"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
________________
2025 жылғы "____" ________
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бөліністері үшін көлік құралдарының заттай тиесілік нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 963 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12515 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бөліністері үшін көлік құралдарының заттай тиесілік нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 963 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 591 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18918 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бөліністері үшін көлік құралдарының заттай тиесілік нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 963 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 870 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21918 болып тіркелген).