Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы | |
| И. Теренченко |
| Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 243/27 шешіміне қосымша |
Павлодар облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Павлодар облысы мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы "Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы" № 70/9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5323 болып тіркелген);
2. Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы "Павлодар облысы мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 70/9 "Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 281/25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6137 болып тіркелген);
3. Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы "Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 70/9 "Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 189/20 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7646-14 болып тіркелген).