Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мұнайлы ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 238-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3468 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мұнайлы ауданның әкімі | К. Кульджанов |