"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 268 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 25706 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облысының әкімі | Н. Кушеров |