"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 16-124-VIII "Сарыағаш ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6502-13 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Р. Асылбекұлы |