Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 193 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1797-02 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларында:
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Талғар трактісінің, Шығыс айналма автожолының (ШААЖ), Әл-Фараби даңғылының, Саин көшесінің, Жандосов көшесінің (Саин көшесінен қала шекарасына дейін) оңтүстігінде орналасқан ғимараттардың параметрлері 25 метрден аспайтын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және ғибадат объектілерінің құрылысын қоспағанда, құрылыстың барлық түрлері үшін ең жоғары биіктігі он екі метрден аспайтын ғимараттың астындағы жердің орташа жоспарлау белгісінен парапеттің үстіне (шатыр жотасына) дейін, шатырға өрт сөндіру кезінде шығатын ауданы 10 шаршы метрден аспайтын жерді ескерместен, цоколдық қабатты қосқанда үш қабаттан артық емес етіп белгіленуі қажет.
Аталған аумақта Бас жоспарға сәйкес көзделген әлеуметтік инфрақұрылым мен туристік кластер объектілерін қоспағанда, көппәтерлі тұрғын үйлер мен тұрғын үй кешендерін салуға, сонымен қатар ауыл шаруашылығын пайдалану үшін нысаналы мақсаты бар жер учаскелерін бөлшектеуге, таулы сөрелер белдеуінде, оның ішінде еңісі 15 градус және одан жоғары алаңдарда ғимараттар салуға жол берілмейді.
Жер учаскесінің еңісінің тіктігі, жер бедері мен топырағы туралы деректер геодезиялық түсірілім арқылы айқындалады.
Жоғарыда көрсетілген нормалар қолданыстағы параметрлер шегінде жүзеге асырылатын барлық үлгідегі тұрғын үйлерді және кәсіпкерлік қызмет объектілерін қайта жоспарлауға (қайта жабдықтауға, қайта бейіндеуге), реконструкциялауға, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге қолданылмайды.
13. Жобалау мен құрылыс тарихи қалыптасқан қала ортасын сақтау қағидатын ескере отырып жүзеге асырылады және Бас жоспарға сәйкес көзделген әлеуметтік инфрақұрылым мен туристік кластер объектілерін және сондай-ақ бұзылған алаңдарды қалпына келтіру шартымен жерасты паркингтерін қоспағанда, тығыз (нүктелі) құрылысқа, соның ішінде қалыптасқан тұрғын үй құрылысы аумағында қосымша әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымға жүктеме түсіретін күрделі құрылыс объектілерін орналастыруға жол берілмейді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |