БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 310 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14972 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда:
2-қосымшада көрсетілген Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалары өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға құрал-жабдықтарды орналастыруға арналған аландардың есептік нормативтері:
реттік номер 3, мынадай мазмұндағы 14-жолмен толықтырылсын:
"
14. Компьютерлік томография жүргізуге арналған үй-жай | 73 | 73 | 73 |
";
5-қосымшада көрсетілген Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларын жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтардың, аспаптар базасының, құрал-саймандар мен бағдарламалық жасақтамалардың тізбесінде:
"8. Филиалдың мәйіттің сараптамасы бөлімшесінің медициналық техникамен, медициналық бұйымдармен және лабораториялық мақсаттағы (есеп бойынша бір бөлімше құрамында 3-6 сот-медициналық сарапшысы) жарақтандырудың ең аз нормативі" бөлімі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-жолмен толықтырылсын:
"
21 | Компьютерлік томограф | 1 |
".
2. "Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15180 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"401. Мәйітке сараптама жүргізу өлімнің себебін анықтау, қаулыда көрсетілген өзге де сұрақтарды шешу үшін тағайындалады. Мәйітке сараптама ішін ашу арқылы жүргізіледі, қажет болған жағдайда мәйітті зерттеу үшін компьютерлік томография (жабдық болған жағдайда) пайдалынады.";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сараптама ерте болған мәйіттік өзгерістерден соң да (салқындау, мәйіттегі дақтар, мәйіттің сіресіп қалуы) басталуы мүмкін. Осы аталған өзгерістер пайда болғанға дейін мәйітті зерттеу тек өлімді анықтап көрсету және өлімнің болғаны туралы акті рәсімделгеннен соң ғана жүргізіледі.";
403-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"403. Мәйіттердің сот-медициналық сараптамасы тек күндізгі уақытта табиғи жарықта жүргізіледі. Осы талаптар табылған зақымдар мен өзгерістерді сипаттау мен әрі қарай бағалауда сарапшылық қателіктерді болдырмау мақсатында енгізілген, бұл сараптама тұжырымдарына келеңсіз әсер етуі мүмкін.";
404-тармақтың бірінші абзаці мынадай редакцияда жазылсын:
"404. Өлім туралы медициналық куәлік (перинаталды өлім туралы медициналық куәлік) мәйіттің сот-медициналық зерттеуден (союдан) кейін толтырылады және зерттеу жүргізген сот-медициналық сарапшымен қол қойылады.".
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |