Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 278 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5039 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасыңда:
"Благовещенка ауылдық округі" бағандағы, 9-тармақ алып тасталсын;
"Жамбыл ауылдық округі" бағандағы, 12 және 15-тармақ алып тасталсын;
"Мирный ауылдық округі" бағандағы, 35-тармақ алып тасталсын;
"Пресноредуть ауылдық округі" бағандағы, 51-тармақ алып тасталсын;
"Троицкий ауылдық округі" бағандағы, 53-тармақ алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі | А. Бектасов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің мемлекеттік кірістер
комитеті Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің Жамбыл ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік басқармасның басшысы
Д.Бекматов ___________
"__" _________ 2025 жыл