Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" мәслихаттың 2024 жылғы 9 ақпандағы № 80 шешіміне (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10142-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.".
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.".
2. "Қостанай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қостанай калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы | О. Байгабулов |