"Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қаласының әкімі Ж. Қайнарбаев |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің | |
2025 жылғы 10 сәуірдегі | |
№ 138 қаулысына қосымша |
Жаңаөзен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі
№ | Жаңаөзен қаласы | |
1 | "Жалын" шағын ауданы, №25Б ғимараты алдындағы алаң. | |
2 | "Жалын" шағын ауданы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өнер" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында. | |
3 | "Көктем" шағын ауданы, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жаңаөзен қаласының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында. | |
4 | "Мұнайлы" шағын ауданы, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жаңаөзен қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында. |