов-колледжей олимпийского резерва и областных, городов республиканского значения и столицы школ-интернатов для одаренных в спорте детей"

Приказ и.о. Министра просвещения Республики Казахстан от 3 марта 2026 года № 54-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 марта 2026 года № 38128

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 октября 2018 года № 564 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования, за исключением республиканских, областных, городов республиканского значения и столицы специализированных школ-интернатов-колледжей олимпийского резерва и областных, городов республиканского значения и столицы школ-интернатов для одаренных в спорте детей" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17553) следующее изменение:

      в Типовых правилах приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования, за исключением республиканских, областных, городов республиканского значения и столицы специализированных школ-интернатов-колледжей олимпийского резерва и областных, городов республиканского значения и столицы школ-интернатов для одаренных в спорте детей, утвержденных указанным приказом:

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Прием документов для перевода детей между организациями начального, основного среднего и общего среднего образования осуществляется в каникулярный период, за исключением следующих случаев:

      наличия вступившего в законную силу решения суда;

      переезда внутри одного населенного пункта либо в другой населенный пункт (при наличии документов, подтверждающих право собственности на жилое помещение либо право владения и пользования им);

      выезда за пределы Республики Казахстан (при представлении документов, подтверждающих выезд);

      перевода несовершеннолетних, подвергшихся и (или) ставших свидетелями насилия, жестокого обращения и (или) травли (буллинга) в соответствии с приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 21 декабря 2022 года № 506 "Об утверждении Правил профилактики травли (буллинга) ребенка" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 31180).

      Прием документов осуществляется в рамках государственной услуги "Прием документов для перевода детей между организациями начального, основного среднего, общего среднего образования" в соответствии с приложением 2 к Типовым правилам через портал либо при обращении к услугодателю на бумажном носителе.".

      2. Комитету среднего образования Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представить в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведения об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего первого вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра просвещения
Республики Казахстан
Ш. Акпарова

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан