Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы №24/9-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9045-16 болып тіркелген);
2) "Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы №24/9-VIII "Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы №32/18-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9161-16 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Е. Загипаров |