ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01 2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ертіс ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Ертіс аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 70-19-8 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7501-14 болып тіркелген).
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Шингисов |