Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 8-34-8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 желтоқсанда № 37509 болып тіркелді

      Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7743-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары";

      көрсетілген шешімге 1-қосымшада:

      3 тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін есептейді.";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы

      Г. Абулкаирова

О внесении изменений в решение Айыртауского районного маслихата от 29 марта 2024 года № 8-13-1 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Айыртауском районе Северо-Казахстанской области"

Решение Айыртауского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 27 ноября 2025 года № 8-34-8. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 декабря 2025 года № 37509

      Айыртауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Айыртауского районного маслихата от 29 марта 2024 года № 8-13-1 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Айыртауском районе Северо-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7743-15) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об определении размера и Правил оказания жилищной помощи в Айыртауском районе Северо-Казахстанской области";

      пункт 1 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "1. Определить размер и Правила оказания жилищной помощи в Айыртауском районе Северо-Казахстанской области согласно приложению 1 к настоящему решению.";

      в Размере и порядке оказания жилищной помощи в Айыртауском районе Северо-Казахстанской области, утвержденных указанным решением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Размер и Правила оказания жилищной помощи в Айыртауском районе Северо-Казахстанской области";

      в приложении 1 к указанному решению:

      абзац второй пункта 3 изложить в новой редакции:

      "Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем в соответствии с пунктом 4-1 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденным приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее – Правила).";

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. Выплата жилищной помощи услугополучателям осуществляется услугодателем через банки второго уровня, организации, имеющие лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций на соответствующие виды банковских операций, территориальные подразделения акционерного общества "Казпочта" путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат маслихата Айыртауского района Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в государственном учреждении "Министерство юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе аппарата маслихата Айыртауского района Северо-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Айыртауского районного маслихата Северо-Казахстанской области
      Г. Абулкаирова