Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4490 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
қосымшада:
Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесінде:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үйді сатып алу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Атырау облысында әрбір алушыға тұрғын үй сертификатының сомасы 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалады.";
2-тармақ келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | М. Хайруллиев |